Адамның рухани әлемі

Аширбаева Айнур ДанебековнаАвторлық бағдарлама
Өзін-өзі тану пәні бойынша 6-сынып оқушыларын вариативтік негізде оқыту курсына арналған
УДК 3732020-2021 оқу жылы
ISBN 978-631-8771-21-9ББК 74. 235. 4
Рецензенты:
Мұқатаев О. О. педагог мастер, Қазақстан Республикасы «Өркениет» ғылыми-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері;
Бастауыш сынып оқушыларына тіл дамыту бағыты бойынша жасалған авторлық бағдарлама/ құрастырған. : Базарбаева А. Г. - Солтүстік Қазақстан облысы: бастауыш сынып мұғалімі, 2021. -30б.
УДК 373«Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мақсаты оқушыларға рухани адамгершілік білім беру, жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу. сөздік қорларын дамытып, дүниетанымын кеңейтеді, білімін шыңдайды, адамгершілік сезімін оятады, тілін байытады, эстетикалық тәрбие қалыптастырады, байланыстыра сөйлеуін дамытып, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырады. Бұл бағдарлама оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқуға, жаттауға, әңгімелеп беруге, мәнерлеп оқуға, сахналау ойындарын ұйымдастыруға, жұмбақтар, жаңылтапаштар, мақал-мәтелдер, ертегілер әлеміне енуге арналған білім беруді көздейді.
ББК 74. 235. 4
ISBN«Өркениет» ғылыми-әдістемелік орталығының 2021 жылғы «25» қаңтардағы
№1 хаттамасына сәйкес сараптау комиссиясының шешімімен баспаға ұсынылды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ© ҚР «Өркениет» ҒӘО, 2021
Түсінік хат
«ÓRKENIET» ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІКТІҢ БАСПАСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ
Рецензенттер:
Рецензенттер: «Órkenіet» ғылыми-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері О. О. Мұқатаев
Құрастырған : Солтүстік Қазақстан облысы, «Шал ақын ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қаратал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Аширбаева Айнур Данебековна
© Қазақстан Республикасы «ÓRKENIET» ғылыми-әдістемелік орталығы 2021 жыл
«Өзін-өзі тану» пәні өзгешелігі мен ерекшелігі мол сабақ. «Тәрбиесіз берілген білім бекер» демекші, бүгінгі заманда әр баланы тұлға ретінде тәрбиелеу өте қажет. «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты - рухани-адамгершілік тәрбие беру. Әсіресе, бастауыш сыныптан бастап оқыған балаларға өте жақсы болды. Себебі, кішкентай кездерінен өз-өздерін және қоршаған әлемді танып біледі. Балалар көңіл-күйлерін, мінездері мен тәртіптерін бағалауға үйренеді. Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Қоршаған ортаға, қыбырлаған кез келген тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың көрінісі. Н. Ә. Назарбаев «. . . жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғанын байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, елімізге бала жанын жүдетпеудің маңызы зор.
«Өзін-өзі тану» нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Нағыз адам болу - Отан алдындағы борышыңды өтеу, адами қарым-қатынасының, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Пәннің мақсаты - білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты дамыту да өзін өзі тану сабақтарының орны ерекше. Сабақта пән мұғалімі әркімнің жан дүниесін тануына, әлемге көз жүгіртіп, мейірімділік жасауға бағыттайды. Сабақты қызықты өткізу түрлі әдіс-тәсілдерді қолданатын мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Рухани-адамгершілік білім беру - жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады.
«Өзін-өзі тану» вариативті сабақтарының мақсаты:Бағдарламада пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері, пәнді меңгеру деңгейінің талаптары, оқу-тақырыптық жоспары көрсетілген. Бұл бағдарламаның орындалуы өсіп келе жатқан ұрпақты білім, білік дағдыларымен қаруландырады, оқырмандық талғамын тереңдетеді, жан- жақты дамыған дара тұлға қалыптастырады.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың міндеттері:-«Өзін-өзі тану» сабағы арқылы баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға үйрету;
-өзін-өзі жетілдіруге дағдыландыру;
-рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына үйрету;
-өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі менәрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді;
-адамгершілікті, ізгілікті, достықты, татулықты дәріптеу;
-еңбекті сүюге баулу:
-жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын ояту;
-шығармашылық қабілеттерін арттыру;
-ойлау, есте сақтау, танымдық іс-әрекеттермен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.
Күтілетін нәтиже:-әңгіме, ертегі, өлеңдердің мазмұны өз сөзімен, әдеби тілде айта білуге, оқып үйренуге үйрете отырып, тіл байлығын дамыту;
-адамзат тарихындағы рухани-материалдық мәдениеттің дамуының негізгі
құралдарының бірі - шешендік сөздер, әңгімелер, аңыздар, өлеңдерді оқыту арқылы, баланың тілін ұштау, сөздік қорын байыту, өмірге деген көқарасын ояту;
балалардың ойлау, қиялдау, елестету қабілетін дамыту;
шығармашылық дағдысын қалыптастыру, өз ойынан әңгіме құрастырып айтуға үйрету;
өз әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне деген сый-құрмет сезімін ояту;
әңгіме, өлең, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды өз беттерінше құрастыра білуге үйрету.
бөлім: «Адам болам десеңіз». (11 сағат) .-балалардың өзін-өзі танып білуге, әлемді тануға қызығушылығы артады;
-жан-жақты білімді, іскер, өзіндік ой-талғамы, ойлау, сезіну, есте сақтау қабілеттері жоғарылайды;
-білімін кеңейтуге, тілін байытуға әсерін тигізеді;
-оқушылардың белсенділігі артып, өздігінен жұмыс жасау әрекеттеріне талпынады;
-қосымша материалдарды пайдалану арқылы ізденімпаздық қабілеттері артады.
Бағдарлама мазмұны: Өзін-өзі тану (Барлығы: 34 сағат, аптасына 1сағат) 1-бөлім: «Адам және әлем». (9 сағат) .
Бұл тарауда оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» туралы түсінік беру. Отбасы, достық, ұжымдағы қарым-қатынас жайлы мағлұмат алады.
Тақырыптарға сай әңгімелер, өлең, тақпақ, мақал- мәтелдер жаттайды.
бөлім: «Таным қуанышы». (8 сағат)Адам болу үшін жай ғана адам болып туылу жеткіліксіздігін, адамдарша әрекет жасау қажеттігін үйренеді. Адамның мінезі, абыройы, жауапкершілігі, сұлулы-
ғы, сүйіспеншілігі туралы қасиеттерді меңгереді.
бөлім. «Адамзаттың рухани тәжірибесі». (6 сағат)Бұл тарауға енген шығармалар арқылы оқушылар өзінің ішкі әлемін тануға, өмірдің мәнін, бақытты болу үшін не істеу керектігі жайлы мәліметтермен танысады. Оны өздеріне үлгі етеді және осындай ұлы адамдары бар халқына деген мақтаныш сезімдері туындайды.
Бұл тарауда оқушылар адамның рухани әлемі, сұлулығы, жасампаз-
дығы туралы туралы оқып біледі. Сурет бойынша әңгіме, өлең жазып, жұмбақ құрастыруды үйренеді.
«Өзін-өзі тану» бойынша күнтізбелік -тақырыптық жоспарлау Аптасына 1 сағат
Барлығы: 34 сағат
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz