3-сынып математикасы: 5-ке көбейту тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Математика 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі: Оқушыларға көбейту мен бөлу амалы арасындағы байланысты одан әрі ұғындыру. Санды 5-ке көбейту және бөлудің үлгісімен таныстыру.
Дамытушылығы: ауызша, жылдам, дұрыс есептеу дағдыларын жетілдіре түсу, логикалық ойлауын дамыту, пәнге деген қызықшылықтарын арттыру.
Тәрбиелігі :шыншылдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 5-тің көбейту кестесі, үлестірмелі карточкалар, сандар, плакаттар, тест, санамақ, логикалық есеп.
Түрі :жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері :сұрақ-жауап. проблемалық, практикалық жаттығу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.
Ә) Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
2. Өткенді қайталау.
А) Үй тапсырмасын тексеру.
№6, №7 67-бет
№6 теңдеу құру, оны шешу. №7 a=0. 1, 2, 3;
Ә) Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.
Қалдықпен бөлуге байланысты мысалдар.
Б) 4-тің көбейту, бөлу кестесін пысықтау. «Доп лақтыру» ойыны арқылы.
В) 10 кітапты 3-3-тен неше балаға бөліп беруге болады?
10:3=3(1қалд. )
3. Жаңа сабақ
А) 5+5+5+5+5=5х5=25
Ә) 25-тен 5-ті азайта береміз.
25-5-5-5-5-5=0 демек 25:5=5
4. Оқулықпен жұмыс
А) Жаттығулар жүргізу.
№1 (ауызша)
№2 есепті оқып, талдау жүргізіп, шығару.
Мандарин-8кг-5жәшік
Апельсин-16кг
Барлығы неше кг-?
Шешуі:(8х5) +16=56
Жауабы:56кг жеміс
Есепті неше амалмен шығардық? Неліктен?
5. Сергіту сәті
№3 кестені пайдаланып, есептер құрастыру, оларды шығару.
а) 1жәшік алма-9кг
Жәшіктер саны-5
Барлығы-?
Шешуі:9х5=45
Жауабы:45кг алма.
ә) 45:9=5
б) 45:5=9
Бұлар өзара кері есептер.
6. Математикалық диктант түрінде орындау.
9х5 5х9 5х8 8х56
45:5 45:9 40:5 40:8
Қай теңдіктер 5-ке көбейту кестесінде келтірілген ?
(5х9, 5х8)
7. Өз бетімен жұмыс
6х5 30:5 30:6 5х6
7х5 35:5 35:7 5х7
8х5 40:5 40:8 5х8
9х5 45:5 45:9 5х9
8. Топпен жұмыс. 1баған-1топқа
2баған-2топқа
9. Шығармашылық тапсырма.
Еркін әкесі 36жасқа келгенде туған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болған?
Шешуі:36:5=7(қалд. 1) 36+7=43
Жауабы:Еркіннің әкесі қазір 43 жаста.
10. Тест сұрақтары.
1) Қай қосындыларды көбейтіндімен алмастыруға болады?
а) 16+13+20 ә) 4+3+6 б) 10+10+10
2) 16-ның 4-ке бөліндісінің құрылған өрнегін тап.
а) 16х4 ә) 4:16 б) 16:4
3) Амалды орында, дұрыс жауабын тап . 46х0+13
а) 60 ә) 13 б) 0
4) Жұлдызшаның орнында қандай сан тұр?
***-**=1
**-*=1
11. Бес саусақ ( санамақ)
12. «Бес асыл, бес дұшпан»
13. Қортындылау.
14. Үйге тапсырма №7 есеп, 68-бет.
15. Бағалау.