Сабақ мақсатын жариялау

Үшбұрыштың ауданы
8. 1. 3. 12
үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
Барлық оқушылар:
-Үшбұрыштың ауданын формула бойынша есептей алады.
-Үшбұрыштың ауданының қасиеттерін біледі, есеп шығаруда қолданады.
-Үшбұрышты аудандары берілген қатынаста болатындай, бірнеше бөлікке бөле алады.
Кейбір оқушылар:
-Үшбұрыштың ауданы формулаларынан үшбұрыштың белгісіз элементтерін табуға арналған формулаларды шығарады.
-Үшбұрыштың ауданы формулаларын дәлелдей алады.
- Үшбұрыш ауданы формулаларын біледі.
- Есеп шығаруда тиімді формуланы қолдана алады.
-Үшбұрыштың ауданы формулаларын үшбұрыштың белгісіз элементтерін табуда түрлендіріп қолдана алады.
-Үшбұрыштың ауданы қасиетін есептер шығаруда қолдана алады.
Тілдік дағдылар: Үшбұрыш ауданы формулаларын және үшбұрыштың ауданының қасиеттерін математикалық тілмен айта алады, түсіндіре алады, формулаларды дұрыс жаза алады.
Терминология: Формула, биіктік, медиана, катет, жартыпериметр.
Сөз тіркестері: Герон формуласы, сүйір бұрыштың синусы, сыбайлас қабырғалары.
Интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі
-демонстрациялық құралдар, фигураларды қолданады.
- Ұйымдастыру.
- «Ой қозғау» Оқушылардың назарын аудару. Сыныппен «Тәртіп және хаос» ойынын ойнау арқылы фигуралардың қасиеттерін еске түсіріп, қайталайды. Тақтада әр түрлі түсті фигуралар ретсіз орналасқан, әр топ өзінің тәртібі бойынша фигураларды реттеу керек және орналастыру тәртібін түсіндіруі керек.
- «Миға шабуыл». Ауызша есептер.
- Оқушыларға бүгінгі сабақ мақсатын жеткізу үшін. Мұғалім тарапынан сұрақ қойылады. Оқушылар үшбұрыштың ауданы туралы толық білім алдық деп ойлайсыздарма? Үшбұрыш ауданы туралы тағы да қандай мәліметтер білу керек екенін түсіну үшін, қазір біз сіздермен бір есепті қарастырамыз. Аудандары берілген қатынаста болу үшін, берілген үшбұрышты қалай бөлуге болады? Бұл есепті шешу үшін бізге алған біліміміз жеткіліксіз.
Проблемалық жағдай туғызу.
Қалай ойлайсыздар бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?
Сабақ мақсатын жариялау. Кез-келген үшбұрышты аудандары берілген қатынаста болатындай үшбұрыштарға бөлуді үйрену.
Түрлі-түсті геометриялық фигуралар шаблондары (квадрат, тіктөртбұрыш, ромб, трапеция, параллелограмм, төртбұрыш), магниттер, тақта.
Слайд, проектор.
Топқа бөлу. Оқушылар үшбұрыштың түрлерін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді. (тік бұрышты үшбұрыш, теңқабырғалы үшбұрыш, теңбүйірлі үшбұрыш)
Есеп: Ертеде бір бай болыпты. Оның үш баласы болды. Балалары еріншек болмай, еңбекке баулу үшін, оларға жер бөліп беруді ойластырады. Кіші баласына қарағанда ортаншы баласына 2 есе көп жер, ал үлкеніне 3 есе көп жер тиетіндей бөліп беруді ойластырады.
Кіші баласына - 1бөлігі, Ортаншы баласына -2 бөлігі, Үлкен баласына - 3 бөлігі.
3 топтың әрқайсысына әртүрлі, бірақ бір қорытындыға келетіндей тапсырмалар беріледі . Әр топ тақтанын алдында жұмыстарын қорытындылап, түсіндіру керек, шыққан қорытындыны жариялау керек. Топ жұмысы кезінде мұғалім қиындық тудырған мәселелерге көмек көрсетеді .
1-топ
2-топ
3-топ
Қорытынды: «Егер үшбұрыштардың биіктіктері бірдей болса, онда олардың аудандарының қатынасы табандарының қатынасындай болады. Оқушылардың өздерінің қорытып шығарған тұжырымы негізінде берілген есеп шешімін табады.
Берілген үшбұрышты аудандары 1:2:3 қатынасында болатындай бөліктерге бөлу үшін, табанын 1:2:3 болатындай 6 бөлікке бөлеміз.
тік бұрышты үшбұрыш, теңқабырғалы үшбұрыш, теңбүйірлі үшбұрыш қиындылары.
Постер, сызғыш фломастер.
Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:
- нені білді, нені үйренді;
- не әлі де түсініксіз;
- нені қайталады.
Бағалау түрлері. Өзін-өзі бағалау, (бас бармақ әдісі) және топтардың жұмыстарын бағалау (бағдаршам әдісі)
Үй жұмысы:
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы) .
Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
Педагогтың аты-жөні:
Күні :
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
-Үшбұрыштың ауданын формула бойынша есептей алады;
-Үшбұрыштың ауданының қасиетін қорытып шығарады, есеп шығаруда қолданады;
-Кез-келген үшбұрышты аудандары берілген қатынаста болатындай үшбұрыштарға бөлуді үйренеді.
Сабақтың жүрісі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz