Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Пайымдау мәтіні

Тақырыбы: Пайымдау мәтіні
Мақсаты: Талқылау мәтінінің сипаттау мәтінінен айырмашылығын
байқату, оқушыларды өз ойын дәлелдеуге үйрету.
Әдісі : түсіндіру, ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: журнал, сөзжұмбақ, схема
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мен оқушы баламын,
Оқу ,білім аламын.
Мәтін түрін игеріп,
Сабақта белсенді боламын.
ІІ. Қызығушылығын ояту

ІІІ. Жаңа сабақ
Пайымдау- ол белгілі бір нәрсе жайлы тұжырымдау, пікір айту, дәлелдеу, қорытынды шығару, түйіндеу.
Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? сұрағына жауап береді.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Сызбаларды құрастыр.
Мәтіннің негізгі бөліктері қалай аталады?
Осы бөліктер пайымдау- түсіндіруде қалай аталады?
Сызбадағы шегіністер мен үзік сызықтар мәтіннің негізгі бөлігінің ішінде қандай мағына береді?
1-тапсырма Пікірдің ақиқаттығына келтірілген дәлел (аргумент)
Қара қошақан мен ақ қошақанның басынан кенкен оқиғасын оқы. Мәтінде қарамен боялған екі тезиске пікірдің ақиқаттығын келтіретін дәлелдер тап. Тезистен келтірілген дәлелге сұрақ қой. Осы Дәлелдері жеткілікті ме?

2-тапсырма
Сызбаны қарастыр.
Аргументтің құрылымы қандай?
Олар қандай бөліктерден тұрады?
3-тапсырма
Абайдық қара сөзінде келтірілген дәлелдерді сыз мен үлгіні пайдалана отырып, түсіндір.
4-тапсырма
Сызбаны құрастыр. Дәлелдерде қандай фактілерді пайдаланады? Түсінгеніңді айтып бер.
5-тапсырма
Төменде келтірілген мысалдан тезистер мен аргументтерін тап. Сызбаға сүйене отырып, аргументте келтірілген фактілерге сипаттама бер.
ІV. Қортынды
Рефлексия

Қорытынды
1-4сыныптарға арналған <<Шешендік өнер әліппесі>> факультатив сабағы оқушылардың рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл - ойы мен сана - сезімін дамытады, әр оқушының сөздік қорын байытады, жақсыдан үйреніп жаманнан жиренуге тәрбиелейді, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады, қазақ шешендігінің өзіндік ерекшелігін танытады. Сабақта жаңа ойды дұрыс жазып үйренеді, оқушылар эссе жазады, тақырыптарға байланысты шағын өлеңдер жаттап, ұйқастар арқылы өлеңдер құрастырады, суретке қарап әңгіме құрастуға үйренеді. Сонымен қатар оқушылар <<Шешендік өнер нені үйретеді?>>, <<Сөйлем мәнері>>, <<Сөйлеу мәдениеті>>, <<Тіл және сөйлеу>>, <<Тыңдау мәнері>>, <<Жаңа ойды дұрыс жазып үйренеміз>> тақырыптарын меңгеріп, <<Кітап- асыл қазына>>, <<Тыңдау мәнері>>, <<Тыңдаймыз және түсінеміз>> атты тақырыптар туралы түсінік алды. Өлеңдерді мәнерлеп оқу дағдылары артып, ертегілерді, әңгімелерді түсіне оқып, оны мазмұндау,сахналау өнерін де меңгерді. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпаны Абылай ханның сөйлеген сөзі: "Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек", - дегендей, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, - деп таңырқап, тағзым еткен тіл - мемлекеттік тіл, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік!

Ұқсас жұмыстар
Мәтіннің түрі
Сөйлемнің түрлерін қайталату
Тақырып - Сипаттау мәтіні
Сөйлем. 3 сынып
Күләш Ахметова. Астана
Мәтіннің құрылымы, түрлері. жоспар
Топтық оқулық
Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні
Сипаттау мәтіні
Қазақ тілінен 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер