Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сабақтарда болған мұғалімдердің ескертпе жазбалары
10 қосымша есебінің жалғасы бойынша мониторинг қорытындысы бойынша мектептің даму үдерісі дәлелдемелері синтезі
Мектептің екінші МДЖ жоспарына сай басымдылықтағы<<: Оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне еңгізу арқылы, мұғалімдердің кәсіби біліктілік дағдыларын жетілдіру>> тақырыбына сай жоспарлы өзгеруге қадамдар жасалды. Жоспардағы жұмыстар қосымшадағы <<табысты мектептің 10 көрсеткішін >> басшылыққа ала жүргіздік. Ол үшін жоспарланған әрекеттерде бірінші көрсеткіш деп санап үнемі <<мектеп ахуалын>> зерттеу, кері байланыстар жүргізу арқылы мектептің жайлы орын болуын назарда ұстадық. Бұрындары біз бұндай әр жұмыстың мектеп ахуалына әсерін мықты назарда ұстаудың қажеттіліктерін онша мойындай қойған жоқ болатынбыз. Ең басты мәселе зерттеу мен рефлексияның аздығы, тәжірибемде бақылағандай оқудың <<білу>> үшін ғана жасалуы және мұғалімдердің <<қалай оқыту керек? >> сұрағына жауап іздейтіні бірақ көбіне даму жоспары тек танысудан әрі қарай жылжымалы жұмыс істеудегі ролінің аса маңызды жүргізіле бермейтіні туралы таныса отырып оқытудағы мәселені шешуде жоспардың қағаз түрінде емес <<жанды жұмысқа>> бағытталуына қадамдар жасай отырып өзгеріс енгізгіміз келген болатын.
Енді осы орайда жасалған сандық және сапалық көрсеткіштерге дәлелдемелер ұсына кетер болсам: 6 ай бойы жүргізілген жұмыстың нәтижесін саралау мақсатында қаңтар айында өзгерістер енгізу топ мүшелері бөлінген көшбасшылықты пайдалана отырып, мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігін анықтау, табу және деңгейі бойынша іріктеу үшін сауалнама өткізді. Нәтижесі төмендегідей болды.
Екінші TALIS сауалнамасының сұрақтары бойынша талдаудан жинақтап қортынды айтар болсам, екінші кезеңде қаңтар айында мұғалімдерге тағы да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп TALIS сауалнамасы 47 мұғалімнен қайта алынды, екінші алынған сауалнамадағы ұжымның сапалық құрамына тоқталатын болсам, білімі жоғары - 44(93,6%), арнайы орта - 3(6,3%). Санаты жағынан жоғары санатты -8(17,2%), I санатты - 9 (19,1%), II санатты - 15(31,9%), санатсыз -15(31,9%) болып айқындалды.
Сауалнаманың 11 сұрағы: << Соңғы 18 айдың ішінде төменде көрсетілген кәсіби даму түрлерінің қайсысына қатыстыңыз, және де алған біліміңіздің мұғалімдік тәжірибеңізге әсері болды ма? >> деген сұраққа мұғалімдер төмендегідей жауап берген дәлелдерін ұсынамын.
(1- қосымша TALIS сауалнамасының диаграммалары )
<<Б>> нұсқасындағы.
В>> нұсқасының << Танысу мақсатындағы басқа мектептерге сапарлар>> деген сұраққа
<<Г>> нұсқасындағы Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы құрылған мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына қатысу >> деген сұраққа
<<Ғ>> нұсқасының <<Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша жеке немесе бірлескен зерттеулер >> деген сұраққа жоғарыдағыдай көрсеткіш көрсеткен.
<<Д>> нұсқасының << Мектеп іс-шараларының ресми бөлігі ретінде жүретін тәлімгерлік немесе әріптесті қадағалау және коучинг >> деген сұраққа қатысқаны - 47 мұғалім
Осы сауалнамадағы 18 сұрақ: <<Кәсіби даму саласындағы өз қажеттіліктеріңізді ескере отырып, төменде көрсетілген салалардың қайсысында даму қажет деп санайсыз ?>> деген сұрақтың төмендегідей жауаптары болды.
1. << Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіздің мазмұны мен табыс критерийлері >> нұсқасы бойынша 96 % << өте қажет >> деп жауап берді.
2. << Оқушыларды бағалау әдістемесі >> нұсқасы бойынша 99% << өте қажет >> деп жауап берген.
3. <<Сыныпты басқару>> нұсқасы бойынша 89 % << өте қажет >> деп жауап берген.
4. << Сабақ беретін негізгі пәндеріңіз бойынша білім және түсінік >> нұсқасы бойынша 78 % << өте қажет >> депжауапберген.
5. << Оқытудағы АКТ дағдылары >> нұсқасы бойынша 85% << өтеқажет >> депжауапберген.
6. << Білім берудің ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту >> нұсқасы бойынша 27 % << өтеқажет >> депжауапберген.
7. << Оқушылардыңтәртібі мен мінез-құлықпроблемалары >> нұсқасы бойынша 54 % << өтеқажет >> депжауапберген.
8. << Мектепті басқару және әкімдеу >> нұсқасы бойынша - 2 мұғалім ( 4,2 %) << қажет емес >>, 23-мұғалім (48,9 %) << қажеттілігі орташа >>, 20 мұғалім (42,5% ) << өтеқажет >> депжауапберген.
9. << Көпұлтты ортада оқыту >> нұсқасы бойынша 33 % << қажеттілігі орташа >> деп жауап берген.
10. << Оқушылардан кеңес алу >> нұсқасы бойынша 45 % << өте қажет >> деп жауап берген.
Енді, 24 сұрақ бойынша << Осы мектептеалғанбағаңызжәне / немесе кері байланысыңыз төмендегі салаларды қаншалықты өзгертті немесе өзгерістің орын алуына ықпал етті? >> деген сұрақ бойынша төмендегідей нұсқалары бар.
<< Сыныпты басқару тәжірибесі >> нұсқасыбойынша - 4 мұғалім (8,5 % )
<< орташа өзгерді >>, 43 мұғалім (91,4% ) << қатты өзгерді >> деген нұсқасын таңдаған.
<< Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіз бойынша білім мен түсінік >> нұсқасы бойынша - 22 (46,8 %) мұғалім << орташа өзгерді >> деп жауап берсе, 25 (53,1 %) мұғалім << қатты өзгерді деп >> жауап берді.
<<Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңізді оқыту тәжірибесі бойынша білім және түсінік >> нұсқасы бойынша - 12 мұғалім (25,5 % ) << орташа өзгерді >>, ал қалған 35 мұғалім (74,4 %) << қатты өзгерді >> деп жауап берді.
<< Оқыту тәжірибеңізді жақсартуға бағытталған кәсіби даму жоспары немесе оқу жоспары >> нұсқасы бойынша - 10 мұғалім (21,2 % ) << орташа өзгерді >>, ал қалған 28 мұғалім (59,5%) <<қатты өзгерді >>, <<аз ғана өзгерді>>- 9 мұғалім-(19,1%) деп жауап берді.
<< Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту тәжірибеңіз >> нұсқасы бойынша - 22 мұғалім (46,8 % ) << орташа өзгерді >>, ал қалған 20 мұғалім (42,5 %) << қатты өзгерді>>,<<аз ғана өзгерді>>-5 мұғалім-(10,6 %) деп жауап берді.
<< Оқушылардың тәртібі және мінез-құлық - проблемаларын шешуде қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз >> нұсқасы бойынша - 23 мұғалім (48,9 % ) << орташа өзгерді >>, ал қалған 24 мұғалім (51 %) << қатты өзгерді >> деп жауап берді.
<< Көпұлтты ортада оқыту тәжірибеңіз >> нұсқасы бойынша - 45мұғалім (95,7 %) << өзгеріс болған жоқ >>, ал 2 мұғалім ( 4,2 % ) << аз ғана өзгерді >> деп жауап берді.
<< Оқыту тәжірибеңізде оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға көңіл бөлуіңіз >> нұсқасы бойынша - 43 мұғалім, яғни 91,4% << қатты өзгерді >> деп жауап берген.
<<Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы құрылған мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына қатысу>> және <<сізді қызықтыратын мәселелер бойынша жеке немесе бірлескен зерттеулер>> қатысуы сұрағына мұғалімдердің алғашқыда 12 %-ы ғана осы жұмыстарға қатынасқаны туралы айтса , соңғыда олардың пайызы артып 80 %- дан жоғары көрсеткен. Сонда TALIS-сауалнамасынан кейін көрсеткіш 68% жоғарлағанын көрсетті. Оған себеп, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мазмұнына сай өткізілетін облыс, аудан көлеміндегі форумдар, ресми, биресми кездесулер, желілік сессияларға мұғалімдерімді іздеп жүріп қатынастыруымнан болса керек және бұл мектептегі <<Шың>> КБ жұмыстары мен <> тобы, коучинг, менторлық жұмысының нәтижелері болса керек. Ал мектеп іс - шараларының ресми бөлігі ретінде жүретін тәлімгерлік және әріптестерді қадағалау мен коучингке қатысу алғашқыда 35 %-ы көрсетсе, соңғыда 100 %-ы көрсетіп және олар өз оқыту біліктілігі үшін оның әсерін бірауыздан <<әсері жоғары>> болды деп жазған. Бұл әрине менің осыған дейін 1-2- деңгей сертификатын алған мұғалімдерімнің өткізген коучингтері мен тәлімгерліктеріне қойылған жоғары баға деп қабылдай отырып оның тиімділігін тағы да бір түйіндедім. Кәсіби даму түрлерінің қайсысына қатыстыңыз және сіздер үшін тәжірибеңізге әсері болды ма? деген сауалнамаға 30% мұғалім әсері орташа және 70% <<әсері зор>> деп жауап бергені анықталып отыр.
Бұдан мектеп және мектептегі мұғалім бағалауға мән беріп, кері байланысқа көңіл бөлінген жағдайда нәтижені анықтауға болатын және оның алыға жылжу қадамдарын да осы арқылы болжауға болатынын ұжымымда мен де өте жақсы түсіндім.
2-қосымша
Шынында да өзгерістің болғанын нақтылау үшін мұғалімдердің құзіретін бағалау мақсатында тағы да сауалнама алынды.
Мектепте жүргізілген жұмыстың нәтижесін саралау мақсатында желтоқсан айының аяғында өзгерістер енгізу топ мүшелері бөлінген көшбасшылықты пайдана отырып, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін анықтап,зерттеу және деңгейі бойынша іріктеу үшін сауалнама өткізді.
Сауалнамаға 42 мұғалім қатысты.
І. Психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі.
Бірінші <<Оқушының оқуға деген уәжін ынталандыру және түсіну қабілеті>> деген сұраққа <<үнемі оқушыларды ынталандыратын әдістерді қолданады>> - 67%, <<ынталандыру әдістерін оқта-текте қолданады>> - 28%, <<ынталандыру әдістері сирек қолданылады, нәтиже бермейді>> - 5% жауап берді.
Екінші <<Оқыту барысында оқушының дамыту қабілеті>> деген сұраққа <<үнемі дамытушылық сипаттағы әдістер мен басымдықтарды қолданады>> - 62%, <<дамытушылық қағидаты тұрақты емес>> - 24%, <<оқыту әдісінің дамытушылық сипаты жоқ>> - 14% жауап берді.
Үшінші <<Оқушылардың оқудағы қиындықтарының себебін анықтау,оларды жоюға көмектесу қабілеті>> деген сұраққа <<Қиындықтарды анықтау мен оны жоюда реттеуде жүйелілік қалыптасқан>> - 90%, <<Қиындықтарды анықтау мен оны жою жолдары нақты емес>> - 10%, <<Қиындықтарды анықтау мен оны жоюда жүйелілік жоқ>> - 0%
Төртінші <<Өз бетінше оқуға үйрету,оқуға рефлексия жасай білуін дамыту қабілеті>> деген сұраққа <<оқушыларды өз бетінше оқуға,өзін-өзі талдауға, реттеуге үнемі уәждендіріп отырады>> - 57%, <<Оқушыларды өз бетінше оқуға,өзін-өзі талдауға,реттеуге уәждендіру тұрақты емес>> - 38%, <<Өз бетінше оқу мен рефлексия жоқ>> - 5% жауап берді.
ІІ Қарым-қатынастық құзыреттілік
Бірінші <<Оқытушылық диалог құра білу,оқытуда оқушының мұғаліммен пікірлесуін ынталандыру қабілеті>> деген сұраққа <<Өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыра отырып,оқушы-мен тиімді диалогтік қарым-қатынас орнатады>> - 83%, <<Өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыруға бағытталған оқушымен диалогтік қарым-қатынасы тұрақты емес>> - 17%, <<Оқушымен диалогтік қарым-қатынасқа түспейді,табысты оқуға жағдай туғызбайды>> - 0% жауап берді.
Екінші <<Сыныптағы оқу барысында оқушылар арасында пікір алысу және пікірталас жүргізетін орта құра білуі>> деген сұраққа <<Тұлғалық қасиеттерінің эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз ету үшін жүйелі және мақсатты түрде сыныпта оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын құрады>> - 90%, <<Оқытуда бірлескен орта құру үшін сыныпта оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын сирек қолданады>> - 10%, <<Сыныпта табысты оқуға арқау болатын оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын ұйымдастыру дағдысы жоқ>> - 0% жауап берді.
Үшінші <<Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарау,тілдік кедергілерді жоюға көмектесу қабілеті>> деген сұраққа <<Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап,тілдік кедергілерді жоюға көмектесуде жоғарғы кәсіби қарым-қатынас мәдениетін көрсетеді>> - 93%, <<Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап,тілдік кедергілерді жоюға көмектесуде селқостық танытады>> - 7%, <<Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап,тілдік (сөздік) кедергілерін жоюға көмектесе алмайды, табысты оқу ортасын құрмайды>> жауап берді.
ІІІ. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
Бірінші <<Сабаққа дайындалуда компьютерді қолдана білуі (MS Office Word бағдарламасы).Сабаққа қатысты таныстырылым мен ресурстар дайындауда PowerPoint бағдарламасын қолдануы>> деген сұраққа <<Жүйеленген файл блоктары: Сабақ жоспары,тапсырмалары,зертханалық және тәжірибелік жұмыстары,фильмдер,үнемі қолданылатын таныстырылымдары бар (барлық сабақтарда,яғни өткізетін сабақтарының 100 пайызында>> - 59%, <<Жүйеленген файл блоктары:Сабақ жоспары,тапсырмалары,зертханалық және тәжірибелік жұмыстары, фильмдер, үнемі қолданылатын таныстырылымдары жүйеленбеген. Үнемі қолданылмайды (өткізетін сабақтарының 70пайызынан аспайды)>> - 29%, <<Сабақ жоспарларының,тапсырмалардың,зертханалық және тәжірибелік жұмыстарының,фильмдерінің электронды форматы бар, бірақ толық емес. Өткізетін сабақтарының 50 пайыздан кемінде қолданылады>> - 12% жауап берді.
Екінші <<<<Интернет>> жаһандық желісін қолдануы>> деген сұраққа <<Отандық және халықаралық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіпкелген және белсенді жұмыс істейді (аптасына 4күннен кем емес).Сабаққа дайындықта интернетті белсенді қолданады,өзінің сайты бар,блогер ретінде жұмыс жүргізеді>> - 33%, <<Отандық және халықаралық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіпкелген және белсенді жұмыс істемейді (аптасына 1күннен аз).Сабаққа дайындықта интернетті қосымша ресурс ретінде ғана қолданады>> - 67%, <<Педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелмеген.Сабаққа дайындықта интернетті қосымша ресурс ретінде жүйесіз қолданады>> - 0% жауап берді.
Үшінші <<Электронды пошта(e-mail) қарым-қатынас бағдарламаларын (Skype ICO Agent,т.б.) оқушылармен,әріптестерімен қарым-қатынаста пайдалана білуі>> деген сұраққа <<Электронды поштаны үнемі қолданады,оқушыларымен және әріптестерімен қарым-қатынас үшін көптеген желілік байланыс түрлерінің (Skype ICO Agent,т.б.)кемінде бірі бар>> - 43%>>, <<Электронды поштасы бар,оны қолданады,оқушылармен және әріптестермен қарым-қатынас үшін (Skype ICO Agent,т.б.) бағдарламаларының бірінде тіркелген,бірақ аз қолданады>> - 40%, <<Электронды поштасы жоқ, Skype ICO Agent т.б. бағдарламалардың ешқайсысын қолданбайды,оқушылармен және әріптестермен қарым-қатынасы жүзбе-жүз кездесу және телефон байланысымен шектелген>> -17% жауап берді.
Төртінші <<Сабақ үдерісінде мультимедианы қолдану деңгейі>> (фото,бейне,аудио файлдарды қолдану) деген сұраққа <<Сабақ барысында мультимедианы жүйелі және тұрақты қолданады(ауқымды,жүйеленген мәліметтер жинағы бар)>> - 60%, <<Мультимедиа мүмкіндіктерін сабақ барысында тұрақты қолданады(өткізетін сабақтарының кем дегенде 70пайызында).Жинақтау қоры қалыптасу үстінде,білім мазмұнының 100%қамтымайды(пән бойынша)>> - 31%, <<Сабақ барысында мультимедианы сирек қолданады (өткізетін сабақтарының 50 пайызынан аз),материалдары жүйеленбеген және толық емес (берілген пән бойынша білім мазмұнына сәйкес>> - 9% жауап берді.
IV Сабақ барысында басқарудағы құзіреттілік
Бірінші <<Сабақты қабілеті>> деген сұраққа <<Әдістемелік талаптарға сай, шығармашылықпен дайындайды. Қол жетімді және ыңғайлы,түсінікті>> - 81%, <<Сабақтың жоспары арқылы сабақтың құрылымы,барысы жайлы мағлұмат алуға болады>> - 19%, <<Сабақтың жоспары жасалған,бірізділік басым>> - 0% жауап берді.
Екінші <<Сабақ уақытын дұрыс пайдаланып және реттей білу қабілеті>> деген сұраққа <<Сабақтың әр кезеңіне үнемі тиісті көңіл бөледі,тиімді жұмыс жүргізе біледі>> - 90%, <<Сабақтың әр кезеңіне дұрыс көңіл бөледі,жүйелілік сақталмайды>> -10%, <<Сабақтың кезеңдеріне дұрыс мән бермейді>> - 0% жауап берді.
Үшінші <<Оқушының топтағы нәтижелі жұмыс істеуін ұйымдастыру қабілеті>> деген сұраққа <<жұптық,топтық жұмыстардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып отырады>> - 95%, <<жұптық,топтық жұмыстарды сирек жүргізеді,оның маңыздылығына көңіл бөлмейді>> - 5%, <<топтық жұмыс жүргізбейді,ұйымдастыра алмайды>> - 0% жауап берді.
Төртінші <<Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу қабілеті>> деген сұраққа <<тиімді әдіс-тәсілдердің элементтерін сабақтастыра отырып,нәтижелі,тиімді пайдаланады>> - 83%, <<Әдіс-тәсілдерді пайдаланады,өзгертуге құлықсыз>> - 17%, <<Сабақта дәстүрлі немесе бір ғана әдісті пайдаланады,жүйелі әдіс-тәсілі жоқ>> - 0% жауап берді.
Төртінші <<Оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес жұмысты саралау қабілеті>> деген сұраққа <<Әрбір оқушының мүмкіндігіне,жас ерекшелігіне қарай тапсырма береді.Түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана біледі>> - 93%, <<Оқушылардың мүмкіндігіне сирек көңіл бөледі,тұрақсыз>> - 7%, <<Деңгейлік тапсырмалар бермейді.Оқушылардың мүмкіндіктерін мүлдем ескермейді>> - 0% жауап берді.
V Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзіреттілігі
Бірінші <<Оқушылардың жұппен,топпен жұмыс істеуін бағалау критерийлерін дайындау қабілеті>> деген сұраққа <<оқушыларды жұптық,топтық жұмыста бағалау үшін әр сабақ бойынша дескрипторлар негізінде үнемі критерийлер жасайды>> - 69%, <<Оқушылардың жұптық,топтық жұмысын бағалауға арналған критерийлерді сирек дайындайды>> - 24%, <<Оқушылар білімін бағалаудың нақты критерийлерін жасамайды>> - 7% жауап берді.
Екінші <<Оқушылардың жеке жұмыс істеуін бағалау критерийлерін дайындау қабілеті>> деген сұраққа <<Оқушының жеке жұмысына қалыптастырушы баға береді,дескриптор арқылы критерийлер дайындайды>> - 57%, <<Оқушының жеке жұмысын бағалауды дайындауда ынталандыру критерийлері сирек>> - 38%, <<Оқушы білімін бағалауды ынталандыру,дамыту әдістерін қолданбайды,жан-жақты бағаламайды>> - 5% жауап берді.
Үшінші <<Оқушы білімін бағалауды жан-жақты дәлелдер арқылы нақтылау,оқушының уәжін бағалау арқылы арттыру қабілеті>> деген сұраққа <<Оқушы білімін бағалауды жан-жақты дәлелдер арқылы нақты бағасын қоя отырып,одан әрі білімін арттыру мен жақсы баға алуға уәжін арттырады,ынталандырады,жетелейді>> - 79%, <<Оқушы білімін сыңаржақ бағалайды,жан-жақты бағалау мен талдауға мән бермейді>> - 21%, <<Оқушы білімін талдау мен бағалауда жүйелілік жоқ.Бағалау арқылы ынталандыру,ішкі уәжін көтеру мәселелеріне мән беріп,жүзеге асырмайды>> - 0% жауап берді.
Төртінші <<Оқушының оқудағы кемшіліктерінің себебін зерттей білу қабілеті>> деген сұраққа <<Оқушының оқудағы кемшіліктерінің себебін анықтайды,зерттеушілік әдіс арқылы интерпретация жасайды,баланың дамуына жақсы,тиімді әсер етеді>> - 60%, <<Оқушы білімінің ақауын нақты анықтамайды,үстірт қарайды және түзету шараларын жеткіліксіз жүргізеді>> - 38%, <<Оқушы білімінің кем тұстарын анықтау және оны жоюмен айналыспайды>> - 2% жауап берді.
Қорытынды
Педагогикалық құзыреттілік өлшемдері
А
В
С
Психологиялық-педагогикалық құзіреттілігі
69%
25%
6%
Қарым-қатынастық құзіреттілігі
89%
11%
0%
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
23%
51%
26%
Сабақ барысында басқарудағы құзіреттілігі
89%
11%
0%
Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзіреттілігі
66%
30%
4%
Тағы бір осы дамудың болғанынң дәлелі ретінде оқушылармен жүргізілген сауалнама қорытындысыныа келер болсақ ол төмендегідей жақсы нәтижелермен табысты оқулардың жүріп жатқанын дәлелдеді.
59
28
33
61
44
16
13
18
7
Сізге кіммен бірге оқыған ұнайды
Жеке
Жұппен
Топпен
Жауап беруге қиналамын
20
27
67
2
Сізге қай пәндердің оқыту тәсілі ұнайды?
Қазақ тілі,әдебиет
Орыс тілі,әдебиет
Мате
матика
Тарих
Гео
графия
физика
Ағылшын
тілі
Био
логия
59
34
33
51
56
30
44
39
Сіздің білім сапаңыздың өзгеруіне кім көмектесті?
Мұғалім
Ата - ана
Сыныптастарым, достарым
Жауап беруге қиналамын
40
26
29
5
Сіз қай сабақтарды өзіңізді белсенді жұмыс жасаймын деп есептейсіз?
Қазақ тілі,әдебиет
Орыс тілі,әдебиет
Мате
матика
Тарих
Гео
графия
физика
Ағылшын
тілі
Био
логия
54
36
34
48
46
29
43
38
Сауалнама нәтижесі көрсеткендей оқушылардың көбісі сабақтардың берілуіндегі өзгерістерді сезінген. Бұл мұғалімдердің сабақтарды бұрынғыдан өзгеше, жаңа форматта жүргізетіндіктерінің белгісі деп айтуға болады.
Сізге кіммен бірге оқыған ұнайды? деген сауалға оқушылардың 67-сі топпен жұмысты таңдауы ЖАДА оқудың тиімділігін болжамға сай жұмыс жасалғанын байқатты.
Сізге қай пәндердің оқыту тәсілі ұнайды? - деген сауалға оқушылар география (59 оқушы), тарих (51 оқушы), , қазақ тілі мен әдебиеті (59 оқушы), пәндерінің оқыту тәсілінің өте ұнайтындықтарын айтқан. Ал бұл пәндерден көбіне сертификаты бар және тәлімалушылар беретін болғандықтан оқыту тәсілі жоғары өзгерісті көрсетіп тұр және олардың саны болашақта бұдан да көбеюіне жұмысты жүйелі жасай отырып оқу жылы соңында бұл көрсеткіштің сапаны 100% -ға көтеру жұмысын жүктейді .
Осы жылдың бірінші жарты жылдығындағы білім сапасының жоғарылауына 59 оқушы мұғалімдер, 17 оқушы ата -анам, 29 оқушы сыныптасым әсерін тигізді деп санайды. Осы және басқа да сауалнамаларға сүйене отырып, ЭЫДҰ - ң оқушылардың мінез - құлқы мен қарым - қатынастарын санаттаудағы игі қабылдайтын оқушылардан келешегін анықтауға жоспарлауға ұмтылатын, мұғалімдерімен оқу мен оқытудағы проблемаларды талдауға қорықпай ұмтылатын, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге жауапкершілік алуға , басқа оқушыларға көмектесуге ұмтылатын ықпал етуші оқушылар болып жіктелгенін бақыладым.
Қорыта келе айтар болсам МДЖ үшін алынатын аудиттік жұмыстардың қай - қайсысы болса да мектепте тиімді өзгеріс жасау үшін шынайы басымдықты анықтаудағы және осы өзгерістің болып жатқанын бақылаудағы аралық іс - әрекетте де таптырмас, әрі нақты құрал сондықтан осы жұмыс өзімнің мектебімді дамыту жұмыстарымда үнемі басшылыққа алынатынына ендігі жерде сенімдімін.
Ақпараттық менеджмент жүйелерін қалыптастырудағы оқу ортасын әзірлеу, іске асыру, басқару, жоспарлау үшін құрастырылған<<Қай салада даму қажет?>> - деген сауалнама мазмұны;
1-Сабақ беруде сындарлы ойлауға үйретуге бағыттауға стратегияларды тиімді пайдалануды үйрену?
2- Сыныптың барлығын оқуға қызықтыру,
3- Оқытуда ерекше қажетті, оқыту әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалануды білу,
4- Оқушылардан кеңес ала отырып оқыту,
5 - Сабақта барлық сыныптағы оқушының да қалай оқитынын көріп отыру,
6- <<Біліктілікті арттыру үшін арнайы ерікті құрылған мұғалімдердің кәсіби тобының жұмыстарына қатысу сіз үшін...>> деп құрастырылса, соған 33 мұғалімнің 29 <<өте қажет>>, <<қажет>> деген сұраныс жасауы сындарлы оқытудың идеяларына сүйене отырып әріптестерімнің бойында оқытудың тиімді дағдыларды қалыптастыруға негізделгендіктен, мектептегі әріптестерімнің өз біліктіліктерін қай салада дамуын керек ететінін , көшбасшылық жұмысымда <<реформатор>> өзіме сенетін топ жұмысын іске асыру жұмысымның сұранысқа сай екенін нақтылағаннан кейін өзгеріс енгізу жұмысымның сәтті жүретініне сенімді болдым.
Мониторинг қорытындысы бойынша мектептің даму үдерісіне тағы бір кестелі дәлелдемелер жинағы
3-қосымша
№
Дәлелдемелер Р.Е
Деректердің талдауы
1
Талантты мұғалімдерді іріктеу бойынша жазбаша есеп.
<<Өзгерiс енгізу тобының>> құрамына мектебімізде деңгейлік курста болған 5 ұстаз кіргізілді . Олар мектебіміздегі жоғары санатты, деңгейлік курстан сертификаты бар, белгілі бір әрекеттерде жетістікке жету жолдарын меңгерген ұстаздар. Олар мектептегі кәсіби қоғамдастығының барлық мүшелерімен тығыз әрі жақсы қарым -қатынас жасап, мектеп қоғамдастығына өзара сенім артып ынтымақтастық ортада бірлесе отырып, кез-келген мәселенің мәнін анықтап, тиімді шешім таба алатын,қашан шешім қабылдау керектігін білетін, өз шешімін негіздеу үшін қолжетімді деректер мен ақпаратты қолдануға , жоғары деңгейге қол жеткізуге қабілетті,сапалы оқыту қандай болатынын түсінетін, оқыту мен оқуды дамыту үшін өзін де өзгені де кәсіби дамытуға бейім ұстаздар топқа енгізілді.оқу жылының екінші жарты жылдығында осы топтағы ұстаздар саны
8 - ге жетті
2
Директордың орынбасары-мен немесе деңгейден өткен мұғалімдермен кездесулердің хаттамалары.
(тәлім алушы)
Деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдермен жоспар бойынша атқарылған жұмыстар нәтижелерінің қорытындыларынан 2 - 3 деңгейді аяқтаған мұғалім жұмыстарындағы әлсіз тұстары анықталып, осы жұмыстарды шешудегі менторлық әрекеттің жобасы мен жоспары жасалды. Осы жоспар негізінде жасалған жұмыстар нәтижесі байқатқандай мектептегі бөлінген көшбасшылықтағы <<Шың>> КБ мүшелері және мектеп көшбасшысы өз ойларымен жетістіктері және қиналдыратын сұрақтары туралы тек мектеп көлемінде емес республика көлемінде порталдағы желілік қоғамдастыққа шығу арқылы бөлісу жұмыстары қолға алына бастады. Бірақ бұл жұмыс әлі де жетілдіруді және желілік байланыстағы әріптес достарды көбейту жұмыстарын күшейтуді, мектептегі әсіресе <<Өзгерiс енгізу тобының мүшелеріне>> бағыттауды қажет етеді.
3
Командада жұмыс жасағандағы шаралардың хаттамалары
Даму тобының негізгі мақсаты мұғалімнің кәсіби білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіре отыруға мүмкіндік беру. Түзету жұмыстарына мүмкіндік беретін, әрекет жоспары жасалды. Мектептің даму жоспары жасалды.
4
Коучинг жоспарлары
Коучинг жоспарларын мұғалімдер сұранысына орай жүргізу басты міндет болды. Мектепте бөлінген көшбасшылықты дамыта отырып, мұғалімдердің ынтымақтастық ортада бірлесе жұмыс жасау мүмкіндіктері артты. Мұғалімдердің іс - тәжірибелеріне өзгеріс еніп, кәсіби білімі мен біліктіліктері жоғарылап, мұғалім мүмкіндіктерінің өзіндік ерекшеліктері анықталды және ашылды; оқу мен оқытудың сапасы жақсарып, оқытудасындарлы оқытудың түйінді идеялары іске асырылды.
Ерікті топ құру үшін ББК кестесімен алынған сауалнама диаграммасы.
5
Жоспарланған коучинг - сессиялардың сериясы.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
Оқытудағы басқару мен көшбасшылық;
Сыни тұрғыдан ойлау;
Дарынды және талантты балаларды оқыту;
АҚТ-ны пайдалану;
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулдері бойынша жоспарланды.
Жоспарлау үшін құрастырылған <<Қай салада даму қажет?>> сауалнамасының диаграммасы.
Міне осы өте қажет сұранысының нәтижесін көру үшін жарты жылдық соңындағы сауалнамада біз өз жұмысымыздың 82,3% нәтижесін бағаладық. Енді осы жұмысты әрі қарай тағы да жетілдіру жұмыстарын жүргізіп
100 %- дық көрсеткішке жеткізгіміз келеді
Мектептегі менторлық әрекеттердің жүруі де жолға қойылды .
Тәлімгер ретінде тәлімалушыммен бейресми және ресми кездесулер жасап, күрделі тапсырмалар бере отырып бірлесе талдап, қолдау көрсетуге, бір-бірімізге сенімділікпен ортақтастық, шынайылық, танытуға дайын болдық. Тәлімалушыма тәлім алу кезінде қолайлы мүмкіндіктер жасау үшін ол кісінің сабақ кестесінен тыс уақыттарды кездесуді жоспарладым.
(Тәлімалушыммен кездесу сәтінен фото дерек)
Тәлімалушым І деңгей сертификатталған мұғалім болса да, кейбір
қиналтатын мәселелер бойынша мәселен: <<Көшбасшылық түрлері, Lesson stady, Коучинг дағдылары, МДЖ ны>> талдау барысында тәлімалушым өз дәптеріне күнделік жүргізіп, сызба түрінде жазып алып осы әрекеттерді тез арада өз жұмыс барысында тиімді пайдалана алғанының үнемі куәсі болдым. Біз үнемі тәлімалушыммен кәсіби даму бағыты сұранысына сай жұмыстарды жоспарлап, соған сай жұмыстар жүргізіп отырдық және осы есептер барысындағы іс - әрекетті менің ТА өзінің көшбасшылық құзыреттілігін айқын көрсете алды. Осы ТА - ның модераторлығымен Қ. Облысы көлемінде <<Білім шыңы>> КҚ құрылып өз жұмысын бастап кетті . Оған дәлеле порталдағы ЖҚ - ғы <<Білім шыңы>> тобының желі арқылы бір - бірінен пікір, кеңес алу хаттары мен фото деректері.
6
Lesson Study жоспарлары
Мектеп мұғалімдерінің негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру,сонымен қатар оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау әдістемесін меңгерту жұмыстарының тиімділігін зерттеу жұмыстары арқылы оқушы деңгейін анықтап, білім сапасын арттыруға байланысты жұмыстар жасалды.
Сонымен Lesson Study-дің мұғалімдер үшін тиімділігі:
- Әдеттегіден оқушыларының шын білім алғандығын анық байқай алатынына көзі жететін болды;
- Ертеңгі өтетін сабағын өзіне емес, ертеңгі сыныбын елестете отырып барлық балаға бағыттай жасауға ;
- Сабақ өту барысында өзіне не кедергі болып қалуы мүмкін екенін алдын ала болжап отыруға;
- Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдану арқылы өз іс - әрекетін танып - біліп, өз - өзін реттеуге көмектеседі.
Сабақ соңында сабақ беруші мұғалімге бақылаудағы үш оқушыдан интервью алып отырылды.
Оқушылардан интервью алу парағы
9- сынып оқушыларынан Lesson Study-дің соңғы цилінен кейін алынған сауалнама нәтижесі
Өзгертілген сабаққа дейін
Өзгертілген сабақтан кейін
Сұрақтар тізімі
<<Иә>>
Жоқ
<<Иә>>
<<Жоқ>>
Сіз оқу процесіне барлық ынта-жігеріңізді саласыз
12
9
19
4
Сіздің сабақ оқуғадеген қызығушылығыңыз жақсы
8
15
13
10
Сізге өз бетімен жеке жұмыс істеген ұнайды
7
16
9
14
Сізге топтық жұмыс ұнайды
15
8
22
1
Сіз үшін оқу қиын
17
6
3
20
Сіз берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарайсыз
9
14
19
4
Сіз ойыңызды еркін жеткізе аласыз
6
17
13
10
Топты , өз-өзіңізді бағалай аласыз
5
18
22
1
Сізге жаңа ақпаратты қабылдау жеңіл
10
13
21
2
Lesson Study-де бақылаушы мұғалімдердің жазбалары
7
Сабақтарда болған мұғалімдердің ескертпе жазбалары.
Мұғалімдер сабақ барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, бағалау критерийлерін қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен сараптай алуын, өз іс әрекетіне талдау жасай білу қабілеттерін дамытты. Мұғалімдерге оқушылармен кері байланыс жасап, сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға кеңес беру туралы жазбалар тіркелді.
8
Коучинг сабақтардан алынған кері байланыстар. (сканерден өтілген стикерлерге не болмаса парақшаларға жазылған кері байланыстар)
Әр коучинг сайын мұғалімдермен кері байланыс жасалып отырды. Кері байланыс коучингтің қаншалықты тиімді болғаны және алдағы уақытта нені үйрету керектігін, қандай жұмыс түрлерін жүргізу қажеттігі анықтауға септігін тигізді.Кері байланыс екі жұлдыз, бір тілек, бәрі сенің қолыңда, стикерлерге жазу,не білемін, не білдім, не білгім келеді сияқты т.б. әдістер арқылы жүргізілді.
9
Оқушылардың өзгеріске байланысты пікірлері.
Оқушылар өзара формативті бағалауды, кері байланыс жасауды, сыни ой айта білуді үйренді. Оқушылар сабақ барысында, сабақтан соң өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп,ұнаған тұстарын айтып, тілектерін, өтініштерін білдірді.
10
Оқыту үдерісіндегі оқушылардың өзгерудегі дәлелдемелері.
Оқушылар сабақ барысындағы топтық жұмысқа, ізденушілік,шығармашылық жұмысқа деген, жалпы сабақққа деген қызығушылықтары артқаны туралы ойларын әр сабақтан соң кері байланыс арқылы
танытты.Оқу сапалары артты
4 -қосымша
Желілік қоғамдастық көшбасшы қызметінің бөлінбес қызметінің бірі және ауқымды шаралар мен тиімді әдістер арқылы бірнеше мектеп біріге жұмыс жасаса ол шынында оқыту үдерістерінің құндылықтарын ұлғайтуға тиіс.
Табысқа қол жеткізген қоғамдастықтың құрамындағы барлық мектептерде бірлесіп жұмыс атқарсақ, балаларға барынша терең білім береміз деген сенім болуға тиіс, себебі шынында да ол қайта - қайта жиналып болған оқиғаларды айта беретін жиналыстарға қарағанда өте тиімді болатыны сөзсіз. Осы орайда <<Тиімді өзгеріс неге керек? Ол қалай болады?>> тақырыбымен облыстың алты мектебі қосылып қоғамдастықтың бастапқы кезеңдегі диалогы үшін мына қадамдарды жасап көрдік:
пікіралысу үшін мектепте ресми және биресми кездесулер жасадық
оқыту мақсатындағы сапарға шықтық;
әріптестермен (әріптестер арасында) мақсатты диалогтар ұйымдастырдық,
сабақтар топтамасын талқыға салып ортақ ОМЖ сызбасын жасадық.
Lesson Study - дің жұмыс жоспарының сызбасын жасап, жұмыс әрекеттерін белгіледік
Бұл орайда біліктілікті арттыруды өту күндерін белгілеу арқылы 2 мектептің директоры, 3 мектептің завучы, 10 бірінші деңгей, 6 екінші деңгей, 2 үшінші деңгей мұғалімдері ынтымақтастық.
Бұдан басқа біз осы жұмыстарды бөлінген көшбасшылықта ұйымдастырып жатқанда үнемі:
:: электрондық хат алмасулар;
:: телефон байланыстары арқылы да кеңесулер жүрді;
Бұл да өте үлкен бетбұрыс біз бұрын осындай кәсіби жетілу жұмыстарын тек <<жоғарғы жақтың жоспарына сай>> жасайтынбыз. Біз бір қоғамдастықта тиімділікке жұмысты осылай бастап кеттік. Тиімді болары сөзсіз, себебі бұл үш мектептің де команда мүшелеріне ұнады.
Желілік қоғамдастық жұмысын жетілдіру мақсатында қаланың, облыстың басқа мектептермен жоғары жетістікке қол жеткізу үшін ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жүргізу барысында <<Оқыту мен оқу үдерісінде оқыту үшін бағалау құралдарын тиімді пайдалану>> , <<Бағдарламаның негізгі идеяларын жүзеге асыруда кездесетін негізгі проблемаларды анықтау>> , <<Білім шыңы>> семинар - практикумдар ұйымдастырылды. Сертификатталған мұғалімдер арасында <<Қиындық, кедергі, жетістік>> тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өзара тәжірибе алмасу, сабақтар топтамасын өткізу арқылы пән мұғалімдерді орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарларының негізінде сабақтар топтамасын өткізді.
Осындай келісілген әрекеттердің нәтижесі болар күткен нәтижелеріме сай сонымен шынында да не өзгеріс болдыға келсек мектепте;
oo Ынтымақтастық қалыптасып, нәтиже үшін <<алтын ереже>> пайда болды.
oo Мектептегі әр іс - әрекетіміз нәтижеге бағыттала мақсатты түрде жүре бастады.
oo Мұғалімдерде оқыту сапасы, оқушыларда оқу сапасы артатыны айқын көрінді.
oo Сабақтарда жаңашыл іс - әрекеттер байқала бастады.
oo Оқушылар бір - біріне ашық сұрақ қою және айтқан жауаптарын дәлелдей отырып зерттеушілік әңгіме айта бастады.
oo Мұғалімдер дұрыс бағалау үшін дискрипторлар жасау қадамдарын бастап оқушылар өз білімдерінің бағасына сенімді бола бастады.
oo Кері байланыстың керектігін мектеп мойындады.
oo Мектепте <<Шың>> КҚ құрылып онда мұғалімдер 3 топқа бөлініп оқыту мен оқу әдістері туралы коучингтерге қатынасуда.
oo Мұғалімдер сындарлы оқыту идеяларын ықпалдастыра отырып ҰМЖ, ОМЖ және ҚМЖ жасауды 60% -ға меңгерді десек те болады.
oo Желілік кәсіби қоғамдастықтың алғашқы қадамдары сәтті басталып порталда <<Білім шыңы>> қоғамдастығы облыс көлемінде 23 көшбасшының бірігуімен басталып еді 2 тоқсан ішінде ол республикалық достарын тауып сәтті қадамдарының жемісін де көріп жатыр.
oo Соның ішінде мұғалімдердің 50% - ға жуығы қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасауда Б.Блум таксономиясы сұрақтарына сәйкестендіре жасауды үйренді.
Мониторинг қорытындысы бойынша мектептің даму үдерісіне тағы бір қорытынды дәлел осы алынған мәліметтерді білімді қолдану және тарату әдістерінің матрицасына салғанда біздің мектеп алғашқыда ұжымдық рухы басым, қызметкерлер өз мектептерін мақтан тұтатын, басқалар пікіріне қарамастан оны қолайлы санайтын мектеп болды. Бұл мектеп ерекшелігі өте төзімді, келісімге қол жеткізгіш ұжымдық, бірақ шектеулі білімге қанағаттанатын мектеп деп болжанса, екінші өзгерістің болғандығы дәлелдемесін жинақтау кезінде біздің мектебіміз әріптестер өздерінің сәтті - сәтсіз әрекеттерімен бөлісіп себептерімен, салдарын қоса іздесетін, әртүрлі проблемалардан қорықпайтын, олар пікір алмасу , ресурстармен бөлісу үшін бір - бірлерінің сабақтарына қатынасатын, өзін - өзі және өзара бағалауда сыни ойлар айтатын, идеяларды автор мәртебесі емес, маңыздылығына орай шынайы бағалайтын мектеп болып танылды. Білімді тереңдету, қорыту және тартуда ұжымдық жауапкершіліктен қашпайтын мектеп болып өзгергенімізді білдім.
Мектепте осы бағдарламалар еркін кіріп директор бұйрығына сай жұмыстар қызу жүріп жатыр. Соның бір мысалы.
1.
Мектептің екінші МДЖ жоспарына сай басымдылықтағы<<: Оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне еңгізу арқылы, мұғалімдердің кәсіби біліктілік дағдыларын жетілдіру>> тақырыбына сай жоспарлы өзгеруге қадамдар жасалды. Жоспардағы жұмыстар қосымшадағы <<табысты мектептің 10 көрсеткішін >> басшылыққа ала жүргіздік. Ол үшін жоспарланған әрекеттерде бірінші көрсеткіш деп санап үнемі <<мектеп ахуалын>> зерттеу, кері байланыстар жүргізу арқылы мектептің жайлы орын болуын назарда ұстадық. Бұрындары біз бұндай әр жұмыстың мектеп ахуалына әсерін мықты назарда ұстаудың қажеттіліктерін онша мойындай қойған жоқ болатынбыз. Ең басты мәселе зерттеу мен рефлексияның аздығы, тәжірибемде бақылағандай оқудың <<білу>> үшін ғана жасалуы және мұғалімдердің <<қалай оқыту керек? >> сұрағына жауап іздейтіні бірақ көбіне даму жоспары тек танысудан әрі қарай жылжымалы жұмыс істеудегі ролінің аса маңызды жүргізіле бермейтіні туралы таныса отырып оқытудағы мәселені шешуде жоспардың қағаз түрінде емес <<жанды жұмысқа>> бағытталуына қадамдар жасай отырып өзгеріс енгізгіміз келген болатын.
Енді осы орайда жасалған сандық және сапалық көрсеткіштерге дәлелдемелер ұсына кетер болсам: 6 ай бойы жүргізілген жұмыстың нәтижесін саралау мақсатында қаңтар айында өзгерістер енгізу топ мүшелері бөлінген көшбасшылықты пайдалана отырып, мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігін анықтау, табу және деңгейі бойынша іріктеу үшін сауалнама өткізді. Нәтижесі төмендегідей болды.
Екінші TALIS сауалнамасының сұрақтары бойынша талдаудан жинақтап қортынды айтар болсам, екінші кезеңде қаңтар айында мұғалімдерге тағы да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп TALIS сауалнамасы 47 мұғалімнен қайта алынды, екінші алынған сауалнамадағы ұжымның сапалық құрамына тоқталатын болсам, білімі жоғары - 44(93,6%), арнайы орта - 3(6,3%). Санаты жағынан жоғары санатты -8(17,2%), I санатты - 9 (19,1%), II санатты - 15(31,9%), санатсыз -15(31,9%) болып айқындалды.
Сауалнаманың 11 сұрағы: << Соңғы 18 айдың ішінде төменде көрсетілген кәсіби даму түрлерінің қайсысына қатыстыңыз, және де алған біліміңіздің мұғалімдік тәжірибеңізге әсері болды ма? >> деген сұраққа мұғалімдер төмендегідей жауап берген дәлелдерін ұсынамын.
(1- қосымша TALIS сауалнамасының диаграммалары )
<<Б>> нұсқасындағы.
В>> нұсқасының << Танысу мақсатындағы басқа мектептерге сапарлар>> деген сұраққа
<<Г>> нұсқасындағы Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы құрылған мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына қатысу >> деген сұраққа
<<Ғ>> нұсқасының <<Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша жеке немесе бірлескен зерттеулер >> деген сұраққа жоғарыдағыдай көрсеткіш көрсеткен.
<<Д>> нұсқасының << Мектеп іс-шараларының ресми бөлігі ретінде жүретін тәлімгерлік немесе әріптесті қадағалау және коучинг >> деген сұраққа қатысқаны - 47 мұғалім
Осы сауалнамадағы 18 сұрақ: <<Кәсіби даму саласындағы өз қажеттіліктеріңізді ескере отырып, төменде көрсетілген салалардың қайсысында даму қажет деп санайсыз ?>> деген сұрақтың төмендегідей жауаптары болды.
1. << Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіздің мазмұны мен табыс критерийлері >> нұсқасы бойынша 96 % << өте қажет >> деп жауап берді.
2. << Оқушыларды бағалау әдістемесі >> нұсқасы бойынша 99% << өте қажет >> деп жауап берген.
3. <<Сыныпты басқару>> нұсқасы бойынша 89 % << өте қажет >> деп жауап берген.
4. << Сабақ беретін негізгі пәндеріңіз бойынша білім және түсінік >> нұсқасы бойынша 78 % << өте қажет >> депжауапберген.
5. << Оқытудағы АКТ дағдылары >> нұсқасы бойынша 85% << өтеқажет >> депжауапберген.
6. << Білім берудің ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту >> нұсқасы бойынша 27 % << өтеқажет >> депжауапберген.
7. << Оқушылардыңтәртібі мен мінез-құлықпроблемалары >> нұсқасы бойынша 54 % << өтеқажет >> депжауапберген.
8. << Мектепті басқару және әкімдеу >> нұсқасы бойынша - 2 мұғалім ( 4,2 %) << қажет емес >>, 23-мұғалім (48,9 %) << қажеттілігі орташа >>, 20 мұғалім (42,5% ) << өтеқажет >> депжауапберген.
9. << Көпұлтты ортада оқыту >> нұсқасы бойынша 33 % << қажеттілігі орташа >> деп жауап берген.
10. << Оқушылардан кеңес алу >> нұсқасы бойынша 45 % << өте қажет >> деп жауап берген.
Енді, 24 сұрақ бойынша << Осы мектептеалғанбағаңызжәне / немесе кері байланысыңыз төмендегі салаларды қаншалықты өзгертті немесе өзгерістің орын алуына ықпал етті? >> деген сұрақ бойынша төмендегідей нұсқалары бар.
<< Сыныпты басқару тәжірибесі >> нұсқасыбойынша - 4 мұғалім (8,5 % )
<< орташа өзгерді >>, 43 мұғалім (91,4% ) << қатты өзгерді >> деген нұсқасын таңдаған.
<< Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңіз бойынша білім мен түсінік >> нұсқасы бойынша - 22 (46,8 %) мұғалім << орташа өзгерді >> деп жауап берсе, 25 (53,1 %) мұғалім << қатты өзгерді деп >> жауап берді.
<<Сабақ беретін негізгі пән(дер)іңізді оқыту тәжірибесі бойынша білім және түсінік >> нұсқасы бойынша - 12 мұғалім (25,5 % ) << орташа өзгерді >>, ал қалған 35 мұғалім (74,4 %) << қатты өзгерді >> деп жауап берді.
<< Оқыту тәжірибеңізді жақсартуға бағытталған кәсіби даму жоспары немесе оқу жоспары >> нұсқасы бойынша - 10 мұғалім (21,2 % ) << орташа өзгерді >>, ал қалған 28 мұғалім (59,5%) <<қатты өзгерді >>, <<аз ғана өзгерді>>- 9 мұғалім-(19,1%) деп жауап берді.
<< Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту тәжірибеңіз >> нұсқасы бойынша - 22 мұғалім (46,8 % ) << орташа өзгерді >>, ал қалған 20 мұғалім (42,5 %) << қатты өзгерді>>,<<аз ғана өзгерді>>-5 мұғалім-(10,6 %) деп жауап берді.
<< Оқушылардың тәртібі және мінез-құлық - проблемаларын шешуде қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз >> нұсқасы бойынша - 23 мұғалім (48,9 % ) << орташа өзгерді >>, ал қалған 24 мұғалім (51 %) << қатты өзгерді >> деп жауап берді.
<< Көпұлтты ортада оқыту тәжірибеңіз >> нұсқасы бойынша - 45мұғалім (95,7 %) << өзгеріс болған жоқ >>, ал 2 мұғалім ( 4,2 % ) << аз ғана өзгерді >> деп жауап берді.
<< Оқыту тәжірибеңізде оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға көңіл бөлуіңіз >> нұсқасы бойынша - 43 мұғалім, яғни 91,4% << қатты өзгерді >> деп жауап берген.
<<Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы құрылған мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына қатысу>> және <<сізді қызықтыратын мәселелер бойынша жеке немесе бірлескен зерттеулер>> қатысуы сұрағына мұғалімдердің алғашқыда 12 %-ы ғана осы жұмыстарға қатынасқаны туралы айтса , соңғыда олардың пайызы артып 80 %- дан жоғары көрсеткен. Сонда TALIS-сауалнамасынан кейін көрсеткіш 68% жоғарлағанын көрсетті. Оған себеп, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мазмұнына сай өткізілетін облыс, аудан көлеміндегі форумдар, ресми, биресми кездесулер, желілік сессияларға мұғалімдерімді іздеп жүріп қатынастыруымнан болса керек және бұл мектептегі <<Шың>> КБ жұмыстары мен <
Бұдан мектеп және мектептегі мұғалім бағалауға мән беріп, кері байланысқа көңіл бөлінген жағдайда нәтижені анықтауға болатын және оның алыға жылжу қадамдарын да осы арқылы болжауға болатынын ұжымымда мен де өте жақсы түсіндім.
2-қосымша
Шынында да өзгерістің болғанын нақтылау үшін мұғалімдердің құзіретін бағалау мақсатында тағы да сауалнама алынды.
Мектепте жүргізілген жұмыстың нәтижесін саралау мақсатында желтоқсан айының аяғында өзгерістер енгізу топ мүшелері бөлінген көшбасшылықты пайдана отырып, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін анықтап,зерттеу және деңгейі бойынша іріктеу үшін сауалнама өткізді.
Сауалнамаға 42 мұғалім қатысты.
І. Психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі.
Бірінші <<Оқушының оқуға деген уәжін ынталандыру және түсіну қабілеті>> деген сұраққа <<үнемі оқушыларды ынталандыратын әдістерді қолданады>> - 67%, <<ынталандыру әдістерін оқта-текте қолданады>> - 28%, <<ынталандыру әдістері сирек қолданылады, нәтиже бермейді>> - 5% жауап берді.
Екінші <<Оқыту барысында оқушының дамыту қабілеті>> деген сұраққа <<үнемі дамытушылық сипаттағы әдістер мен басымдықтарды қолданады>> - 62%, <<дамытушылық қағидаты тұрақты емес>> - 24%, <<оқыту әдісінің дамытушылық сипаты жоқ>> - 14% жауап берді.
Үшінші <<Оқушылардың оқудағы қиындықтарының себебін анықтау,оларды жоюға көмектесу қабілеті>> деген сұраққа <<Қиындықтарды анықтау мен оны жоюда реттеуде жүйелілік қалыптасқан>> - 90%, <<Қиындықтарды анықтау мен оны жою жолдары нақты емес>> - 10%, <<Қиындықтарды анықтау мен оны жоюда жүйелілік жоқ>> - 0%
Төртінші <<Өз бетінше оқуға үйрету,оқуға рефлексия жасай білуін дамыту қабілеті>> деген сұраққа <<оқушыларды өз бетінше оқуға,өзін-өзі талдауға, реттеуге үнемі уәждендіріп отырады>> - 57%, <<Оқушыларды өз бетінше оқуға,өзін-өзі талдауға,реттеуге уәждендіру тұрақты емес>> - 38%, <<Өз бетінше оқу мен рефлексия жоқ>> - 5% жауап берді.
ІІ Қарым-қатынастық құзыреттілік
Бірінші <<Оқытушылық диалог құра білу,оқытуда оқушының мұғаліммен пікірлесуін ынталандыру қабілеті>> деген сұраққа <<Өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыра отырып,оқушы-мен тиімді диалогтік қарым-қатынас орнатады>> - 83%, <<Өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыруға бағытталған оқушымен диалогтік қарым-қатынасы тұрақты емес>> - 17%, <<Оқушымен диалогтік қарым-қатынасқа түспейді,табысты оқуға жағдай туғызбайды>> - 0% жауап берді.
Екінші <<Сыныптағы оқу барысында оқушылар арасында пікір алысу және пікірталас жүргізетін орта құра білуі>> деген сұраққа <<Тұлғалық қасиеттерінің эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз ету үшін жүйелі және мақсатты түрде сыныпта оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын құрады>> - 90%, <<Оқытуда бірлескен орта құру үшін сыныпта оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын сирек қолданады>> - 10%, <<Сыныпта табысты оқуға арқау болатын оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын ұйымдастыру дағдысы жоқ>> - 0% жауап берді.
Үшінші <<Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарау,тілдік кедергілерді жоюға көмектесу қабілеті>> деген сұраққа <<Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап,тілдік кедергілерді жоюға көмектесуде жоғарғы кәсіби қарым-қатынас мәдениетін көрсетеді>> - 93%, <<Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап,тілдік кедергілерді жоюға көмектесуде селқостық танытады>> - 7%, <<Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап,тілдік (сөздік) кедергілерін жоюға көмектесе алмайды, табысты оқу ортасын құрмайды>> жауап берді.
ІІІ. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
Бірінші <<Сабаққа дайындалуда компьютерді қолдана білуі (MS Office Word бағдарламасы).Сабаққа қатысты таныстырылым мен ресурстар дайындауда PowerPoint бағдарламасын қолдануы>> деген сұраққа <<Жүйеленген файл блоктары: Сабақ жоспары,тапсырмалары,зертханалық және тәжірибелік жұмыстары,фильмдер,үнемі қолданылатын таныстырылымдары бар (барлық сабақтарда,яғни өткізетін сабақтарының 100 пайызында>> - 59%, <<Жүйеленген файл блоктары:Сабақ жоспары,тапсырмалары,зертханалық және тәжірибелік жұмыстары, фильмдер, үнемі қолданылатын таныстырылымдары жүйеленбеген. Үнемі қолданылмайды (өткізетін сабақтарының 70пайызынан аспайды)>> - 29%, <<Сабақ жоспарларының,тапсырмалардың,зертханалық және тәжірибелік жұмыстарының,фильмдерінің электронды форматы бар, бірақ толық емес. Өткізетін сабақтарының 50 пайыздан кемінде қолданылады>> - 12% жауап берді.
Екінші <<<<Интернет>> жаһандық желісін қолдануы>> деген сұраққа <<Отандық және халықаралық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіпкелген және белсенді жұмыс істейді (аптасына 4күннен кем емес).Сабаққа дайындықта интернетті белсенді қолданады,өзінің сайты бар,блогер ретінде жұмыс жүргізеді>> - 33%, <<Отандық және халықаралық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіпкелген және белсенді жұмыс істемейді (аптасына 1күннен аз).Сабаққа дайындықта интернетті қосымша ресурс ретінде ғана қолданады>> - 67%, <<Педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелмеген.Сабаққа дайындықта интернетті қосымша ресурс ретінде жүйесіз қолданады>> - 0% жауап берді.
Үшінші <<Электронды пошта(e-mail) қарым-қатынас бағдарламаларын (Skype ICO Agent,т.б.) оқушылармен,әріптестерімен қарым-қатынаста пайдалана білуі>> деген сұраққа <<Электронды поштаны үнемі қолданады,оқушыларымен және әріптестерімен қарым-қатынас үшін көптеген желілік байланыс түрлерінің (Skype ICO Agent,т.б.)кемінде бірі бар>> - 43%>>, <<Электронды поштасы бар,оны қолданады,оқушылармен және әріптестермен қарым-қатынас үшін (Skype ICO Agent,т.б.) бағдарламаларының бірінде тіркелген,бірақ аз қолданады>> - 40%, <<Электронды поштасы жоқ, Skype ICO Agent т.б. бағдарламалардың ешқайсысын қолданбайды,оқушылармен және әріптестермен қарым-қатынасы жүзбе-жүз кездесу және телефон байланысымен шектелген>> -17% жауап берді.
Төртінші <<Сабақ үдерісінде мультимедианы қолдану деңгейі>> (фото,бейне,аудио файлдарды қолдану) деген сұраққа <<Сабақ барысында мультимедианы жүйелі және тұрақты қолданады(ауқымды,жүйеленген мәліметтер жинағы бар)>> - 60%, <<Мультимедиа мүмкіндіктерін сабақ барысында тұрақты қолданады(өткізетін сабақтарының кем дегенде 70пайызында).Жинақтау қоры қалыптасу үстінде,білім мазмұнының 100%қамтымайды(пән бойынша)>> - 31%, <<Сабақ барысында мультимедианы сирек қолданады (өткізетін сабақтарының 50 пайызынан аз),материалдары жүйеленбеген және толық емес (берілген пән бойынша білім мазмұнына сәйкес>> - 9% жауап берді.
IV Сабақ барысында басқарудағы құзіреттілік
Бірінші <<Сабақты қабілеті>> деген сұраққа <<Әдістемелік талаптарға сай, шығармашылықпен дайындайды. Қол жетімді және ыңғайлы,түсінікті>> - 81%, <<Сабақтың жоспары арқылы сабақтың құрылымы,барысы жайлы мағлұмат алуға болады>> - 19%, <<Сабақтың жоспары жасалған,бірізділік басым>> - 0% жауап берді.
Екінші <<Сабақ уақытын дұрыс пайдаланып және реттей білу қабілеті>> деген сұраққа <<Сабақтың әр кезеңіне үнемі тиісті көңіл бөледі,тиімді жұмыс жүргізе біледі>> - 90%, <<Сабақтың әр кезеңіне дұрыс көңіл бөледі,жүйелілік сақталмайды>> -10%, <<Сабақтың кезеңдеріне дұрыс мән бермейді>> - 0% жауап берді.
Үшінші <<Оқушының топтағы нәтижелі жұмыс істеуін ұйымдастыру қабілеті>> деген сұраққа <<жұптық,топтық жұмыстардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып отырады>> - 95%, <<жұптық,топтық жұмыстарды сирек жүргізеді,оның маңыздылығына көңіл бөлмейді>> - 5%, <<топтық жұмыс жүргізбейді,ұйымдастыра алмайды>> - 0% жауап берді.
Төртінші <<Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу қабілеті>> деген сұраққа <<тиімді әдіс-тәсілдердің элементтерін сабақтастыра отырып,нәтижелі,тиімді пайдаланады>> - 83%, <<Әдіс-тәсілдерді пайдаланады,өзгертуге құлықсыз>> - 17%, <<Сабақта дәстүрлі немесе бір ғана әдісті пайдаланады,жүйелі әдіс-тәсілі жоқ>> - 0% жауап берді.
Төртінші <<Оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес жұмысты саралау қабілеті>> деген сұраққа <<Әрбір оқушының мүмкіндігіне,жас ерекшелігіне қарай тапсырма береді.Түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана біледі>> - 93%, <<Оқушылардың мүмкіндігіне сирек көңіл бөледі,тұрақсыз>> - 7%, <<Деңгейлік тапсырмалар бермейді.Оқушылардың мүмкіндіктерін мүлдем ескермейді>> - 0% жауап берді.
V Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзіреттілігі
Бірінші <<Оқушылардың жұппен,топпен жұмыс істеуін бағалау критерийлерін дайындау қабілеті>> деген сұраққа <<оқушыларды жұптық,топтық жұмыста бағалау үшін әр сабақ бойынша дескрипторлар негізінде үнемі критерийлер жасайды>> - 69%, <<Оқушылардың жұптық,топтық жұмысын бағалауға арналған критерийлерді сирек дайындайды>> - 24%, <<Оқушылар білімін бағалаудың нақты критерийлерін жасамайды>> - 7% жауап берді.
Екінші <<Оқушылардың жеке жұмыс істеуін бағалау критерийлерін дайындау қабілеті>> деген сұраққа <<Оқушының жеке жұмысына қалыптастырушы баға береді,дескриптор арқылы критерийлер дайындайды>> - 57%, <<Оқушының жеке жұмысын бағалауды дайындауда ынталандыру критерийлері сирек>> - 38%, <<Оқушы білімін бағалауды ынталандыру,дамыту әдістерін қолданбайды,жан-жақты бағаламайды>> - 5% жауап берді.
Үшінші <<Оқушы білімін бағалауды жан-жақты дәлелдер арқылы нақтылау,оқушының уәжін бағалау арқылы арттыру қабілеті>> деген сұраққа <<Оқушы білімін бағалауды жан-жақты дәлелдер арқылы нақты бағасын қоя отырып,одан әрі білімін арттыру мен жақсы баға алуға уәжін арттырады,ынталандырады,жетелейді>> - 79%, <<Оқушы білімін сыңаржақ бағалайды,жан-жақты бағалау мен талдауға мән бермейді>> - 21%, <<Оқушы білімін талдау мен бағалауда жүйелілік жоқ.Бағалау арқылы ынталандыру,ішкі уәжін көтеру мәселелеріне мән беріп,жүзеге асырмайды>> - 0% жауап берді.
Төртінші <<Оқушының оқудағы кемшіліктерінің себебін зерттей білу қабілеті>> деген сұраққа <<Оқушының оқудағы кемшіліктерінің себебін анықтайды,зерттеушілік әдіс арқылы интерпретация жасайды,баланың дамуына жақсы,тиімді әсер етеді>> - 60%, <<Оқушы білімінің ақауын нақты анықтамайды,үстірт қарайды және түзету шараларын жеткіліксіз жүргізеді>> - 38%, <<Оқушы білімінің кем тұстарын анықтау және оны жоюмен айналыспайды>> - 2% жауап берді.
Қорытынды
Педагогикалық құзыреттілік өлшемдері
А
В
С
Психологиялық-педагогикалық құзіреттілігі
69%
25%
6%
Қарым-қатынастық құзіреттілігі
89%
11%
0%
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
23%
51%
26%
Сабақ барысында басқарудағы құзіреттілігі
89%
11%
0%
Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзіреттілігі
66%
30%
4%
Тағы бір осы дамудың болғанынң дәлелі ретінде оқушылармен жүргізілген сауалнама қорытындысыныа келер болсақ ол төмендегідей жақсы нәтижелермен табысты оқулардың жүріп жатқанын дәлелдеді.
59
28
33
61
44
16
13
18
7
Сізге кіммен бірге оқыған ұнайды
Жеке
Жұппен
Топпен
Жауап беруге қиналамын
20
27
67
2
Сізге қай пәндердің оқыту тәсілі ұнайды?
Қазақ тілі,әдебиет
Орыс тілі,әдебиет
Мате
матика
Тарих
Гео
графия
физика
Ағылшын
тілі
Био
логия
59
34
33
51
56
30
44
39
Сіздің білім сапаңыздың өзгеруіне кім көмектесті?
Мұғалім
Ата - ана
Сыныптастарым, достарым
Жауап беруге қиналамын
40
26
29
5
Сіз қай сабақтарды өзіңізді белсенді жұмыс жасаймын деп есептейсіз?
Қазақ тілі,әдебиет
Орыс тілі,әдебиет
Мате
матика
Тарих
Гео
графия
физика
Ағылшын
тілі
Био
логия
54
36
34
48
46
29
43
38
Сауалнама нәтижесі көрсеткендей оқушылардың көбісі сабақтардың берілуіндегі өзгерістерді сезінген. Бұл мұғалімдердің сабақтарды бұрынғыдан өзгеше, жаңа форматта жүргізетіндіктерінің белгісі деп айтуға болады.
Сізге кіммен бірге оқыған ұнайды? деген сауалға оқушылардың 67-сі топпен жұмысты таңдауы ЖАДА оқудың тиімділігін болжамға сай жұмыс жасалғанын байқатты.
Сізге қай пәндердің оқыту тәсілі ұнайды? - деген сауалға оқушылар география (59 оқушы), тарих (51 оқушы), , қазақ тілі мен әдебиеті (59 оқушы), пәндерінің оқыту тәсілінің өте ұнайтындықтарын айтқан. Ал бұл пәндерден көбіне сертификаты бар және тәлімалушылар беретін болғандықтан оқыту тәсілі жоғары өзгерісті көрсетіп тұр және олардың саны болашақта бұдан да көбеюіне жұмысты жүйелі жасай отырып оқу жылы соңында бұл көрсеткіштің сапаны 100% -ға көтеру жұмысын жүктейді .
Осы жылдың бірінші жарты жылдығындағы білім сапасының жоғарылауына 59 оқушы мұғалімдер, 17 оқушы ата -анам, 29 оқушы сыныптасым әсерін тигізді деп санайды. Осы және басқа да сауалнамаларға сүйене отырып, ЭЫДҰ - ң оқушылардың мінез - құлқы мен қарым - қатынастарын санаттаудағы игі қабылдайтын оқушылардан келешегін анықтауға жоспарлауға ұмтылатын, мұғалімдерімен оқу мен оқытудағы проблемаларды талдауға қорықпай ұмтылатын, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге жауапкершілік алуға , басқа оқушыларға көмектесуге ұмтылатын ықпал етуші оқушылар болып жіктелгенін бақыладым.
Қорыта келе айтар болсам МДЖ үшін алынатын аудиттік жұмыстардың қай - қайсысы болса да мектепте тиімді өзгеріс жасау үшін шынайы басымдықты анықтаудағы және осы өзгерістің болып жатқанын бақылаудағы аралық іс - әрекетте де таптырмас, әрі нақты құрал сондықтан осы жұмыс өзімнің мектебімді дамыту жұмыстарымда үнемі басшылыққа алынатынына ендігі жерде сенімдімін.
Ақпараттық менеджмент жүйелерін қалыптастырудағы оқу ортасын әзірлеу, іске асыру, басқару, жоспарлау үшін құрастырылған<<Қай салада даму қажет?>> - деген сауалнама мазмұны;
1-Сабақ беруде сындарлы ойлауға үйретуге бағыттауға стратегияларды тиімді пайдалануды үйрену?
2- Сыныптың барлығын оқуға қызықтыру,
3- Оқытуда ерекше қажетті, оқыту әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалануды білу,
4- Оқушылардан кеңес ала отырып оқыту,
5 - Сабақта барлық сыныптағы оқушының да қалай оқитынын көріп отыру,
6- <<Біліктілікті арттыру үшін арнайы ерікті құрылған мұғалімдердің кәсіби тобының жұмыстарына қатысу сіз үшін...>> деп құрастырылса, соған 33 мұғалімнің 29 <<өте қажет>>, <<қажет>> деген сұраныс жасауы сындарлы оқытудың идеяларына сүйене отырып әріптестерімнің бойында оқытудың тиімді дағдыларды қалыптастыруға негізделгендіктен, мектептегі әріптестерімнің өз біліктіліктерін қай салада дамуын керек ететінін , көшбасшылық жұмысымда <<реформатор>> өзіме сенетін топ жұмысын іске асыру жұмысымның сұранысқа сай екенін нақтылағаннан кейін өзгеріс енгізу жұмысымның сәтті жүретініне сенімді болдым.
Мониторинг қорытындысы бойынша мектептің даму үдерісіне тағы бір кестелі дәлелдемелер жинағы
3-қосымша
№
Дәлелдемелер Р.Е
Деректердің талдауы
1
Талантты мұғалімдерді іріктеу бойынша жазбаша есеп.
<<Өзгерiс енгізу тобының>> құрамына мектебімізде деңгейлік курста болған 5 ұстаз кіргізілді . Олар мектебіміздегі жоғары санатты, деңгейлік курстан сертификаты бар, белгілі бір әрекеттерде жетістікке жету жолдарын меңгерген ұстаздар. Олар мектептегі кәсіби қоғамдастығының барлық мүшелерімен тығыз әрі жақсы қарым -қатынас жасап, мектеп қоғамдастығына өзара сенім артып ынтымақтастық ортада бірлесе отырып, кез-келген мәселенің мәнін анықтап, тиімді шешім таба алатын,қашан шешім қабылдау керектігін білетін, өз шешімін негіздеу үшін қолжетімді деректер мен ақпаратты қолдануға , жоғары деңгейге қол жеткізуге қабілетті,сапалы оқыту қандай болатынын түсінетін, оқыту мен оқуды дамыту үшін өзін де өзгені де кәсіби дамытуға бейім ұстаздар топқа енгізілді.оқу жылының екінші жарты жылдығында осы топтағы ұстаздар саны
8 - ге жетті
2
Директордың орынбасары-мен немесе деңгейден өткен мұғалімдермен кездесулердің хаттамалары.
(тәлім алушы)
Деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдермен жоспар бойынша атқарылған жұмыстар нәтижелерінің қорытындыларынан 2 - 3 деңгейді аяқтаған мұғалім жұмыстарындағы әлсіз тұстары анықталып, осы жұмыстарды шешудегі менторлық әрекеттің жобасы мен жоспары жасалды. Осы жоспар негізінде жасалған жұмыстар нәтижесі байқатқандай мектептегі бөлінген көшбасшылықтағы <<Шың>> КБ мүшелері және мектеп көшбасшысы өз ойларымен жетістіктері және қиналдыратын сұрақтары туралы тек мектеп көлемінде емес республика көлемінде порталдағы желілік қоғамдастыққа шығу арқылы бөлісу жұмыстары қолға алына бастады. Бірақ бұл жұмыс әлі де жетілдіруді және желілік байланыстағы әріптес достарды көбейту жұмыстарын күшейтуді, мектептегі әсіресе <<Өзгерiс енгізу тобының мүшелеріне>> бағыттауды қажет етеді.
3
Командада жұмыс жасағандағы шаралардың хаттамалары
Даму тобының негізгі мақсаты мұғалімнің кәсіби білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіре отыруға мүмкіндік беру. Түзету жұмыстарына мүмкіндік беретін, әрекет жоспары жасалды. Мектептің даму жоспары жасалды.
4
Коучинг жоспарлары
Коучинг жоспарларын мұғалімдер сұранысына орай жүргізу басты міндет болды. Мектепте бөлінген көшбасшылықты дамыта отырып, мұғалімдердің ынтымақтастық ортада бірлесе жұмыс жасау мүмкіндіктері артты. Мұғалімдердің іс - тәжірибелеріне өзгеріс еніп, кәсіби білімі мен біліктіліктері жоғарылап, мұғалім мүмкіндіктерінің өзіндік ерекшеліктері анықталды және ашылды; оқу мен оқытудың сапасы жақсарып, оқытудасындарлы оқытудың түйінді идеялары іске асырылды.
Ерікті топ құру үшін ББК кестесімен алынған сауалнама диаграммасы.
5
Жоспарланған коучинг - сессиялардың сериясы.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
Оқытудағы басқару мен көшбасшылық;
Сыни тұрғыдан ойлау;
Дарынды және талантты балаларды оқыту;
АҚТ-ны пайдалану;
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулдері бойынша жоспарланды.
Жоспарлау үшін құрастырылған <<Қай салада даму қажет?>> сауалнамасының диаграммасы.
Міне осы өте қажет сұранысының нәтижесін көру үшін жарты жылдық соңындағы сауалнамада біз өз жұмысымыздың 82,3% нәтижесін бағаладық. Енді осы жұмысты әрі қарай тағы да жетілдіру жұмыстарын жүргізіп
100 %- дық көрсеткішке жеткізгіміз келеді
Мектептегі менторлық әрекеттердің жүруі де жолға қойылды .
Тәлімгер ретінде тәлімалушыммен бейресми және ресми кездесулер жасап, күрделі тапсырмалар бере отырып бірлесе талдап, қолдау көрсетуге, бір-бірімізге сенімділікпен ортақтастық, шынайылық, танытуға дайын болдық. Тәлімалушыма тәлім алу кезінде қолайлы мүмкіндіктер жасау үшін ол кісінің сабақ кестесінен тыс уақыттарды кездесуді жоспарладым.
(Тәлімалушыммен кездесу сәтінен фото дерек)
Тәлімалушым І деңгей сертификатталған мұғалім болса да, кейбір
қиналтатын мәселелер бойынша мәселен: <<Көшбасшылық түрлері, Lesson stady, Коучинг дағдылары, МДЖ ны>> талдау барысында тәлімалушым өз дәптеріне күнделік жүргізіп, сызба түрінде жазып алып осы әрекеттерді тез арада өз жұмыс барысында тиімді пайдалана алғанының үнемі куәсі болдым. Біз үнемі тәлімалушыммен кәсіби даму бағыты сұранысына сай жұмыстарды жоспарлап, соған сай жұмыстар жүргізіп отырдық және осы есептер барысындағы іс - әрекетті менің ТА өзінің көшбасшылық құзыреттілігін айқын көрсете алды. Осы ТА - ның модераторлығымен Қ. Облысы көлемінде <<Білім шыңы>> КҚ құрылып өз жұмысын бастап кетті . Оған дәлеле порталдағы ЖҚ - ғы <<Білім шыңы>> тобының желі арқылы бір - бірінен пікір, кеңес алу хаттары мен фото деректері.
6
Lesson Study жоспарлары
Мектеп мұғалімдерінің негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру,сонымен қатар оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау әдістемесін меңгерту жұмыстарының тиімділігін зерттеу жұмыстары арқылы оқушы деңгейін анықтап, білім сапасын арттыруға байланысты жұмыстар жасалды.
Сонымен Lesson Study-дің мұғалімдер үшін тиімділігі:
- Әдеттегіден оқушыларының шын білім алғандығын анық байқай алатынына көзі жететін болды;
- Ертеңгі өтетін сабағын өзіне емес, ертеңгі сыныбын елестете отырып барлық балаға бағыттай жасауға ;
- Сабақ өту барысында өзіне не кедергі болып қалуы мүмкін екенін алдын ала болжап отыруға;
- Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдану арқылы өз іс - әрекетін танып - біліп, өз - өзін реттеуге көмектеседі.
Сабақ соңында сабақ беруші мұғалімге бақылаудағы үш оқушыдан интервью алып отырылды.
Оқушылардан интервью алу парағы
9- сынып оқушыларынан Lesson Study-дің соңғы цилінен кейін алынған сауалнама нәтижесі
Өзгертілген сабаққа дейін
Өзгертілген сабақтан кейін
Сұрақтар тізімі
<<Иә>>
Жоқ
<<Иә>>
<<Жоқ>>
Сіз оқу процесіне барлық ынта-жігеріңізді саласыз
12
9
19
4
Сіздің сабақ оқуғадеген қызығушылығыңыз жақсы
8
15
13
10
Сізге өз бетімен жеке жұмыс істеген ұнайды
7
16
9
14
Сізге топтық жұмыс ұнайды
15
8
22
1
Сіз үшін оқу қиын
17
6
3
20
Сіз берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарайсыз
9
14
19
4
Сіз ойыңызды еркін жеткізе аласыз
6
17
13
10
Топты , өз-өзіңізді бағалай аласыз
5
18
22
1
Сізге жаңа ақпаратты қабылдау жеңіл
10
13
21
2
Lesson Study-де бақылаушы мұғалімдердің жазбалары
7
Сабақтарда болған мұғалімдердің ескертпе жазбалары.
Мұғалімдер сабақ барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, бағалау критерийлерін қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен сараптай алуын, өз іс әрекетіне талдау жасай білу қабілеттерін дамытты. Мұғалімдерге оқушылармен кері байланыс жасап, сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға кеңес беру туралы жазбалар тіркелді.
8
Коучинг сабақтардан алынған кері байланыстар. (сканерден өтілген стикерлерге не болмаса парақшаларға жазылған кері байланыстар)
Әр коучинг сайын мұғалімдермен кері байланыс жасалып отырды. Кері байланыс коучингтің қаншалықты тиімді болғаны және алдағы уақытта нені үйрету керектігін, қандай жұмыс түрлерін жүргізу қажеттігі анықтауға септігін тигізді.Кері байланыс екі жұлдыз, бір тілек, бәрі сенің қолыңда, стикерлерге жазу,не білемін, не білдім, не білгім келеді сияқты т.б. әдістер арқылы жүргізілді.
9
Оқушылардың өзгеріске байланысты пікірлері.
Оқушылар өзара формативті бағалауды, кері байланыс жасауды, сыни ой айта білуді үйренді. Оқушылар сабақ барысында, сабақтан соң өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп,ұнаған тұстарын айтып, тілектерін, өтініштерін білдірді.
10
Оқыту үдерісіндегі оқушылардың өзгерудегі дәлелдемелері.
Оқушылар сабақ барысындағы топтық жұмысқа, ізденушілік,шығармашылық жұмысқа деген, жалпы сабақққа деген қызығушылықтары артқаны туралы ойларын әр сабақтан соң кері байланыс арқылы
танытты.Оқу сапалары артты
4 -қосымша
Желілік қоғамдастық көшбасшы қызметінің бөлінбес қызметінің бірі және ауқымды шаралар мен тиімді әдістер арқылы бірнеше мектеп біріге жұмыс жасаса ол шынында оқыту үдерістерінің құндылықтарын ұлғайтуға тиіс.
Табысқа қол жеткізген қоғамдастықтың құрамындағы барлық мектептерде бірлесіп жұмыс атқарсақ, балаларға барынша терең білім береміз деген сенім болуға тиіс, себебі шынында да ол қайта - қайта жиналып болған оқиғаларды айта беретін жиналыстарға қарағанда өте тиімді болатыны сөзсіз. Осы орайда <<Тиімді өзгеріс неге керек? Ол қалай болады?>> тақырыбымен облыстың алты мектебі қосылып қоғамдастықтың бастапқы кезеңдегі диалогы үшін мына қадамдарды жасап көрдік:
пікіралысу үшін мектепте ресми және биресми кездесулер жасадық
оқыту мақсатындағы сапарға шықтық;
әріптестермен (әріптестер арасында) мақсатты диалогтар ұйымдастырдық,
сабақтар топтамасын талқыға салып ортақ ОМЖ сызбасын жасадық.
Lesson Study - дің жұмыс жоспарының сызбасын жасап, жұмыс әрекеттерін белгіледік
Бұл орайда біліктілікті арттыруды өту күндерін белгілеу арқылы 2 мектептің директоры, 3 мектептің завучы, 10 бірінші деңгей, 6 екінші деңгей, 2 үшінші деңгей мұғалімдері ынтымақтастық.
Бұдан басқа біз осы жұмыстарды бөлінген көшбасшылықта ұйымдастырып жатқанда үнемі:
:: электрондық хат алмасулар;
:: телефон байланыстары арқылы да кеңесулер жүрді;
Бұл да өте үлкен бетбұрыс біз бұрын осындай кәсіби жетілу жұмыстарын тек <<жоғарғы жақтың жоспарына сай>> жасайтынбыз. Біз бір қоғамдастықта тиімділікке жұмысты осылай бастап кеттік. Тиімді болары сөзсіз, себебі бұл үш мектептің де команда мүшелеріне ұнады.
Желілік қоғамдастық жұмысын жетілдіру мақсатында қаланың, облыстың басқа мектептермен жоғары жетістікке қол жеткізу үшін ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жүргізу барысында <<Оқыту мен оқу үдерісінде оқыту үшін бағалау құралдарын тиімді пайдалану>> , <<Бағдарламаның негізгі идеяларын жүзеге асыруда кездесетін негізгі проблемаларды анықтау>> , <<Білім шыңы>> семинар - практикумдар ұйымдастырылды. Сертификатталған мұғалімдер арасында <<Қиындық, кедергі, жетістік>> тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өзара тәжірибе алмасу, сабақтар топтамасын өткізу арқылы пән мұғалімдерді орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарларының негізінде сабақтар топтамасын өткізді.
Осындай келісілген әрекеттердің нәтижесі болар күткен нәтижелеріме сай сонымен шынында да не өзгеріс болдыға келсек мектепте;
oo Ынтымақтастық қалыптасып, нәтиже үшін <<алтын ереже>> пайда болды.
oo Мектептегі әр іс - әрекетіміз нәтижеге бағыттала мақсатты түрде жүре бастады.
oo Мұғалімдерде оқыту сапасы, оқушыларда оқу сапасы артатыны айқын көрінді.
oo Сабақтарда жаңашыл іс - әрекеттер байқала бастады.
oo Оқушылар бір - біріне ашық сұрақ қою және айтқан жауаптарын дәлелдей отырып зерттеушілік әңгіме айта бастады.
oo Мұғалімдер дұрыс бағалау үшін дискрипторлар жасау қадамдарын бастап оқушылар өз білімдерінің бағасына сенімді бола бастады.
oo Кері байланыстың керектігін мектеп мойындады.
oo Мектепте <<Шың>> КҚ құрылып онда мұғалімдер 3 топқа бөлініп оқыту мен оқу әдістері туралы коучингтерге қатынасуда.
oo Мұғалімдер сындарлы оқыту идеяларын ықпалдастыра отырып ҰМЖ, ОМЖ және ҚМЖ жасауды 60% -ға меңгерді десек те болады.
oo Желілік кәсіби қоғамдастықтың алғашқы қадамдары сәтті басталып порталда <<Білім шыңы>> қоғамдастығы облыс көлемінде 23 көшбасшының бірігуімен басталып еді 2 тоқсан ішінде ол республикалық достарын тауып сәтті қадамдарының жемісін де көріп жатыр.
oo Соның ішінде мұғалімдердің 50% - ға жуығы қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасауда Б.Блум таксономиясы сұрақтарына сәйкестендіре жасауды үйренді.
Мониторинг қорытындысы бойынша мектептің даму үдерісіне тағы бір қорытынды дәлел осы алынған мәліметтерді білімді қолдану және тарату әдістерінің матрицасына салғанда біздің мектеп алғашқыда ұжымдық рухы басым, қызметкерлер өз мектептерін мақтан тұтатын, басқалар пікіріне қарамастан оны қолайлы санайтын мектеп болды. Бұл мектеп ерекшелігі өте төзімді, келісімге қол жеткізгіш ұжымдық, бірақ шектеулі білімге қанағаттанатын мектеп деп болжанса, екінші өзгерістің болғандығы дәлелдемесін жинақтау кезінде біздің мектебіміз әріптестер өздерінің сәтті - сәтсіз әрекеттерімен бөлісіп себептерімен, салдарын қоса іздесетін, әртүрлі проблемалардан қорықпайтын, олар пікір алмасу , ресурстармен бөлісу үшін бір - бірлерінің сабақтарына қатынасатын, өзін - өзі және өзара бағалауда сыни ойлар айтатын, идеяларды автор мәртебесі емес, маңыздылығына орай шынайы бағалайтын мектеп болып танылды. Білімді тереңдету, қорыту және тартуда ұжымдық жауапкершіліктен қашпайтын мектеп болып өзгергенімізді білдім.
Мектепте осы бағдарламалар еркін кіріп директор бұйрығына сай жұмыстар қызу жүріп жатыр. Соның бір мысалы.
1.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz