Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бекіту тапсырмалары

М.Өтемісов атында
Батыс Қазақстан университетінің
Жаратылыстану -
география факультеті 3
курс ХБ - 31 топ студенті
Табылдиева Амина
Мырзабекқызының № 40
жалпы орта білім беретін
мектебінен өткен
педагогикалық сараман
бойынша

Есебі

Педагогикалық сараманның тұрақтандыру конференциясы өткізілді. Конференцияны химия кафедрасының аға оқытушысы Киишева Д.Ж және Есеева Г.Б. ашты. Конференция барысында студенттерге педагогикалық сараманның маңызын түсіндіріп өтті. Оның ішінде мектептен сараман өту барысында болатын барлық жағдайды, сабақ өткізу барысын, жаңартылған білімге сай жұмыс жасауымызды атап өтті. Түсіндіру жұмысынан кейін қажетті құжаттар тізімімен таныстырылды. Құжаттарды қалай толтыру, оның реттілігін, қай уақытта тапсыру қажеттігін барлығын тізіп нақтылады. Бұйрық бойынша студенттердің қай мектепке баратыны жөнінде сөз қозғалды. Әр мектепке әдіскерлер тағайындалды.
Мен, Табылдиева Амина Мырзабекқызы 04.04.2022-30.04.2022 аралығында БҚО, Орал қаласы, № 40 жалпы орта білім беретін мектебінен педагогикалық сараманынан өтілді. Педагогика сараманының жетекшілері Мукашева Маншук Муратовна және Ихласова Жанар Максутовна болды. Сараман жетекшілері бізді сараман жоспарымен таныстырылды.
Алғашқы күні мені мектеп директоры Галиев Марат Омарович, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гусманова Азиза Адилбаевна, биология пәні бойынша жетекшім болған Рахметуллина Самал Гасиева және химия пәні бойынша Шакирова Ақторғын Тулегеновнамен таныстырылды.
Маған 8 <<А>>- сыныбы бойынша химия және биология пәндері бойынша сабақ беру тапсырылған болатын. Мен осы сыныпқа химия және биология пәндері бойынша сабақ берілді. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақтарына қатысу арқылы өзіме керек көп нәрселерді үйрендім, күнделік уақытылы толтырып жүрілді.
05.04.2022ж. күннен бастап пән мұғалімдерінің сабағын талдап, сыныпқа сырттай бақылау жүргізілді.
Педагогикалық сараман барысында маған жүктелген 8 <<А>> сыныбының химия және биология пәнінен қысқа мерзімді жоспары бойынша дайындалды. Әр сабақты әртүрлі бағытта, оның ішінде, жаңартылған жүйемен қоса бұрыннан келе жатырған дәстүрлі сабақ ретінде де жоспарланды. Маған жүктелген 8 <<А>> сыныбына аптасына екі рет химия сабағы, екі рет биология сабағы өтеді. Әр сабақты жаңаша әдіспен, ерекше өткізуге күш салынды. Сабақты өткізу үшін жоспарын құрып, өтпестен бір күн бұрын пән мұғаліміне бекітілді. Бекіту кезінде пән мұғалімі қай бөлімін қалай жоспарлағанымызды, қай бөлімге қанша уақыт беру қажеттігін қарап, бөлісіп отырды.Химия кабинеті таныстырылды.

Сурет 1- Химия кабинеті

Сурет 2 - Зертхана бөлмесі

13.04.2022 ж. Күні 8 <<А>> сыныбына Қышқылдардың қасиеттері және қолданылуы. №7 зертханалық тәжірибе <<Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу>> тақырыбына сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру.
Ұйымдастыру бөлімінде оқушылармен амандасып, түгендеп, назарлары сабаққа аударылды. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында <<Керегін жазып ал>> әдісін қолдану арқылы берілген формулалардан қышқылдарды теріп жаздырттым және де <<Адасқан әріптер>> әдісі арқылы тақтада шашыраған элементтерден толық қышқылдардың формуласы құрылды.

Сурет 3- 8 <<А>> сыныбы <<Қышқылдардың қасиеттері және қолданылуы>> сабағынан үзінді суреттер

Ой қозғау әдісі арқылы жаңа тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра отырып дайындаған презентациямен тақырыпты ашып алдым, қышқылдардың химиялық қасиеттеріне тәжірибе жасап көрсетілді.
Бекіту тапсырмаларына жасалған тәжірибеге байланысты кестені тексеріп, <<Кім жылдам?>> әдісі арқылы реакция теңдеулері берілді, химиялық диктант жүргізілді
Рефлексияны <<Бағалау ағашы>> әдісі арқылы тұжырымдап, әр тапсырманың бағалау критерийлері арқылы оқушылар бағаланды.

Сурет 4- Қышқылдардың химиялық Сурет 5- Рефлексия <<Бағалау ағашы>>
қасиеттеріне байланысты тәжірибе әдісі
жасау сәтінен үзінді сурет

15.04.2022 ж. күні 8 <<А>> сыныбына <<Негіздер>> тақырыбына сабақ өткіздім.
Сабақтың мақсаты: негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну.
Ұйымдастыру бөлімінде оқушылармен амандасып, сыныпты түгендедім.Дорбаға түрлі түсті конфет салынды, 3 топқа бөлінді (оксидтер,қышқылдар,негіздер.) Үй тапсырмасын тексеру мақсатында <<Кім жылдам>> әдісін қолдану арқылы сұрақ - жауап дайындап алып келінді.
<<Жариялау>> әдісі арқылы ашып, презентацияға жүгіне отырып түсіндіріп өтілді.Алдымен негіздер дегеніміз не екенін, олардың жіктелуін, аталуын, алынуы түсіндірілді.

Сурет 6- 8 <<А>> сыныбында өткізілген <<Негіздер>> тақырыбына түсірілген үзінді сурет

Сабақты бекіту мақсатында <<сәйкестендіру>> және деңгейлік әдістер, және де тақырыптан тыс сабаққа қатыспай отырған оқушыларға <<Қатесін тап>> ойынын дайындап алып барып, оқушыларды тақтамен және жеке жұмыстары ұйымдастырылды.
Соңғы рефлексия бөлімінде <<Білім қоржыны>> әдісін пайдаланып,оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтада ілініп тұрған қоржынға апарып жапсырылды.

Сурет 7- Оқушылардың сабақ Сурет 8- оқушылармен кері
барысында орындаған тапсырмалары- байланыс. Рефлексия << Білім
нан үзінді қоржыны>>

18.04.2022 ж. күні 8 <<А>> сыныбына биология сабағынан <<Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы. Өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік арасындағы өзара байланыс>> тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ мақсаты: тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәйектеу.
Ұйымдастыру бөлмінде оқушылармен амандасып, сынып тазалығы мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, үй тапсырмалары тексерілді. <<Конверт әдісі >> бойынша оқушыларды топқа бөлінді. (Тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, эволюция)

Сурет 9- 8 <<А>> сыныбына биология сабағынан <<Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы>> сабақ беру сәтінен үзінді.

Кейін тақырыпты бастамас бұрын <<Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы>> жайында бейнеролик көрсетілді.Жаңа сабақ түсіндірілді.
Бекіту тапсырмаларына <<Жасырын сұрақ>> әдісі арқылы топтарға ұяшықтарды таңдатып, жасырылған сұрақтарға жауап берілді.Көп сұраққа жауап берілген топтарға ұпай қосылып отырды. <<Адасқан әріптер>> ойыны арқылы үш топқа, әріптердің кестесі берілді, жаңа сабаққа байланысты сөздер тапты.Барлық оқушыға биологиялық диктант таратылды.
Рефлексия бөлімінде <<Бәрі менің қолымда>> әдісін пайдаланып, оқушылар өздерінің қолдарын суретін салып, сабақ жайлы әсерлері туралы жазылды.
Үйге тапсырма беріліп, оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланды.

Сурет 10- Оқушылардың топ Сурет 11- оқушылармен кері байланыс.
болып ұйымдасуы.<<Адасқан Рефлексия << Бәрі менің қолымда>>
әріптер>> ойынынан үзінді сурет

20.04.2022 ж. Күні 8 <<А>> сыныбына биология сабағынан <<Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы. Қолдан сұрыптау түрлері>> тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ мақсаты: ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау.
Ұйымдастыру бөлмінде оқушылармен амандасып, сыныпты түгендедім.Топтың аттары жазылған қағаздар таратылды. 3 оқушы тақтаға шығып бір - бір шардан жарылды.3 түрлі топқа бөлінді. 1 топ Эволюция. 2 топ Селекция. 3 топ Сұрыптау.
Үй тапсырмасын сұрау. Қара жәшік әдісі арқылы жәшіктен ішінде жасырылған сөздерге жауап берілді.Бас бармақ әдісі арқылы бағаланды.
Жаңа сабақ түсіндіру.Қолдан сұрыпталу туралы бейнефильм көрсетілді.
Бекіту тапсырмалары.
<<Кластер>> әдісі қолданылды.
1 топ Сұрыптау. <<Сұрыптаудың түрлері>>
2 топ Қолдан сұрыптау. <<Қолдан сұрыптау және оның түрлері>>
3 топ Жеке және жаппай сұрыптау. <<Жағымды, жағымсыз қолдан сұрыптау>> туралы топ болып қорғап шықты.
ВЕНН диаграммасы. Табиғи сұрыпталу мен қолдан сұрыптаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы жазу берілді.Топтар бір-бірін бағалады.
<<Бұл мәлімет шындық па әлде жалған ба?>> әдісі қолданылды
Сабақтың соңында Сиқырлы қалпақ әдісі арқылы жаңа сабақ кері байланыс ретінде <<Бағдаршам>> әдісі қолданылды

Сурет 12 - 8 <<А>> сыныбы. <<Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы сабағында жүргізілген жұмыстарынан үзінді суреттер.(Кластер әдісі)

Сурет 13- <<Сиқырлы қалпақ>> әдісі Сурет 14- оқушылармен кері байланыс.
<<Бағдаршам>> әдісі

Қорытынды

№ 40 жалпы орта білім беретін мектебінен педагогикалық сараманнан өту барысында көптеген тәжірибе жиналды. Сабақ беру барысында тиімді әдіс - тәсілді пайдалануды, басқа пәндермен байланысын, оларды бір-бірімен сабақтастыру шеберлігін ұйымдастырып, оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, сабақ үстінде ұйымдастырылатын сергіту сәттерін өткізуді де үйрендім. Машықтан алған әсерім оқушылармен қарым-қатынас жасауға, оқушыларды қызықтыра отырып сабақта тек оқушылардың өздері жұмыстану кезіндегі тапсырмаларды құру арқылы оқушымен жұмыстануды үйрендім. Машық кезінде мен химия және биология пәні бойынша сабақ өткізген кезде түрлі педагогикалық технологиялар, көрнекі құралдар пайдаланылды. Атап айтсам: ақпараттық-коммуникативтік, ынтымақтастық, ойын, білім беруді ізгілендіру, дамыта оқыту, деңгейлеп саралап оқыту технологиялары. Әр сабағыма түрлі тапсырмаларды арқылы мен оқушыларды сабаққа қызықтыруға тырыстым.



Машықкер: Табылдиева А.М
Қолы:
Күні: 04.05.2022ж.

Ұқсас жұмыстар
Ондық бөлшектерді қосу. 5-сынып
Етістік. 4 сынып. қазақ тілі пәні
Бағдарламасы тапсырмалары
ЛОГАРИФМДІК ТЕҢДЕУЛЕР жайлы
Тапсырмаларды бағалау
Сызықтық теңсіздіктер 6-сынып
Рационал бөлшектерді қосу және азайту
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері туралы ақпарат
Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Алгоритм типтері, сызықтық алгоритм
Пәндер