Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шетел тілі пәні мұғалімі
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚЫЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мұхитқызы Балнұр
Шетел тілі пәні мұғалімі
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы <<Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі, mukhitovna1999@mail.ru
Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> Заңында <<Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,... оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу>> деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.[1]
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту білім алушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым - қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі заман талабы - жан - жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау- басты мақсат. Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Білім алушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.[2]
Бастауыш сыныптарда шетел тілін оқытуда білім алушылардың айтылым дағдысын дамытуда ойын түрлерін қолдану білім алушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.[3]Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану білім алушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.
Ағылшын тілі сабағында әрбір баланың сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір мұғалімді толғандыратыны сөзсіз.
Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, сыныптағы жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады. Шетел тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар түрінде де, лингвистикалық ойындар, қолғап ойыншықтар, жануарлар, көкөністер т.б. түрінде де ойналады. Шетел тілін үйрету ойынының мынадай түрлері бар:
грамматикалық ойындар;
фонетикалық ойындар;
лексикалық ойындар;
орфографиялық ойындар;
рольдік ойындар.
Сабақ процесінде ойын пайдаланылған кезде баланың миында <<Не істеймін? Қалай айтам? Қалай жеңем?>> деген сұрақтар тұрады. Шет тілін нашар білетін бала ойын басқалармен бірдей үйретіліп жатқан тілде сөйлеп, <<Менде басқалармен бірдей екенмін ғой, менде біледі екем>> деген ойда болады. Психологтардың айтуы бойынша бастауыш сыныптардың балалары ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшеді. Дегенмен, ойынның маңызы бұл жаста мол. 7-9 жастағы балалардың қызығушылығы мол, жаңа тақырыпты қабылдағанда әдемі, қызықты заттарға назар аударады, бірақ олардың назары тұрақсыз болып келеді. Балалар 2-3 минуттан астам әңгімесін тыңдай алмайды, сондықтан сабақ түсіндіргенде сұрақ-жауап тәсілін қолданған жөн.[4]
Бастауыш сынып оқушылары ұзақ отыра алмайды, тез шаршағыш болады, сондықтан 10-15 минут сайын ойындар, қимыл іс-әрекет жаттығулар өткізген жөн. Мен ағылшын тілі сабағында өз тәжірибемде қолданылатын ойындарды бөліскім келеді:
<> ойыны (1-сурет, 2-сурет)
Қайталау сабақтарында, үй тапсырмасын сұрағанда қолданылады.
Ойынға қажетті құралдар: қармақ, балық суретінің қиындысы, өткен сабақтағы жаңа сөздер немесе сұрақтар
Ойын барысы: оқушыларға өткен сабақтағы жаңа сөздер немесе сұрақтар жасырылған балықтар ұсынылады, оқушылар қармақпен балықты аулап берілген сұраққа жауап береді немесе сөздің аудармасын табады.
1-сурет 2-сурет
<> ойыны
Мақсаты: can модальді етістігінің қолданылуын үйрету. Can модальді етістігін болымды, болымсыз және сұраулы сөйлемдерде қолдану
Ойынға қажет құралдар: әртүрлі партаға қойылған ойыншықтар немесе аңдардың суреттері.
Ойын барысы: оқушылардың біреуі - экскурсия жетекшісі, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы, балалар аюдың қасына барады.
Жетекші: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can't fly.
Келушілер: Can it hop?
Жетекші:No, it can't.
Cосын басқа оқушы экскурсия жетекшісі болады да, ойын ары қарай жалғасады.
<> ойыны
Мұғалім оқушыларға "One of you has a birthday today. Guess who she is".
Оқушылар: What colour is her hear?
What colour are her eyes?
What is her nose like?
What is she wearing?
What is her hobby? - деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл ойын білім алушылардың айтылым дағдысын дамытуға көп көмегін тигізеді әрі білім алушының түстерді, дене мүшелерін, киім түрлерін білетінін және оларды дұрыс атай алатынын аңғаруға болады.
<> (эстафета)
Мақсаты: Білім алушылардың сөздік қорларын тексеру. Бұл ойын бір оқу бөлімін (unit) аяқтағанда не болмаса тоқсан соңында білім алушылардың қанша сөз немесе сөз тіркестері естерінде қалғанын тексеруге арналған.
Сыныптағы санына байланысты білім алушылар топқа бөлінеді. Әр топ мүшелері бірінен соң бірі тұрады. Ең соңындағы топ мүшелері мұғалімнің сұрағына дұрыс жауап берген сайын алдыға жылжи береді. Кезек келесі топ мүшесіне келгенде эстафета таяқшасын (болмаған жағдайда қалам) береді. Осылайша жалғасып, қай топ мүшесі мәреге алғашқы болып жетеді, сол топ жеңіске жетеді. (5-сурет, 6-сурет)
Аталған ойындар арқылы білім алушылардың:
айтылым дағдысын дамытады;
сабаққа қызығушылығы артады;
белсенділігі артады;
материалды меңгеруге түрткі болады.
Ойын әрекетінсіз шетел тілі лексикасын баланың есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл-ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын шетел тілі сабағында оқутыдың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет.[5]
Орта буын оқушылары 5-6 сыныптар А деңгейіндегі (базалық сөздік қор) 400-500 сөз активтік сөз қорын меңгеруі тиіс. Бұл күнделікті байланыс кезіндегі 90%,ал жазбаша 70 % жуық сөзін жоқтатпайды. 7-8 сыныптар Б деңгейіндегі (минималдық сөздік қор ) 800-1000 сөз. Бұл шамамен 95% ауызша, 90% жазбаша мәтіндегі сөздің орнына жүреді. Бұл сөздік қорды меңгерту мұғалімнің сабақтарда жүргізу сапасына тікелей байланысты және оқушылардың сабақта танытқан белсенділіктеріне қатысты. Оқыту кезіндегі мұғаліммен оқушылардың бірлесе жұмыстануы жеке тұлғаның білімді игеруі жемісті болмақ. Ағылшын тілінде оқушыларға функционалдық сауаттылық не үшін керек? Оқушылардың ағылшын тілінде айналада толып жатқан ақпарат тасқынын түсіну үшін, өмірде заманауи құралдарды игеріп қолдану үшін, нақтырақ айтқанда, компьютер тілін меңгеру үшін, оны дұрыс қолдануда, Интернет желісінен керекті ақпарат алуда, ұялы телефонды керегіне жарату үшін ағылшын сөздерін түсінуі тиіс. Айнала ағылшын сөздеріне толы жарнамаларды, киімдер , түрлі тауарлар да жазылған этикеткаларды түсіну, өзінің қауіпсіздігін сақтау үшін де қажет және тағы басқа да жағдайларда қажет екені баршаға аян.[6]
Мектебімізде 2019 жылдан бастап білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық пәндер арасында <<Жыр керуені>> , <<Ағылшын маршы>>, << Русский караван>>, <<100 кітап>> жобалары жүйелі жүргізілуде. Оқу жылының басында аталған жобалардың жоспары мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарымен бекітіледі. Жобалар әр айдың бейсенбі күндеріне жоспарланады. Соның ішінде шетел тілі пәні мұғалімдері білім алушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, актерлік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, әлемдік әдебиет шығармашылығымен сусындату, әлемдік әдебиетке қызығушылықтарын арттыру мақсатында <<Ағылшын маршы>> жобасын жүргізеді. Жоба жоспарында әлем әдебиеті оның ішінде ағылшын әдебиеті классиктерінің шығармашылығы, әлемнің үздік ертегілері қамтылады. (3-сурет, 4-сурет)
3-сурет 4-сурет
Сонымен қатар, 5-10 сыныптар арасында әр ай сайын бірлестік ішінде оқылым мен айтылым дағдыларын дамытуға арналған "Who is the best speaker?" сайысы жүйелі түрде өткізіледі. Білім алушыларға жас ерекшеліктеріне сай мәтін беріледі, берілген мәтінді сайыс барысында мазмұндауы керек. Мазмұндау барысында қатысушының аудиториямен жұмыс жасауы, дауыс интонациясы, сөздерді дұрыс айтуы, мәтінді жаттанды түрде емес өз сөзімен жеткізуі бағаланады. (5-сурет, 6-сурет)
5-сурет 6-сурет
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру - бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Ағылшын тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауғай алуды қалыптастыру. Оқытушы шеберлігінің өзегі - тіл байлығымызды дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорының деңгейімен және сөйлеу мәдениетіміз бен сабақтас екендігін байқар едік.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Алматы.Литература,1999,96-б
М.М. Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 20025. 12-жылдық білім, №2 20076.
https://bilimger.kz/51564/
Заманауи білім ортасы: жаңашылдық, тәжірибе, келешек/Қарағанды 2019
https://infourok.ru/ailshin-tilin-oituda-tidalim-men-oilimdi-damitu-387211.html
https://bkokdi.kz/kz/2015confpisa1/1694-2.html

<

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz