Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сізде еріктілер қатарында бола аласыздар

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
MиИ-421 тобында өткізілген куратор сағаты
Х А Т Т А М А

03.12.2021ж
Уақыты: 13.30
Орны: 410, 2 корпус
Куратор - Шаматаева Н.К.
Хатшы - Сансызбай Мадина.
Қатысқандар: 20 студент

КҮН ТӘРТІБІ:
Волонтерлік қозғалысты дамытуға арналған " Волонтерлік - патриотизмнің жоғары көрінісі" атты тақырыбына тәрбие сағаты.

Сабақтың мақсаты: Ерікті қызметіне азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш - қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, интерактивті тақта.

ТЫҢДАЛДЫ: Топ кураторы Шаматаева Н.К. студенттерге куратор сағатының тақырыбын, мақсат-міндеттерін айтып өтті. Топ студенті Нұрмағанбетов Нұртілеу тақырып бойынша қысқаша баяндама жасады:

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған өз Жолдауында сындарлы диалог елдің тұрақтылығына, оның одан әрі дамуына септігін тигізеріне тоқталды. Әсіресе, ол Жолдауда тиімді экономика, заңнамаларды жетілдіру, ұлт бірлігі мен азаматтардың қауіпсіздігіне бас назар аударып отыр. 2020 жыл <<Еріктілер жылы>> болып бекітілді. Басты мақсат - ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Еріктілер жылы не үшін жарияланды? Ерікті деген кім? Мүмкін қазақ қоғамы үшін волонтер немесе еріктілер деген атау тосын естілуі мүмкін. Бірақ, шын мәнінде еркіті жұмыс істеу, өзгеге көмектесу қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан, қанына сіңген жақсы қасиеттерінің бірі. Қазақ қашанда жетімін жылатпаған, ағайыны бір жұмыс бастаса жұмыла көмектескен халық. Демек, қазақ халқы үшін <<еріктілер жылы>> ешқандай да бөтен ұғым емес.

Сансызбай Мадина:
Волонтер деген сөздің мағынасын ашар болсам, ол адамдарға ақысыз көмек көрсету болып табылады. Яғни, жүрек түкпірі мейірімге толған жандар, әрдайым қасындағыларға көмек беретін жандар волонтер, қазақша баламасы <<ерікті>> дегенге саяды. Қазақ елінде де, шет елдерде де волонтерлерге деген сұраныс ерекше екені даусыз.
Айналасындағы жандарға мейірім көрсететін адамдарды қазақ халқы <<асар>> деп атағаны тарихтан белгілі. Ол атаққа ие жандар, ас-суы жоқтарға тамақ үйлестіріп, азық-түлік жағы мен материалдық жағынан көмек қолын созатын болған. Яғни, волонтер яки ерікті сөзі біздің ұғымымыздан тысқары емес екенін түсінеміз. Барлық ел мен оның дәстүрінде бар өзгеге көмек қолын созуды, біздің ата-бабамыз да терең түсінгенін анық көруге болады.
Жалпы қандай мезгіл, қандай да бір оқиға болмасын волонтерлар, сол саланың маманы секілді алдыңғы қатарда жүреді. Өзгеге көмек қолын соза алған жандардың барлығы ерікті бола алады. Волонтер болу, жасты, мезгілді, қандай да бір талапты қажет етпейді. Ол үшін сіз - өзгеге көмек қолын созып, қандай да бір жағдай бола қалған кезде, сол адамның жанынан табылып, еліңізбен, өз ұлтыңызбен бірге екеніңізді көрсете білу қажет.

Қалдыбай Марал:
Волонтерлік - бұл сөзсіз өмір сүру стилі. Бір рет волонтер болуға бел бусаң, сен мәңгілікке волонтер боласың. Бүгінде волонтерлік қызмет танымал: белсенді азаматтар бастамашыл топтарға жиналып немесе бар үкіметтік емес ұйымдарға қосыла отырып балалар үйлеріне, арнайы медициналық мекемелер мен балаларға немесе мұқтаж жандарға ерікті түрде көмектеседі.
Бүгінгі күні елімізде үлкен қалалар мен ауылдарды есептегенде 200-ден астам волонтерлік ұйымдар бар. Үкіметтік емес ұйымдармен волонтерлік бағыт бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 68 жоба жүзеге асқан. Қазақстандағы волонтерлік бойынша ең белсенді бағыттар: әлеуметтік, іс-шаралық, жануарлармен жұмыс, этно-волонтерлік. Біз үшін жаңа бағыттар: ТЖ, медицина, мәдениет, медиа мен онлайн волонтерлік. Мемлекеттегі ең танымал волонтерлік ұйымдар ретінде 5000-нан астам ҰОС ардагерлері мен тың еңбеккерлерін қамтыған маңдай алды жобасы <<Жеңіс>> жобасы болған Ұлттық волонтерлік желіні атасақ болады. Қазір Ұлттық волонтерлік желі бүкіл Қазақстандағы 56 ұйымның басын біріктіріп, волонтерлік мәдениетін халықаралық деңгейде дамытуда.

Әсіл Таңат:
<<Қазірдің өзінде жер бетінде 1 миллиардқа жуық адам волонтерлікпен айналысады. Олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі зор. Көптеген елде волонтер атану қалыпты жағдай, үлкен құрмет саналады. Жұртшылық оларды сыйлайды. Мысалы, Франция халқының жартысына жуығы волонтер атанған. Германия мен Жапонияда волонтерлердің саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Біз де осындай деңгейге ұмтылуымыз керек. Азаматтарымыз өзгеге көмек көрсетуден аянып қалмауы тиіс. Сол арқылы қоғамда әлеуметтік жауапкершілікті арттырамыз>>, деді Президент.
Хакім Абайдың <<Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін>> деген ұлағатты сөзін келтірген Президент волонтерлікті кеңінен дәріптеп, береке-бірлігімізді арттыратын шараларға бір ел, тұтас ұлт болып атсалысу қажеттігін атап көрсетті.
<<Волонтерлік - патриотизмнің бір көрінісі. Еріктілер, ең алдымен, елдің игілігіне қызмет етеді. Олардың жұмысы азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Волонтерлік - <<бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып>> әрекет ету. Волонтерлік - халқымыздың шынайы болмысы. Бұл бастама ұлтты ұйыстырып, мемлекеттілікті нығайту үшін қажет>>, деді Қ.Тоқаев.

Куратор:
Ерікті болу басында айтып өткеніміздей сізге ешқандай материалдық қажеттілік бермейді. Бірақ сіз оның орнына алғыс аласыз, жақсылыққа кенелесіз. Бұл сіздің адамгершілігіңіздің белгісі. Дегенмен ерікті болу арқылы сіз үлкен тәжірибе жинақтайсыз. Әсіресе еріктілердің аудармашы ретінде қатысулары үлкен пайда. Ол еріктінің тілді еркін меңгеріп кетуіне, жұмысты үйренуіне септігін тигізеді. Ортамен тез тіл табысуды меңгеріп, адамгершілігі мол таныстар, достар табасыз. Кей еріктілердің жұмысына қарай, олардың белсендігі үшін белгілі бір көлемде ақша төленбесе де оларға сыйлық ретінде түрлі заттар берілуі мүмкін. Құрметті студенттер! Сізде еріктілер қатарында бола аласыздар.

Мәжіліс төрағасы: Шаматаева Н.К.

Мәжіліс хатшысы: Сансызбай М.

Ұқсас жұмыстар
Өз бақытың, өз қолында
Италия мен Германияда революция
Мұғалім апай, сізде
Санның бөлігін табу жайлы
Қытай мемлекеті
"Санның бөлігін табу"
Топқа бөліну. Сабақтың мақсаты
Ауқымды желі. интернет. www іздестіру жүйелері
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер Шеберлік сыныптың мақсаты Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімдердің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолданып отыруына ықпал ету
Мектеп басшылары мен ұжым мүшелеріне арналған сауалнамалар жинағы
Пәндер