Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сынып сағатының құрылымы

Семинар-2
Дайындаған: Бақберген Арай
Тексерген: Сарканбаева Гульжазира Кинаятовна
216-топ
Екі шет тілі мұғалімі

Семинар сабағының жоспары:

1. Сынып сағаты - тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.

Әрбір мұғалімге оқу формасын ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылатын сабақ сынып сағаты немесе тәрбие сағаты деп аталады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мұның алар орны өте зор. Себебі бұл оқушылардың адамгершілік, патриоттық сезімдерін дамытуда айрықша рөл атқарады және сонымен қатар сынып сағаты - сабақтан тыс уақыттағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.

Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық қасиеттері дамып, белсенді бола түседі, айналаны танып, өмірдің басқа да қырларын түсіне бастайды. Сыныптан тыс уақытта басқа да керекті мағлұматтар алып, өзара сыйластық, құрмет, мінез-құлық мәдениетін үйренеді.

2. Сынып сағатын ұйымдастырудың бағыттары, түрлері және формалары.

Сынып сағаты

Тәрбиелік шаралар:
* Кездесулер;
* Пікірталастар;
* Конференция, т.б.
Сынып жиналыстары:
* Оқушылардың үлгерім нәтижелері;
* Сабаққа қатысуы;
* Тәртібі, оқуы, т.б.

3. Сынып сағатының тәрбиелік қызметі.

Тәрбиелік қызметі
Түсініктеме
Ағартушылық
Оқушылар сабақ аясында қамтылмаған материалдармен танысып, көкжиектерін кеңейтеді.
Бағыттаушылық
Оқушылардың шынайы практикалық әрекетіне бағыттау. Сынып сағаты оқушы өміріне жақсы жағынан әсер етуі.
Болжамдылық
Материалдық және рухани құндылықтарды дәріптеу. Ағартушылық қызметпен өзара байланыста, себебі ағартушылық қызмет қоршаған ортаны тануға көмектессе, болжамдылық оны бағалауға септігін тигізеді.
Қалыптастырушылық
Аталған 3 қызметпен байланысты, оқушының жеке тұлға болуына, өз пікірін қалыптастыра отырып, оны қорғай білуге үйретеді.

4. Сынып сағатының құрылымы.

Сынып сағатын өткізу құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады, атап айтқанда:
I. Ұйымдастыру бөлімінде өткізгелі отырған іс-шараның мақсат-міндеттері көрсетіледі, тәрбие жұмысының маңыздылығына назар аударып, оның өткізілу барысымен таныстырады. Шамамен 5-7 минут уақыттың ішінде кіріспе ұйымдастырып, сабақты бастау үшін оқушыларға қандай да бір ой немесе жағдаят тасталуы мүмкін.
II. Негізгі бөлім арқылы тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі анықталады. Бұл бөлімде талқылануы тиіс тақырыптың мазмұны ашылады. Оқушылар жаңа тақырып туралы кеңірек мағлұмат алып, оған өздерінің көзқарастары мен пікірлерін қосады. Бұл кезеңге оқушылардың белсенділік танытуы, пікірталас жасауы сияқты әрекеттер тән. Сол себепті де тәрбие сағатының басым көп уақыты осы кезеңге арналады.
III. Қорытынды бөлімде оқушылар сынып сағатынан алған әсерлерімен бөлісіп, пікір алмасады. Сонымен қатар, сынып жетекші де тәрбие сағатын қорытындылап, оқушыларға кеңес береді.

5. Сынып сағатын даярлау және өткізу технологиясы.

Тәрбие сағатын дайындау және өткізу формаларына әртүрлі әдістер мен технологиялар қолданылады, мысалға әңгіме, газет, журнал материалдарын немесе мақалаларын оқып, оған талдау жасау, дәрістер, <<дөңгелек үстел>> ұйымдастыру, т.б.

6. Сынып сағатын даярлау және өткізуге арналған әдістемелік нұсқау.

7. Сынып сағатын нәтижелі ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесі мен шарттары.

Тәрбие сағатын нәтижелі етіп өткізу үшін мына міндеттерді естен шығармау керек:
+ Сынып жетекші сынып сағатының мазмұнын, формасын, амал-тәсілдерін түрлендіріп отырғаны дұрыс ;
+ Тәрбие сағатының мазмұнын құрастыру арқылы оқушыларға жаңа ақпарат бере отырып, біртіндеп оны бағалап, талдауы тиіс ;
+ Мұғалім тақырыпты немесе сұрақты талдау барысында оқушылардың өзіндік пікіріне, ойына, жеке көзқарасын білдіруге мүмкіндік беріп, кейбір жерлеріне түзету енгізуге құқылы. Сонымен қатар өзара пікір алмасып, ой тастағаны дұрыс ;
+ Оқушылардың психологиялық ерекшелігіне назар аударған жөн. Сабақ барысында белсенділік төмен болса, жаңа мағлұмат арқылы оларды қызықтыра білу керек ;
+ Сынып жетекшінің дауыс ырғағы, сөз мәнерінің сабақ барысындағы алар орны ерекше ;
+ Сынып сағатын өткізу кезінде оқушыларға олардың мінез-құлқы туралы үгіт жасамау керек. Себебі бұл нәрсе кері әсер етуі де мүмкін.
+ Сынып сағаты барысында оқушыларға сынып ішінде қалай отыру, кіммен отыру сияқты әрекеттерді өз таңдауларына беру ;
+ Тәрбие сағатын өткізу тәжірибесін жинақтауды дәстүрге айналдыру ;
+ Және сабақ кезінде оқушыларға өзара сыйластық, жақсы қарым-қатынас түсініктеріне баулу. Мысалға, тыныштық сақтай білу, бір-бірінің сөзін бөлмеу, ұрыс тудырмау, т.б.

P.S: Осы жоспарға байланысты тапсырмаларды кесте, схема, ассоциограмма түрінде орындаңыздар.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: <<Нұрлы Әлем>>, 2003. - Б. 135-151.
2. Әбенбаев С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. /С.Әбенбаев, Г.Ахметова. - Астана: Фолиант, 2017. Б. 181 - 195.
3. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. - Алматы: Дарын, 2004. - Б. 196-211.
4. Әбенбаев С. Сынып жетекшісі: оқу-әдістемелік құрал. Алматы: Дарын, 2004. Б. 67 - 82.
5. Ұзақбаева С.А., Жалғасова Ш.Ә., Жансугурова К.Т. Тәрбие өнері. - Алматы: КазУМОиМЯ им. Абылай хана, 2017. - 88 б.
6. Узакбаева С., Абилова З., Сарканбаева Г. Организация и проведение внеклассных мероприятий. - Алматы: КазУМОиМЯ им. Абылай хана, 2017. - 88.

Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік тәрбиесі
Су .Судың қасиеті туралы
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол
Отбасым - қымбат қазынам
Тәрбие сағат тақырыбы
Адамгершілік құндылықтар
Ана тілім - бал тілім - сынып сағаты
Менің күн тәртібім
Шахмат үйірмесінің жұмыс жоспары
Пәндер