Математикалық сауаттылық

Түсінік хат

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол - оқытудағы математикалық сауаттылық.

Математикалық сауаттылық - математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну, әр түрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру, дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту, есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру, математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелелерді шешуде еркін қолдану болып табылады.

7- сынып оқушыларына ұсынылып отырған бағдарламада білім саласының жаңаша міндеттері айқын көрініс тауып, атап айтқанда, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйретуге бағытталады.

Курста қарастырылатын сұрақтар негізгі курспен тығыз жанасады және оқушылардың танымдық белсенділігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталмыш таңдау курсы мектеп бағдарламасында көрсетілген маңызды математикалық білім мен дағдыларын жетілдіруге және дамытуға әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін бағалауға және болашақтағы оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға көмектеседі.

Сонымен қатар курс мазмұны әрбір оқушыға оқу-танымдық үдеріске белсенді түрде енуге, сын тұрғысынан ойлауға және функционалдық сауаттылықтарын нығайтып, өзін-өзі жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.

Курстың мақсаты:

Оқушылардың математикалық сауаттылығын нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру.

Танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру (мәтінді есептер шығару, сандық салыстыруға арналған тапсырмалар) .

Курстың міндеттері:

  1. Оқушылардың математикалық іс-әрекетке қабілеттерін нығайту.
  2. Есептер шығару арқылы оқушылардың өмірлік тәжірибелерін байыту.
  3. Алған білімдерін өмірде тиімді пайдалану.
  4. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Курстың өзектілігі:

Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, логикалық тапсырмаларды өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру.

Курстан күтілетін нәтиже:

  • Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын табады;
  • Өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салады;
  • Табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейлерін тереңдетеді;
  • Өмір мен қоғамға аса қажетті мәселелерді математика ғылымына тән жан-жақты талдайды;

Ұйымдастыру формалары:

  • Жеке
  • Жұптық
  • Топтық

Оқыту әдістері: Блум таксономиясы, СТО

Курстың теориялық және практикалық мәні:

1. Оқушыларда математикалық сауаттылық туралы түсінік қалыптасады.

2. Курс мақсатына байланысты әдістермен әдістемелерді практикалық іске асыру жолдары жүйеге енгізілді.

Курстың құрылымы: Түсінік хат, бағдарламаның мазмұны, қорытынды және әдебиеттер тiзiмi, қосымшадан тұрады.

Бағдарламаның мазмұны (34 сағат)

1 бөлім- «Математикалық сауаттылыққа кіріспе» 4 сағат

  • Оқу сауаттылығы туралы түсінік (функционалдық сауаттылықтың мағынасын ашу) .
  • Математикалық сауаттылық (логикалық есептер, мәтін есептер, сандық салыстыруға арналған тапсырмалар) .
  • Жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, экономика т. б. пәндерімен байланыс)

2 бөлім- «Логикалық есептер» 15 сағат

  • Ауызша логикалық есептер (жылдам есептеу, ребус, сөзжұмбақ, фокус т. б. ) .
  • Белгілі бір заңдылық бойынша жазылған сандарды табу.
  • Цифрлар және сандар туралы есептерді шешу.
  • Комбинаторика есептерін шығару.
  • Теңдеулер немесе теңдеулер жүйелерін құруға берілген есептерді шешу.
  • Сәйкестендіруге берілген есептерді шешу.
  • Геометриялық фигуралармен, кестедегі мәліметтермен байланысты есептерді шешу.

3-бөлім - «Өмір жағдаяттарындағы есептер» 11 сағат

  • Пайыз ұғымы, санның пайызын және пайызы бойынша санда табу.
  • Жаппай сатылым, тариф, айыппұл туралы есептерді шешуде пайызды қолдану.
  • Банктік операциялар.
  • Қоспаларға, қорытпаларға және ерітінділерге есептер.
  • Сандық тәуелділіктер; қозғалыс есептері; бірігіп жұмыс атқару есептері.

4-бөлім - «Оқушылар шығармашылығы» 4 сабақ

  • Оқушылар жобаларының тұсаукесері.
  • «Мен сауаттымын» интеллектуалды сайыс
  • Дөңгелек үстел ұйымдастыру (Математикалық сауаттылық оқулықтарының авторларымен кездесу)
  • Оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу (ғылыми жоба, слайд, тест кітапшалары) .

«Математикалық сандықша» күнтізбелік - тақырыптық жоспары

7- сынып

Барлығы -34сағат

Тақырыбы
Мақсаты
Сағат саны
Мерзімі

Формасы

№:

1 бөлім«Математикалық сауаттылыққа кіріспе» 4 сағат

№:

1

Тақырыбы: Математикалық сауаттылығы туралы түсінік
Мақсаты: Жаңа форматтағы логикалық есептер мазмұнымен таныстыру
Сағат саны: 1
Мерзімі:

04. 09

Формасы:

Функционалдық сауаттылықтың мағынасын ашу

№:

2

Тақырыбы: Математикалық сауаттылық
Мақсаты: Оқушыларға натурал, бүтін, рационал, иррационал, нақты, жүп, тақ, жай, құрама сандар түрлерін еске түсіру
Сағат саны: 1
Мерзімі:

11. 09

Формасы:

Логикалық есептер, мәтін есептер, сандық салыстыруға арналған тапсырмалармен таныстыру

№:

3

Тақырыбы: Жаратылыстану ғылыми сауаттылық
Мақсаты: Тапсырмаларды математика тіліне аударуға үйрену
Сағат саны: 1
Мерзімі:

18. 09

Формасы:

Физика, химия, экономика т. б. пәндерімен байланысты есептерді қарастыру

№:

4

Тақырыбы: Сауаттылық ұғымын қорытындылау
Мақсаты: Алған білімдерін көрсете білу
Сағат саны: 1
Мерзімі: 25. 09
Формасы:

Постер қорғау

№:
Тақырыбы:

2 бөлім- «Логикалық есептер» 15 сағат

№:

5

Тақырыбы: Ауызша логикалық есептер
Мақсаты: Жылдам есептеу тәсілдерін білу, сандар ребусін шешуге дағдылану
Сағат саны: 2
Мерзімі:

01. 10

08. 10

Формасы: Жылдам есептеу, ребус, сөзжұмбақ, фокус есептерін шығару (жұптық жұмыс)
№:

6

Тақырыбы: Белгілі бір заңдылық бойынша жазылған сандарды табу
Мақсаты: Қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын қолданып заңдылықты анықтай білу
Сағат саны: 2
Мерзімі:

15. 10

22. 10

Формасы:

Есептер шығару (топтық және жұптық жұмыс)

№:

7

Тақырыбы: Цифрлар және сандар туралы есептерді шешу
Мақсаты: Оқулықтың беттерін анықтай білу, дәреже, санның модулі тақырыптарын еске түсіру
Сағат саны: 2
Мерзімі:

29. 10

04. 11

Формасы:

Есептер шығару

№:

8

Тақырыбы: Комбинаторика есептерін шығару
Мақсаты: Ықтималдылық заңдарын білу, қолдану
Сағат саны: 2
Мерзімі:

20. 11

27. 11

Формасы:

Есептер шығару

Деңгейлік тапсырмалар

№:

9

Тақырыбы: Теңдеулер немесе теңдеулер жүйелерін құруға берілген есептерді шешу
Мақсаты: Мәтінді мұқият оқу, мазмұнына сай теңдеу құру, теңдеулер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін білу
Сағат саны: 2
Мерзімі:

04. 12

11. 12

Формасы:

Мәтін есептер шығару

№:

10

Тақырыбы: Сәйкестендіруге берілген есептерді шешу
Мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлау, мазмұнға мұқият мән беру.
Сағат саны: 2
Мерзімі:

18. 12

25. 12

Формасы:

Сыни тұрғыдағы есептер шығару

№:

11

Тақырыбы: Геометриялық фигуралармен, кестедегі мәліметтермен байланысты есептерді шешу
Мақсаты: Геометриялық фигураларды ажырату олардың формулаларын еске түсіру, қолдану
Сағат саны: 2
Мерзімі:

15. 01

22. 01

Формасы:

Салу есептерін шығару

№:

12

Тақырыбы: Тарауды қорытындылау
Мақсаты: Алған білімдерін көрсете алу
Сағат саны: 1
Мерзімі:

29. 01

Формасы:

Ғылыми жоба жұмысының тақырыбын таңдау

№:
Тақырыбы: 3-бөлім - «Өмір жағдаяттарындағы есептер» 11 сағат
№:

13

Тақырыбы: Пайыз ұғымы, санның пайызын және пайызы бойынша

Ұқсас жұмыстар
Сабақтағы әрекетті өзгерту тапсырмасы ретінде
Оқушылар жобаларының тұсаукесері
Мектеп жуналы
Қазақ тілінде
Математикалық ойлау есептері
Логикалық есептер
Презентациялар технологиясы
Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - өмір талабы
Компьютерлік сауаттылық үйірмесіне арналған бағдарлама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz