Қайырымды қала тұрғынымен надан қала тұрғынының айырмашылығы

1. 1 Мағыналар туралы ғылым: Лингвистикалық семантика
Семантика - мағына туралы ғылым. Көптеген басқа ғылымдар сияқты, оның қашан пайда болғанын нақты айту мүмкін емес. Тілдің мағынасы мен қызметі туралы ойлар тілге қызығушылық танытатын кез келген философиялық бағытқа тән. Сондықтан, семантиканың бөліктері ежелгі грек философиясында жиі кездеседі. Х. Кронассер тарихи семантика туралы очеркінде софистер мен Платоннан және міндетті түрде Аристотельден бастайды. Қытай философиясындағы идеялардан да семантиканы кездестіруге болады. Ежелгі грек философиясынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ, тек грек философиясының еуропа дәстүріне әсер етуінде ғана. Семантиканың дербес пән ретінде басталуын X. Кронассер ағылшын философы Дж. Локктың еңбектерімен байланыстырып, XVII ғасырдың ортасына жатқызады. Көпшілік пікір бойынша лингвистикалық семантиканың қалыптасуы XIX ғасыр 1839 жылы неміс лингвисті К. Райзиг семасиология "мағына туралы ғылым" деген жаңа атау ұсынып, грамматикалық пәндердің бірі ретінде қарастырылуынан басталады. [Кронгауз, 5]
1883 жылы француз тілшісі Мишель Бреаль «семантика» сөзін мағыналар туралы ғылым пәнінің жаңа атауы ретінде белгілеп, 1897 жылы шығарған «Мағыналар туралы ғылым. Семантика» деген атаумен атақты еңбегін атайды. Осыдан кейін екі термин семасиология және семантика - бір-бірімен бәсекелесіп, қатар өмір сүріп келеді. ХІХ ғасырда орыс тіл білімінде А. А. Потебня, М. М. Покровский сияқты ғалымдар Батыс Еуропа зерттеушілері В. фон Гумбольдт, Ф. Де Соссюр, Г. Пауль ізімен семантика және семасиология терминдерін синоним ретінде қолданған. [2, 7]
«Семасиология» термині ғылыми қолданыста сақталып, тар мағынада қолданылады. Бұл номинация үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын зерттейтін семантиканың бөлімін, яғни, сөз формасынан ойға немесе объектіге көшуді нақты зерттеу. Терминология тұрғысынан семасиология номинацияның өзін зерттейтін ономасиологияға қарсы - құбылыстан немесе объектіден олардың тілдегі мағынасына көшу, атаудың қалай жүретінін зерттеу. Бұл екі пән қазіргі мағынада семантиканың тұтас бөліктері болып табылады. Лингвистикалық семантиканың (немесе семасиологияның) ХІХ және ХХ ғасырлардың басында таза диахронды сипаттағы ғылым болды. Оның негізгі міндеті жеке сөздердің мағынасының өзгеруі мен дамуын зерттеу. Қазіргі лингвистикалық семантика - бұл синхронды ғылым болып есептеледі. [1, 6]
Семасиология туралы сөз қозғағанда кигнитивті лингвистиканы айтпай кетуге болмайды. Өйткені семасиология мен когнитивті лингвистика бір-бірін толықтырып тұрады.
Семантика тақырыбын екі түрлі категорияда қарастыра аламыз. Біріншісі, семантика тек сөздерді зерттеуден тұрса, екінші мағынасында ескірген сөздер мен қолданылу аймағын зерттейді. Американдық ғалым Ч. Моррис бойынша семантика семиотиканың бір бөлшегі болып, «көрсеткіштер мен олар ұсынатын активтер арасындағы байланысты білдіретін ғылым болып табылады». Ал У. Чафтың ойынша семантика: «Бұл идеялар мен ұғымдардың адам өміріндегі маңызын сипаттайтын қызмет». 10 Джордждың бұл тақырыптағы мәлімдемесі келесідей: «Семантика сөздердің, сөйлемдер мен сөз тіркестерінің мағыналарын білу үшін қызмет ететін ғылым саласы. Яғни, семантика лингвистикада сөздер мен сөйлемдерді қолданылуын және дәуірден-дәуірге жеткен сөздердің дәстүрлі мағыналарын талқылайды » [2, 102]
Екінші категория семантиканы былай түсіндіреді: «Сөздер мен олардың мағыналары арасындағы қатынастарды зерттейтін ғылым». Бұл семантиканың сөздік қорынан алынған және логиканы қоса түсінудің басқа элементтері. Тео Грюнберг семантика - тілге қатысты сөз тіркестерін есепке алмай, олардың білдіретін мағынасы тұрғысынан зерттейтін семиотиканың бөлімі деп есептейді. Грюнберг қазіргі заманғы логиктердің көпшілігі мағына мәселесі семантиканың шекарасында екенін мойындайтынын айта отырып, басқа көзқарасты алға тартты. [2, 103] Семантика тұжырымдамасының мазмұнының кеңдігі мен анық еместігін Ричард Палмер өзінің тұжырымдамалар туралы кітабында жазады. Бөлімдегі оның тақырыпқа қатысты кейбір мәлімдемелері: «Семантиканың тақырыбы «мағына» деп аталатын жіңішке болмысты зерттеу емес және болуы да мүмкін емес . . . Семантиканың тақырыбы - сөздер мен сөйлемдер бір нәрсені қалай білдіретіндігін, бәлкім, олардың мағыналарының жақсырақ бола алатындығын түсінуге тырысу».
Соңғы жылдары лингвистикалық зерттеулерімен алдыңғы қатарға шыққан Хомский лингвистиканы семантика, синтаксис және фонетика деп үш топқа бөледі. Бұл осы тақырыптағы әртүрлі түсіндірулердің бірі. Нәтижесінде, әр түрлі мәдениеттердің болуынан, семантикалар мен белгілерді білдіретін ұғымдар дәл қиылысады деп айтуға келмейді. [2, 104]
Семантика ірі ғылым салаларына жіктеледі. Олар: философиялық семантика, теологиялық семантика, логикалық семантика, семиотикалық, семиологиялық семантика, лингвситикалық семантика, психосемантика.
Лингвистикалық семантика табиғи тілдің бірліктерінің - морфема, сөз, сөз тіркестерінің, фразеологизмдер мен сөйлемдердің мағыналарын арнайы әдіс-тәсілдерімен зерттейді. Әдістеме тұрғысынан жұмыстар ең дәйекті түрде бөлінеді, танымдық және дәстүрлі (семантикалық-стилистикалық) аясында жасалған әдістер. Бірінші жағдайда саяси коммуникация ақыл-ой ретінде талданады, ал екіншісінде - тіл феномені ретінде. Сонымен бірге эклектикалық айыптаулардан (әр түрлі, қарама-қайшы көзқарастардың, теориялық алғышарттардың, саяси бағалардың тоғысуы) қорықпай, аталған әдістерді біріктіруге тырысып зерттеу еңбектерін жүргізетін авторлар бар. Әрбір жаңа бұрылыс, мемлекеттің тарихи дамуы тілдік "қайта құруға" алып келеді, оның ішінде лексика-фразеологиялық тезаурус, тұжырымдамалық метафоралар мен таңбалар бар.
Семантика негізінен өз бастауын көне Қытай философиясы, грек ойшылдары Платон, Аристотель, орта ғасыр араб, шығыс ғалымдары әл-Фараби, М. Қашқари, орта ғасыр Европа ойшылдары Г. В. Лейбництің, Пор-Рояль монастырь монахтары Антуан Арно мен Клод Лансло еңбектерінен алады. [1, 6] Бұлардың барлығының да ғылымға, семантикаға сіңірген еңбектері зор. Алайда, осы ғұламалардың бірінің еңбегін басқаларына қарағанда тереңірек зерттедік. Ол - ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға барып құятын жерінде бой көтерген Отырар қаласында дүниеге келген, тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, шығыс пен батысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби.
Орта Азияның ең көрнекті ғалымдарының бірі, ұлы ойшыл, әлемнің “екінші ұстазы” - Әбу Насыр әл-Фараби. Ғұлама 870 жылы Сырдария бойындағы арабтар Фараб деп атаған Отырар қаласында дүниеге келген. Әбу Насырға әл-Фараби есімі кейіннен таңылған. Бастауыш мектепті өзі туған қалада оқып бітіргеннен соң Иран, Хорасанда болып, өзінің ана тілі - түркі тілімен қатар хорасан, парсы тілдерін үйренеді. Сол кездегі дүниежүзінің ірі ғылыми орталығы болған Бағдат қаласына келіп, латынша, арабша, грекше жетік меңгереді. Әл-Фараби еңбектерінің біразы араб тілінде жазылған. Ғалымның математика, астрономия, медицина, химия, ботаника, география, философия, лингвистика, логика, тарих, музыка саласына қатысты еңбектері бар. Фараби ойларын бөлек-бөлек параққа жазып шәкірттеріне беріп отырған екен, содан да ғалым еңбектерінің арабша нұсқасы көп жоғалып кеткен. Әл-Фараби еңбектерін Еуропа ғалымдары кең түрде пайдаланса, араб ғалымдары тірі кезінде де өлгеннен соң да оны өздерінің ұстазы деп біліп, Орта Азия ғалымдары жоғары бағалаған.
Фараби еңбектерінің кейбіреулері неміс, ағылшын, француз тілдеріне аударылып, басқа еңбектерге арқау болған. Мысалы, Б. Дерлангер өзінің “Араб музыкасы” атты француз тілінде шыққан еңбегінде Фарабидің “Китаби музыка ал - кабир” деген еңбегін толық келтірген. Фарабидің бұл еңбегі дүние жүзінде музыка жөнінде жазылған еңбектердің ең ірісі болып табылады. Немістің белгілі ориенталисы Диатерци 1890-1895 жылдары Лейденде Фараби жөнінде еңбектер шығарып, Фараби кітаптарының бірнешеуін араб тілінде бастырған. [Машани. 24 б. ]
Әл-Фарабидің өмірі мен қызметі туралы ең көп мәлімет беретін еңбектер - Ибн Аби Усайбианың «Дәрігерлердің біліктілігі туралы мәліметтер негіздері», әл-Кифтидің «Ғалымдар мен данышпандар туралы хабарлар», Ибн Халликанның «Әйгілі адамдардың өлген күндері және өз уақыттарының ұлдары туралы мәліметтер шығармалары». [Әл Фараби және қазіргі заман, 15б ]
Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы тек философ-ғалымдар мен тарихшыларға ғана құнды болып қоймай, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы заманауи жаһандық өркениеттің дамуы жағдайында да өз өзектілігі мен практикалық маңызын жойған жоқ. Әл-Фарабидің негізгі тұжырымдамалық қағидаларын қазіргі заманғы көзқарас арқылы зерделеу барысында оларды қазіргі заманғы қоғамның тұрақты рухани дамуы контексінде түсінуге болады. Ғалымның интеллектуалды және этикалық ізгіліктері қазіргі заманғы қоғамдағы жағдайда да өзектілігімен ерекшеленеді. Технологиялық ілгерілеу мен озық коммуникациялық технологияларды меңгерудің нәтижесінде әлем жаңа ақпараттық кезеңге қадам басып келеді. Сонымен бірге қоғамда ғаламдық ауқымдағы сын-тегеуріндер белең алуда. Техногенді өркениеттің рухани-өнегелік құндылықтарының дамуына қарағанда экономикалық, технологиялық және ғылыми ілгерілеу әлдеқайда алда келеді және ол бұрынғы өнегелік құндылықтарды сақтай отырып, адамгершілік тұрғыдан құлдыраудың жаңа түрлерінің, зорлық-зомбылық пен қақтығыстардың пайда болуына ықпал етуде. Ғылым мен техниканың жетістіктері адамзатқа пайдасы мен бірге зиянын да тигізуде. Осыған байланысты бүгінгі таңда әсіресе Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фарабидің білім мен өнегенің, білім беру мен тәрбие берудің өзара байланысы туралы идеялары сұранысқа ие. [12 Ж. Алтаев]
Оқушыларға әдебиетті не үшін оқытамыз? Орта мектептерде Фараби еңбектерін оқытудағы мақсатымыз не?
Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы Ахмет Байтұрсынүұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегінде өнерді бес түрге бөледі: Бірінші-тастан, кірпіштен, ағаштан яки басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешіт, медресе, үй, там сияқты нәрселер салу өнері. Екінші- балшықтан я металдан құйып, тастан я ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын-сымбатын келтіріп сүгірет жасау өнері. Бұл сымбат өнері. Үшінші-түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, түсін, кескін-келбетін келтіріп, сүгіреттеп көрсету өнері. Бұл кескін өнері. Төртінші-әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрамын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері. Бесінші-нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша-асыл сөз, арабша-әдебиет, Европаша-литература. [2. 6-7б] Олай болса әдебиет ол сөз өнері. Адам ойын әсерлі, мәдениетті, сауатты жеткізудің құралы. Әдебиет пәні асқар армандарға, сұлулыққа, әсемдікке құштар етеді. Бұл пәнді оқыту арқылы оқушыларды патриоттық сезімге баулып, кісілік қасиеттерін қалыптастырады, рухани байиды, туған елін, тілін сүюге, адамзатты құрметтеуге үйрете алады. Сонымен әдебиетті оқытудағы басты мақсат-оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітап оқуға деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы-әдебиетін жан-жакты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу. [3. 9-10 б]
Мектеп бағдарламасында әл-Фараби өмірбаяны алтыншы сыныптың әдебиет пәнінде қамтылған. Бұл жастағы оқушылардың деңгейімен кітапта әл-Фараби өмірбаянымен таныстыру үшін берілген тапсырмалар мен материалдар ұғынықты, жақсы берілген. Бірақ 5-11 сынып қазақ тілі мен әдебиет оқулықтарына шолу жасағанымда, тек осы 6-сынып оқулығынан ғана әл-Фараби тақырыбын кездестірдім. Әл-Фараби тек өзін зерттеуге қызыққандар үшін ғана бүкіл өмірін ғылымға арнамаған. Оның еңбектерінен тіршілікке қажет нәрселерді таба аламыз. Әсіресе «Қайырымды қала тұрғындарымен» «Бақытқа жету жолын» көрсеткен ғұламаның еңбегін оқып өсу мектеп оқушыларының алдағы өміріне сәуле болуы мүмкін. Бұл тұста мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, Фараби еңбектерін оқытуды сынап көруіміз керек.
Мен Фараби еңбектерін әсіресе 8-9-сыныптарда оқыту қажет деп ойлаймын. Даңқты мұғалім Қанипа Бітібаева 10-12 жастағы балаларға қарағанда 13-14 жастағы балалар көркем шығармаларға басқаша қарайды деген. [3. 20 б] Тек оқиғасын қызықтап оқу, соған бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір шындығы деп қабылдау, күйіну, қуану бұл жастағы балаларда да болғанымен, өзгеше сипат алады. Көркем туындыны оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды, өз пікірлеріне көбірек жүгіне бастайды. Көркем шығармаға өз пікірін қалыптастыра бастаған оқушы әл-Фараби еңбектерін де түсіне бастайды.
Джули Дирксен «Искусство обучать» еңбегінде оқу процессін қалай құруға болатынына жауап іздейді. «Көбінесе тыңдаушыларда сабақ тақырыбына байланысты белгілі бір білімдері болады, ал мұғалім соларды қолдануға тырысу керек. » Оқушылардың бастапқы білімін дұрыс қолдана алсақ, олар біздің айтқандарымызды есте сақтаудың орнына, бұрыннан бар білім жүйесімен белсенді жұмыс істей бастайды. Тыңдаушыларға қандай да бір материал бергіңіз келсе, алдымен олар бұл тақырыпқа байланысты бір нәрсе айта ала ма деп өзіңізден сұраңыз. [4. 172] Демек, 9-сынып оқушыларына Фараби еңбектерін оқыту үшін олардың 6-сыныпта алған бастапқы білімдерін тиімді пайдалана алуымыз қажет.
Тақырыпқа байланысты берілген материалдар оқушы жадында сақталатындай болуы керек. Мәселен, кинотеатр қызметкері жұмыс күнінің соңына дейін қанша адамды есінде сақтайды? Ол өзгелерден ерекшеленгендерді ғана есінде сақтайды. Ерекше киінген бойжеткен, неміс тілін араластырып сөйлейтін бозбала, немесе киноға немересімен келген әже. Ақпарат та сондай. Егер ол ерекшеленбесе және тыңдаушының бұл тақырып жөнінде бастапқы білімі болып, оған назар аудармаса, толықтырмаса ақпарат тез ұмытылады. Әл-Фараби туралы бастапқы білім 6-сынып оқулықтарында қамтылған деп жоғарыда атап өттік. Енді сол білімді әрі қарай жалғастыру керек. Ғалымның өмірімен таныс оқушылар үшін оның еңбектерімен танысу қиынға соқпауы тиіс.
Тыңдаушылар арасында материалды қаншалықты есінде сақтай алатынына байланысты зерттеу жүргізіледі. Бір топқа ғылыми түсінікті түсіндіру үшін видеоролик қолданылады. Визуалды материалды көрген тыңдаушылар, видеороликтегі ақпараттарды дәл әрі түсінікті болғанын айтып, жоғары бағалаған. Ал екінші бір группаға тақырыптың қате тұстарын талқылап жатқан екі адамның диалогымен видео көрсетіп, содан тақырыптың принциптері туралы тыңдаушылардың өздеріне түсіндірген. Алайда тыңдаушылар құр сөзді роликті түсінудің қиынға соққандығын айтады.
Оқушы материалмен белсенді түрде жұмыс жасауы тиіс. Егер біздің айтқан мәліметтеріміз оқушылардың жадында сақталсын десек, оларды тақырыпқа байланысты ойландыруымыз керек.
Келесі, тақырыпты қалай түсіндіруге байланысты оқу курстарын дамытудың танымал маманы Кэти Мур мұғалім айта ма, әлде көрсете ме деп соған наза аударады. [4, 176-178] Айту деген қандай, көрсету деген қандай болмақ?
Кестенің «айту» бөлімінде сөзден басқа ештеңе жоқ, ал «көрсету» бөлімінде балалар түгілі ересектердің ойларында қайырымды қаланың макеті құрылып, белгілі бір іс-әрекет орын алып жатты. Демек біріншісіне қарағанда екіншісінің берер әсері, ойландыратын тұстары молырақ. Оқушыларға визуалды ақпараттың маңыздылығын Фараби өз шәкірттеріне қолданған. Ол туралы Ақжан әл-Машанидің еңбегінде: « Әл Фараби өзінің дәрісінде табиғат дүниесіне көңілді көбірек бөлетін болды. Ол ғана емес ол өзінің ересек шәкірттерін қала сыртына, серуенге алып шығып, неше алуан қызықты әңгімелер айтатын болды», -деп аталып өтеді.
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат» - Ара ахя ал- мадинат ил - фадила» Ибн Абу Усейби'аның айтуынша Әбу Насыр әл-Фараби бұл еңбегін Бағдадта жаза бастаған, 942 жылы Дамаскіде аяқтаған. Кейіннен ол өзінің бұл шығармасын қайта қарап, тарау-тарауға бөлген, ал 948 жылы Египетте болған кезінде ол бұл кітапты үлкен-үлкен алты бөлімге бөлген. Ол мінсіз адамзат қоғамының сипаттамасына, сірә сол кезде өз заманының бүкіл дүниеге көзқарасын қосып баяндаса керек. [Әбу Насыр әл-Фараби, Қайырымды қала, А., 2019, 131 б. ]
Аристотель сияқты Фарабидің де басты ойы - адам табиғатынан қоғамдық мақұлық және басқа адамдар араласып, ұжымда ғана өмір сүре алады. Ғалымның пікірі бойынша, азаматтардың қажеттіліктері әртүрлі, ал әрбір жеке адамның осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілеті жеткілікісіз: «Әрбір адам табиғатынан өзінің өмір сүруі және ең жоғарғы жетілгендікке жетуі үшін оған көптеген заттар қажет болып жаратылған. Бірақ бұл заттарды ол жалғыз өзі жасай алмайды және оларға жету үшін олардың әрбір мүшесі адамға қажет болып отырған қандай да бір затты жеке жеткізіп отыратын адамдар қауымдастығы қажет болып отырады. Бұл қауымдастықтың әрбір мүшесі адамға қажет болып отырған қандай да бір затты жеке жеткізіп отырады». Яғни өзінің қажеттіліктеріне жету үшін адам басқалардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. [Әл-Фараби және қазіргі заман, А., 2014, 176б] Адамзат индивидтері көбейе түсіп, жер жүзіндегі әр түрлі мекендерге қоныстанды, соның нәтижесінде адамдар қоғамдары пайда болды. Бұлардың біреулері толық мәндегі қоғамдар, екінші біреулері толық емес мәніндегі қоғамдар. Толық емес мәніндегі қоғамдарды ғалым үш түрге бөлді: ұлы қоғам, орташа және шағын қоғамдар. Ұлы коғам - жер бетін мекендейтін барша адамзат қоғамдарының жиынтығы, орташа қоғам - қандай болсын бір халық түріндегі қоғам, ал шағын қоғам - қайсыбір халық қала тұрғындарынан құралған қоғам. Орташа қоғамдар қыстақтың тұрғындарынан құралған және квартал жұртшылығының жиынтығы, бұдан соң - бір үйде тұратындардың жиынтығы. Соңғысынан ең төменгі сатыда тұрған қоғам құралады. Квартал мен қыстақ екеуін бірге алып қарағанда - қалаға жатады, бірақ қыстақ қызмет ететіндігі жағынан ғана қалаға жатады, ал квартал оған сол қаланың құрамдас бөлігі ретінде жатады. Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен қала жетпек, ал кемелділіктің ең төмен дәрежесінде тұрған қоғам бұған әсте жете алмайды. Шынында игілік жаратылысынан сондай, оған адам өзінің қалауын және еркінше таңдауы арқылы жетуге болады (ал зұлымдыққа да адам қалауы мен таңдауы арқылы жетеді, сондықтан зұлымдық болып табылатын кейбір мақсатқа жетуге қала септігін тигізе алады), әрбір қала бақытқа жеткізу үшін қызмет ете алады. Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам - қайырымды қоғам. Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болмақ. Осылай әл-Фараби қала ұғымының өзіне жеке-жеке тоқталып, халықтың бір-біріне қайырымды болу арқылы, бақытқа жете алатынын айтады. [Әбу Насыр әл-Фараби, Қайырымды қала, А., 2019, 41 б. ]
Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық ілімінде адамдар онда шын бақытқа жететін ізгілікті қала идеясы маңызды орын алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz