Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
<<М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі>> КМҚК

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ

Орындаған: Толеуғалиева А.М. 24-топ студенті
Тексерген: Керимбаева А.Д.

Семей, 2021 жыл

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақ мифологиясындағы ұлттық таным.
Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ мәдениеті мифтеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының міндеті: Оқушыларды туған мәдениетімен жақынырақ таныстыру.
Білімділік: Оқушылардың мифология туралы түсініктерінің қалыптасуы.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, бейнелер, слайд.
Әдіс-тәсілдері: Пікіралмасу, викториналық тапсырмалар, топтық жұмыс.
Техникалық құралдар: компьютер, ұялы телефон

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

I. Ұйымдастыру кезеңі - 5 мин.
- амандасу, таныстыру; -1 мин.
- психологиялық даярлық:сұрақ қою - 4мин.
II. Негізгі бөлім ​​​​​​​​​- 35 мин.
а) "Kahoot!" викторинасы - 10 мин.
б) <<Сәйкесін тап>> тапсырмас ​​​ - 10 мин в) Сергіту сәті: <<Менің жаңа досым>> - 15 мин.

III. Қорытынды ​​​​​​​​ - 5 мин.
- Рефлексия

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қалдарың қалай? Бүгінгі тәрбие сағатына дайынсыңдар ма?
- Тамаша, олай болса тәрбие сағатымызды бастайық!

- Осы суреттерге қарап, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсындар?
- Бүгін қарастыратын тақырыбымыз қазақ мифологиясы. Жалпы миф деген сөзді қалай түсінесіндер?

Қазақ ауыз әдебиетінің бай салаларының бірі - мифологиялық аңыздар. Мифтер - бұл алғашқы қоғамдағы адамдардың әлем туралы, әлемді басқаратын сыртқы күштер туралы, яғни құдайлар мен рухтардың бейнелері туралы және табиғаттан тыс құбылыстар мен оқиғалар туралы ойлары.
Қазақ халқының әлемді танудағы өзіндік көзқарасын танытатын осынау рухани аңыз - әфсаналар күні бүгінге дейін біздің заманымызға жетіп отыр .

-Ал енді, қазақ мифологиясының кейіпкерлерімен танысайық:

:: Мыстан кемпір -адамдарға көп жамандық жасайтын ұсқынсыз жәдігөй. Мыстан балаларды ауыстырып, бәйгелерде тұлпарды қулықпен басып озады. Бұл әзәзіл адам тұрағынан аулақ, таулар мен ормандарда өмір кешеді. Алба-жұлба киінеді.

:: Жезтырнақ - имек жез мұрынды, үлкен жез тырнақты, сұлу жас әйел кейпіндегі жын-пері тектес мақұлық. Жезтырнақ ғаламат зор қара күш иесі, ащы даусы жер жаңғырықтырады. Өзінің айқайымен ол құстар мен ұсақ хайуанаттарды өлтіре береді. Кейбір мифтік ертегілерде жолы болғыш аңшылар жезтырнақтарды айламен жеңеді.

:: Айдаһар -- байырғы наным-сенім бойынша бірнеше басты алып жыртқыш, адам баласына өлім әкелетін дүлей күш. Айдаһар -- әлем халықтарының фольклорында жиі кездесетін кейіпкер.

:: Албасты- су тылсымына байланысты әзәзіл пері. Албастылар өзен-көлдердің маңайын мекен етіп, ұсқынсыз әйел кейпінде көрінеді. Әдетте, ол жағалауда жайбарақат шашын тарап отырады. Олардың қолында әрқашан да сиқырлы кітап, тарақ, күміс теңге жүреді. Албастылар адамның түсіне еніп, шошытып, ауруға шалдықтырады.

:: Перілер - адамға дос та емес, адамға қас та емес аралық бейнелер. Олар негізінен орманды жерлерді, болмаса елсіз құла дүзді мекендейді. Перілер азамзатқа көрінбей, бұл дүние мен ол дүние аралығындағы тылсым әлемде өмір сүреді.

:: Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай, қонақжайлық көрсету керек.

II. Негізгі бөлім
-Қалай ойлайсындар, адамдар мифтер мен аңыздарды не үшін ойлап табатын?

а) "Kahoot!" викторинасы
Сұрақтардың жауабын дұрыс таңдау.

б)"Сәйкесін тап" тапсырмасы
Топпен жұмыс жасау, әр мифтік кейіпкерді тиесілі мифологиямен байланыстыру.

Имир- скандинавиялық мифология
Кощей- славяндық мифология
Медуза Горгона- грек мифологиясы
Анубис- мысыр мифологиясы
Қытай айдаһары- қытай мифологиясы
Вертумн- рим мифологиясы
Ганеша- үнді мифологиясы

в) Сергіту сәті "Менің жаңа досым"
Ит немесе мысық суретін қалауынша бояп, безендіріп, атын қойып қалғандарына сипаттау

III. Қорытынды
- Рефлексия
- Ал енді тәрбие сағатымызды қорытындылайық.

-Бүгінгі сабақ сендерге қызықты болды ма? Тәрбие сағатынан алған әсерлерінді осы қағаздарға жазып, гүл жапырақшасы ретінде жабыстырып қойындар, сонда бізде құлпырған қуаныш гүлі шығады.

-Сабағымыз сендерге жақсы әсер қалдырды деп сенемін, назарларыңызға рахмет. Сау болындар!

Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік тәрбиесі
Сынып сағатының құрылымы
Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол
Тәрбие сағат тақырыбы
Ақпараттық оқыту технологиясын экология сабақтарында қолдану әдістері
Отбасым - қымбат қазынам
Тіл құдіреті
Тәрбие сағатының тақырыбы
Менің күн тәртібім
Ата-ананы сыйлау - басты парызың. 7-сынып
Пәндер