Түсіну тапсырмалары

Жоспар:

Кіріспе

I. Жаңартылған білім мазмұны

1. 1. Жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігі

II. Математика сабағында жағартылған білім мазмұнының ерекшеліктері

2. 1. Математика сабағында жаңарталған білім беру жүйесін қолдану

2. 2. Математика сабағында жаңартылған білім жүйеснің тиімділігі

Қорытынды

Кіріспе

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілді.

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі - орыс тілі және ағылшын тілі - әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті.

I. Жаңартылған білім мазмұны

1. 1. Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

  • оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
  • әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
  • жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.

Екінші ерекшелігі: Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.

Кесте №1

Білу
Нақты іс-әрекетті іске асыру
Білу: Түсіну
Нақты іс-әрекетті іске асыру: Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау
Білу: Қолдану
Нақты іс-әрекетті іске асыру: Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу
Білу: Анализ
Нақты іс-әрекетті іске асыру: Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру
Білу: Синтез
Нақты іс-әрекетті іске асыру: Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.
Білу: Бағалау
Нақты іс-әрекетті іске асыру: Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу

II. Математика сабағында жағартылған білім мазмұнының ерекшеліктері

2. 1. Математика сабағында жаңарталған білім беру жүйесін қолдану

Математика сабағында Блум таксаномиясы кеңінен қолданылып келеді. Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпараты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксаномиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделісіне біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.

Мұғалімнің сабағында жаңа әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, дұрыс нәтижеге жетсе, мұғалімнің мақсатының орындалғандығы. Мен өз сабақтарымда яғни, математика пәндерін өту барысында сабақ мақсаты мен міндеттерінің сабақтаса қойылуына үлкен мән беремін. Сондай-ақ берілетін білімнің көлемі мен сынып оқушыларының білім деңгейі де ескерілуі қажет.

«Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. » Оқушының алған білімін өзі өңдеп, қорытындысын өзі дайындауға үйрету керек. Сонда ғана оқушы шығармашылыққа бет бұрып, ізденімпаздықты үйренеді. Мұғалім - басқарушы, ұйымдастырушы. Оқушы - ізденуші, орындаушы. Әрбір сабақтың нәтижеге бағытталып берілуі оқушы құзіреттілігін қалыптастырады.

Оқыту жүйесі белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты ойластырылып, тиімді қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың білімді меңгеруіне жеңіл тиеді.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады.

Оқыту мен білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүйелі қолдануды ұстанамын.

Дипломалды пратика кезінде 7-сыныпта өткізген «Бөлімдері әртүрлі бөлшектердің қосындысы мен айырмасы» тақырыбындағы сабағымда «Блум таксономиясын» қолдандым.

Сабақ түрі: Бірлескен-ізденіс сабағы.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосуды және азайтуды үйрету; ең кіші ортақ бөлімді табу, қысқаша көбейту формулаларын, рационал бөлшектердің негізгі қасиетін рационал бөлшектерді қосуда және азайтуда қолдануды меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

- бөлшектің қасиетін, жай бөлшектерді қосу және азайту ережелерін қолдана отырып, оқушылардың білім және білік дағдысы дамиды, өз бетінше есеп шығару, іздену, шығармашылықпен еңбек ету қабілеттері шыңдалады .

-оқушылардың нақты жауап беру, шапшаңдық және алған білімдерін практикамен ұштастыруда өз білімін көрсете алатын қасиеттері ашылады.

Сабақ кезеңдері:

І кезеңде - «Көпір» тапсырмалары: Сұрақ- жауап; «Лездік» тапсырмалар

ІІ кезеңде - «Білу» тапсырмалары; «Түсіну» тапсырмалары.

ІІІ кезеңде - оқулықпен өз бетімен іздену әдісі: «Талдау» тапсырмалары; ІҮкезеңде - практикада бекіту әдісі: «Қолдану» тапсырмалары

Үкезеңде- «Жинақтау» тапсырмалары; «Баға беру».

ҮІ кезеңде- тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау .

Сабақта жеке, жұппен және топпен жұмыстар жүргізілді. Тәуелсіз сарапшы- сынып оқушысы «Сыншы дос» сабақтың өн бойында бақылап, сабақ соңында рефлексия жасады, өз бағасын берді. Әрбір оқушы алдарына берілген «Бағдарлық картаға» өз жауаптарын белгілеп отырды. Табыс крийтерилеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейлеріне қарай өз-өзін бағалады.

Оқушыға арналған «Бағдарлық карта»

Күні:

Аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы: “Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту”

Кезеңдері
Тапсырмалар
Бағалау
Кезеңдері: «Көпір» тапсырмалары
Тапсырмалар:

Бос орынға қажет сөзді жаз:

1. Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу үшін олардың алымдарын . . . , бөлімін . . . керек.

2. Бөлшектің алымы мен бөлімін (0-ден өзге) бірдей санға бөлу бөлшекті . . . деп аталады.

Айырмашылықты тап: Берілген өрнектердің айырмашылығы неде?

Лездік тапсырмалар (А, В, Сдеңгейі) бөлшектерді қысқарту есептері(белсенді тақта)

Бағалау:
Кезеңдері: Білу
Тапсырмалар: Қандай ереже? Берлген формулалар бойынша ережені тұжырымдау керек
Бағалау:
Кезеңдері: Түсіну
Тапсырмалар: Ауызша есептеу тапсырмалары беріледі. Тақырыпқа сәйкесті проблемалық тапсырма (есеп) беріледі.
Бағалау:
Кезеңдері: Талдау
Тапсырмалар: Оқулықтағы 3, 4 мысалды топпен орындау
Бағалау:
Кезеңдері: Жинақтау
Тапсырмалар: Рационал бөлшектердің қосындысы мен айырмасын табу алгоритмін(амалдар тәртібін) тұжырымдау керек.
Бағалау:
Кезеңдері: Қолдану
Тапсырмалар: Оқулықтан А, В, С-деңгейлері бойынша есептер беріледі
Бағалау:
Кезеңдері: Жинақтау
Тапсырмалар:

Рационал бөлшектердің қосындысы мен айырмасын табу алгоритмін(амалдар тәртібін) тұжырымдау, Блок-схеманы толтыру керек.

Бағалау:
Кезеңдері: Баға беру
Тапсырмалар: Сен қалай ойлайсың? Рационал бөлшектер мен жай бөлшектердің айырмашылығы неде?
Бағалау:
Кезеңдері: Кері байланыс Рефлексия
Тапсырмалар: Не оңай болды? Не қиын болды? Нені үйрендің? Сабақта қандай әсер алдың, сабақтағы өзіңе ұнаған белсенді қатысқан сыныптасына тілек, стикерге жазу
Бағалау:
Кезеңдері: Табыс критерийлері
Тапсырмалар:

1. Өткен тақыпрыптар бойынша мәліметтерді білемін.

2. Ережелер мен формулаларды қолдана аламын.

3. Есепті шығара аламын, ойымды жеткізіп айта білемін

Смайликтерді пайдаланып, оларды белгілейді

Бағалау:
Кезеңдері: Үйге тапсырма
Тапсырмалар: А, В, С-деңгейлері бойынша есептер беріледі
Бағалау:

2. 2. Математика сабағында жаңартылған білім жүйеснің тиімділігі

Математика сабағында компьютерді, мультимедиялық және электронды оқулықтарды және интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолданған сабақтар өте нәтижелі өтеді.

Оқушыларды сырттай мемлекеттік бақылауларға, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда пән мұғалімі математика пәніне деген өзінің көз қарасын түсіндіріп жеткізуі және математиканы санақ жүйесі немесе қандайда-бір өлшеуші құрал ретінде ғана қарастырмай, біріншіден ғылым екендігін түсіндіріп, ал екіншіден кез келген оқушы жігерлік танытып, бар күш-қайратын салып талаптанса ғана меңгеретіңдігі туралы бойларына сезім тудыру қазіргі кезеңдегі мектептің ең күрделі психологиялық мақсаты деп білу өте орынды. Математика арқылы оқушыға мұғалім күнделікті іс-әрекетін ғылыми стильмен жеткізу, оларды адамгершілікке, өз-өзіне сын көзімен қарауға, сонымен қатар, жауапкершілік пен адалдыққа бейімдейді. Бұл қасиеттерді бойына сіңірген оқушы келешекте қиындыққа және уақытша психологиялық қолайсыздыққа төзімді болады. Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

- Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;

- Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;

- Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі артады;

- Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;

- Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;


Ұқсас жұмыстар
Рационал бөлшектерді қысқарту туралы
Компьютер экранына ақпаратты шығаратын құрылғы
Білу тапсырмалары
Көпір тапсырмалары
Оксидтердің жіктелуі, алу жолдары. 8 сынып
Бөлшек сандардың ондық жазылуы
Етістік. 4 сынып. қазақ тілі пәні
Есімше мен көсемше
Ауыр атлетика
Аралас құжаттарды құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz