Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Барлық сағат саны сағат саны мерзімі

Түсінік хат

Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа жолдарын іздеу қоғамдағы әлеуметтікөзгерістерге байланысты әр кезеңде өз дәрежесіне сай сұраныста болды.
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің жаңа моделінің негізгіміндеттерінің бірі - оқыту үдерісін ұлттық құндылықтарға негіздей отырып,
оқушыларға қазақ тілі пәнін оқытуды ұйымдастыру, жас ұрпақтыңжаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымын қалыптастыруға, әлемдіксапа деңгейін, білім негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру.
Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушының іс-әрекетіне, күнделікті өмірдеқажетіне жарата білуіне қарай бағытталған. Аталған бағдарлама оқушының тек тілді меңгеруіне ғана емес, сонымен қатар жан -жақты дамуына жол ашадыжәне таңдап алынған тақырыптар күнделікті өмірімен сабақтасады.
Жалпы білім беретін мектептердің <<Қазақ тілі>> пәні бойынша жаңартылғаноқу мазмұны оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар<<Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті>> (CEFR) деңгейлерін ( А1,A2, B1, B2, С1) негізге ала отырып айқындалған және әр деңгейдің соңындағы күтілетін нәтижелер түрінде берілген. Сондай-ақ бағдарламадағы екінші тіл деген терминінің орнығуы тілді үйренушілердің әлемдік деңгейіне сәйкестендірлуіне байланысты.
Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылыжүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдыларыкоммуникативтік дағдылар болып табылады. Ал бұл дағдылардыңәрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни
ерекшеліктері бар. Аталған дағдылардың ерекшілігін ескеріп сабақ құрудың өзі тілді тиімді меңгеруге мүмкіндік береді [1].
Ұсынылып отырған бағдарлама Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен 5-9 сыныптарға арналған <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> пәні бағдарламасы және әдістемелік нұсқау хатты негізге ала отырып жасалды.
Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласында түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан - жақты ізденетін алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу - ұстаз қолында. Заманауи қоғамның зиялы азаматын білім беру сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан жаңаша ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адам тәрбиелеу.
Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:
1) қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;
2) тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;
3) тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу және ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;
4) тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.
Бұл оқу бағдарламасыжаңартылған білім мазмұнына сай 5-6 сыныптан бастау алатын, орта буын сыныптарда оқушылардың коммуникативтік дағдыларын: тыңдау, оқу, жазу, сөйлесу дағдыларын дамыту ретінде алынған тақырыптар мен тапсырмалар жинағы. Орыс тілінде оқытылатын мектептерде оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту үшін, қазақ халқының ғасырлар бойы мұра болып, баға жетпес қазынасына айналған мұраларын оқушылардың санасына жеткізу мақсаты көзделген.
Халқымыздың барлық тарихы мен тағдыры, тұрмысы мен салты, ғылымы мен білімі, ерліктері мен жеңістері,адамгершілігі мен адалдығы, байлығы мен кедейлігі, жақсылығы мен жамандығы, сұлулық пен көркемдігі, еліміздің кең байтақтығы, кеңдігі, қонақжайлығы;тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, қазақ елінің шежіресі жазылған шығармаларды оқушы бойына сіңіріп, оған біліммен қоса үлкен тәрбие беріліп, бойындағы шығармашылық дарындылығын шыңдауға үлкен септігін тигізеді.
Тәрбиелік мәні зор қазақ тіліндегі салт - дәстүрлер мен ырым-тыйымдарды 5-6 сынып оқушыларының бойына сіңіру мақсаты көзделген. Теория арқылы алған білімдерін тәжірибеде қолдану арқылы оқушылар халқымыздың салт - дәстүрін игере алады. Бұның барлығы олардың шығармашылықтарын дамытуға өз септігін тигізе алады. Түрлі танымдық мәтіндерді оқып, танып білу арқылы балалар өздеріне жақын,өздері жүзеге асыра алатын дәстүрлерді таңдап алу мүмкіндігін алады.
Әр түрлі жаңа тақырыптар түсіндіріліп, әрбір тармақтары талданып, алынған теорияларын тәжірибе сабақтарында жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер жасалған. Бұл оқу бағдарламасының құрылуында да маңызды мақсаттар мен міндеттер көзделген. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар оларға рухани, патриоттық,ұлттық тағы да басқа тәрбие беріледі.
Бұның барлығы оқушының тіл байлығының молаюына,сөйлемдерді дұрыс ретімен қолдануына және де өлең жолдарының мақамын бұзбай, мәнерлеп оқуына өз септігін тигізеді. Бұл бағдарлама арқылы оқушылардың шығармашылығын шыңдап, өзге ұлт арасында қазақ салт - дәстүрлерін насихаттап, үлгі көрсету. Қазақ халқының шығармашылығын, қазақтың салт-санасын 5-6 сыныптардан бастап қабырғасын қалау арқылы қазақ тілін өркендетуге өз үлесімізді қосамыз. Сондықтан бұл бағдарламада көптеген тақырыптар қарастырылып, білім мен қатар тәрбие беру,шығармашықты шыңдау басты мәселелері қарастырылған.

Өзектілігі: оқушылардың <<Ұлттық мұра>> бойынша білімдерін толықтыра отырып, өмірде пайдалана алуын жүзеге асыру. Тілдік қарым - қатынасын жетілдіру; екеуара сөйлесу, жазылым, айтылым, оқылым дағдысын қалыптастыру.
<<Ұлттық мұра>> факультативтік курсы пәнін оқыту мақсаты:
<<Ұлттық мұра>> тақырыбы бойынша мұқият іріктелген тапсырмалар мен
іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыта отырып, мемлекеттің тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға ретінде қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға, алған білімдерін тереңдетіп, өмірде қолдана алуға үйрету.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) Оқылым және жазылымға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік беру;
2) Қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату;
3) Әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге және ашық қоғамның азаматы болуға үйрету;
4) Интерактивті оқыту әдіс -тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету, яғни ақпарат мұғалімнен оқушыға, оқушыдан мұғалімге өтіп отыруына мүмкіндік беру;
5) Белсенді оқытуда оқушыларға өз пікірін айта білуге және өзгенің пікіріне құрметпен қарауға үйрету;
6) Санамақ, жаңылтпаш айтқанда тілдерін сындырып, жаттықтыру, ұлттық ойындарды ойнату арқылы ептілікке, жылдамдыққа, батылдылыққа тәрбиелеу;
7) Ата - баба салт - дәстүрін сыйлап, қадірлеу дағдыларын қалыптастыру, ұлттық салт - сананы, ізгілікті, адамгершілікті, парасаттылықты тәрбиелеу.

Бағдарламаны құрастырудағы күтілетін нәтиже:

мемлекеттің тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға ретінде қалыптасады және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйренеді;
<<Ұлттық мұра>> тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдетіп, өмірде қолдана алады;
әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ауызша мазмұндап айта алады;
берілген танымдық мәтіндерге өзіндік көзқарасын білдіре алады;
мәтінге қысқаша жоспар құрай алады;
Оқу - әдістемелік кешен:
1.Бағдарлама.
2.Оқушыларға арналған жұмыс дәптері.
3.Тапсырмалар жинағы.

Бағдарламаның мазмұны

І Қазақ халқына тән туыстық атаулар - 4 сағат
1. Бір отбасындағы туыстық атаулар - 1 сағат
2. Туыстық қарым-қатынастағы атаулар - 1 сағат
3. Үш жұрт - 1 сағат
4. Ат тергеу - 1 сағат
ІІ Бала тәрбиесіне қатысты салт - дәстүрлер 10 сағат.
1.Бала тәрбиесіне қатысты салт - дәстүрлер - 1сағат.
2.Шілдехана - 1 сағат
3.Қырқынан шығару - 1 сағат
4.Бесікке салу- 1сағат
5.Аластау- 1 сағат
6.Кекіл қою-1сағат
7.Тұсаукесер -1 сағат
8.Тілашар- 1сағат
9.Атқа мінгізу - 2 сағат
ІІІ <<Ырымдар мен тыйымдар>> 3сағат
1. Балаларға арналған ырым-тыйым- 1сағат
2. Киім - кешекке қатысты ырым - тыйымдар - 1сағат
3. Ас тағамға байланысты ырымдар мен тыйымдар- 1сағат
ІV Ұлттық музыкалық аспаптар - 4 сағат
1. Ұлттық музыкалық аспаптар туралы түсінік -1сағат
2. Қасиетті домбыра -1сағат
3. Қобыз туралы аңыз - 1сағат
4. Қазақ халқыны көне аспабы -жетіген - 1сағат
V Қолөнер - 6 сағат
1. Зергерлік өнер сыры - 2 сағат
2. Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары - 2 сағат
3. Киіз үй жиһаздары мен бұйымдары- 2 сағат
VІ. Ұлттық ойындар - 7 сағат
1. Ұлттық ойындар туралы түсінік.
2. Асық ойынының түрлері.
3. Тоғызқұмалақ
4. Қазақша күрес
5. Көкпар. Қыз қуу
6. Теңге алу
7. Бәйге.

<<Ұлттық мұра>>вариативтік курсының оқу бағдарламасы.
( 5-6 сыныптарға арналған)
Күнтізбелік оқыту жоспары


Тақырыптар аты
Барлық сағат саны

сағат саны
мерзімі

І Қазақ халқына тән туыстық атаулар - 4 сағат
1.
Біротбасындағытуыстықатаулар
1

2.
Туыстыққарым-қатынастағыатаулар
1

3.
Үшжұрт
1

4.
Аттергеу
1

ІІ Бала тәрбиесіне қатысты салт - дәстүрлер - 10 сағат
5.
Бала тәрбиесіне қатысты салт - дәстүрлер
1

6.
Шілдехана
1

7.
Қырқынан шығару
1

8.
Бесікке салу.
1

9.
Аластау
1

10.
Кекіл қою
1

11.
Тұсаукесер.
1

12.
Тілашар
1

13-14
Атқа мінгізу
2

ІІІ <<Ырымдар мен тыйымдар>> 3сағат
15.
Балаларға арналған ырым-тыйым
1

16.
Киім - кешекке қатысты ырым - тыйымдар
1

17.
Ас тағамға байланысты ырымдар мен тыйымдар

1

ІV Ұлттық музыкалық аспаптар - 4 сағат
18.
Ұлттық музыкалық аспаптар туралы түсінік
1

19.
Қасиетті домбыра
1

20.
Қобыз туралы аңыз
1

21.
Қазақ халқыны көне аспабы -жетіген
1

V Қолөнер - 6 сағат
22-23
Зергерлік өнер сыры
2

24-25
Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары
2

26-27
Киіз үй жиһаздары мен бұйымдары
2

VІҰлттық ойындар - 7 сағат
28.
Ұлттық ойындар туралы түсінік.

1

29.
Асық ойынының түрлері.
1

30.
Тоғызқұмалақ
1

31.
Қазақша күрес
1

32.
Көкпар. Қыз қуу
1

33.
Теңге алу
1

34.
Бәйге.
1

Барлығы
34

Ұқсас жұмыстар
Өлеңдерінің көркем тілі
Допты аяқпен тебу жаттығулары
Авторлық оқу бағдарламаларын құрастыруға әдістемелік ұсыныстар
Мәтін туралы түсінік
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті
Махамбет өмірі мен шығармашылығы
Ертегі сабақ. Сабақтың тақырыбы
Сегізінші қарасөз
Бұйымның бөлшектерін дайындау
Ақшаның шығу тарихы
Пәндер