Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Интерактивті тақтаны қолдану

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Жаратылыстану-географиялық факультеті
<<Биология және экология кафедрасы>>

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану

6В01508- Химия-Биология

Орындаған:
6В01508- <<Химия-Биология>> мамандығы
ХБ-31 тобының студенті
Тапбылдиева Амина Мырзабекқызы

Тексерген:

Орал 2022ж.
Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................................
Негізгі бөлім

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

<<Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет>> деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Себебі ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың
мүмкіндіктерін іске асыра алады. Оқушы - оқу үрдісінің басты субъектісі, сондықтан баланың дамуына, оның ойлау қабілетін дамытуға оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы оқу процесіне қалыптастыру мен әр түрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімдігі нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.
Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсатты көздейді:
-оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
- алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.
Міндеттер :
- Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерден жаңа ақпараттық технология туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.
- Жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру, іс шаралар кешенін әзірлеу.
- Компьютерлік және саралап - деңгейлеп оқыту технологиясын оқыту үрдісінде кеңінен пайдалану

Биология пәнінде АКТ пайдалану тиімділігі.

<<Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар>> ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда биология пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық - коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Компьютер - мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кестелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.
Компьютерлік тұсаукесер сабақтары - жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру, дәріс - сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабағы, пікірталас сабағы.
Компьютерлік формадағы бақылау сабақтар - оқушылардың білімдерін тест түрінде тексерудің бір түрі. Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз бағаларын бірден біледі.
Тұсаукесер - берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады.
Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт - бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі - интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған
Осыған байланысты күнделікті сабақта:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық
оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже
береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:
Сабақтарда талдау жасау үшін компьютер немесе басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.
2. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді.
3. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі тапсырмалар мен практикалық жұмыстарды орындауға болады.
4. Алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді.
Биология сабақтарында АКТ пайдалану жолдары.
Интерактивті тақтаны қолдану.

Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс - диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек? Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.
Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.
Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.

Ұқсас жұмыстар
Aқпaрaттық-коммуникaциялық технологияны әр түрлі пәндерде жaңaшыл тұрғыдa қолдaну
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі
Білім беру барысында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану
Әдістемелік құрал
Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың тиімділігі
Оқыту сапасын арттыру мәселелері
5-ші сыныпта интерактивті тақтаны пайдаланып My Computer тақырыбына жасалған сабақ жоспары
Мұғалім жасалған сабақ
Сабақтың атауы. Сабақтың мақсаты
Пәндер