Фосфордың химиялық қасиеттері, қолданылуы

Бөлім:
VIII тарау. 17(VIIА), 16(VIА), 15(VА), 14(IVА) топ элементтері және олардың қосылыстары.
Бөлім:: Педагогтің аты-жөні:
VIII тарау. 17(VIIА), 16(VIА), 15(VА), 14(IVА) топ элементтері және олардың қосылыстары.: Пернебай Аружан Балғабайқызы
Бөлім:: Күні:
VIII тарау. 17(VIIА), 16(VIА), 15(VА), 14(IVА) топ элементтері және олардың қосылыстары.: 25. 02. 2022ж
Бөлім:: Сыныбы:
VIII тарау. 17(VIIА), 16(VIА), 15(VА), 14(IVА) топ элементтері және олардың қосылыстары.: 9 «Б»
Бөлім:: Қатысушылар саны
VIII тарау. 17(VIIА), 16(VIА), 15(VА), 14(IVА) топ элементтері және олардың қосылыстары.: 35
Бөлім:: Қатыспағандар саны
VIII тарау. 17(VIIА), 16(VIА), 15(VА), 14(IVА) топ элементтері және олардың қосылыстары.: 0
Бөлім:: Сабақтың тақырыбы:
VIII тарау. 17(VIIА), 16(VIА), 15(VА), 14(IVА) топ элементтері және олардың қосылыстары.: Фосфор және оның қосылыстары
Бөлім:: Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
VIII тарау. 17(VIIА), 16(VIА), 15(VА), 14(IVА) топ элементтері және олардың қосылыстары.: 9. 2. 1. 22-фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру.
Бөлім:: Сабақтың мақсаты:
VIII тарау. 17(VIIА), 16(VIА), 15(VА), 14(IVА) топ элементтері және олардың қосылыстары.: Фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін ажырата алады және фосфор қосылыстарының химиялық қасиеттерін түсінеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақ кезеңі/Уақыты: 5 мин.
Педагогтің іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық ахуал туғызу, оқушыларға бір-біріне жақсы тілектер айтқызу. Топтық жұмысқа дайындау.

Ә) Топ ережесін еске түсіру.

Б) Топтастыру.

Оқушының іс-әрекеті:

Топтың ережесі:

1) Топ басшысына бағыну.

2) Белсенді болу.

3) Бір бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

4) Уақыт шегінде жұмыс жасау.

Бағалау: Сабақ барысында 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Ресурстар: Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақ кезеңі/Уақыты:

Жаңа сабаққа кіріспе

10мин.

Педагогтің іс-әрекеті: «Миға шабуыл» әдісін қолданып, «Фосфор және оның қосылыстары» тақырыбына слайд көрсетіледі.
Оқушының іс-әрекеті: Фосфорды 1669 жылы Х. Бранд ашқан. Фосфордың бірнеше аллотропиялық түрөзгерістері белгілі:ақ, қызыл, қара және т. б. Фосфор атомдары үш коваленттік байланыс түзеді. Табиғатта фосфор бос күйінде кездеспейді. Оны апатиттен немесе фосфориттерден алады. Фосфор көп мөлшерде минералды тыңайтқыштарды өндіру үшін қолданылады. Химиялық реакцияларда фосфор тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттер көрсетеді.
Бағалау:

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Ресурстар: Қалыптастырушы бағалау: Өз ойың дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақ кезеңі/Уақыты:

Сабақтың ортасы

5 мин.

Педагогтің іс-әрекеті: Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтәнін оқуға тапсырма беру.
Оқушының іс-әрекеті: Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
Бағалау: Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Ресурстар:

Тақырып бойынша интернет желісінен видеоролик көру.

9-сынып оқулығы, жұмыс дәптері.

Сабақ кезеңі/Уақыты:

Топтық жұмыс

10 мин.

Педагогтің іс-әрекеті: Оқушыларға постер қорғау тапсырмасы беріледі. Оқушылар 3 топқа бөлініп, өз тақырыпшаларын қорғап шығады.
Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ. Фосфордың периодтық жүйедегі орны, алынуы.

2-топ. Фосфордың табиғатта кездесуі, физикалық қасиеттері.

3-топ. Фосфордың химиялық қасиеттері, қолданылуы.

Бағалау: Саралау: Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Ресурстар: Түрлі-түсті қаламдар, плакат, стикерлер, маркер.
Сабақ кезеңі/Уақыты:

Жеке жұмыс

8 мин.

Педагогтің іс-әрекеті: Оқулықта берілген тапсырманы орындату, бақылау, мысал, үлгі көрсету.
Оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма.

1) Массасы 72 г екі валентті металл фосформен әрекеттескенде 134 г металл фосфиді түзілді. Реакцияға қатысқан металды анықтаңдар.

2) Массасы 3, 55 г фосфор (V) оксидін алу үшін фосфордың қандай массасын оттекте жағу қажет?

Бағалау: Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл.
Ресурстар: Оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақ кезеңі/Уақыты:

Сабақтың соңы

Рефлексия

7 мин.

Педагогтің іс-әрекеті:

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «БББ» тәсілімен қорытындыланады.

Оқушының іс-әрекеті:

Үйге тапсырма

Жай заттардан келесі қосылыстарды алу реакцияларының теңдеулерін жазып, электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:PCL 5, Na 3 P, Mg 3 P 2, P 2 S 3.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Бағалау: «БББ» әдісі бойынша стикерлерге жазып тапсырады. 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Ресурстар: img14.jpg

Ұқсас жұмыстар
Фосфор және оның қосылыстары
Фосфор оксидінің алынуы
Қима қағаздар топтамасы
Фосфордың химиялық қасиеттері
Фосформен әрекеттесетін заттар
Фосфор қышұылының орта тұздары фосфаттар
Фосфор элементінің периодтық жүйедегі орны
Фосфор қышқылынына жалпы сипаттама
Фосфор қышқылының тұздары
Фосфор элементі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz