Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ананың ойы балада, Баланың ойы далада

Тәрбие мен білім егіз ұғым
Мақсаты: Студенттердің өзара қарымқатынасты,байланысты нығайта түсу, бір - бірімен ұйымдаса,бірлесе әрекет етуге баулу,тақырыптың мән-мағынасын ашып,түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:Тақырыптың мән-мағынасын ашып,түсіндіру.Топпен жұмыс
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, А4 форматтағы ақ түсті парақтар, маркер,
Кіріспе сөз:
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей - ақ, баланың ыстық - суығына күймейтін, әрбір жетістігіне сүйсінбейтін ата - ана мен ұстаз жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, осыған қарағанда <<Әкеге қарап - ұл өсер, шешеге қарап - қыз өсер>> деп бекер айтылмаса керек. Балағабілім мен тәрбиеберудебастытұлғаұстазболса, оны жалғастырушы, демеуші - ата - анаболыптабылады. Сондықтан болашақ ұстаз,болашақ ата-ана,біз жастардың қолында екенін ашып түсіну мақсатында, бүгінгі, <<тәрбие мен білімегізұғым>> атты тәрбие сағатты ұйымдастырдым,интеллектуалды психологиялық ойын ретінде өтеді.

Интеллектуалды психологиялық ойынға қатысушыларымен таныс болыңыздар (топтыңаты, жобақорғау):
І топ: <<Болашақ>>
ІІ топ: <<Білім>>
ІІІ топ: <<Бақыт>>
ІҮ топ: <<Арман>>

Ойынбағдарламасы:
1- тур - <<Қанатқақты>> - ой жинақтау 2 минут.
2 -тур - <<Самғау>> - мақал - мәтелдіжалғастыр.
3 -тур - <<Шарықтау>> - идеялар аукционы
4- тур - <<Шырқау>>. Сұрақ жауап.
5 -тур - <<Жер ұйық>> -біліктілік марафоны.

1 -тур <<Қанат қақты>> ой жинақтауСтуденттер өз ойын айтады.Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек деген ұғымды қалай түсінесіз?

2- тур - <<Самғау>> Мақал - мәтелді жалғастыр.
1. Балалы үй базар,
/Баласыз үй қу мазар./
2. Ақ жаулығы ананың --
/Ақ көрпесі баланың./
3. Ананың ойы балада,
/Баланың ойы далада./
4.Ата - бәйтерек,
/бала - жапырақ./
5. Жалғыз баласы атқа шапса,
/Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады./
6. Күш - білімде, /білім - кітапта./
7. Алты жасар бала алыстан келгенде,
/Алпыстағы ақсақал сәлем берер./
8. Мектеп - білім тірегі,
/ Ұстаз - оның жүрегі/

3- тур - <<Шарықтау>> - <<Арманым - бақытым>> тақырыбында идеялар аукционы. Топ мүшелеріне ақ парақ беріледі, параққа оң қолының суретін салып, алақанына арман - тілектерін жазады.Дауыстап оқиды.

4 -тур - Шырқау. Сұраққа-жауап
1-Тәрбиесіз бала деген ұғымды қалай түсінесіз?
2-Білімсіз бала деген ұғымды қалай түсінесіз?
3-Тәрбиелі бала деген ұғымды қалай түсінесіз?
4-Білімді бала деген ұғымды қалай түсінесіз?
5-Екі ұғымның айырмашылығы бар деп ойлайсынба?Қандай?
6-Ата ана тарапынан қайсысы басымырақ үйретіледі?

5 -тур - <<Жер ұйық>> сұрақ - жауап.
Сұрақтар:
1. Қазақ халқының ұлы ақыны? /Абай/.
2. Қазақстан қашан тәуелсіздік алды? /1991 жыл/.
3. Қазақстанның мемлекеттік тілі? /Қазақ тілі/.
4. Күн мен түннің теңесін күні? /22 наурыз/.
5. Қазақстанның алғашқы астанасы? /Ақмешіт/.
6. Жауынгер - жазушы Кеңес Одағының батыры. /Бауыржан Момышұлы/.
7. Қазақтың тамақ сақтауға арналған қапшығы /Аяққап/.
8. Ыдыс - аяқ сақтауға арналған зат /Кебеже/.
9. Қазақ тілінде неше әріп бар? /42 әріп/.

Қорытынды.
<<Жүректен шыққан жылы сөздер..>> сергіту сәті.Бәріміз <<Мен шын жүректен саған...>> деп бастап өз тілектерінді немесе жылы,мейірімді сөздерін жанында тұрған студенке айтады.

-Тілектеріңізге үлкен рахмет,әрқашан күлүмдеп жүріңіздер.

"Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі," -- деген Әл-Фараби, білім мен тәрбие - егіз, екеуі қатар жүруі керек. Балаларды тәрбиелеу мәселесі ең негізгі талаптардың бірі боп саналады. Баланы тәрбиелеу ісі баршаның ісі. Адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман мұратына жеткізсе, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшыратып жатады. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке.

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педогогтік колледжінің
22<<Ш>> тобымен тәрбие сағаты бойынша өткізілген жұмыстар
Хаттама №
<<Негізгі білім беру>>22Ш тобы
Күні:
Барлығы:25
Тыңдағаны:25

Тәрбие сағатында айтылған мәселелер:
1.22 <<Ш>> топ студенттерін <<Тәрбие мен білім егіз ұғым>>
2.22 <<Ш>> топ студенттеріне Тәрбие мен Білім туралы қысқаша шолу жасады.

Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша топтың жауапты тәлімгері С.Жүнісқызы сөз алды.Ол өз сөзінде топ студенттеріне тәрбие,білімнің салтанат құруы,өскелең ұрпақтың алар тәлім-тәрбиесі мен Қазақстанның білімі жайлы мәліметтер айтты.
2.Топ студенттері Білім министрлігінің "Білім жайлы" заңдары туралы, Тәрбие мен Білім туралы мақалалар,видеороликтер мен көрнекіліктерді тамашалады.
3.Осы өтілген тақырып бойынша студенттерде жаңа ой-пікірлер түйіп,көзқарастары жеткізді.

Шешім:Әрбір студент білім мен тәрбие өскелең ұрпақтың-дара жолы,алға қояр мақсат екенін білді

Топ кураторы: Дөненбай.С.Ж
Топ хатшысы:Жұмабек.А.А

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Тәрбие сағаты
Тақырыбы:Тәрбие мен білім егіз ұғым

Топ: 22Ш
Топ кураторы:Дөненбай С.Ж.
Білім алушы:Тлеубаева.С.Б

2020ж

Ұқсас жұмыстар
Ана - біздің күніміз, біз ананың гүліміз!
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Менің анам шығарма жазу
Ғажайып отбасы
Ақ шаш
Асыл тобына
В. Сухамлинский. Ақ шаш
Оқу мен тәрбие – егіз
Анамыздың жүрегі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде ата - ананың ролі
Пәндер