Тармақталған алгоритмдерді программалау

Тайпақ мектеп-гимназиясы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
7. 3. 2. Таңдауды ұйымдастыру(сабақтың тақырыбы)
Бөлім:
Педагогтің Т. А. Ә.
Күні:
Сынып: 7 сынып
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
Сабақтың мақсаты:
Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған сабақ мақсаты:
ЕБҚ сипаттамасы
Бағалау критерийлері
Білім алушылар.
- Тармақталған алгоритм ұғымына анықтама береді және мысалдар келтіреді.
- Тармақталған алгортимнің құрылымын анықтайды
- Python программалау ортасында тармақталған алгоритмді жазады (Шартты тексеру операторын, шартты ауыстыру операторын қолданады)
Ойлау дағдылары
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыт
Сабақтың басы
0-2мин
1. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу.
2. Оқушыларды топтарға бөлу
Оқушылардың аты жазылған дөңгелекшелер ілініп тұрады, оқышылар өздерінің есімдері жазылған дөңгелекшені алады, дөңгелекшенің артындағы түстер бойынша оқушылар екі топқа бөлінеді.
І топ: «Программа»
ІІ топ: «Блок - схема»
3. Жаңа тақырыпты ашу. Кейс әдісі
Оқушылар демалыс уақытымызды тиімді өткізу үшін алдын ала жоспарлайық. Егер күн ашық, күннің шуағы шашып тұрса, саябаққа барамыз, ал егер бұлтты болса кинотеатрға барамыз.
Сұрақ қойылады:
- Ал, оқушылар бұл жерден нені байқауға болады?
- Неге байланысты біз әрекет етеміз?
- Оқушылар сонда ауа райына байланысты қандай шарттарды орындаймыз?
- Шарт дегеніміз не?
- Ол қай кезде орындалады және қай кезде орындалмайды?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? Өз болжамдарыныңызды айтыңыздар.
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
Жарайсыңдар балалар, енді күнделікті тұрмыста шартқа байланысты қандай мысалдарды келтірер едіңдер, топтаса отырып бір мысал ойласытырып айтыңыздар
Дискриптор:
- Тармақталу алгоритіміне мысал келтіреді;
1. Мұғаліммен амандасады
2. Оқушылар өз аттары тұрған дөңгелекшені таңдау арқылы топқа бөлінеді.
3. Оқушылар сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап береді, тармақталған алгоритм түсінігін тұжырымдайды.
Жауабы:
- Демалыс уақытымызды тиімді пайдалану . үшін белгілі бір жоспар құрамыз.
- Күннің райына байланысты әрекет етеміз, яғни шарт қойылады.
- егеркүн жылы болса саябаққа барамыз
Оқушылар топтаса отырып мысал жазады.
Мұғаліммен амандасады
Оқушылармен араласып топтасады
Демалыс күнін қалай өткізгендігін дәптеріне жазады.
Алдағы демалыс күнін қалай өткізетіндігі туралы жоспарлайды
3. Оқушылардың сұрақтарға жауап беруіне қарай кері байланыс жүргіземін.
Мысалы: дұрыс, жақсы пікір білдірдіңіз, демалыс күнініңді дұрыс құра білдіңіз т. с. с.
Келтірген мысалдарын өз ара екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалайды.
Мағынаны тану мақсатында мәтінмен жұмыс(оқу сауаттылығы), жеке жұмыс
Бағалау критерийі:
Білім алушылар: Тармақталған алгоритм ұғымына анықтама береді және мысалдар келтіреді.
Дескриптор:
- Тармақталған алгортм ұғымына анықтама береді.
-Тармақталу алгоритінің жазылу құрылымын жазады
-Тармақталу алгоритміне мысал келтіреді
Сіздер өткен сыныпта сызықтық алгоритмдермен танысқан болатынсыздар, яғни программаның орындалу реті сызықтық болады, программа коды басынан бастап аяғына дейін рет ретімен орындалады, алайда программада үнемі мұндай жағдай бола бермейді. Есептің берілгенінде көрсетілген қандай да бір шартқа байланысты программа кодының кейбір жолдары орындалып, кейбіреулері орындалмай қалуы мүмкін. Яғни программа тармақталып орындалады. Бұл программалау тілінің маңызды құрылымы- шартты оператормен жүзеге асырылады.
Python программалау тілінде шаартты оператордың төменгі құрылымы қолданылады. Шартты оператор толық және қысқартылған формада кездеседі.
(қысқартылған түрі
) if логикалық өрнек:
Өрнек) 1
…
(толық түрі)
if логикалық өрнек:
өрнек 1
else:
өрнек 2
Тармақталған операторлардың орындалуының блок-схемасы төмендегідей болады.
Егер if сөзінен кейін жазылған шарт ақиқат(дұрыс) болса, онда else сөзіне дейін орналасқан барлық командалар орындалады («командалар блогы» деп те аталады) . Егер if-тен кейінгі шарт жалған(дұрыс емес) болса, else-ден кейін орналасқан командалар орындалады. Python-да, басқа программалау тілдерінен айырмашылығы, сол жақ шекараға қатысты операторлардың ауысуы (шегініс) программа жұмысының дұрыс орындалуына әсер етеді, яғни if және else сөздері бірінші позицияда жазылады (шегініссіз) және ішкі блоктардың барлық командалары сол деңгейге қатысты қашықтыққа оңға қарай жылжумен орналасады. Шегініс үшін бос орындар қолданылады(әдетте екіден кем емес ) немесе табуляция таңбалары (Tab пернесін басқан кезе енгізіледі) .
- Тармақталған алгоритм дегеніміз не?
- Тармақталған алгоритмнің жазылу үлгісін көрсетіңіздер?
*** *** ***
«Иә\жоқ» ширату жаттығуы (жеке жұмыс) арқылы логикалық шарттардың дұрыс жазылуын көрсетеді. ( Оқушыларға шартты операторлардың логикалық өрнектерімен таныстырып, олардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін ширату жаттығуын орындатамын)
Жауап:
Дескриптор:
Шартты өрнектердің дұрыс орындалуын анықтайды
Оқушылар таратпа парақтағы мәтінмен танысып, тармақталған алгоритмге анықтама береді, жазылу үлгісін көрсетеді
Оқушылар ширату тапсырмалары бойынша логикалық өрнектерді қолдану әдістері бойынша ойларын жинақтап сұрақтарға жауап береді
ЕБҚ оқушыға арналған тапсырма
Тармақталған алгоритм деп іс әрекеттердің белгілі бір байланысты орындалу ретін айтады. Егер берілген шарт сәйкес келсе, бірінші орындалады, сәйкес келмесе келесі орындалады.
Оқушы парақтағы мәтіннен тармақталу алгоритмінің анықтамасын анықтайды.
Берілген жұмысты орындауына байланысты кері байланыс жүргіземін
Логикалық өрнектерді салыстыру таңбаларын сәйкестендіреді
Жұмысты орындау қабілетіне қарай көңіл күй смайлигімен бағалаймын, жұмыста толықтырулар керек болса анықтап айтып кері байланыс жүргіземін
Жауап беріп болғаннан кейін қасындағы жұбына алмастырып, бір бірінің жұмысын тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді. Жауаптары бойынша өз өздерін бағалайды.
Оқушылардың нақты жауабына қарай дұрыс\бұрыс смайлигі арқылы бағалаймын
Сабақтың ортасы
10 мин
Топтық жұмыс.
Оқушыларға тармақталу алгоритмді анықтау және құру мақсатында орындалатын тапсырма
Топтарға тапсырма жазылған таратпа парағын береді.
1-топ: Берілген программа кодының блок схемасын құрыңыздар және есептің мазмұнын түсіндіріңіздер
a=int(input() )
b=int(input() )
if a>b:
print(a)
else:
print(b)
2- топ: Берілген блок схеманың программа кодын жазыңыздар және есептің мазмұнын түсіндіріңіздер.
Бағалау критерийі:
- Тармақталған алгортимнің құрылымын анықтайды
Дескриптор:
І топ:
- Тармақталған оператордың құрылымын анықтайды;
- Тармақталған оператордың блок - cхемасын құрады;
ІІ топ;
- Тармақтарған алгоритмның құрылымын анықтайды;
- Тармақталған алгоритмның программалық кодын жазады.
Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырма
Бағалау критерийі:
- Python программалау ортасында тармақталған алгоритмді жазады (Шартты тексеру операторын, шартты ауыстыру операторын қолданады)
Төртбұрыш мәндері берілген. Төртбұрыш периметрінің мәні тақ сан болса, оны екі еселейтін программа құрыңдар.
A=int(input() )
B=int(input() )
C=int(input() )
D=int(input() )
P=a+b+c+d
If p%2==1:
print(p*2)
else:
print(‘tak emes’)
Дескриптор:
-Программаның шартын анықтайды
- тармақталған алгоритм құрады
- Python ортасында программа кодын жазып, нәтижесін көрсетеді
Оқушылар таратпа парақшасындағы тапсырманы мұқият оқиды, бірінші топ берілген шартты операторының коды арқылы блок схемасын сызып, кодтың мазмұнын анықтайды, екінші топ берілген блок схемаға қарап программа құрылымын анықтап, кодын жазады
Оқушылар берілген тармақталу алгоритміне арналған есептің құрылымын анықтап, нәтижесін компьютерден көреді
Берілген есептің программалық кодын және блок схемасын дәптеріне жазады, оның қандай алгоритм екеін анықтайды.
Тапсырманы орындау барысында анықталған
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz