Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Психологиялық кеңес
Кіріспе
Мектептегі оқушылардың әр қайсысының жекелік психологиялық қасиеттері, таным процесстері, күй-жағдайлары тек өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.
Мәселен психологиялық қасиеттер:
* Темперамент
* Мінез
* Қабілет
* Дүниетаным
* Сенім
* Талғамы
* Қызығуы
Таным процесстері:
* Қабылдау
* Ойлау
* Есте сақтау
* Түйсіну
* Үйрену
* Зейінді
* Қызығушылық
* Шығармашылық
* Қиял
Күй-жағдайлары:
* Селқостық
* Шабыт
* Қызықтау
Осы ерекшеліктерді толық ескеру мұғалімге өте қиын.
Психолог балалардың мектепке оқытуға даярлығын анықтаудан бастап, мектепке қабылдау, бастауыш сыныптарда жетелеу, орта және жоғарғы сынып оқушылары мектеп бітірген соң өмір жолын тауып алу проблемаларын шешуге бірінші кеңесші.
Оқушылардың жекелік қасиеттерін диагностикалап, нәтижелеріне сүйене отырып, күнделікті дамуына іс-шара жүргізеді. Сонымен қатар дамуында нормадан ауытқуы бар балалармен жеке-дара, топпен түзету және дамыту жұмыстарын ұйымдастырады.
Отбасындағы тәлім-тәрбиені ұйымдастыру жолдарын ата-анаға үйрету, <<Қиын>> және <<Қиналып>> жүрген ата-аналармен балаларға тоқыраудан шығу жолдарын көрсету, нашақор, ішкіш т.б. нормадан ауытқуы барларға түзету шаралары арқылы көмек көрсету.
Психологиялық қызмет көрсету балалардың психологиялық дамуын диагностикалау олардың дамуындағы психологиялық ауытқулардың
алдын-алу, психологиялық кеңес беру.
Таным процесстерімен жекелік психикалық қасиеттерін өңдеу ата-аналарға және педагогтарға психологиялық көмек көрсету.
* Фишер депрессиялық талдау;
* Спирмен факторлық талдау;
* Г.Айзенк және Р.Кеттел факторлық талдауды, жекелік психологиялық қасиеттерді зерттеуге қолданды;
* Я.Морреноның социометриялық зерттеу әдісі;
* К.Левиннің өлшеу әдістемелері;
* Я.Коломенскийдың ұжымның қалыптасу деңгейін бағалау тест;
1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу
бюросын ашты. Оны талдау үшін әр адам 3-нәрсені жақсы білуі керек:
1. Өз қабілетімен мүмкіндігі және оның табалдырығын білу.
2. Таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдаймен танысып, өсу жолдарын білу.
3. Әр баланың арманы мен мүмкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау.
Психолог міндеті: Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшуіне көмек көрсету.
* МАД 1-4 сынып,5-6 сынып
oo Мен кіммін?
oo Мені танисыздарма?
* 7-11сынып оқушыларына: Мамандық таңдап алуға жәрдем беру:
oo Қандай нәрсеге қабілеттісің?
oo Оның мүмкіндігін білесің бе?
oo Мүмкіндіктің табалдырығын білесің бе?
* 9-11сынып оқушыларына:
oo Болашақ отбасы өміріне даярлау;
Мектептегі психологиялық қызмет мақсаты:
oo Әр кезеңдегі балалардың жан дүние ерекшеліктерін анықтау;
oo Өзіне, қоршаған ортаға көз қарасын білу;
oo Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
Мектептегі психологиялық қызмет міндеті:
oo Қиындық көріп жүрген балалардың проблемаларын анықтау;
oo Зерттеу;
oo Түзету-дамыту;
Мектептегі психологиялық қызметтің бағыты:
oo Психодиагностикалық жұмыс;
oo Психопрофилактикалық жұмыс;
oo Психологиялық кеңес;
oo Психокоррекциялық жұмыс;
oo Ата-аналарға педагогикалық-психологиялық білім беру;
Оқушының психологиялық-педагогикалық статусы
(Семинар-тренинг)
Семинар-тренингтің мақсаты
Барлық сынып жетекшілерге оқушының психологиялық-педагогикалық статусы туралы түсіндіре отырып, оқушылардың және оқу-тәрбие процесінің осалдық көрсеткен жерлерін түзету.
Оқушының психологиялық-педагогикалық статусы дегеніміз не?
Оқушының психологиялық қасиеттерін, күй-жағдайларын,
қарым-қатынас мәдениеттін, таным процестерін, мінез-құлқын оқуға деген ынтасын бағалау арқылы жасалған мінездеме.
Бұл мінездемені жасау үшін барлық оқушылар жан-жақты психологиялық диагностикалық зерттеуден өткізіледі. Бес блокқа бөлінеді. Олар төмендегідей болады.
1-блок: Бала өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктері;
2-блок: Оқушы таным процестерінің және жалпы интеллектуалдық дамуының ерекшеліктері;
3-блок: Мотивациялық жекелік сферасын бағалау;
4-блок: Баланың өзіне және қоршаған дүниеге қатынасы;
5-блок: Мектепішілік қарым-қатынас барысындағы оқушының мінез-құлқы;
Енді блок көрсеткіштеріне тоқталайық:
1-блок:
oo Отбасы құрамы;
oo Ата-анысының мамандықтары;
oo Жұмыс орыны;
oo Лауазымы;
oo Отбасы типі;
oo Адамдар саны;
oo Олардың бір-бірімен қарым-қатынасы;
oo Отбасының материалдық жағдайы;
oo Тұрғын үйі;
oo Оқушының отбасындағы статусы;
oo Отбасының бос уақытын өткізуі;
oo Спорт, дене шынықтыру мәдениет көздерін қолдануы;
oo Оқушының күн тәртібі және оны үлкендердің қадағалауы;
oo Оқушылардың өз құрбыларымен, өзінен үлкен және кіші балалармен қарым-қатынасы.
2-блок:
oo Баланың хронологиялық жасы мен ақыл-ой дамуының бір-біріне сәйкестігі;
oo Когнетивтік процесстерінің дамуы:
# ойлау түрлерінің қалыптасқандығы;
# ой қызметінің көрінісі;
# тіл байлығы;
# майда қимыл әрекеттерінің қалыптасуы;
oo Таным процестерінің жекелік ерекшеліктері:
# Интеллектуалдық белсенділігінің жоғары болуы;
# Вербалдылығы;
# Шизойдтығы;
# Интеллектуалды пассивтігі;
oo Баланың жеке тұлғасындағы кездесетін қабілеттілігінің түрі:
# Психомоторлық;
# Музыкалық;
# Лингвистикалық;
# Физика-математикалық;
# Бейнелеу өнері;
# Педагогикалық;
# Ұйымдастурушылық;
oo Ақыл-ой жұмысын ұзақ уақыт орындауға қабілеттілігі, жұмыс темпі;
(таным процестерінің нормаға сай, сай еместігі анықталады)
3-блок:
oo Оқушылардың оқуға деген ынтасын және жалпы танымдық әрекеттерінің себептерін, баланың ішкі қайшылықтарының деңгейін анықтауға болады.
oo Оқу себептерінің қалыптасқандығы және оның мазмұны. (танымдық, әлеуметтік бағыттылық т.б.)
oo Танымдық әрекет барысында табысты болу себебі және сәтсіздіктен бас тарту себептерінің қайсысы жетекші екенін анықтау;
oo Себептік сферада қайшылықтың болуы, мазасызданудың көрініс беруі;
oo Акцентуацияның орын алуы (психикалық дамуында мазасызданудың өзіне сенбеушілігі,ішкі проблемалардың орын алуы)
4-блок:
oo Баланың қатынас жүйелерін эмоционалды бағалау бойынша талданады;
oo Баланың өз қатарларымен қарым-қатынастарының қалыптасқандығы;
oo Отбасынлағы қарым-қатынас ерекшеліктері;
oo Оқытушылармен қарым-қатынасының эмоционалдық оң мағнада болуы;
oo Мектепішілік іс-шараларға көз қарасы;
oo Оқушының өз-өзіне көз қарасы;
(бұл көрсеткіштер баланың оқу тәрбие процесінде табысты болуына әсерін тигізеді)
5-блок:
oo Оқушының мектеп ішілік қарым-қатынастағы орнын анықтауға арналған және келесі көрсеткіштермен бағаланады:
1. Оқушының жекелік психологиялық қасиеттерімен байланысты мінез-құлық және қарым-қатынас ерекшеліктеріне сипаттама;
(жылдамдығы, жай қимылдайтындығы, импульсивтігі)
2. Жауапкершілікті сезінуі, шешім қабылдауы, адамдарға ықылас қоюы, қайырымдылығы, ашықтығы, іскерлігі, шыншылдығы.
3. Әлеуметтік психологиялық адаптациясының төмендігі, дөрекі, өтірікші, принципсіздігі.
4. Мінез-құлық нормативтеріне бағынуы, әлеуметтік орта талаптарына икемделуі, ашықтығы, шыншылдығы, тәртіп сақтау, қимыл-әрекеттерінің үйлесімділігі.
Қорыта келгенде әрбір оқушыға сынып жетекшілер баланың психологиялық-педагогикалық статусын көрсете отырып зерттеу жүргізуі қажет. Олар әр оқушының жеке карточкаларында сақталынады. Әр сынып жетекші зерттеу жұмыстарына тиянақты қарауға міндетті.
<<Тәрбие-отбасынан басталады>>
Мақсаты: Ата-ана мен баланың <<Өзара түсіністік, қарым-қатынас ұғымының адамгершілік ұғымы ретінде маңыздылығын аша отырып,баланың жас ерекшелік психологиясына қысқаша тоқтала отырып, өмір жайлы айту>>
ҚР Ата Заңының 27-бап,2-тармағында <<Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу- ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы>> делінсе, <<Қазақстан-2030>> бағдарламасында <<Әкелер мен аналардың, аталармен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымызбен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді...>> делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болсада алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени-әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірбиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.
Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады.
<<Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан-
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала-соларда>> - деп ХІ - ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балалардың жас ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар, тәрбие берудің маңызы еркеше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсінісік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы-бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сіңімді және негізді.
Ата-ана бала тәрбиесіне ерекше мән беруі қажет. Ана-бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Тәрбиенің негізі <<ананың әлдиінен>> басталады емеспе?!
<<Ана мен әке өздерінің үлгі-өнегелері, гуманистік белгілері арқылы әдептілігімен, өнерпаздығымен, бір-біріне деген достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсете алады. Егер оқушы маманданған ұстаз десек, ата-ана-өздерінің өмірлік іс-тәжірбиесі арқылы тәрбиелік іс-әрекеттерін қалыптастырған ұстаз. Ал , ұстаз өз ісінің шебері, білгір адам болуы қажет>> - деп толғанады ақын.
Бала тәрбиесі-игілікті іс. Берері де, сұрауы да, жемісі де мол тәрбие саласының ең өзектісі. <<Шебер ұстаздан - тәрбиелі шәкірттер>> деп айту өте орынды. <<Бала үшін жәй нәрсенің өзі де жаңалық. Бұлар - құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеуші>>.
Ата-аналары балаларын өнегелі сөзімен, жеке басының тәрбиесімен тәрбиелейді. Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш, еліктегіш келеді. Әр бала сипағанды,жылы сөйлегенді, аялағанды, еркелеткенді, ертегі әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл - баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиеті. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткені бала сезімі - пәк. Баланы періштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келеді.
<<Бала тілі бал>>, <<балалы үй-базар>> деген мақалды халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу - баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне ықпал етеді.
Ал балаға ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпенділік қасиеттерді оятады.
Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне құрғақ ақылдан гөрі үлгі-өнеге арқылы ықпал етудің жұғымды екенін және бала жора-жолдастарының, құрбы-құрдастарының әсері мол екенін айтқан.
<<Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол>> деп тәрбиелік мәні зор мақал-мәтелдер айтқан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, <<Баланы 7-ге келгенше тыйма, 7-14 ке келгенше құлыңша қина, 14 тен кейін құрдасыңдай сыйла>> деп баланың ой өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.
Өмір- бұл кішкентай жаратылыстардан бүтін бір әлемді құрап тұрған ғажайып шынайылық. Өмір - алғыс,құлшылық, мадақтау және махаббат тудыратын ұлы құпия.
<<Өмір - теңіз, онда жүзем демеңіз.
Ізгіліктен құралмаса кемеңіз>>
Қорыта келгенде: жанұя тәрбиесінде ата-аналардың өз мінез-құлқы шешуші фактор болып табылады. А.С.Макаренко: <<Сіз балаларыңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз шешуші нәрсе...>> деген болатын. Ата-аналар бәрі бірдей баланың жеке басына жиі көңіл аудармайды. Баланың ішкі дүниесіне, тілек, ойларына, қоршаған орта қатыгасына көңіл бөлуіміз керек. Ата-ана баласының дұрыс істемеген іс-әрекетін түсіндіруге тырысады. Бірақ оның мінез-құлқындағы қалыптасқан әрекеттердің себептерін білуге көңіл аудармайды. Мысалы, бала берілген тапсырмадан бас тартса, ата-анасы <<қыңыр>> деп есептейді. Сонда баланың бас тарту себептерін анықталық. Бұл жерде ересек адам мен баланың арасындағы қарым-қатынастың немесе этикалық байланыстың таяздығы деп есептеуге болады. Сондықтан баланың мінезін жақсы түсіну үшін ең алдымен, оның дамуына не нәрсенің қажет екенін білуіміз керек. Ол кіммен дос, кіммен ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтынын әрбір ата-ана білуге тиісті. Әке мен шешенің қамқорлығында болмаған немесе қадағалауынан тыс қалған жанұядағы балалар құқық бұзып, қылмысты істерге барады. (түңгі уақыттарда би алаңында болуы, ішімдік ішіп, көше кезіп бос жүріп,темекі шегіп, ақша болмағандықтан ұрлық жасау т.б.) мұндай балалар нашар оқып жеңіл өмір сүру стильін дұрыс деп қабылдайды. Ата-ана балаларын тексеріп, тиісті шара қолдануы керек. Ата-аналар бәрі бірдей өз балаларының мінез-құлқына дұрыс баға бермейді.
Ересек жастағы балалардың даму процесінде кенет өзгерістер пайда болады
Бұл << өтпелі кезеңде>> баланы ерекше назарда ұстау қажет. Бала кейде теріс қылықты адамдардың алдауына түсіп, қоғамға жат ортаға жағымсыз істермен айналысады. Осындай өрескел іс-әркеттерге жол бермеу қажет.
Ата-аналарға кеңес
Баланы үнемі СЫНАП отырса, ол жек көріп өседі,
Егер КІНӘЛАП отырса, ол өзіне кінәлі сезініп өседі,
МЫСҚЫЛДАП отырса, тұйықталады.
Ешуақытта баланы басқамен салыстырмаңыз. Бұл жердегі ең басты нәрсе нәтижелі жетістік емес, сезім, сәттілік, ішкі сезім бостандығы, ой бостандығы. Сыртқы қимыл бостандығы қимылдан, мимикадан білінеді.
Баланыңыз байсалды, сабырлы болып өссін десеңіз, оған ылғи көңіл бөліңіз, жақсы қылығы үшін мақтап, қиын ситуация кезінде сөзсіз көмек көрсетіп, әр табысын көрсетіп, мадақтаңыз.
Баланы жиі МАҚТАСА, ол өмірде әділ, текті болуға үйренеді, ҚАУІПСІЗ жағдайда өссе, адамдарға сенгіш болып өседі, оны үнемі ҚОЛДАП отырсақ, ол өзін бағалауға, түсінушілік пен достық жағдайда өмір сүруге үйренеді.
Бала дұрыс өсу үшін, оған сүйіспеншілік, өз күшіне сенушілік керек, біз үшін, үлкендер үшін өзінің қажетті, бағалы екенін сезіну керек. Оған деген бақылау мен қамқорлық өз мәнінде болуы керек. Тәрбие қарама-қарсылықсыз қалыпты жалғасып отыруы керек. Бала өз күшіне сену керек. Қатігездікпен жазалау баланың тұлғалық даралығын жояды.
Егер, бала АГРЕССИЯСЫЗ өссін десеңіз:
oo Өз проблемаңызды балаға артпаңыз;
oo Егер, ашулы болсаңыз, онымен қарым-қатынастан аулақ болыңыз;
oo Егер, бала сіз айтқан ережеге келмесе күштемеңіз;
oo Күш көрсету, түзету орынына, бала қарсылғын арттыра түсесіз;
oo Мәселелерді жеке өзіңіз емес, баламен бірігіп шешіңіз;
oo Егер, бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз;
oo Егер, қиын жағдай кезінде не істеріңізді білмесеңіз, оны тезірек шешуге тырыспаңыз, асықпай ойланып кірісіңіз.
Енді балалардың жас ерекшелік психологиясына қысқаша тоқтала өтейін:
Нәресте, 1-жас,3,7,13 жас дағдарыстары бар.
Л.С.Выгодский баланың психикалық дамуының келесі кезеңін бөліп көрсетті:
> Нәрестелік дағдарыс
> Кіші жас дағдарысы
> Ерте балалық(1-3жас) ми салмағы 1110г-1350г өседі.
> 3-жас дағдарсы
> Мектепке дейінгі шақ(3-7жас)
> 7-жас дағдарысы
> Мектеп жасы (8-12жас)
> 13-жас дағдарысы
> Жас өспірімдік жас (14-18жас)
> 17-жас дағдарысы
В.Штерн бойынша:
1,5-жаста бала шамамен 100 сөзді айтады.
3-жаста 1000-1100 сөзді айтады.
6-жаста 2500-3000 сөзді белсене қолдана алады.
Бала тәрбиелеу кезінде естеріңізде ұстаңыздар!
Біріншіден, оның жүйкесі мен психикасында ауытқушылық бар жоғын байқау қажет.
> Жағымды қасиет,жарқын жүзділігімен, әр нәрсеге әуестілігімен, талмас күш-қуатыменен балалар ерекшеленеді.
> Жағымсыз қасиет, бірбеттілігімен, ашушаңдығыменен, жайбасарлығыменен, немқұрайлығымен, ұяңдығымен, шектен тыс белсенділігімен, ұшып-қонып тұруымен, әдепсіздігімен, тынымсыздығымен ерекшеленеді. Бұл жағдайды байқасаңыз қажетті шара қолдану өз қолыңызда. Бұл аталғ Бұл аталған қасиеттер тек уақытша психикалық ерекшеліктері болуы немесе келешекте олардың мінез-құлқына сіңіп кетуіде мүмкін. Сондықтан әр бала тәрбиесіне өте қырағы болсаңыздар екен.
Сөз түйінін Әбу-Нәсір Әл-Фарабидің <<Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі>> деген ұлы да ұлағатты сөзбен аяқтаймын.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz