Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мәлімет беру, ұлы тұлға екенін таныту

Тақырыбы: <<Елбасы-ел тірегі>>
Мақсаты: 1.Оқушыларға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мәлімет беру,ұлы тұлға екенін таныту;
2.Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар. Н. Ә. Назарбаевтың қанатты сөздері, елбасының суреттері
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, бейнефильм көрсету,сөзжұмбақтар,тапсырма.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Әнұраным - жан ұраным.
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Бақыт, бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикамның әнұраны.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
ІІ. <<Ой-қозғау>> немесе <<миға шабуыл>> әдісі
1. Оқушылар 1 желтоқсан қандай мерекелі күн? (тұңғыш елбасы күні)
2.Біздің тұңғыш президентіміз кім? (Н.Ә.Назарбаев)
3.Біз қандай мемлекетте тұрамыз? (Тәуелсіз мемлекетте)
ІІІ. Әңгімелеу
Құрметті бүгінгі тәрбие сағатына қатысып отырған ұстаздар оқушылар! Бүгінгі біздің <<Елбасы-ел тірегі>> атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Елі құрмет тұтқан, Елағамыз, ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық. Слайд
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург - жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызмет атқарды.
1991жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады. Жылдар өтер,жүздеген, мыңдаған жылдар өтер, бірақ Қазақстан республикасының президенті ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев Қазақстан және жаһандық әлемнің тарихында біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады,алыпта келеді.
IV.Бейнефильм
<<Балалық шағымның аспаны>> фильмнен үзінді көрсету.
V.Сөзжұмбақ
1. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі, әнұранның авторы?(Жұмекен)
2. Қыстың бірінші айы? (Желтоқсан)
3. Ащы және тұщы судан тұратын Қазақстанның ірі көлдерінің бірі? (Балқаш)
4. Көмір шығаратын кен орны, қазақстанның ірі қалаларының бірі? (Қарағанды)
5. Қазақстанның ең суық жері? (Атбасар)
6. Бала сұлтан кім болуды армандады? (Ұшқыш)
Жарайсыңдар балалар! Сонымен қызыл текшенің ішінде қандай сөз шықты? Керемет!
Халық әні <<Қазақ осы>> орындайтын Нұрасыл
VI. Тапсырма. <<Елбасыға тілек>> тілек жазу
(Оқушылар стикерге өз ойларын,тілектерін жазады)
Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу.
Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз. Ендеше Елбасымызға өзіміздің ізгі тілегімізді жазып тақтамызға жабыстырайық.
VII.Өлең-тақпақтар
1-Оқушы-Аружан
Желтоқсаннан бастау алған егемен,
Егеменді елде берік керегем.
Қазақстан бірлігімнің айғағы,
Әлем білген басшысымен көреген.
2-Оқушы-Асылжан
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен кіші ағайындар бәріміз.
<<Ұлтым,елім>> деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де әніміз.
3-Оқушы-Айсана
Халқым менің тірегім,
Құрбан жаным жүрегім.
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы менің тілегім.
4-Оқушы-Аяулым
Көкте күннен нәр алған,
Көпке нұр боп таралған.
Елбасымыз халқының,
Бағы үшін жаралған.

5-Оқушы-Айда
Ең бастысы білім дейді Нұраға,
Елбасының сөзі ұрандай жастарға.
Үміт артқан біз жалынды жастармыз,
Қазақ елін жетелейтін тек алға.
VIII. Дәйексөз
<<Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.>> (Халық даналығы)

IX. Қорытынды
Сіз әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен,кіші, кәрімізге
Сіз басшы,халқың қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,- дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз! Назарларыңызға рахмет!
Хор <<Көк тудың желбірегені>>

Ұқсас жұмыстар
Ұлттың көшбасшысы. 4 сынып
Елін сүйген, елі сүйген ЕЛБАСЫ ( Нұрсұлтан Назарбаев )
Н.назарбаев - тұңғыш президент
Ұлт тірегі елбасы
Президенттің өмір жолы
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік
1 желтоқсан-Президент күніне арналған кураторлық сағаттың тақырыбы Біздің Елбасымыз
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың хатшысы
Біздің президентіміз кім
Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы
Пәндер