Аулақ бол жаман әдеттен жайлы ақпарат

Сөзімді еске сақта да, - Жетпей ме саған зейінің

Жауыңнан қорқып зытсаң да, Басқа зат бар ғой ойнасаң,

Оттан қарғып аттама! Белбеуді салма мойныңа!

5. Пілге қарап сабырлы 6. Қалталы қасқырға

Мүйізтұмсық жалынды: Жөн айтты таз тырна:

-Таянбашы жағыңды! -Дей берме «білем мен»

Отырма жүреңнен!

7. Ат тіл қатты Өгізге: 8. Жапалақ айтты ақылын

-Мені «жатым» дегізбе Қызғышқа келіп өтініп

Үйге жиі кел де, -Жайлап жүр, сөйле ақырын

Босағаны керме! Ысқырма үйде отырып!

9. Кейіді тентек Қонжыққа 10. Мысыққа Қанден жөн айтты

Керік-қамқор кәрі ана Жөн айтқанда дөп айтты:

-Болсада мейлі бал жұққан -Аузыңды ашып текке

Пышақтың жүзін жалама! Ақты жерге төкпе!

11. Ойнақтап жүрген өзекте 12. Кездесіп Барыс Маймылға

Бұрылып Қоян Көжекке Жүрмісіз деді- жай мұнда

Арқадан қақты : Бекерге сөйлеп, босқа айтпа

-Қой бала! Бөркіңді теуіп ойнама! Бейітке қолыңды шошайтпа!

13. Қолтырауын еңіремей тұра ма,

Дельфин айтты:

-Бейуақытта жылама!

«Түн» тобы:

1. Мәнісін біл байқа да, 2. Балта ұқтырды Араға

Өз ішіңнен қайтала -Сақта сөзімді есте

Піл ұқтырды Пілтайға: Өсіп тұрған далада

-Басыңды текке шайқама! Жалғыз ағашты кеспе!

3. Қошқар айтты Қошақанға 4. Ұқтырды Ешкі Лаққа

-Үйді айнала жүгірме! -Жөнді білмей лақпа,

Таңдайыңды қақпа

5. Бұзауға Бұқа ұрысты 6. Бота көріп Бұзауқанды жайлауда

Ұрысқаны дұрыс ты Шақырыпты бірге жүріп ойнауға

-Иығыңдағы бас па, тас па? Шөлдесең кел, науаға жақында

Отты шашпа, күлді баспа! Шелектегі суға аузыңды батырма!

7. Арыстан айтты Аюға: 8. Жайылып жүрген жотада

-Жадыңда сақта лайымда Ескертті Бура Ботаға

Әдептен озбауды ойла -Үлгілі сөзді ұмытпа

Қолыңды төбеңе қойма! Түкіре көрме құдыққа-

Есі жоққа ерме,

Езуіңді керме!

9. Ормандағы алаңда 10. Қарақұспен сөйлесіпті Қаршыға

Үйретті Ұлар Қабанға -Бұдан былай келісейік біз енді

-Қанша етке тойсаң да, Майға пышақ шаншыма,

Нанды баспа табанға! Құшақтама тізеңді!

11. Арыстан айтты Аюға 12. Түйеқұс кеп Тауыққа:

Әдепті болу жайында -Айтқан сөзге нан- деді

-Өзіңді өзің қыстама Еріккеннен жаныштап

Қолыңды артыңа ұстама! Көкті жұлма жердегі!

13. Көк Бөрі Бөлтірікке алаңғасар

Мұңая қарады да ойға кетті

-Байқамай аң да басар, адам басар

Пышақты шалқасынан қойма!- депті.

-Міне, балалар, осы аңдар айтқан тыйымдар мен ырымдарды күнделікті естеріңе сақтап, жаман әдеттен сақ жүріңдер.

Ойын. «Қандай аң?» қимылмен ғана көрсету.

-Кезекті әнге берейік.

4. Мақал жалғасын табу.

1-топқа: 2-топқа:

-«Білімді мыңды жығар, . . . » «Алтау ала болса, ауыздағы

«Арпа бидай ас екен, . . . » кетеді, . . . »

«Еңбектің наны тәтті, . . . » «Еңбек етсең ерінбей, . . . »

«Оқу- ине . . . » «Әдепті бала арлы бала . . . »

«Оқу- білім . . . »

Топқа мақал қиындысын беріп, құрату, мазмұнын түсіндіру.

Жанкүйерлерге жұмбақ жасыру.

3-бөлім . Сахыналық қойылым.

1- топ . «Шық бермес Шығайбай мен Алдар» аңызын сахыналайды.

2- топ. «Өлген қазан» ертегісін сахыналайды.

«Қыс» тақырыбы бойынша кезектесіп бір-бір сөйлемнен жазып, әңгіме құрастыру .

Жанкүйерлердің қорытынды тақпақтары:

1-оқушы : «Жақсы сөз жарым ырыс» дейді халық,

Әрқашан жүргей соны еске алып!

2-оқушы : Білер қазақ баласы

«Сәлем- сөздің анасы»

3-оқушы: «Жылы киім-тәнді жылытар, Жылы сөз- жанды жылытар»

Ендеше, сұрай қалсаң «өтінем»деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!

4-оқушы: «Алмақтың да салмағы бар» «Рахмет» деген алғыс сөзді жадыңнан шығарма!

5-оқушы : Біреуді байқамай қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң, сол жерде кешірім сұра, қиын емес.

6-оқушы: «Тәні саудың-жаны сау» Үнемі мұнтаздай таза жүруді әдет қыл.

7-оқушы : «Жалқау-жарты кісі», «Жалқау-өзіне жау» дейді халық. Осы сөзді тыңдап, жалқаулықтан аулақ бол!

8-оқушы : «Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің». Қанатты сөзді есіңе сақтап, ас ішудің тәртібін сақта!

9-оқушы : «Әкеден -ақыл, анадан-мейір» деген. Ата-анаңды құрметте, бауырларыңды сыйла. Олар саған ең жақын адамдар.

10-оқушы: «Әдепті бала-ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар»дегендей, әдепті бала болуға тырысыңдар. Қуаныш та, бақыт та сенімен бірге болады.

11-оқушы : «Сақтықта - қорлық жоқ!» Ендеше, жаман әдеттерден аулақ жүріңдер!

Қорытынды : 1, 2, 3

Дем аламыз жинап күш

Жақсы үйреніп салтымды

Жақсы оқимыз сабақты!

-Бүгінгі тәрбиелік сағаттан өзіңе не алдың?

-Әсіресе не ұнады ? Неге?

-Алда тағы қандай тақырып туралы білгің келеді? Сұрақтары бойынша бекітіп, қорытынды жасау.


Ұқсас жұмыстар
Аулақ бол, жаман әдеттен
Біз - болашақ ұрпақ есірткіге қарсымыз
Құрметті балалар
Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен
Ата анамен жұмыс. Сабақтың тақырыбы
Әдепті бала- арлы бала
Аулақ бол жаман әдеттен туралы
Әдепті бала. 2 сынып
Ана тілі. түлкі мен тиін.(ә.асылбеков) 2-сынып
ЖҚТБ ауруы қатерлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz