Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дәстүрлі емес сабақтар

Бекбаева Нартиза

8- тапсырма

1. Сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
2. Сабаққа қойылатын талаптар.
3. Сабақтың типтері мен құрылымы.
4. Дәстүрлі емес сабақтар.

1. Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке - дара, топтық және сынып - сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың "белл - ланкастер" жүйесі тарады. "Сатылы" немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әр түрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200 - 300 немесе 600 - ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. Басында "дальтон - жоспар" оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі- оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі-оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3 - 4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
Сыныптағы оқушылар құрамының әр кезде тұрақты болуы.
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұраааақтыыыыыы бір мезгілінде бастап , аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әр кезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынады. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып - сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай - ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт - бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.

2. Сабаққа қойылатын талаптар .
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын - ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай - ақ сабақта оқушылардың бойына біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
4. Сабақта мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. "Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек" - деп Ж.Аймауытов жайдан - жай айтпағанын ескеру керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемелық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым - қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым - қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым - қатынас жасау және қарым - қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.
8. Сабақта, оқушыларға білім берумен қатар, оларды өздігінен білім алудың әдіс - тәсілдеріне үйрету міндет.
9. Сабақта оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
10. Сабақтың дидиактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір - бірімен өзара байланыста, бірін - бірі толықтырып тұрылуы қажет.
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу - техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.
3. Сабақтың типтері және құрылымы. Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортаң бір белгіні табу үшін оларды "жіктеу" керек. Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қарай кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау, аралас сабақтар деп бөлінген.
Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар:
1) аралас сабақ;
2) жаңа материалды оқу;
3) жаңа іскерлікті қалыптастыру;
4) білім, іскерліктерді бекіту;
5) жинақтау және жүйелеу;
6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану;
7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
Сабақ құрылымы - сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар. Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі. Жаңа оқу материалын оқу сабағы. Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек. Жаңа материалды көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады. Бір сабақта бірнеше, мысалы, 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ іскерлік пен дағдыға машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін тыңдау, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (тәжірибе және зерттеу түріндегі өздік жұмыстар) орындалады. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету үшін проблемалық әдіс, қызықты мысалдар, фактілер қолданылады, талқы ұйымдастырылады, кейбір теориялық ережелерге оқушылар өз мысалдарын келтіреді, көрнекі және техникалық құралдар пайдаланылып, меңгерілген білімдер ретке келтіріледі және бекітіледі. Кейбір жаңа оқу материалын өткен оқу материалын білмей меңгеру мүмкін емес. "Таза" күйдегі жаңа оқу материалын оқу орта және жоғары сыныптарда қолданылады. Себебі жаңа материал көп, оқушылар белгісіз оқу материалдарымен ұзақ жұмыс істей алады. Бастауыш мектепте тек жаңа материалды оқыту қиын, себебі оқушылар әлі күрделі оқу жұмыстарына әзір емес. Аралас сабақ жаңа материалдың шағын бөлігін бекітумен ұштасады. Оқылатын материалды бекіту сабағы жекелеген тақырыптарды, бөлімдерді өткен соң, материалды терең түсіну және меңгеру мақсатында өткізіледі.
Математика, физика, химия сабақтарында ол есептер және мысалдар шығарумен байланысты. Тіл сабақтарында диктанттың алуан түрлері, шығарманық қысқаша мазмұны жазылып, оларды мұғалім тексереді және бағалайды. Әдісі: ауызша, жазбаша жаттығу, білім тексеру, бағалау. Тәсілдер: перфокарта, карточкалармен жұмыс, кесте жасау.
Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі.Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама, есептер және мысалдар шығару, т.б.) сынақ, тәжірибелік (зертханалық), сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т.б. Осы сабақ түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі. Оқушылардың білімін тексеру және бағалаудың соңғы, жоғары түрі - емтихан. Бақылау сабақтарында оқушылардың өз білім, ісқорлік, дағдыларын танымдық-тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайындығы айқынырақ көрінеді. Бақылау сабақтарын өткізгеннен кейін оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларындағы, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруындағы кемшіліктер анықталып, оларды талдап, жоятын арнайы сабақ өтеді, оқушылардың және мұғалімдердің іс-әрекеттеріне керек болса түзетулер енгізіледі.
Қайталау сабағы. Бұл сабақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту. Түсіндіретін бөлік мұғалім нұсқауы, оқушыларды оқу жұмыстарына психологиялық жағынан әзірлеп, есептер шығару, шығарма, диктант, шығармашылық жұмыстар жазу. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне және бірқалыпты жұмыс істеуіне мұғалім кеңес береді. Соңғы бөлімде өткелі отырған жаңа бөлім, курс тақырыптарын оқу қай бағытта жүретіні айтылады.
Кейде сабақтың осы типінің мынадай элементтері болады:
:: мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі;:: оқушылардың сұрақтарына жауап;:: оқушыларға тапсырма беру;:: тапсырманы тексеру;:: үйге тапсырма, сабақтың аяқталуы.
4. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда. Олар, әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын жаңалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Дәстүрлі емес сабақтар - қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері.

Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары. Енді осыларға жеке - жеке тоқталып, талқылайтын болсам: Ой қорыту сабақтары оқушылардан нақты тұжырым, қорытындыларды, ой-түйіндерді талап ететін дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.
Семинар сабағы - Семинар сабақтары көбінесе оқылған дәріс тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Модульдік сабақ. Модульдік сабақ бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленеді. Біріншіден, сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі жөнінде толық мағлұмат алады. Екіншіден, топ болып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Үшіншіден, өзінің жеке басының мүмкіндіктері мен қабілетәін ескере отырып, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын өз бетінше шығаруға кететін уақытын жоспарлауға дағдыланады. Төртіншіден, әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әртүрлі деңгейде алуға болады. Модульдік сабақ өтілген тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушының білімін тексеріп бағалауға мүмкіндік береді.
Ойын сабақтары. Ойын сабақтары - дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері. Ойын сабақтары оқушыларды қайырымдылыққа, достыққа үйрете отырып, олардың бойындағы белсенділік қатынастардың дамып, шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді. Ойын сабақтарына: саяхат, театр, концерт, тренинг, жұлдызды сағат, ғажайыптар алаңы, ойлан, тап!, аукцион, бақытты сәт және т.б. сабақтар жатады.
<<Жұлдызды сағат>> сабағы қайталау-пысықтау сабақтарында, әрі білімді тексеру үшін, әрі білімді жүйелеу мақсатында өткізілетін дәстүрлі емес сабақтың көптеп тараған түрі. <<Жұлдызды сағат>> сабағы белгілі бір тақырыпқа арналады. Ойыншылардың саны алғашқыда 5-7 болады да, әр бөлім сайын ұпайы аз ойыншы ойыннан шығып отырады, ең соңында білімі терең, жеңімпаз ойыншы <<Жұлдызды сағат>> төрінен орын алып, ойынның жүргізілуі барысы, келешек туралы өз ойын білдіреді. Ойын оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулиды.
Театр сабағы - сабақтағы өтілетін материалдарды рөлдерге бөліп, кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырт көзге қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес.
Тренинг сабақ - белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарының бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі - тренингке қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек. Тренинг сабақтар оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады, арттыра түседі.
Саяхат сабағы - белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап, көздеген жерге серуендеп бару негізіне құрылған сабақ.
<<Ойлан, тап!>> сабағы - ойын сабағының ең маңыздысы. <<Ойлан, тап!>> сабағы - білімді жүйелеу, қайталау және тексеру с абақтарын пайдаланған ұтымды. Сабақтың еркшелігі - сабақта қызықты шытырманды мәселелер қарастырылып, шешуін табуда оқушылардың терең білімді талап етеді. Осындай <<Ойлан, тап!>> сабақтарының оқушылар үшін маңызы зор болады, өйткені олар көпке дейін оқушыларға үлкен ой салып, танымдық қызығушлықтарының артуына жол табады.
Аукцион сабақ. Аукцион сабақ дәстүрлі емес сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Аукцион сабақтары көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарында пайдалану қолайлы. Аукцион сабағының негізіне-бәсеке жүргізу жатады. Аукцион сабағында әртүрлі заттар көрмеге қойылады, оқушылардың ол заттарды сатып алу үшін, ол заттардың қасиеттерін айтып, артындағы тапсырмаларды орындаулары керек. Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
<<Ғажайыптар алаңы>> - дәстүрлі емес сабақтардың ерекше түрі. <<Ғажайыптар алаңы>> сабағы көбінесе қайтала-пысықтау сабақтарын өткізгенде пайдалануға тиімді. Бұндай сабақтарға оқушылардың қызығушылығы өте жоғры, өйткені жеңімпаз оқушыны шағын <<сыйлықтар>> күтіп тұрады. Сабақ 3 турдан және ақтық ойыннан, көрермендерден (тыңдаушылармен, жанкүйерлекрмен) ойындардан тұрады. Әр турға 3 оқушыдан қатысқанда, бір сабақта оқушылардан түгел сұрауға мүмкіндік туады.
Жарыс сабақтары. Жарыс сабақтары - дәстүрлі емес сабақтарының ең көп тараған түрі. Жарыс сабақтарының ерекшелігі - оқушылардың бойында ізгілік, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлестерін қосады.
Жарыс сабақтарына жататындар: сайыс сабағы, Не ? Қайда ? Қашан?
Жарыс сабақтарында сыныпқа 2 топ бөлінеді, әр топтың өзінің жанкүйерлері және топ басшылары болады. Жарысқа қатысатын әр топтың сабақтың тақырыбына байланысты, аты, ұраны болады. Жарыс сабақтары: сәлемдесу, топ басшыларының сайысы, жанкүйерлер сайысы сияқты бөлімдерді міндетті түрде қамтиды, ал қалған бөлімдері сабақтың тақырыбы мен сыныптың біліміне қарай таңдалынып алынады. Жарыс сабақтары оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа, жолдастық көмекке үйретеді.
Қорытындылай келе, қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлері - бұл білімнің басымды мақсаттары мен біріктірілген пәндер мен әдістердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ мазмұнын, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлеріне технология оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуіне - алдын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға бағытталган іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіш. Ең алдымен педагогикалық технологияны жоспарлау, педагогикалық технологияның нақты шарттарын таңдау болып табылады. Ол тұлғаның жеке ерекшеліктеріне және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс- кимылды, сондай-ақ олардың дайындығының шарттарын таңдауды талап етеді. Білім беру ісіндегі жаңа педагогикалык технологияның мақсаты, бағыты, сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болуына, ұлттық білім беру ісін әлемдік білім беру жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты. Сондықтан казіргі заманғы оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялык және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті, ғылым мен техиканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны енгізудің жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, жаңа педагогикалық технологияны енгізудің алғы шарттары мен жолдарын көрсету қажет. Қазақсатанның қарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі оқушы - ертеңгі азамат болғандықтан педагогикалық технология- оқыту мақсатына жетудің ең тиімді жолы болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі
Оқушылар шығармашылығын дамыту шарттары
Компьютерлік оқытудың тиімді жолдары
Құзыреттілік негізіндегі заманауи сабақ
Курстан кейін мен көшбасшылықты қалай жүзеге асырып жүрмін
Сабақта жаңа технологияларды қолдану
Оқушылар бағалану үшін талпынбайтын
Күтілетін нәтиже
Дәстүрлі сабақтың түрлері
Заманауи сабаққа қойылатын талаптар
Пәндер