Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны
Тарих пәні мұғалімінің білімдік-тәрбиелік, дамытушылық жұмысының негізгі бағыттары.
Тарих пәнінің мұғалімі -- жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетекші мамандықтардың бірі. Тарихи білім берудің барысында оқушылардың дүниетанымы мен көзқарастар жүйесін қалыптастыру тікелей кәсіптік міндеті болғандықтан да тарихшы мұғалім мамандығына жоғары талаптар қойылады.
Кеңестік білім беру жүйесінде тарих пәнінің мұғалімдеріне мектептегі идеологиялық жұмыстардың жетекшілігі сеніп тапсырылатын. Өйткені, тарихшы мамандығы партияның идеологиялық жұмыстарымен тікелей айналысатын саяси номенклатураға енгізілген еді. Ол кездегі тарихшы мұғалім кәсішік міндеттеріне қосымша лектор, үгітші, насихатшы сияқты көптеген қоғамдық қызметтер де атқаратын.
Мемлекеттік құрылыстың, саяси жүйенің өзгеруіне байланысты тарихшы мұғалім қызметінің мазмұны да түбірінен өзгерді. Жоғарыда аталған саяси сипаттағы қоғамдық қызметгерден <<босаған>> тарихшы мұғалім бірыңғай өзінің көсіптік қызметімен айналыса бастады. Мұғалім тұлғасына қойылатын талапта жаңарды.
Мұғалімнің тұлғасы, оның рөлі мен маңызы туралы пікірлер көп. Солардың арасында К. Д. Ушинскийдің <<...Тікелей жеке ықпалсыз мінезге сіңетін шынайы төрбие жоқ. Тек тұлға гана түлганы>> дамуы мен қалыптасуына ықпал жасайды>>, -- деген пікірі ерекше.
Сан-салалы педагогикалық қызметте мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерінің атқаратын рөлінің маңызы зор. Кеңестік білім беру жүйесінде мұғалім қызметін кәсіптік тұрғыда жетілдіру бағытында көптеген зерттеулер жүргізілген болатын. Әйтсе де, таптық-партиялық идеология үстемдік еткен қоғамда мұғалім қызметіне шамадан тыс саяси міндеттер жүктелгені де рас.
Дегенмен, қазіргі кезде қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси құбылыстарына, жаңа ғылыми тұжырымдарға бейімделу қабілеті, бұқаралық ақпаратты педагогикалық тұрғыдан тұсіндіре алу сияқты бағалы қасиеттер бүгінгі тарихшы мұғалім үшін де ауадай қажет.
Мұғалім тұлғасының қалыптасуы ұзақ та үздіксіз процесс. Ол жоғары оқу орнынан басталып, мұғалімнің бүкіл еңбек қызметі барысында жалғасады.
Еңбек жолын жаңадан бастаған жас маман немесе педагогикалық тәжірибеден ететін тарихшы студент алғашқы сабақтарында мынадай типтік кемшіліктерге жол береді:
негізгі, басты мәселені бөліп алуға, жүйелі түрде базалық білімді игеруге қиналады;
баяндап тұрған материалдың мазмұнын бұрынғы және кейінгі материалдармен байланыстыра алмайды;
материалды ұзақ, қажетсіз егжей-тегжейлілікпен тұсіндіреді;
уақытты ұтымды пайдалана алмайды, көбінесе үй тапсырмасын сұрау жаңа материалды тұсіндіруден де көп уақытқа сөзылып кетеді;
тарихты оқуға деген қызығушылықты дамытуды мақсат етіп қоймайды, танымдық ойындардың маңызын елемейді;
бір сарынды әрекет, бір үлгідегі сабақ типі мен оқыту түрін қолданады;
мектептің тарих оқулығымен жүйелі жұмыс жасай алмайды (ұғымдар, есімдер, даталар, сұрақтар мен тапсырмалар, сұлбалар мен кестелер)
оқушылардың оқу әрекетін бағалауға қиналады, сабақта окушылар мүлдем аз немесе мүлдем бағаланбайды, бағаланса да тек жоғары бағалар қойылады;
дербес тапсырмалар, оның ішінде проблемалық сипаттағы тапсырмалар бермейді;
оқушыларға белгілі бір өзекті мәселеге әртүрлі көзқарас ұсына алмайды; пікірталас жүргізбейді;
мұғалім мен оқушының сабақтың барлық кезеңіндегі бірлескен жұмысын өз дәрежесінде ойластыра алмайды; сұрау барысында көбіне мұғалім-оқушы диалогы сөзылып кетеді;
сабақты тұсіндіруді бастағанда дербес тапсырмамен жұмысын жалғастырып отырған оқушыларды ұмытып кетеді;
өзінің оқытушылық қызметінің нәтижелерін айқындауға өте аз көңіл бөледі.
Оқыту процесіндегі осындай олқылықтардың орнын толтырып, кемшіліктерді жою арқылы жас маман өзінің базалық білімімен бірге әдістемелік тәжірибесін де байытып, кемелдене тұседі. Өзінің педагогикалық қызметінде шығармашылык табыстарға жетуді басты мақсат тұтқан мұғалімнің жұмысы жинақы, әрекеті жүйелі болады.
6.2 Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны
Бұл мәселе мұғалім жұмысын өзара тығыз байланыстыратын бірқатар әрекеттердің жиынтығы деп қарастыруға болады. Олардың қатарында тарихты, құқ негіздерін, азаматтану, адам жәые қоғам пәндерін оқытуды; сыныптық, сыныптан тыс, соның ішінде факультативтік сабақтар жүргізу; оқушыларды тәрбиелеу; біліктілігін көтеру; ата-аналармен жұмыс; қоғамдық жұмыстар атқаруды атауға болады. Тарихшы мұғалім өрекетінің әрбір түрі оның қызметтік міндеттері мен қажетті білім, дағдылар жиынтығын құрайтын өзіндік мазмұнмен ерекшеленеді.
Мысалы, сабақ жүргізудің өзі белгілі бір тарих курсын жүргізуге мұғалімнің алдын-ала дайындығын талап етеді.
Ол дайындық мынадай тізбек құрайды:
а) тиісті курстың оқу бағдарламасы, оқулығы, оқу құралдары, арнайы және әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйрену;
ә) сол курсты оқытуға қажетті материалдарды жинау және жүйелеу;
б) оқу процесінде қолданылатьш оқытудың көрнекі және техникалық құралдарымен танысу;
в) сыныппен, оның оқуға дайындық деңгейімен, оқушылардың қызығушылығы мен бейімі, ерекшеліктерімен, ал жұмысты жаңа бастаған мұғалім үшін оқу орнының ерекшелігімен (мектеп, лицей, дарын мектебі т.б.) танысу.
Осыпдай жалпы танысудан соң мұғалім тікелей сабақ өткізуге дайындалады; откен сабақтың нәтижесін талдайды; сабақ мақсатын нақтылап, оның құрылымы мен типін анықтайды. Оқу материалдарын, әдістері мен тәсілдерін тандайды, сонымен бірге қолдануға қажет деп есептеген дидактикалық материалдар, кәмекші, техникалық құралдарды іріктейді; сабақ барысында оқушылармен дербес және жаппай жүргізетін жұмыстардың мазмұнын анықтайды; сабақтың жоспарын жасайды.
Мұғалім факультативтік курс сабақтарын ұйымдастырғанда оқушылармен қосымша жұмыс жүргізіп, оларды материалды терен, оқып-үйренуге бағыттайды.
Сабақ жүргізу оқушылардың дөптерін және жазба жұмыстарын тексерумен үштасады. Ол мынадай бағыттарды қамтиды; жазба жұмысы мазмұнының дұрыстығы мен жазба жұмыстың орындалуын тексеру; жазылым мен тыныс белгілер; орындалған жұмысқа баға беру және дәптер мен жазба жұмыстарын тексерудің нәтижелеріне талдау жасау; тексеру нәтижелерін есепке алып, салыстыру.
Тарихшы мұғалім қызметінің мазмұны сынақтар мен емтихандар алуды ұйымдастыруды да қамтиды; ол -- сынақ алдындағы және емтихан алдындағы қайталауды ұйымдастыру; сынаққа қиыпдық деңгейі әртүрлі тапсырмалар дайындау; жауаптарды бағалау; сынақ алудын түрі мен әдістерін айқындау; қосымша берілетін сұрақтар дайындау сияқты жұмыстардан тұрады.
Мұғалімнің тарих кабинетіндегі жұмыстары кабинетті безендіру, лаборанттын жұмысын ұйымдастыру, дидактикалық материалдар, көмекші құралдарды жинап, жүйелеу және сақтау, сабақ және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге кабинета және ондағы материалдарды пайдалану сияқты көптеген әрекеттерден тұрады
Тарихшы мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұны да біршама күрделі. Ол жұмыстардың мынадай түрлерін атап айтуға болады: езге мұғалімдердің сабағына қатысу және талдау жасау, мектептік, аудандық әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысу, өз тәжірибесін жазып шығару; жарыссөзге, баяндамага дайындалу, сабақтың, ашық сабақтың талдамасын дайындап, мақала жазу, көмекші құрал жасауға қатысу, недагогикалық эксперимент жасап, оның нәтижелерін талдау, дербес әдістемелік тақырыппен жұмыс жасан, алынған нәтижелердің теориялық және практикалық маңызына баға беру.
Тарихшы мұғалім қызметі мазмұнының түрлері оның жұмыс істеген білім беру мекемесінің -- қалалық, ауылдық, лицей, тереңдетіліп оқытылатын мектеп -жағдайына қарай толықтырылуы мүмкін.
Тарихты оқыту -- шығармашылық қызмет
К. Д. Ушинский педагогикалық қызметті <<...практикалық өнердің бір түрі>> деп бағалаған еді. Мұғалім мамандығының шығармашылық сипаты оның еңбегінің үнемі даму жағдайында болатын өзгермелі табиғатынан туындайды. Олай дейтініміз, тарих пәнінің бағдарламасы жаңаланады, жаңа педагогикалық идеялар мен оқу әдістері пайда болады, оқытуды ұйымдастыру түрлері жетілдіріледі. Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушының өзгеруі, дамуы мұғалім әрекетінің мазмұны мен сипатын үнемі өзгертіп отыруды талап етеді, оқу-тәрбие процесінде үнемі жаңа педагогакалық міндеттерді шешумен айналысуға итермелейді.
Бұл міндетгерді шешудің көптеген құралдарының арасынан ең түйіндісін тандап алу үшін тек тарих саласында білім мен дағдыларының жеткілікті болуы, педагогика, психология және окыту әдістемесін жетік білуі жеткіліксіз, сонымен бірге өз қызметін шығармашылық ізденіс деңгейінде атқара алатын қабілеттілік те қажет.
Тарихшы мұғалім әдістемелік құралды, оқыту мен тәрбиенің мақсаты мен мазмұны, оқушылар әрекетін ұйымдастырудың тәсілдері белгіленген дайын сабақ жоспарлары мен ұсыныстарды пайдаланғанмен де оларды өз мәселесіне бейімдеп, жаңадан ой елегінен өткізеді. Мүның өзі шығармашылық ізденістің көрінісі.
Мұғалім мамандығының ерекшелігі оның тарихты оқытуда оқу-тәрбие міндеттерін шешуден туындаған педагогикалық шығармашылығының мазмұнынан туындайды. Белгілі бір педагогикалық тиімділікке жетуді мақсат етіп қойған мұғалім оқушының дербес танымдық әрекетін ұйымдастырып, алган білімдерін қорытып, тарихи құбылыстардан қорытынды ой түйіндей алатын дәрежеге жеткізуі тиіс.
Жұмысты жаңа бастаган тарихшы мұғалімге шығармашылық ізденіс қиын және күрделі болады. Бұл оның нақты педагогикалық жағдайда алға қойған мақсатына негізінен өзінің еңбегімен қол жеткізуге мөжбүр болатындығынан туындайды. Осы қиыншылықтан жалтарып, оңай жол іздеу -- шығармашылық дамуды тежейді.
Өзінің тұлғалық сапаларына өзі таддау жасай алған мұғалім өзінің педагогикалық әрекетіне түзету жасап, оған шығармашылық тәсілдер енгізеді. Сол сияқты білімі мен біліктілігін көтеріп, қазіргі заманғы педагогикалық және тарихи білімінің дамуы мен өскелең қоғамның талаптарына сай тұрақты кәсіптік өсуді қамтамасыз ете алады.
6.3 Тарих сабағына қалай дайындалу керек?
Тарих сабағына қойылатын талаптар мынадай: сабақтағы тарихи мазмұнның, педагогикалық ойдың толықтығы, оның алға қойған мақсатқа сәйкестігі; білімнің ғылымилығы; тарихи деректердің анықтығы; түрлі білім кездерін қолдану; базалық білім қалыптастыруда негізгі шешуші мәселені тандап ала білу; оқушылардың жоғары деңгейдегі дербес ойлай білуі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру; сабақ типін, оны өткізудің құралдары мен әдістерін дұрыс тандай білу; тандап алынған оқу жұмысы тәсілдерінің педагогикалық ниетке, оқушылардың танымдық мүмкіндігінің мазмұнына сай келуі; мұғалім мен оқушы ерекетінің біртұтастығы.
Сабаққа дайындық оқу жылы басталмастан бұрын мемлекеттік стандарт пен барлық сыныптардың оқу жоспарымен танысудан басталады. Осындай жағдайда ғана мұғалім жекелеген сабақты емес, тұтас тақырыптарды, курстарды жүргізуге дайын болады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім оқушылардың іскерлігі мен дағдыларды меңгеріп, тұлға ретінде қалыптасуы барысында терендеп, нақтылана тұсетін деректер мен ұғымдар жүйесін айқындайды. Содан соң барып, ол жүйенің мектеп оқулықтарынан қалай көрініс тапқанын, тарихи материалдың баяндалу сипатын, оның құрылымы мен мазмұнын, әдістемелік аппаратының қандайлығына көз жетізеді. Оқулықтарға талдау жасау өзара байланысты сабақтарды, олардың оқу курсындағы орны мен рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік стандарт, оқулық және бағдарламамен жете танысу оқылатын бөлім мен курстың тақырыбының оқу-тәрбиелік мақсаттарын айқындауға көмектеседі.
Осыдан соң сабақты тақырыптық жоспарластыруға кірісуге болады. Оның мәні -- сабақтарды тарихи және қисынды байланыстарына, оқу типі мен түрлеріне қарай жүйеге топтастыру. Мұғалім мазмұнын өзі ашатын және оқушылардың дербес игеруіне оңай тиетін тақырыптарды белгілейді. Нақты сыныптағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтап барып мұғалім тақырыптық жоспар негізінде сабақ жоспарын түзеді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz