Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ әдебиетінің тарихы туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
_________ Т.Р.Абдықадырова
/қолы//аты-жөні, тегі./
<<__>> _________ 2022ж.
БЕКІТЕМІН
ЖООКБББ бастығы
_________ C.Б.Байжанова
/қолы//аты-жөні, тегі./
<<__>> _________ 2022ж.
Магистранттың ғылыми - зерттеу жұмысы 1
ЕСЕБІ
Аты-жөні, тегі
Беркімбаева Ержанай Ғалиқызы
Магистрлік диссертацияның тақырыбы
<<Әдебиет тарихын жаңа әдіс-тәсілдермен оқыту>>
Ғылыми жетекші
Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы
Тараз
МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ 1
Оқу жылының 1 семестрі магистранттың ғылыми - зерттеу жұмысы (МҒЗЖ) диссертация тақырыбын бекітуден басталады. Ғылыми кеңес өткізіліп, онда магистрлік диссертация/жоба тақырыбым: <<Әдебиет тарихын жаңа әдіс-тәсілдермен оқыту>> болып бекітілді. Ғылыми жоба тақырыбы нақтыланған соң ғылыми жетекшімен бірлесе отырып, жұмыс жоспары жасалды:
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Жұмыстың қысқаша мазмұны
мен көлемі
Орындалу мерзімі
Есеп беру түрі
1. Теориялық жұмыс
Қаңтар - қараша 2021 жыл
Есеп
2. Эксперименттік жұмыс
Қаңтар - наурыз 2022 жыл
Есеп
3. Диссертацияны безендіру
Мамыр 2022 жыл
Диссертация
Ғылыми зерттеу жұмысын жазуға дайындалу барысында келесідей мақсаттар қойылды:
Әдебиеттану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жан-жақты дайындық;
өз бетінше кәсіби, ғылыми-зерттеу жұмыстарының практикалық дағдыларын дамыту;
магистрлік диссертацияны жазу үшін қажетті ақпараттық материалды алу.
Диссертацияның құрылымы құрастырылды.
Зерттеу жұмысымыздың барысында мынадай әдістерді қолдануға шешім қабылдадық:
* аналитикалық (ғылыми, әдістемелік, әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, жүйелеу, т.б.);
* диагностикалық (сауалнама, жеке және топтық әңгіме, сұхбат, бақылау, тестілеу, т.б);
* статистикалық (зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу).
Зерттеу жұмыстары үшін ғылыми, әдістемелік, әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, т.б . жүргізілді.
Зерттеу әдiстерi мен зерттеу жургiзудiң әдiстерiн, зерттеу жұмысын қорытындылау үшiн зерттеу әдiстерiн пайдалану, ғылыми-техникалық құжаттама толтыру талаптарын меңгердiм.
Ғылыми зерттеу жұмысының 1-кезеңі бойынша атқарылған жұмыстар:
университеттің Ғылыми кеңесінде диссертация тақырыбы бекітілді;
негізгі іс-шаралар мен оларды жүзеге асыру мерзімдері көрсетілген диссертациямен жұмыс жасау жоспары жасалынды;
диссертациялық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері айқындалды;
жұмыстың обьектісі мен пәні нақтыланды;
таңдап алған тақырыптың өзектілігін ұсындық;
диссертация тақырыбы бойынша ғылыми,
педагогикалық, психологиялық әдебитеттер зерттелінді.
диссертация тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімі құрастырылып, жалпы 44 дереккөз қарастырылды.
ғылыми жетекшімнің басшылығымен зерттеу әдістерімізді анықтадық.
Диссертация тақырыбы бойынша қазіргі заманғы әдебиеттерді егжей-тегжейлі талдаукезінде төмендегідей зерттеу жұмыстары анықталды:
1 Абдрахманов С. Әдебиет әлемі: сөз өнері туралы толғаныстар. - Астана: Фолиант, 2017 - 688 бет.
2 Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде. - Алматы, <<Алатау>> баспасы, 2006 - 352 бет
3 Батұрсынов А. Әдебиет танытқыш. - Алматы: Атамұра, 2003. - 208 б.
4 Б. Кенжебаев. Қазақ әдебиетінің тарихының мәселелері. - Алматы, 1973ж.
5 Б.Кенжебаев. Қазақ әдебиетінің тарихы туралы. Социалистік Қазақстан, 15.06.1941
6 Ысқақұлы Д. Рухани толғамдар. - Алматы: Дәстүр, 2015. - 404 б.
7 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. - Алматы: Рауан, 1997. - 288б.
8 Жұмақаева Б. Д. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. - Алматы: Қыздар университеті, 2015. - 242 б.
9 Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы, Мектеп, 1966. - 130 б.
10 Ф.Б.Бөрібекова, Н. Ж. Жанатбекова Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. - Алматы: 2014. - 360 бет.
Диссертациялық жұмыс тақырыбым бойынша ғылыми жетекшімнен кеңес алдым. Ғылыми тағылымдамадан өту кезiнде барлық ғылыми зерттеу жұмыстар, диссертациялық жұмыс негiзiнде ғылыми жетекшiммен бiрiгiп аткарылды. Магистрлік диссертацияның ғылыми аппаратын жасадық. Ғылыми жетекшім п.ғ.д., профессор Әбдіқадырова Т.Р. нұсқаған бағыт бағдары бойынша диссертация тақырыбына байланысты бұрын қорғалған диссертациялық жұмыстармен, мақалалармен таныстым. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауларымен танысып біз зерттеп отырған білім беру бағытындағы тақырыпқа қатыстыларын жинақтадым. Диссертациялық жұмысымыздың теориялық бөліміне қажетті материалдарды жинақтадым. Магистрлік жұмысымның тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерімен таныстым. Мақала жазу мақсатында дайын мақалалармен танысып шықтым, мақала жазу құрылымын үйрендім. Кітапханада мақалаға теориялық жетекшіммен бірге жұмыстың жоспарын құрдық, жұмыс қайталанбайтындығы туралы негіздеме жасадық.
ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР
№
р/с
Басылымдардың атауы
Орындалу мерзімі
Баспа, мемлекет, қала атауы
1
<<ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және өмір шындығының көркем бейнесі>>
26-27 қараша, 2021ж.
Ағартушы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай <<Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі>> атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Тараз қ., Қазақстан Республикасы
МҒЗЖ - 1 барысында 25.01 - 20.02.2021 ж. аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті <<Ұстаз>> институтының <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> кафедрасында педагогикалық іс-тәжірибеден өттім. Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма - педагогикалық практика екені даусыз. Ресей жазушысы В.Афанасьев: <<Теория мен практиканың айырмашылығы - тәжірибеде>> деген екен. Аталған практикадан өту кезінде өзіме жүктелген үлкен жауапкершілікті сезіндім. Себебі, бұл педагогикалық тәжірибеде бізге, яғни магистрант - тәжірибешіге артылған міндеттер мен пәндік және тәрбиелік жұмысқа бағытталған түрлі тапсырмалар педагогикалық шеберлігімізді шыңдай түсудің дамытудың алғышарттары болды десем де болады.
Педагогикалық тәжірибенің алғашқы күні <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> кафедрасының меңгерушісі, профессор Абдыкадырова Тұрсынай Рыстайқызының және өзге де магистранттардың қатысуымен конференция өтті. Конференция барысында магистрант - тәжірибешілерге кафедра тарапынан жетекшілер бекітіліп берілді. Сонымен қатар, алдағы педагогикалық практиканың мақсат, міндеттерімен танысып, іс-тәжірбиеден өту барысында атқаратын қызметіміздің құзыреттіліктеріне шолу жасадық. Педагогикалық тәжірибе барысында жетекшімен бірлесе отырып, оқыту процесіне бағытталған бағдарламалармен жұмыс жасадым.
Тәжірибе барысында атқарылған жұмыстар бекітілген төрт апта шеңберінде ретімен жүзеге асып отырды. Әр аптада жүйеге сай түрлі жұмыстарды атқару бекітілген. Мәселен, практиканың алғашқы аптасында өзімізге бекітілген топтың пән оқытушысының сабақтарына қатыса отырып, сынама сабақтарды талдау, өз мамандымызға байланысты көптеген жаңа әдіс - тәсілдерді меңгеру, пән оқытушысына тән сұрақтар төңірегінде сұхбат жүргізу, практиканың маңыздылығы туралы пікір алмасу жұмыстары атқарылды. Және де тәжірибеден өтуге міндеттелген мекеменің ішкі тәртібімен, жеке талаптарымен танысып, алдағы уақыттағы сабақтардың күнтізбелік кестесін алдым.
Бірінші апта өзіме бекітілген топтың студенттерімен жақыннан танысу мақсатында топ сабақтарына қатысумен басталды. Сонымен қатар, оқытушының сабақ жүргізу тәсілімен де танысып өттім. Сабаққа қатысу барысында әрбір студенттің пәнге бейімділік деңгейлерін байқап, жеке қызығушылықтарын бағамдауға назар салдым. Себебі, пән сабағын өтуде кезінде білім алушы студенттің мінез құлқын тану - пәнді оқыту кезіндегі негізгі элементтердің бірі деп санаймын.
ЖОО дағы педагоикалық іс-тәжірибенің негізгі мақсаты - гуманитарлық мәдениеттің жоғары деңгейіндегі талапқа сай педагог - зерттеуші тұлғасын, педагогикалық процестің жоғары мектебіндегі заманауи технологияны меңгерген тұлғаны қалыптастыруға бағытталған кафедраның міндетті құжаттарымен танысып шықтым.
Барша негізгі құжатнамалармен танысып болған соң, педагогикалық тәжірибенің екінші аптасынан бастап өзіме бекітілген КЯ - 20 - 1 және КЯ - 20 - 3 топтарына <<Нормативті қазақ тілі>> пәнінен сабақтар өтуді бастап кеттім. Сабақ беруден өзге кафедра жұмыстары мен жеке жұмыс тапсырмаларын, сондай -ақ ұйымдастырушылық-экономикалық сұрақтар бойынша тапсырмалар мен техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өртке қарсы шаралаға бағытталған тапсырмалары бойынша атқаруға тиісті жұмыстарды өзіме бекітілген жетекшінің қолдауымен сәтті атқардым.
Жоғарғы мектептегі оқытушыларды әрі ғалым, әрі педагог, әрі тәрбиеші және дара тұлға ретінде танытатын көптеген жұмыстармен танысып, өзіме жүктелген негізгі міндеттерді атқардым. Университеттегі болашақ оқытушының кәсіби- тұлғалық, даралық қасиеттерін қалыптастыруды мақсат етіп, жаңартылған білім беру үлгілерін меңгеруге машықтандым. Аталған педагогикалық тәжірибеден өту барысында оқу орнының ішкі ережелерін толық ескере отырып, қателіктер жасамадым. Болашақ маман ретінде, тәжірибеден өткен университет қабырғасында білімділік және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығыма ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастырдым.
Практиканы өту барысында оқу - әдістемелік бағыт бойынша да біршама құнды дүниелер алдым. Тәжірбиені жүйелі жүргізу жолында жетекшіммен сұхбат жүргізу тәсілі тиімді болды. Осы арқылы өзімнің кәсіби құзыреттіліктерімді арттыруға бағытталған тиянақты іс - әрекеттер жасалынды. Сабақты жоспарлау және оны өткізу барысында уақытты ұтымды пайдалану жолдарына да осы сұхбат нәтижесінде қол жеткіздім.
Практикалық тәжірибеден өту кезеңінде атқарылып отырған жұмыстар туралы жазбаларды тұрақты түрде бекітілген жазба күнделікке түсіріп отырдым. Осылайша, өткен сабақтардан туындаған идеяларды алдағы өтілетін сабақ барысында қолдануды мақсат еттім. Мәселен, өзіме бекітілген КЯ - 20 - 1 және КЯ - 20 - 3 топтарында өткен сабақтарды күнделікке түсіріп, толтырып отырдым. Қазіргі елімізде болып жатқан эпидемиялық жағдайға байланысты бірінші курс студенттеріне <<Нормативті қазақ тілі>> пәні оффлайн форматта аптасына тек бір рет ғана практикалық сабақ болып өтіледі. Аталған пәнге кафедра аға оқытушысы Кенжеғұлова Фарида Қонарбайқызы жауапты. Оқытушы сабақтарды тапсырмас бұрын алдымен пәннің оқу - әдістемелік кешенімен мұқият түрде егжей тегжейлі таныстырып шықты. Сонан соң барып ғана оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарға сәйкес студенттермен жұмыс атқаруға кірістім. Дәстүрлі форматта жүзеге асқан сабақты белсенді түрде жүргізілді деп нық сеніммен айта аламын. Әр аптаның дүйсенбі күні жүргізілетін <<Нормативті қазақ тілі>> пәнінен бірінші аптада <<Фонетика саласы, оның зерттеу мәселелері>> тақырыбында Фарида Қонарбайқызының сабақ өту тәсілдерін бақылап, жүргізу стильін бақылап, қажет деген тұстарын түртіп алып отырдым. Онан кейінгі үш апта бойына <<Үндестік заңы>>, <<Морфонология>>, <<Лексикология және онымен дербес салалар>> тақырыптарында жеке сабақ жүргіздім.
Мұнан бөлек педагогикалық тәжірибеден өту кезінде КЯ - 20 - 1 және КЯ - 20 - 3 топтарымен тәрбие сағатын және ашық тәрбие сағатын өттім. Тәрбие сағатын жеке дара түрде ал, ашық тәрбие сағатын екі магистрант бірлесе отырып жүргіздік. Өз кезегімде КЯ - 20 - 3 тобына <<Әдеп пен ар-ұят - қыздың көркі>> тақырыбында тәрбие сағатын жүргіздім. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту болды. Аталған сабақ барысында студенттер барынша жоғары деңгейде белсенділік танытып, тақырып төңірегінде өзара пікір алмасты, өз ойларын ортаға салды.
Келесі кезекте ашық тәрбие сағатын әріптесім Қанат Көркемженмен біріге отырып, КЯ - 20 - 1 топ студенттерімен өткіздік. Ашық тәрбие сағатына <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> кафедрасының меңгерушісі Тұрсынай Рыстайқызы және практикалық жетекшіміз Лаура Төлегенқызы сондай-ақ топ кураторы Еділбек Бақытжанұлы қатысты. Студенттерді адамгершілік құндылықтарды бағалай білуге үйрете отырып, адал азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті деп айта аламын.
Тәжірибе барысында кафедраның тәрбиелік бағытында ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысуға барымды салдым. Атап айтар болсам, <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> кафедрасының ұйымдастыруымен өткен М.Мағауиннің шығармашылығына арналған <<Асыл сөздің алдаспаны>> атты тақырыбында зияткерлік сайысқа қатыса отырып өз пікірімді ортаға салдым. Сонымен қатар, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған <<Жамбыл шығармашылығы: даралық пен даналық>> тақырыбындағы республикалық вебинарға да қатыстым. Аталған іс- шаралар барысында өз ойымды ортаға салып, сонымен қатар өзге де пікірлерді тыңдап, рухани азық алдым.
Педагогикалық тәжірибе кезінде өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы оқытушылық мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға талпындым. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қорытынды аптада тәжірибе жетекшім берілген критерийлер бойынша мені бағалады. Қорытынды апта соңында атқарылған барлық жұмыстарымды жинақтадым. Педагогикалық тәжірибе барысында магистранттарға арналған нұсқаулықты толық меңгеріп, талапқа сай жұмыс жүргіздім. Нәтижесінде, жоғарғы мектептегі оқу процесінің ерекшеліктерімен танысып, тиімді тұстарын анықтап, теориялық білімімді практикалық тұрғыда қолдануға мүмкіндік алдым.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың <<Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында>> деген ұлағатты сөзіне қосыла отырып, өз мамандығымның асқан жауапкершілік пен білім, білік, дағды талап ететіндігін ұғына түстім.
М.О.
ЖООКББ бастығы ______________ _______С.Б.Байжанова _______
/қолы/ /Ф.А.Ә./
М.О.
Кафедра меңгерушісі _____________ _______Т.Р.Абдықадырова _____

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz