Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәуелсіздік тәжі

<<Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы>> КММ

Сабақтың тақырыбы:
<<Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры>>
(Мәнерлеп оқу)



Қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Нурадин С. Е.
Сыныбы: 4 <<Е>>

Тараз қаласы, 2021-2022 оқу жылы
<<Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры>>

Мақсаты:
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Рамазан:
-- Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар, құрметті оқушылар !
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырып отырған <<Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры>> тақырыбындағы шараға қош келдіңіздер!
Гимн орындалады.
Жәния:
-- 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 30 жыл толды.
-- Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайшылықпен келген жоқ.
Құрметті оқушылар бүгінгі мәнерлеп оқу кешіміз еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толу мерекесіне арналып отыр.

Мен Қазақстандықпын!
1-оқушы: Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған, (Әнел)
2-оқушы: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап. (Бексұлтан)
3-оқушы. Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! (Айсұлтан)
Хормен:
Туған жерім -- Қазақстан!
Өскен елім -- Қазақстан!
Ән жырым да -- Қазақстан!
Байлығым да -- Қазақстан!

Рамазан:
Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін , туған жерін мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізгелі отыр. Олай болса, ортаға жалынды жастарымызды шақырамыз!
(Ән: Қатысатын оқушылар ән әуенімен қолдарына жалау ұстап сахнаға шығады.)
1-оқушы: Қалқаман Сарин <<Тәуелсіздік>>
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!

2-оқушы:
Тәуелсіз елім

Сан ғасыр аңсаған бабамыз,
Азаттық күні үшін күрескен.
Тариx боп тіл қатар даламыз,
Өртеңнің орнына гүл өскен.
Тәуелсіз еліммен санасқан,
Әлемнің ашылды есігі.
Ынтымақ, бірлігі жарасқан,
Тербеткен бейбіт күн бесігі.
Мақтанам тәуелсіз еліммен,
Күн кешем ертеңге сеніммен.
Астана - шаңырақ,
Атырау, Алтайдың арасы
Керегем секілді керілген.

3-оқушы:
Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!
Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын!
Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын!

4-оқушы:
Қазақия
Қазақиям - азат ұям,
Қоңыр жұртым, ұлы елім.
Қаңқылдаған қаз атынан
Сөз саптаған сүлейім.

- Қанға қан! - деп,
- Жанға жан!- деп,
Атам қазақ үйреткен.
Өтті ғасыр сандаған көп
Ақ сойылын сүйреткен.

Шыңбысың сен - Хан-тәңірім,
Әлде Бетпақ - шөлмісің,
Қаңсыса да қан тамыырың
Қыңқ етпейтін көнбісім.
5-оқушы:
Тәуелсіздік - тұмарым,
Бәйтерегім - шырағым.
Ел мерейін өсіріп,
Мен де шыңға шығамын!

Көзімізде от жайнап,
Бойымызда жас қайрат.
Алға басып келеміз,
Қолымызда - көк байрақ.
6-оқушы:
Тәуелсіздік тәжі

Азаттыққа ата-бабам ғұмыр бойы шөлдеген,
Қаптап жатсын жауларым,
Таптап жатсын бауларын,
Сонда-дағы жаны сірі, өлмеген
Қазағым-ай,
Ғажабын-ай бүгінде
Бұрын-соңды көрмеген,
Отырмыз ғой төбеде сен, төрде мен.
7-оқушы:
Көкбайрағы - көгінде,
Тектілігі - тегінде!
Бірлігімен тұтасып,
Жеткен азат өмірге.
Тұғырлы елім, рухты,
Той боп жатыр төріңде!

Жүргізуші :
Жарайсыңдар! Өз елі, өз жері, өз отаны туралы өлеңдерді оқуда тәуелсіздікке деген құрметтеріңізді көрсеттіңіздер.
Тәуелсіздік күні қарсаңында баршаңызды қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен құттықтаймыз. <<Тәуелсіздік шежіресі>> атты видео көрсетіледі. Экранға назар аударыңыздыр!
<<Қазақстан туралы не білесің?>> атты викториналық сұрақтар қойылады.
* ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)
* Әнұран авторларын ата. (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев,
әні: Ш.Қалдаяқов)
* 16 желтоқсан-қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
* Елтаңбаның авторларын ата. (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)
* Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан)

Құрметті оқушылар! Тәуелсіздіктің тірегі, елдің тілегі -- сіздерсіздер! Тәуелсіздігімізді құрметтей білейік!
Ән: : <<Көк тудың желбірегені>> қатысушылар бірігіп, әндетеді.
- Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Қатысушыларға, көрермендерге алғыс айтамыз.

Ұқсас жұмыстар
Менің Қазақстаным - менің болашағым 4 сынып
Әнұранның сөзі мен әнін
«тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» танымдық-отбасылық сайысы
Ғажайып ғылымдар патшалығы. сыныптан тыс сайыс бағдарламасы
Астрофизика. 5 сынып
Елтанбасының авторы
Отбасы - мектеп, отбасы, жұртшылық бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық
Өз білімін көтеру жоспары
Жарықтың қасиеттері туралы
Мен мұғаліммін
Пәндер