Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
І ТАРАУ. АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУ - ТАНЫМДЫҚ ІС - ӘРЕКЕТІН АРТТЫРУ
1. 1 Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты . . .
1. 2 Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын қолдану ерекшеліктері . . .
ІІ ТАРАУ. АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
2. 1 Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындар . . .
2. 2 Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзіреттілікті дамыту . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Елбасымыздың әрбір жолдауында кез-келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе - мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат - білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс -тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады.
Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда, оқытудың жаңа жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе.
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтері мен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ойын дегеніміз - жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында - көңіл күйін сергітеді, ерік жігерін дамытады, сабақта ынтасын арттырады. Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Зерттеу мақсаты: ағылшын тілін ойын технологиясы арқылы оқыту әдістемесі және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Зерттеу міндеттері:
- ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясын қолдану ерекшеліктері;
- ойын технологиясын қолданып оқыту арқылы оқушылардың танымын арттыру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУ - ТАНЫМДЫҚ ІС - ӘРЕКЕТІН АРТТЫРУ
- Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Елбасы жолдауында кез - келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат - білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі. [1]
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады.
Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда, оқытудың жаңа жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. 12 жылдық оқу мерзімінде оқытуда жалпы орта білім беру мазмұнында қазіргі білім беру салалары сақталады: тіл мен әдебиет.
Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
- Алфавитті дұрыс меңгерту
- Орфографияны дұрыс оқыту
- Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру
- Лексиканы меңгерту
- Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданылып, сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
- Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
- Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
- Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау.
- Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
- Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау.
- Ойындардың өту барысының жоспарын жасау. [2]
Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн.
Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
- What's in the bag?
- Around the world
- Board Race
- Order Race
- Bingo
Go fish ойындарын қолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. [4]
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл - ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта - ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез - құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдаланып отыру керек.
Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады. Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Іс-әрекетті кесте түрінде қарастырсақ, оқушының белсенділігімен білім сапасын көрсетеді. Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады. Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы баяндамада тілді меңгерту мақсатында сабақта қолданылатын түрлі ойындармен таныстыра кетуді жөн көріп отырмын. [5]
- What’s in the bag? (Сөмкеде не бар ойыны)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz