Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету

VІ. ОРТАҢҒЫ ТОП
1. 4 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға сипаттама
«Денсаулық» білім беру саласы
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: баланың денсаулығын нығайту және қорғау жағдайларымен қамтамасыз ету; дене тәрбиесіне қызығушылығын дамыту, қозғалыс біліктіліктерін және дағдыларын қолдануға ынталандыру.
Міндеттері:
- жүру мен жүгіруде, секіру мен лақтыруда, қағып алуда, еңбектеу мен өрмелеп шығуда, жеке гигиена дағдылары орындауға және денсаулық сақтау негіздерін үйрету;
- дене қасиеттерін дамыту: ептілік, үйлестіру қабілеттері, жалпы шыдамдылық, тепе-теңдікті сақтау, икемділік;
- дене жаттығуларын орындауға, салауаты өмір салтына ұмтылуға қызығушылыққа тәрбиелеу.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Дене шынықтыру
Қимылдың негізгі түрлері
Екінші кіші топта үйретілген жаттығуларды қайталау, білік пен дағдыларды бекіту және жетілдіру.
Негізгі қимыл жаттығулары
Жүру. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен, басқа қимылдармен кезектестіру; Жүруде қол мен аяқ қимылын үйлестіру. Дұрыс сымбатты сақтау.
Аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені жоғары көтеріп жүру; ұсақ және алшақ адымдап жүру; жыланша ирелеңдеп; жан-жағына қарай жылжымалы қадам.
Жүгіру. Қалыпты, аяқтың ұшымен жүгіру; тізені жоғары көтеріп жүгіру; қадамдап және адымдап жүгіру; сапта бір-бірлеп; түрлі бағытта жүгіру. Түрлі тапсырмалармен жүгіру: жетекшінің ауысуымен; шапшаң және бәсең қарқынмен жүгіру. 1-1, 5 минут ішінде жай қарқынмен үздіксіз жүгіру; орта жылдамдықпен 40-60 метрге жүгіру.
Секіру. Бір орында тұрып қос аяқпен секіру (жүрумен кезектестіре отырып, 2-3 рет 10 секіру) ; 2-3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру; бір орында оңға, солға бұрылып секіру. Баланың қолын көтергендегі биіктікте тұрған нәрсеге орнынан секіру арқылы жанап өту. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру (сызықтардың ара қашықтығы 40-50 см) . 20-25 см биіктікке секіру; орнынан 50 см кем емес ұзындыққа секіру. Бір аяқпен секіру (шамамен 4-5 рет оң және сол аяқта) .
Қысқа секіртпемен секіру (демалу үзілістері бар 2-3 реттен 10 секіру.
Дәлдеп лақтыру, қағып алу, лақтыру. Заттар арасымен доптарды, құрсауды домалату. Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу (1, 5 м қашықтықта) ; допты екі қолымен бастан асыра кедергі арқылы лақтыру (2 м қашықтықтан) . Допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3-4 рет) . Алысқа дәлдеп лақтыру (3, 5-6, 5 м кем емес) . Заттар арасымен доптарды, құрсауды бір-біріне домалату. Оң және сол қолымен көлденең нысанаға (2-2, 3 м қашықтықтан), 1, 5м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1, 5 м) нысанаға дәлдеп лақтыру
Еңбектеу және өрмелеу. 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрт тағандап еңбектеу, тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу. 50 см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру. Құрсаудан еңбектеп өту. Гимнастикалық тақтай бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу. Арақашықтығы 10 м дейінгі заттар арасымен тура бағытта жыланша ирелеңдеп, орындыққа көлденеңінен және көлбеу еңбектеу. Гимнастикалық орындықта қолдарымен тартылу арқылы ішімен еңбектеу. Бөрене, гимнастикалық орындық арқылы еңбектеп өту. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, аралықтан оң, сол аралыққа ауысу.
Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық) ; сызықпен; арқанмен (диаметрі 3 см) ; тақтаймен, гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Жүру кезінде: заттарды аттап өту, бұрылыстар, басқа қаптар кию тапсырмаларын орындау. Тепе-теңдікті сақтау: қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру; қолын беліне қойып, бір аяқпен тұру; қолын беліне қойып, екі жаққа айналу. Қырлы тақтаймен жүру; көлбеу тақтайда жоғары-төмен жүру және жүгіру (ені 20 см, биіктігі 30-35 см) . Еденнен 20-25 см көтерілген баспалдақ тақтайынан, қолдың түрлі қалпымен үрленген доп арқылы (бір-бірінен қашық қойылған 5-6 доп арқылы кезекпен) аттап өту.
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір-бірден сапқа тұру. Қатарға екеуден тұрып сапты қайтадан құру; бағдар бойынша теңелу; оңға, солға бұрылыстар; ажырату.
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында түрлі таныс дене жаттығуларын орындау. Аяқты өкшемен кезектесе қою және топылдату.
Музыканың қарапайым ырғақты әуеніне сәйкес шапалақтау. Бір бүйірге қарай жүру. Жұптармен айнала шеңбермен қозғалу.
Күтілетін нәтижелер:
- түрлі тапсырмалар орындап бір-бірден сапта жүреді;
- жетекшінің ауысуымен; жай қарқында 1, 5 минут ішінде; орташа жылдамдықпен 60 метрге жүгіреді;
- 20-25 см биіктіктен; орнынан 50 см-ден кем емес ұзындыққа; бір аяқпен шамамен 4-5 рет секіреді;
- заттардың арасымен доптарды домалату; оң және сол қолмен көлденең нысанаға (2-2, 3м арақашықтықтан) ; тік нысанаға (нысана ортасының биіктігі 1, 5 м) 1, 5м арақашықтықтан дәлдеп лақтыру;
- 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрт тағандап еңбектеу; 50 см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектейді;
- гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелейді;
- тепе-теңдікті сақтай отырып, көлбеу тақтайда жоғары-төмен жүру және жүгіреді;
- сапта екеуден тұрып сапты қайтадан түзу; оңға, солға бұрылуды орындайды;
- бір бүйірге қарай музыкамен жүру, жұптармен айнала шеңбермен қозғалады.
Қатынас» білім беру саласы
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру;
- мемлекеттік, орыс және басқа да тілдер (мемлекеттік тіл қазақ тілінде тәрбиеленетін және оқытатын топтарда өткізілмейді) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.
«Қатынас» білім беру саласының мазмұны қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынастың құрылымдық тәсілдері мен құралдарын меңгеруге бағытталған.
Мақсаты: тіл ережелері мен нормаларын меңгеру негізінде балалардың тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
- балалар әрекетінің түрлі формалары мен түрлерінде балалардың ауызекі тілін дамыту;
- зейін дағдыларын, тілді меңгеруге, балалар әдебиетіне деген қызығушылықтарына тәрбиелеу.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту
Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, қатаң, ұяң және үнді дыбыстарды (р, л) таза, анық айту дағдыларын бекіту.
Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеуде дидактикалық ойындарды қолдану.
Сөздік жұмыс
Адамдардың атын, мамандықтарын, заттардың қасиеттерін, бөліктері мен бөлшектерін, тұрмыстық электротехника заттарын білдіретін - зат есімдермен балалардың сөздік қорын байыту.
Тұрмыстық заттар және қоршаған табиғат заттарының маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Тілдің сөздік қорына жалпылама атаулы сөздер енгізу.
Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру.
Ойындарды пайдалану арқылы сөздерге қызығушылығы мен зейінін дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
Сөздердің қиысу дағдыларын жетілдіру.
Жан-жануарларды, олардың төлдерін білдіретін сөздерді зат есімнің көпше және жекеше түрінде айту біліктіліктерін дамыту, сөздерді түрлі тәсілдермен құру.
Сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен бірге қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды қолдану.
Байланыстырып сөйлеу
Әңгімелесу кезінде бірін-бірі тыңдауға, бірінің сөзін бірі бөлмеуге, түсінуге және әңгімеге қатысуға үйрету.
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, әңгіме барысында өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Берілген сюжет бойынша сахналауға үйрету.
Шығармашылық сөйлеу әрекеті
Шағын тақпақтарды, өлеңдерді жатқа айту дағдыларын қалыптастыру.
Балаларға түсінікті қуыршақ театрының «жүргізу техникасын» пайдаланып, театрландырылған әрекеттерге - ойындарды драматизациялауға, қойылымдарға қатысуға баулу.
Ойнау барысында ұйқасты өлеңдерді және мәнерлі сөздерді қолдана білуге тәрбиелеу.
Кейіпкерлердің бейнесін беру үшін қажетті ырғақ мәнерінің тәсілдері мен қарқынын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Берілген әңгіменің басы мен аяғы бойынша әңгіменінің атын ойлап табу іскерліктерін қалыптастыру.
Көркем әдебиет
Оқып беру және әңгімелеу
Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдауды, олардың сипатын, авторлық екпінін сезуді, ертегі мен әңгіме жанрларын ажыратуды, өлеңдер мен прозалық мәтінді ажыратуды үйрету. Көркем шығармаларды тыңдай отырып, өзінің ой-пікірін айтуға үйрету.
Балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстыру. Ертегілерді эстетикалық жағынан қабылдауға, қоршаған шынайылықты көркем әдебиетпен үйлестіруге үйрету.
Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекеттерін бағалауға, әңгіме, ертегілердің мазмұнын олардың атауымен салыстыруға үйрету.
Мәнерлеп оқу және мазмұнын айту
Қысқа өлеңдер мен санамақтарды оқу кезінде мазмұнына сәйкес дауыс екпінін түрлендіруге, оларды түсініп есте сақтауға үйрету. Таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға, кейіпкерлердің түр-сипатын беруге үйрету.
Авторлық сөздерді пайдалана отырып, мазмұндауға дағдыландыру.
«Таным» білім беру саласы
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:
- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
- құрастыру;
- экология негіздері;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: математикалық ойлау дағдыларын, құрастыру, танымдық қызығушылықтарын, негізгіэкологиялық білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- танымдық-зерттеушілік және өнімділік (құрастыру) әрекеттерін ұйымдастыру;
- қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру;
- танымдық қызығушылыққа, қоршаған табиғаттың тірі және өлі құбылыстарына ұқыпты қарым-қатынасқа тәрбиелеу
-балалардың дүниетанымын кеңейту.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Жиынтық. Балаларға әр түрлі пішіннен, өлшемнен заттардың жиынтығы тұратындығы туралы ұғымдарды беру.
Осы заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде теңдігін немесе теңсіздігін анықтауға үйрету.
Сан және есептеу
Балаларды 3, 4, 5 ке дейін санауға үйрету, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санауға, сандарды тәртібі бойынша атауға және қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету. Бірінің астына бірі екі қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету.
Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды беру. Салыстырылатын топтар: бір көп, бір және екі, екі және үш және төрт, төрт және бес.
Теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып екі тәсілмен орнатуға, «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.
Беске дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, «Қаншасыншы?», «Қайсысы» сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту.
Беске дейінгі сандармен таныстыру, сандық топты белгілеу.
Әр түрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу) .
Тура және кері бағытта беске дейін санап жаттығу.
Көлем
Екі, үш затты шамасы, ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша салыстыру білігін бекіту. Қосу және үстемелеу тәсілдерін пайдалану, заттардың сөздермен орналасу тәртібін белгілеуге үйрету, мәселен, үлкен - кіші; жоғары-төмен. Үш затты салыстыру кезінде сөйлеуде заттарды көлемі бойынша сипаттайтын терминдерді пайдалану. «Бұл шырша ең биік шырша, ал мынау аласа, ал енді мынаусы өте аласа».
Шаманың екі белгісі бойынша заттарды салыстыру дағдысын қалыптастыру.
Үшінші (шартты өлшеммен) екі затты салыстыруға үйрету.
Геометриялық пішіндер
Шеңбер және төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді ажырату және дұрыс атай білуін бекіту.
Тікбұрышпен таныстыру. Геометриялық пішіндерді: төртбұрышты, тікбұрышты ажырату және атауды үйрету; геометриялық пішіндерді сипап-сезу және көру арқылы зерттеу.
Геометриялық пішіндер әр түрлі өлшемде және әр түрлі түсте болатындығы туралы ұғымдарды беру.
Текше, шар, цилиндр геометриялық пішіндермен таныстыру, оларды ажырату мен атауды үйрету.
Кеңістікті бағдарлау
Алға, артқа, солға, оңға, жоғары, төмен бағыттарды анықтай білуін жетілдіру.
Берілген бағытта: алға, артқа, солға, оңға қозғала білуін дамыту.
Өзіңе қатысты белгілі бір заттың орналасуын сөзбен белгілеуге (менің алдымда-есік; арт жақта үстелде кітап; менің сол жағымда шкаф; менің оң жағымда терезе, жоғарыда-төбе, төменде еден) үйрету.
Кеңістіктік қатынастармен таныстыру: алыс-жақын. Өзіне қатысты алыс, жақын заттардың орналасуын, мәселен қабырға алыс, ал терезе жақын екендігін анықтауға үйрету.
Уақытты бағдарлау
Тәулік бөліктері туралы ұғымдарын кеңейту, оларды атау кезіндегі дұрыс жүйелілікті сақтауға үйрету, мысалы, таңертең, күн, түс, кеш, түн.
Мынадай ұғымдармен таныстыру, кеше, бүгін, ертең, таяу күндердегі атаулардың жүйелілігін атауға үйрету: «Кеше аптаның қай күні болды?», «Бүгін қандай күн?», «Ертең қандай күн болады?», әр түрлі оқиғалар негізінде: біз кеше не істедік; бүгін не істейміз, ертең не істейміз;
Құрастыру
Құрылыс материалынан құрастыру
Құрылыс бөлшектерін (үшбұрыш, пластина) ажырату және атау, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдалану қабілеттіліктерін дамыту дағдыларын жетілдіру.
Ойыншық өлшемімен сәйкестікте ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан ғимарат құрастыру, түрлі түстегі бөлшектерді пайдалану туралы білімдерін қалыптастыру. Құрылымдаудың берілген ұстанымдарын сақтай отырып, құрылыстардың биіктігінен, ұзындығынан және енінен өзгеру туралы білімін қалыптастыру. Бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылу дағдыларына тәрбиелеу.
Қағаздан құрсатыру
Қағаздың қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп бұрыштарды және тараптарды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағаздан кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту. Бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру, әр түрлі түріндегі үлгілер жасау дағдыларын дамыту.
Табиғи және жарамсыз материалдардан құрастыру
Балаларды табиғи материалдардан зат даярлауға үйрету. Бөліктерді біріктіру үшін ермексазды, желімді, конструктор құрастырылымдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Конструктор бөлшектерінен құрастыру
Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.
Экология негіздері
Өлі табиғат заттары мен құбылыстары
Өлі табиғат нысандары - су, жер, ауа, күн туралы балалардың білімдерін бекіту.
Жел, жаңбыр, тұман сияқты табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын кеңейту.
Табиғаттағы мерзімдік өзгерістер
Күзгі, қысқы табиғатты бақылау, олардың қарапайым өзгерістерін байқау дағдыларын дамыту.
Балалардың назарын күз бен қыстағы адамдар әрекетіне аудару дағдыларын қалыптастыру.
Өсімдік әлемі
Жемістер мен көкөністерді ажырату және атау дағдыларын жетілдіру.
Бөлме өсімдіктері, олардың айырмашылықтары туралы білімдерін жетілдіру. Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау ережелері мен өсімдіктердің жақсы жағдайы мен өсуі үшін қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру. Табиғатқа қамқорлық қарым- қатынас жасаудағы адамның рөлі туралы білімдерін қалыптастыру.
Балалардың бөлме өсімдіктерін өсіру мен оларға күтім жасауға ұмтылысы мен қызығушылығын тәрбиелеу. Өсімдіктерге мұқият және қамқор қарым-қатынас жасауға үйрету.
Ағаштардың, бұталардың бірнеше түрлері туралы білімдерін қалыптастыру. Ағаш бөліктерін табу және атай білуін бекіту.
Жанды өсімдіктер үшін белгілі жағдайлардың қажеттілігі туралы ұғыну дағдыларын қалыптастыру.
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы ұғымдарын кеңейту; жабайы жануарлардың өмірі туралы; табиғат бұрышындағы жануарлар туралы ұғымдарын кеңейту. Жанды нысандар мен табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасауға арналған құрал-жабдықтар туралы білімін қалыптастыру.
Жылдың күзгі уақытындағы жабайы жануарлардың өмірі (сыртқы түрі, мекен ету ортасы, тұратын жері, қоректенуі, қысқа дайындалуы) жөнінде балалардың ұғымдарын кеңейту.
Үй құстары мен жабайы құстар туралы білімдері мен ұғымдарын кеңейту.
Қыстайтын және жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы білімдерін, оларды ажырату және атай білуін қалыптастыру.
Табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Қоршаған ортамен таныстыру
Бала, оның отбасы, үйі
Баланың өзі мен өзінің жағдайы туралы ұғымдарын кеңейту. Өзін-өзі танудағы іс-әрекетін мадақтау.
Баланың туысқандық қарым-қатынастарға баулу.
Балалардың отбасы бейнеленген суреттерді қарау, отбасы мүшелерін, олардың іс-әрекеті мен өзара қарым-қатынастарын атай білу дағдыларын қалыптастыру.
Заттық әлем
Балаларды заттық әлеммен және олармен өзара әрекет түрлерімен танысуға баулу. Таяу маңдағы қоршаған заттарды ажырату және атын атау білігін жетілдіру.
Балалардың:
- таныс емес заттардың қолданылуы;
- қоршаған заттардың, олар құрылған материалдардың, құрылымдардың арасындағы өзара байланыстар;
- ұлттық киімдердің, олардың әшекейлерінің жасалуы;
- жеңіл көлік пен жүк көлігінің әр түрлері;
- жүгі мен сипатына байланысты машина құрылысы;
- машина кузовын әр түрлі жүктерді тасымалдау үшін бейімдеу;
- ересектердің құрылыстағы еңбегі;
- құрылысшы мамандығы туралы, құрылыстағы көліктердің түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.
Адамдарға олардың еңбегі үшін алғыс білдіру және еңбек нәтижелеріне сыйластықпен қарау сезіміне тәрбиелеу.
Әр түрлі мамандық адамдары туралы ұғымдарын кеңейту.
Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы және ересектердің еңбегі мен еңбек әрекеттері туралы білімдерін жетілдіру.
Адамның тұрғын-жайы (үй, киіз үй) туралы білімдерін жетілдіру.
Балабақша, мектеп, ересектердің жұмысы туралы ұғымдарын жетілдіру.
Қалалар мен қалашықтардың атаулары, олардың ерекшеліктері, қала мен ауыл өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
Армия, өз отанымызды қорғау туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы туралы білімдерін, астана көріністері бейнеленген фотосуреттер мен альбомдарды пайдаланып қалыптастыру.
Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздер (ту, елтаңба, әнұран) туралы білімдерін қалыптастыру. Өз елінің рәміздеріне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Көліктің алуан түрлері, жол бөліктері (өту бөлігі мен жүргінші жолы) туралы білімдерін қалыптастыру.
Бағдаршам белгісі, көшедегі жүріс-тұрыс ережелері, өту кезіндегі ережелер туралы білімдерін қалыптастыру.
«Шығармашылық» білім беру саласы
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка ұйымдастырылған оқу әрекеттерінде іске асырылады.
Мақсаты: эстетикалық талғамның болуын қарастыратын шығармашылық дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
- қажетті тәсілдер мен әдістерді пайдалана отырып сурет салу, мүсіндеу, жапсыру дағдыларын жетілдіру;
- күрделі заттардың бөліктерінің орналасуын дұрыс беру және оларды көлемі бойынша салыстыру іскерліктерін қалыптастыру;
- эстетикалық талғамға тәрбиелеу, бейнелеу және музыка өнеріне қызығушылық таныту.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сурет салу
Заттық сурет салу
Үлгі бойынша және түсті елестету бойынша, олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып, сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
Бірнеше біртектес заттардың көлеміндегі айырмашылықтарды ажырата білуін дамыту.
Бейнелеу материалдары мен аспаптарының қасиеттері туралы білімдерді қалыптастыру.
Бейнелеу техникасы дағдыларын дамыту: қаламды пайдалану, сурет салғышты пайдалану, сурет салу кезінде дұрыс отыру дағдысын дамыту.
Сурет салудағы техникалық дағдыларды нығайту: суреттерді бояу, қаламмен тек қана бір бағытта - жоғарыдан төмен қарай немесе сол жақтан оң жаққа қарай, контур шегінен шығармай бояу қажет.
Мазмұнды сурет салу
Күзгі жапырақтары бар ағаштың, үйдің, ағаштағы алманың суреттерін бақылау негізінде суретін салу дағдыларын қалыптастыру.
Балаларды заттардың бейнелерін, жануарлар пішінін, табиғат құбылыстарын, таныс ертегілердің оқиғаларын тұжырымдауға үйрету. Негізгі түрлері мен олардың реңктері туралы білімдерін жетілдіру, оларды қағаз бетінде салу тәсілдері туралы білімдерін жетілдіру.
Қағаз бетінде заттарды орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Заттар мен нысандардың көлемін ескере отырып сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
Қоршаған шынайы әлем құбылыстары мен заттарын, үлгі бойынша ертегі кейіпкерлерін бейнелеу және заттардың олардың бөліктері мен түстерінің орналасуын, пішінін, пропорциясын ескере отырып ұсыну тәсілдерін пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Сәндік сурет салу
Геометриялық пішіндерден тұратын және жолақтағы өсімдік өрнектері мен халықтық өнер сарыны бойынша салу дағдыларын қалыптастыру. Ою-өрнектер мен пішіндерді бірінен кейін бірін салатын бірізділік дағдыларын жетілдіру.
Екі түрлі элемент кезектесіп, элементтері ырғақты қайталанған, симметриялылығы, элементтердің бірізділігі сақталып, тура және ирек сызықты өрнек пішіндері ескеріле отырып жазықтықта орналастырылған қазақы ою-өрнек элементтерімен танысу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz