Төңкерілген оқыту

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларында, білім беру мен ғылымды дамытудың Ұлттық бағдарламаларында мемлекетіміздің білім беру саласындағы негізгі басымдықтары білім алушылардың әлемдегі өзгерістерге үнемі бейім болуы, жаңаша мазмұндағы білімді меңгеру мен құзіретті бола білулерін қамтамасыз ететіндей жүйені жасау қажеттілігін көрсетіп отыр.
«XXI ғасыр мұғалімі қандай болу керек?» деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, білім мен ізденісті бірге алып жүретін, бәсекеге қабілетті шәкірттерді дайындайтын тұлға десек қателеспейміз. Әр сабаққа ұқыпты әрі сапалы дайындалу арқылы, оқушылардың бойынан қызығушылық пен білімге деген құштарлықтарын ояту керек.
Зерттеудің практикалық маңызына - зерттеу жұмысының нәтижелері орта мектепте химияны оқыту кезінде әдістемелік материалдар мен ұсынымдар түрінде химия пәнінің мұғалімдерінің практикалық қызметінде пайдалануына болады.
Қазіргі таңда оқыту жүйесінде аралас оқыту технологияларын пайдалану тиімді, әрі ұтымды жол болып келеді. Соңғы жылдарда шетелдік мектептер мен колледждерде «төңкерілген оқыту» технологиясы жиі қолданылуда.
«Төңкерілген оқыту» технологиясын 2007 жылы АҚШ мектебінде алғаш өз тәжірибелерінде қолданған америкалық химия пәнінің мұғалімдері Аарон Самс пен Джонатан Бергманндар болды. Олар бірге дәріс мазмұнын жазу арқылы эксперимент жасай бастады. Оқушылар мектепте тақырып бойынша жаттығулар мен жобалар бойынша жұмыстар жүргізіп, үйде лекцияны қарастыру - негізгі идея болып табылды [5-6] .
Бергманн бұл модельмен оқушының академиялық үлгеріміне оң әсер ететіндігін анықтады [7] . Басында, Аарон мен Джонатан әрбір сабаққа видеолар дайындады. Алайда, көп ұзамай олар оқушылардың сыныпта жасайтын іс-әрекеттерінің маңыздылығын түсінді, өйткені олар түсініктемелерді тыңдауға көп уақыт жұмсамады. Аарон Самс техникалық журналда PowerPoint форматында мәліметтерді жазу үшін бағдарламалық жасақтама туралы және басқада интернет желісінде видеолар құрастыру үшін мақалалар тапты. Сол кезде онлайн-видеолар енді қолданыс тауып келе жатқан. Бірақ екеуі де сабақты жіберіп, қайта қарауды қажет ететін, әсіресе сабақтан көп қалатын оқушыларға көмектесу - жақсы идея деп санады. Олар видеобағдарламаларды экранға түсіру үшін бағдарламалық құралдарды пайдаланып, интернетке дәрісті жүктеу арқылы, оқушылар оны компьютерде немесе өз смартфондарында көре алды. Осы арқылы оқушылар материалды сыныпта емес, мұғалім жіберген видеолар арқылы үйде құрастыру мүмкіндігіне ие болды. Көп ұзамай осы видеоларды оқушылар емтихан жақындағанда да қарастыратыны анықталды [7-8] .
Исаак М. А «Төңкерілген сыныптың аралас сабақ өткізудегі қолайлылық құралы ретінде» деген мақаласында «Төңкерілген оқыту» (орысша «перевернутое обучение», ағылшынша «flipped learning») технологиясы дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, мектепте өткізілетін теориялық мәліметтерді өз бетімен видеолекциялар, видеолар, слайдтар, электронды оқулықтар түрінде қарастырып, сыныпта сол алған мәліметін тест түрінде, жаттығулар, жекелей немесе топтық тапсырмалар арқылы, зертханалық жұмыс орындау арқылы бекіту көзделеді.
Жалпы айтқанда, оқушы мұғалім берген тапсырманы өздігінен қарастырып, сыныпта басқа оқушылармен бірге жұмыс жасайды. Мұғалім арнайы электронды бағдарламаларды пайдалана отырып, лекциялар жазып, оқушылар қауымына қолжетімді етіп дайындайды. Мәліметтерге оқушылар өз білімін тексеру үшін тест сұрақтарын ұсына алады. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды сайтқа жазу арқылы немесе сыныпта сұрауға мүмкіндіктері бар. Себебі, өздігінен қарастырған тақырыпты мектепте сынып оқушыларымен бірге қарастыра алады. Сыныпта мәліметтерді үздік оқушылар тереңдете қарастыратын болса, орташа оқитын балалар ұстаздың көмегімен тақырыпты алып кете алады. Көбінесе, сыныптағы сабақ жүптық, топтық немесе ұжымдық түрде өткізіледі [9] .
«Төңкерілген сынып» бұл - оқытудың инновациялық сценарийі. «Төңкерілген сыныптың» әдістемесі негізгі үш компоненттен тұрады:
1. Мұғалімдердің виртуалды бағдарламаларды дайындауы (топтау немесе құру) : видеосабақтар, презентациялар, басқа да материалдар және тапсырмалар, сонымен қатар оқушылармен байланыста болу үшін электронды қызмет көрсету;
2. Оқу іс-шараларын ұйымдастыру: мұғалімнің тақырып бойынша негізгі құзыреттілігін анықтау, сыныпта оқитын оқушылармен жұмыс істеу формалары, сыныптағы оқушылардың жұмысына арналған тапсырмаларды дайындау. Сонымен қатар, оқушылар мұғаліммен бірге жұмыс жасау барысында қосымша тапсырмаларды шешеді: материалды тереңдетеді, біріктіреді және қайталайды;
3. Оқушылардың білімі мен құзыреттілігін ағымдағы және қорытынды бағалау. Мұғалім оқушылармен бірге соңғы жұмыс түрлерінің бірнеше түрін таңдай алады, мысалы, тест немесе жоба ретінде [10]
Ал химия сабағында «төңкерілген сынып» тәсілі тиімді деп есептеледі. Химияны оқыту теория, тәжірибе және зертханалық жұмыстан тұрады және оларды бір-бірінен бөліп қарастыра алмаймыз. Мектептерде оқушылармен жұмыс жүргізу барысында, әр оқушының бейімділігі, қабілеттілігі әртүрлі болып келеді. Химия сабағына қызығушылықтарын ояту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданған дұрыс деп саналады. Соның бірі ретінде - «төңкерілген сынып» моделі. Осы модель арқылы оқушылардың химияны оқу барысында үйде қарастырған видеолекциялар бойынша ойларында туындаған сұрақтарын сыныпта мұғалімнен сұрау арқылы білімдерін бекітуіне болады.
Видеолардың ерекшеліктері:
-оқушы өз темпі бойынша тақырыпты қарастыра алады;
-уақыт бойынша шектеу болмайды;
-өзінің сыныптастарымен және ұстаздарымен онлайн дискуссия жүргізе алады;
-химияны ашқан ғалымдар туралы, құбылыстар жайлы өз қызығушылығы бойынша қосымша мәліметтер іздестіре алады.
3. Сабақ уақыты тәжірибелік, зертханалық және басқада оқу әрекеттеріне арнала алады;
«Оқулықпен жұмыс» жасайтындар кітапты оқып, «жұмыс жазатындар» постер немесе қабырға қағазын жасап, ал видеоматериалдармен жұмыс жасайтын оқушылар жаңа ақпарат көздерін қарастырады. Осының нәтижесінде әр топта әртүрлі ойлау перспективасы мен ақпарат қабылдау қалыптасады. Нәтижесінде бір-бірімен ақпарат алмасып, сабақтың мақсаты орындалады.
Оқушылар үшін
-сапалы білім ресурсы;
-оқуға деген жоғары мотивация;
-сабаққа деген қызығушылық;
-әркім өз темпі бойынша оқу;
-сабақ материалының қолжетімді болуы;
-топтық жұмыстың маңыздылығы;
-сыныптан тыс уақытты тиімді пайдалану;
-сабақ уақытында бір-біріне көмектесу;
-ақпарат көзін бағалау;
-әркім өз әрекеті үшін жауапкершілікті болу.
Мұғалім үшін
-сабақта бағыт-бағдар беруші;
-оқытуға жеке көзқарас;
-білім беру қызметін басқа жолмен ұйымдастырады;
-студенттер тапсырма бойынша автоматты түрде жұмыс істейді;
-білім сапасын диагностикалаудың жеңіл тәсілі;
-оқу процесіне ата-аналарды тарту мүмкіндігі
Оқушылар үшін
-компьютердің алдында көбірек уақыт жұмсау;
-Интернетке тең емес қол жеткізу;
-бұл сабаққа үйрену қиын;
-ақпарат көздерін табу және сыни бағалау;
-үй тапсырмасы сабақтың міндетті бөлігі болып табылады.
Мұғалім үшін
-маңызды бастапқы жүктемесі болады;
-АКТ-технологиялар саласында білікті болуыңыз керек;
-топтық жұмыс технологиясын иеленуіңіз керек;
-ата-аналарға әдіснаманың маңыздылығын түсіндіру.
Жоғарыда аталып өткен кемшіліктерді жою үшін алдымен, мақсаттар мен міндеттерді айқындап алып, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста бола отырып жұмыс жасау керек. Мұғалімдер оқушы алдында беделді болу керек, ол өз бойындағы қасиеттерімен оқушыларға ұнай білуі қажет. Сонда оқушылардың бойында сыйласымдылық қасиеті туындайды. Оқушылар мұғалімді құрметтеу арқылы пәнге деген қызығушылығы арта түседі. Мұғалімдер оқушыларды шағын топтарға біріктіру, жауапты бірлесе іздестіру арқылы жұмыстың нәтижелі болуына ат салыса алады. Бұл әрекеттің мәні: «топ ішіндегі тақырыпты түсініп, оқыған оқушы тақырыпты түсінбеген оқушыға айту арқылы барлық топ мүшелері қамтылады». Оқушыларға оқу тапсырмасын ұсынғанда немесе сұрақ қойғанда, оларды бірлесе жұмыс жасауға ынталандыру керек.
Галочка Н. П. «төңкерілген сынып технологиясы бойынша өткізілген сабақ» мақаласында заманауи технологиялар арқасында дәрістер мен тестілер Интернеттегі барлық адамдар үшін қол жетімді деп көрсетілген. Мұғалім білімнің жалғыз көзі емес, мұғалім өзі жасаған немесе Интернетте табылған тақырып бойынша сабақ жүргізе алады.
«Төңкерілген сынып» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың білімін жоғарылату, қазіргі уақытта жедел дамып жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана білу көзделген. Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. АКТ бойынша интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
- пән бойынша базалық білімді меңгеру;
- алған білімді жүйелеу;
- өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру [11] .
Төңкерілген сабақ химия пәнінің ауқымында қарастырылатын тақырып оқушыларға үйге өздігімен теорияны қарастыруға беріледі. Әлімов Асхаттың «Сабақтардан байқағаным. . . » мақаласында тапсырма екі нысанда: ауызша (тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап беру) және жазбаша (тақырып бойынша диаграмма, кластер, т. б. құрастыру, сұрақтарға жауап жазу, эссе жазу, т. б. ) болғаны дұрыс деп көрсетілген [12] .
Химия сабағында көбінесе зертханалық жұмыстар және есептер шығарған жөн. Себебі, оқулық бетіндегі тапсырмаларды көзбен көріп, қолмен сезініп орындау барысында оқушылардың ойында жақсы сақталады. Ал формулаларды пайдалана отырып есептерді шығару арқылы теориялық мәліметтерді қорытындылап, ойларында бекітеді. Бұл технологияны қолдана отырып, оқушылар арасында жақын қарым-қатынас орнату, өз-өздеріне сенімді болуға, қол ұшын беруге əзір тұруға ықпалын тигізеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz