Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Дағдылар
Бағалау критерийлері
:
:

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

5. 1В : Натурал сандардың бөлінгіштігі

A. Байтұрсынов атындағы орта мектеп
: Мерзімі: 29. 09. 2021ж
: Сыныбы: 5 “Ә”
: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
: Сабақ тақырыбы:
2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері
: Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
5. 1. 2. 5 натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;
: Сабақ мақсаты

1. Барлық оқушылар жұп және тақ цифрларды ажыратады, жұп және тақ сандарды біледі және 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды біледі

2. Кейбір оқушылар бөлінгіштікке байланысты мәтінді есептерді шығара алады.

: Бағалау критерийлері:

Оқушы

- жұп және тақ цифрларды ажырата алады.

- натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін біледі

-10, 5 және 2 сандарына еселік сандарды анықтай алады;

- ауызша есептеу жүргізе алады және есептеудің дұрыстығын тексере алады;

- мәтінді есептер шығаруда натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін қолдана алады.

: Тілдік мақсаттар:

Тілдік мақсат

- бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- санның бөлгіші;

- санның еселігі;

- бөлінгіштік белгілері;

- натурал санның цифрларының қосындысы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- егер сан . . . цифрымен аяқталса, онда ол . . . бөлінеді;

- егер натурал санның цифрларының қосындысы . . . бөлінсе, онда сан . . . бөлінеді;

: Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

: Пәнаралақ байланыс
Жаратылыстану, география.
:

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, слайдтар, презентациялар.
: Бастапқы білім
Арифметикалық амалдардың компоненттерін білу: натурал сандарды бөлу және көбейту, жұп және тақ сандардың анықтамаларын үйрену.
: Сабақ барысы
: Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
:

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Сабақтың басы.

Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару.

1. Сабақты «Көңіл-күй» тренингімен бастау. Оқушыларға үш көңіл-күй бейнеленген смаиликтер көрсетіледі. Мұғалім сабағымызды кайсы көніл-күймен бастаймыз деп сурайды. Оқушылар көңілді өте жақсы көңіл-күймен деп жауап береді де қолдарын үш рет шапалақтайды.

Смаилик карточкалар
:

Үй жұмысын тексеру

3-минут

2. Мақсат : Үй жұмысында оқушылар жіберген қателерді түзету.

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау беру арқылы шешу. (Мұғалім қатар -қатар бойынша оқушылардың үй тапсырмасын орындарынан тексеру арқылы қателерін түзете отырып нұсқаулық беру. )

:

Сабақ мақсатын қою

5 минут

3. Мақсат : Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сұрақтары: (6 мин)

  1. Бөлгіш дегеніміз не?
  2. Қандай сандар еселік сандар деп аталады?
  3. 15 санының бөлгіштерін атаңыз?
  4. 5 санына еселік сандарды атаңыз.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады.

:
:
:
:

Бағалау критерийлері оқушылармен талданады .

Білу және түсіну
2-ге, 5-ке және 10 сандарына бөлінгіштік белгілерге байланысты есептер шығара алады
Білімін қолдану
Натурал сандардың 2-ге, 5-ке және 10 сандарына байланысты мәтінді есептер құрастыра алады .
:
:
:
:

Сабақтың ортасы

28 минут

7 мин

5 мин

7 мин

2 мин

7 мин

4. Жаңа сабақ: Мұғалім оқушыларды топқа бөлу арқылы жаңа тақырыпты ашу үшін әр топқа жеке тапсырмалар беру арқылы тақырыпты ашу:

Сандардың жазылулары бойынша, бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп атайды.

0, 2, 4, 6 және 8 сандарымен аяқталған сан жұп сан деп аталады.

1, 3, 5, 7 және 9 сандарымен аяқталған сан тақ сан деп аталады.

  1. 2 санына бөлінгіштік белгісі

2 санына еселік сандар 2, 4, 6, 8, 9, 10, 12, 14, 16, 18, 20, . . .

2 санына еселік сандардың жазылуы 0, 2, 4, 6, 8 цифрларының бірімен аяқталады

Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді

Мысалы: 18 : 2 = 9, 104 : 2 = 52, 1376 : 2 = 688

2-ге бөлінетін сандарды жұп сандар деп атайды

2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды.

  1. 5 санына бөлінгіштік белгісі

5 санының еселік сандар: 5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, . . .

Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді

Мысалы: 125 : 5 = 25. 220 : 5 = 44. 1000 : 5 = 200

  1. 10 санына еселік сандар : 10, 20, 60, 100, 750, 1000, . . .

Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді

Мысалы: 30: 10 = 3. 120 : 10 = 12. 1070 : 10 = 107

  1. = 2 · 5 болғандықтан, 10-ға бөлінетін сандардығ барлығы да 2-ге де, бөлінеді

Жаңа тақырыпты игеру кезінде өзін - өзі бағалау іске асырылады. Жасыл - дұрыс, қызыл - дұрыс емес.

Бір топтан бір оқушы өзіндік жұмыс орындағандағы алған қорытындысын айтады. Егер басқа оқушылар сол тұжырыммен келіссе жасылды көрсетеді, егер келіспесе - қызыл белгішені көтереді.

5. ТОП № 1. «Зерделілер» (Қызыл түс)

2 бөлінгіштік белгісі

Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 2-ге бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?

Болады екен.

2 бөлінгіштік белгісі:

Егер сан 0, 2, 4, 6, 8 цифрларымен аяқталса, онда ол сан 2-ге бөлінеді.

Мысалы: 106 саны 2-ге бөлінеді, себебі 6 цифрымен аяқталған.

Тапсырма: мына сандар қатарынан 2-ге бөлінетін сандарды теріп жазыңыз:

15, 18, 205, 1000, 16, 124, 203, 500, 802, 746.

:
:
:
:
:
:

ТОП № 2. «Ойшылдар» (Көк түс)

5 бөлінгіштік белгісі

Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 5-ке бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?

Болады екен.

5 бөлінгіштік белгісі:

Егер сан 0 және 5 цифрларымен аяқталса, онда ол сан 5-ке бөлінеді.

Мысалы: 155 саны 5-ке бөлінеді, өйткені 5 цифрымен аяқталған.

485 саны 5-ке бөлінеді, өйткені 5 цифрымен аяқталған.

Тапсырма: мына сандар қатарынан 5-ке бөлінетін сандарды теріп жазыңыз:

15, 18, 205, 1000, 16, 124, 205, 500, 802, 745.

:
:
:
:
:
:

ТОП № 3. «Тапқырлар» (Сары түс)

10 бөлінгіштік белгісі

Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 10-ға бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?

Болады екен.

10 бөлінгіштік белгісі:

Егер сан 0 цифрымен аяқталса, онда ол сан 10-ға бөлінеді.

Мысалы: 300 саны 10-ға бөлінеді, өйткені 0 цифрымен аяқталған.

485 саны 10-ға бөлінбейді, себебі 0 цифрымен аяқталмаған.

Тапсырма: мына сандар қатарынан 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңыз:

150, 10, 205, 1000, 161, 22010, 124, 2050, 500, 802, 745.

:
:
:
:
:
:

Оқушылар презентациядағы 4-10 слайдтар бойынша ауызша есептеу тапсырмаларын орындайды, есептеуін тексереді.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек». Әр топтан бір оқушы тақтаға есептің шығарылуын жазады. Қалған оқушы бағалайды.

Өзін-өзі бағалау

Сергіту сәті: «Арқаға сурет салу»

6. Жұптық жұмыс-Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар жұпта төмендегі есептерді шығарады. Одан кейін жауап парақтарын көрші жұппен ауыстырып жауаптарын салыстырады.

54, 60, 71, 102, 107, 208, 379, 420, 620, 653, 1000, 5632, 10895, 13786 сандарының қайсысы жұп, қайсысы тақ сан? Бір жолға тақ сандарды екінші жолға жұп сандарды теріп жазыңдар.
Тақ сандар: 71, 107, 379, 653, 10895
Жұп сандар: 54, 102, 208, 420, 620, 1000, 5632, 13786

Дискриптор: 1. Жұп және тақ сандарды ажырата алады.

2. Жұп және тақ сандарды бір жолдан екінші жолға теріп жазуды біледі.

№ 607

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Дискриптор: 1. Жұлдызшаның орнына тиісті сандарды қоя алады.

2. Жұлдызшаның орнына сан қою арқылы 2-ге бөлінетін, 5-ке бөлінетін, 10-ға бөлінетін сандарды таба алады.

6. Есептің сұрағы бойынша дұрыс қорытынды жасайды.

7. Шығармашылық жұмыс
2 пен 5-ға бөлінетін және бірдей цифрлардан тұратын әр түрлі үш таңбалы екі жұп сан жазыңдар. Олардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңдар.
Жауабы:

180 и 810 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ = 1620) ;

270 и 720 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ = 2160) ;

360 и 630 (ЕҮОБ= 90, ЕКОЕ = 2520) ;

450 и 540 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ= 2700) .

Дикрипторы:

  1. 2-ге бөлінетін үш таңбалы санды жаза алады
  2. 5-ке бөлінетін сол цифрлардан тұратын үш таңбалы санды жаза алады
  3. Берілген сандарды жай бөлшектерге жіктей алады. .
  4. Есептеулерді дұрыс шығарады.

Формативті бағалау: Жазбаша түрде кері байланыс.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру

Бағалау дискрипторы
«Зерделілер» 1-ші топ
1. Дұрыс жауап тұжырым
2-ге қандай сандар бөлінетінін не бөлінбейтінін білді.
2. Бөлінгіштік белгісіне анықтама
2-ге бөлінгіштіктің анықтамасын айтты
3. Тапсырма жауабы
Тапсырманы дұрыс орындады
Бағалау дискрипторы
«Ойшылдар» 2-ші топ
Дұрыс жауап тұжырым
5-ке қандай сандар бөлінетінін не бөлінбейтінін білді
Бөлінгіштік белгісіне анықтама
5-ке бөлінгіштіктің анықтамасын айтты
Тапсырма жауабы
Тапсырманы дұрыс орындады
Бағалау дискрипторы
«Тапқырлар» 3-ші топ
Дұрыс жауап тұжырым
10-ға қандай сандар бөлінетінін не бөлінбейтінін білді
Бөлінгіштік белгісіне анықтама
10-ға бөлінгіштіктің анықтамасын айтты
Тапсырма

Ұқсас жұмыстар
Өлең құрлысына талдау
Сабақты бекіту сұрақтары
Үгілмелі ірімшік коскан пирог пісіру
Сабақ жоспары. Мүсіндеудің түрлері
Мәтінді туралауды белгілеу
Деректерді кестелік түрде ұсыну. 8 сынып
Орыстың халық әні «волга - реченька»
Көмекші есімдер, астана қаласы
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі
Оқушыларды түгелдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz