Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Жалқы және жалпы есім
Сабақтың тақырыбы: Жалқы және жалпы есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып,сұрақтар қоя білуге үйрету.
Дамытушылық мақсат: Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсат: Сауатты жазуға,өзара ынтымақтастыққа,шапшаң ойлай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,талдау,топпен жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Ана тілі,дүниетану,математика.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, тірек сызба,венн диаграма, кесте,плакат,ертегі кейпкерлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру .
Мұғалім: Салематсызба,балалар?
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
Балалар күнім менің,
Балалар гүлім менің.
Балалар-нұр сыйлайтын,
Шуақты күнім менің.
Балалар сөзі:
Амансың ба? Алтын күн!
Амансың ба? Көк аспан!
Амансың ба? Достарым!
Амансың ба?
Бес болсың алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер,білім көп оқып,
Өсе берсің санамыз.
-Балалар қазір бізге қай сабақ?
-Қазақ тілі ( слайд сурет)
Мұғалім:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім!
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызы мәңгі сені,
Балалығым,бақытым,қазақ тілім.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .
Деңгейлік тапсырмаларды пайдалану арқылы <<Сиқырлы ұяшықтар>> ойынын ойнаймыз.
-Қане, балалар үйге қай жаттығу берілді?
-Оқулықтағы 314-жаттығу.
Ал,олай болса ойынымызды бастайық.
10) Жалқы есімді тап? Жетісу-көркем өлке.
20) Іле-осы өлкедегі үлкен өзен? (өзен аты)
30) Ол Балқаш көліне құяды? (көл атауы)
40) Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан? (қала)
50) Жалқы есімге бір мысал айт? <<Менің досым Ақтауда тұрады.>>
60) Жалпы есімге мысал келтір? (Оқушылар сыныпқа кірді)
70) Жалқы есім дегеніміз не? (кісі аты,жер-су аттары.)
-Жарйсыңдар балалар,сендерге рақмет айтамын.Үй тапсырмасын өте жақсы орындап келгенсіңдер.
Қане тақтаға назар аударайық.
Осы суреттерден қай ертегі кейіпкерлерін көріп отырсыздар.Иа дұрыс айтасыңдар.Бұл <<Бауырсақ>> ертегісі.Олай болса балалар бүгінгі сабағымыз осы Бауырсақ ертегісінің желісімен жүрмек.
Бүгінгі сабағымызда алға қойған мақсатымыз:
Оқу, үйрену, іздену,шығармашылық тапсырмалар орындау болып табылады.Сабағымыз ертегі сабақ түрінде өтеді.Ертегіде балалар әрбір жануарлар да,ағаштар да сөйлейді.
(түсіндірем)
Кемпір мен шал шығады.
Ерте,ерте,ертеде бір шал мен кемпір болыпты.Бір күні шалы кемпіріне бауырсақ пісіріп бер деп айтады.Кемпірі қапшықтың түбінде қалған ұннан нан илейді.Оны ашытып,бауырсақ пісіреді.Бауырсақты суу үшін терезе алдына қояды.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
ІІІ. Ақпанның он бесі
Жаттығулар жұмысы
Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб
Бауырсақ терезеден домалап түсіп кетіп қашып кетеді.Жолда келе жатса алдынан қоян кездеседі.
-Балалар біз бауырсаққа көмектесемізбе?
-Иа.
Қоянның тапсырмасы:
317- жаттығу.
Мен дала бардым,
Қыр гүлін берді.
Көл суын берді,
Күн нұрын берді.
-Жарайсыңдар балалар.
Жалпы:
Омаровтар отбасы
Ауылдағы балалар
Жалқы:
Омаров Әділ
Қазақстан Қарулы күштері
Сенендердің арқаларында бауырсақ қояннан да құтылды.Бауырсақ жолда келе жатып аюға кездеседі.Аюдың тапсырмасы оқулықтағы 318-жаттығу.
Отбасы-үлгілі,жақсы дегенді білдіреді.
Мағынасы жуық: Отбасы-әулет.
Үлгілі-озат,-тәртіпті-жақсы-адал.
Шығармашылық жұмыс:
Сыныпты үш топқа бөлемін.
-Балалар қазір жылдың қай мезгіл? Қыс мезгілі.
І-топ. Қыс туралы біршумақ өлең.
ІІ-топ. Қыс туралы мақал-мәтел айту.
ІІІ-топ. Қыс туралы сурет салу.
Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды соғайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық
-Жақсы балалар! Орындарымызға отыра қояйық.
Қашып келе жатқан бауырсақ қасқырға кездеседі.
Қасқырдың тапсырмасы оқулықтағы 319-жаттығу.
Ташкент-Өзбекстанның астанасы.
Бішкек-Қырғыстанның астанасы.
Ашхабад-Түркменстан астанасы.
Бұл елдер - біздің көршілеріміз.
-Балалар осы жалқы есімнің жалпы есімнен қандай айырмашылығы бар.
(Жалқы есім бас әріппен жазылады,ал жалпы есім кіші әріппен жазылады)
Балалар біз бұл елдерден басқа да Қытай,Ресей мемлекеттермен көрші тұрамыз.1992 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өз алдына мемлекет атанды.Біздің тәуелсіз Қазақстанды дүниежүзі біледі.Балалар Қазақстандай ұлан байтақ жеріміз бар,біз оған мақтанамыз және біз бақыттымыз.Қазақстанның бас қаласы-Астана қаласы.Ол Есіл өзенінің жағында орналасқан.Астана күн санап өсіп келеді.
(Осы кезде 6 балаға үлестірме қағаз таратам )
1) Зат есімді тап. (Айгүл сыныпқа кірді)
2) Дәрігер сөзін буынға бөліп жаз.
3) Қыс сөзіне сөйлем құрастыр.
4) Мына сөздердің қарсы мәндес сөздерін тап.
Ұзын-....... кең-...........
5) Абай Құнанбаев кім? (ақын,жазушы)
6) Сан есімді тап? Біздің сыныптап жиырма төрт оқушы бар.
7) Бауырсақ жолда келе жатып түлкіге кездеседі.Түлкінің тапсырмасы оқулықтағы
320-жаттығу. <<Туған жер>> туралы әңгіме жазу.
Менің туған жерім Бейнеу.Бейнеу қазір үлкейіп,көркейіп келе жатыр.Біздің ауылда Бекет ата мешіті бар.Бейнеуде көптеген мектептер, дүкендер,биік үйлер көп.
-Жарайды балалар,бәрің де шығарманы тамаша жазған екенсіңдер.
- Біздің ауылымыз жылдан-жылға көркейіп келе жатыр.Былтырдың өзінде екі балабақша,бір мектеп салынды.Біздің ауылымызда ұн зауыты және бірнеше тас карерьлері жұмыс жасап тұр.Ескі Бейнеу жерінде Бекет ата мешіті бар.Бір тоғыз жолдың торабында тұрамыз.Тағы да айта кетерім Жезқазған-Бейнеу темір жолының алғашұы қадалары қағылып,жұмысы жүріп жатыр.Біздің ауылымыз бұданда көркейіп,сәулеттенеді деген сөз.
ІV. Сабақты қорыту
-Жарайсыңдар,балалар.
-Бүгінгі сабақта: -Не үйрендік?
-Не білдік?
-Балалар: Жалқы есім,жалпы есімдерді үйрендік,ертегімен таныстық
-Мұғалім: Жалқы есімдер қалай жазылады.
-Балалар: Жалқы есімдер бас әріппен.(адам,жер-су аттары,)Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.
Х. Үйге тапсырма.
Оқулықтың 118-бетіндегі 321- жаттығу.(дұрыс үлгіні дәптерге көшіріп жазып,әрі қарай жалғастыру)Ереже жаттау.
ХІ. Бағалау
Жарайсыңдар балалар бүгінгі біздің сабағымыз бір керемет сабақ болды.Сендерде сабаққа өте тамаша қатыстыңдар. Рахмет сендерге.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz