Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бастауыш шағын жинақты мектеп
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Педагогикалық Университеті
Реферат
Тақырыбы: Білім беру мазмұнын жаңарту аясында шағын жинақты мектепте оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Орындаған: Асанов Аброр
Тобы: 102-28
Қабылдаған: Нурсеитова Л
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында шағын жинақты мектепте оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады.
*Бақылаудың орнына - ынталандыру;
*Мәжбүрлеудің орнына- кеңес беру;
*Ауыстырудың орнына - сенім білдіру;
*Үгіттеудің орнына түсіндіру;
*Басқарудың орнына қатысу;
*Айқайлаудың орнына - әзілдеу;
*Кінәләудің орнына - қорғау;
*Бұйрық берудің орнына кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу.
Қазақтың кемел дарын, таңғажайып, талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов <<Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек>> деген
Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі - шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Себебі ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен, оқушы саны да кеміп келе жатыр.
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: <<шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп>>.
Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп:
- біріктірілген сыныптармен;
- біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты - бағдарлама мен мектеп белгіленген жоспарды орындап шығу. ШЖМ - нің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
- біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрлысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
- сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;
Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен келесі ерекшелігін туғызады:
- бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыты, мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты;
- екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
Шағын жинақты мектептің үш түрі болады, олар:
1) Бастауыш шағын жинақты мектеп;
2) Негізгі шағын жинақты мектеп;
3) Орта шағын жинақты мектеп.
Білім беру мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі - ондағы оқушы санының аздығы, ал қалған ерекшеліктер осы критерий негізінде туындайды.
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады, себебі бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады, сол үшін мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты пайдалануды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек;
ШЖМ - нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын артыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
- дәптер тексеруге, жеке - дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3 - 4 сынып) оқушылары кіші сынып (1-2 сынып)оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
- Бұндай мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.
ШЖМ - тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері, кері жақтары да бар:
-әр жастағы оқушылар ұжымын бір сыныпта оқыту;
-әдістемелік және техникалық базаның қамтамасыз етілмеуі;
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
- ШЖМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;
Шағын комплектілі мектептегі қиындықтарды жеңу жолдары:
*сабақ оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы,
*бірнеше сыныптың материалы бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы;
*көрнекі, дидактикалық құралдар алдын ала дайындалуы;
*сабақ тақырыбындағы өзара байланыс халықтық педагогикаға негізделуі керек.
ШЖМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
Қазіргі таңда мемлекетімізде ауыл жұртшылығының демографиялық ахуалының өзгеруіне байланысты мектептерде бала саны азайып, шағын жинақты мектептер саны, оның ішінде қосарланған сынып сандары көбеюде. Біздің мектепте де оқушы саны аздығына байланысты, қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылары мен ортаңғы буын оқушылары қосарланған сыныптарда оқытылады. Шағын жинақталған мектептердегі қосарланған сыныптарда оқушылардың білім сапасын және шығармашылық қабілеттерін арттыру әр ауыл мұғалімінің көкейтесті мәселесі болып табылып отыр. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев <<Ауыл - бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы біздің ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауды талап етеді>> деп атап көрсетті. Біздің мектептің алға қойған өзекті мәселесі: <<Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру>>. Осы мәселе негізінде әдістеме бірлестігі, оның ішінде әр пән мұғалімі өз алдына шешуді қажет ететін өзекті мәселелер қойды. Менің алдыма қойылған өзекті мәселем <<Қосарланған сынып жаңашылдық пен шығармашылық әдіс - тәсілдері арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, білім деңгейін көтеру>>. Бұл мәселені шешу үшін мен өз деңгейімді, сонымен қатар оқушылардың деңгейін ескере келе, алдыма мақсат пен міндеттерді қоюды жөн санадым.
Міндетім:
- Өзімнің теориялық білімді күнделікті заман талабына сәйкес етіп жетілдіріп отыру.
-Жаңартылған бағдарламаға байланысты жаңаша оқу технологияларының элементтерін тиімді пайдалану.
- Сабақ жоспарлары бойынша түрлендіріп, оқушы білімінің сапасын арттыруға негіздеу.
- Сабақта пайдаланатын қажетті көрнекілік құрал жабдықтардың, сонымен қатар талапқа сай болуын ескеру.
Мақсатым:
- Біріктірілген сыныптардағы әр оқушының алған білім деңгейі мемлекеттік білім стандартына негізделген және бағдарламаға сәйкес болуын көздеу.
- Оқушылардың шығармашылық деңгейін арттырып, өз беттерінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Ата аналармен тығыз карым - қатынас құру арқылы оқушылардың саналы да тәртіпті шәкірт болуын қалыптастыру, тапсырмаларын орындау барысында жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға жетекшілік етемін. Бұл мәселе, біріктірілген сыныптар үшін оңай емес, қазіргі таңдағы 5 күндік оқуға ауысуға байланысты, 40 минут ішінде екі сыныпқа бірдей білім мазмұнынын толық жақты болуы талап етіледі. Мұғалім, яғни ұстаз өз білімділігімен шығармашылық әрекетін толық көрсетіп, балаға берген білімі мол болса, оқушы да оны қабылдап алуға мүмкіндігі болады. Дәлірек айтсақ, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойлаумен шектелмей, деңгейіне қарай оқушының әрекетіне де мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз
бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.
Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез - келген әрекет талдаудан басталады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушыларды талдауға үйретуде тәсілдер жүйесін мақсатты түрде пайдалана білген жөн.
Шағын жинақты бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз болғандықтан, оқушылардың сабақ үстінде бір - біріне аландайтындары белгілі. Шағын жинақты мектептің көпшілігіне тән жағдай бір ғана мұғалім басқаратын қосарланған сыныптың сабақ процесі. Мұндай сабақты өткізу мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Сөз соңында өз ойымды белгілі педогог К. Ушинскийдің <<Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады>> деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.
Пайдаланылған әдебиеттер: Бастауыш сынып журналы
Интернет ресурстар

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz