Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Айшықты сөздер. Топтың аты
Күні: 05.12.2012ж
ҰКТ тәрбиешісі: Асылханова Н.Қ
Сынып: 3-4
Сабақтың тақырыбы: <<Ұшқыр ой мен шешен тіл>>
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу,
белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, домбыра, киіз үй, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Құрметті ұстаздар оқушылар, қонақтар бүгінгі біздің <<Ұшыр ой мен шешен тіл>> атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойында біз өз білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молдығын көрсетеміз.
Ал, қанекей, келіндер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Білімімізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәттілік тілеймін.
Ортаға ойынға қатысатын топтарды шақырамыз. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Әділқазы алқасымен таныстыру.
2 <<а>> сынып жетекшісі: Мухамадиева Қ.Ж.
4 <<а>> сынып жетекшісі: Маратова С.М.
Ойынға 2 топ қатысады. Ойын VI айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру:
I. Ұшқыр ой
II. Құпия сандық
III. Ойлан тап
IV. Айшықты сөздер
V. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
VI. Көркемдеу
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзідерін таныстырады.
I топ:
Топтың аты: <<Сұңқар>>
Ұраны: <<Білім алып бүгін алтын ұяда, ертең әлі шарықтаймыз қияда>>
Таңбасы: Кітап пен қаламның суреті.
Қатысушылар:
1. Топ басшысы: Тамерлан
2. Әділет
3. Нұрмұхаммед
4. Исламбек
5. Айсұлу
6. Қазына
II топ:
Топтың аты: <<Тұлпар>>
Ұраны: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
Таңбасы: Аттың суреті
Қатысушылар:
1. Топ басшысы: Дарина
2. Балжан
3. Нұрдәулет
4. Мадина
5. Дінмұхаммед
6. Бекзат
Енді ойынымыздың І айналымын бастаймыз.
І айналым <<Ұшқыр ой>>
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.
<<Сұңқар>> тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Етістіктің сұрақтары. (не істеді? не қылды? қайтті?)
4. <<Бесінші>> сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
<<Тұлпар>> тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
ІІ айналым <<Құпия сандық>>
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту).
I топ:1. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз - мороз)
2.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар - снег)
3.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп - буква)
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш - линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды. (мысық - кошка)
II топ. 1.Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз - лук)
2.Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі - лиса)
3. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап - книга)
4. Айдалада ақ отау,
Ауызы, мұрыны жоқ отау. (жұмыртқа -яйцо)
5. Санағанмен - сан жетпес,
Созғаныңмен - қол жетпес. (жұлдыз - звезда)
6.Гуілдейді, уілдейді,
Одан басқа тіл білмейді. (жел - ветер)
ІІІ айналым <<Ойлан, тап>>
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 3 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу.
(Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі.)
I топ:
1.Абай Әбішті ертіп, өз ауылына қайтты. Атқа мінбей, екеуі ғана боп, ақырын жаяу басып, әңгімелесіп келеді.
Сен дұрыс сөз айттың, Әбіш! Жоқ-жітік туралы айтқандарыңның бәрі де өнімді, өрелі сөз...
(<<Әке арманы>>. М.Әуезов)
2.Көңілді - дария, ойы - аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келеді!
(<<Ұшқыш болғым келеді>> Қ. Аманжолов)
3.Алты айғы қыс тартқаны - аштықтың азабы.Бар сенетіні - күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...
(<<Күлпаш>>. Б.Майлин)
II топ:
1. Қу соғыстың біздің жүрегімізге салаған жарасы қаншама еді. Сол жараның зардабы уш уақыт ұмтылмас. Асыр салар балғын шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға да бір зілін салды ғой.
Сонда да болса басқамыздан гөрі Аянға қатты батып еді. Тағдыр оған дегенде ештеңесін аямады...
(<<Жусан иісі>>. С. Мұратбеков.)
2.Еділ, Жайық, Сырдария -
Белгілі жұртқа ескі су,
Тәтті дәмді тармақты
Ұзын Ертіс, Жетісу.
Осы бес су арасы,
Сарыарқа деген жер еді.
Туып өскен баласын,
<<Айбынды ер алаш>> дер еді.
(<<Өткен күн>>. М. Жұмабаев.)
3.Дүниеден безіп, тысқа шығып кеткен бір ақжүрек шал қалың ну орманды мекендейді. Ормандағы аң мұнан қорықпайды. Аңмен сөйлесіп ұғысатын болды.
Бір ағаштың түбінде ақжүрек жатыр еді. Сол жерге түнемек болып қарға, көк кептер, бұғы, жылан жиылады...
(<<Дүниеде жамандық неден?>>. Ы. Алтынсарин.)
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IV айналымды бастаймыз
IV. <<Айшықты сөздер>>
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 4 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
1. Бетінен оты шықты (ұялу)
2. Таяқ сілтем жер (жақын)
3. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
4. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
Ойынымыздың V айналымы .
V. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, - деп Абай атамыз жырлағандай өлең мәнерлеп оқу сайысына кезек береміз.
I топ: М. Мақатаев. <<Үш бақытым>>
II топ: Ж. Молдағалиев. <<Мен қазақпын>>
Ойынымыздың соңғы мәресіне де келіп жеттік.
VI айналым. <<Көркемдеу>>
Қазақтың ұлттық заттарын көркемдеу.
Домбыра, киіз үй.
Ән. <<Ұстазға мың тағзым!>>
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.
Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті - тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін. (Ғ. Мұстафин)
Жеңімпаз топты анықтау. Марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz