Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сұрақ - жауаптар

Қызылорда қаласы №43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебі

Сыныптан тыс іс-шара

<<Қыз еркем, ісімен көркем>>

Өткізген: Жайшылық Б.Б.
Мектеп директоры: Иманбердиева Б.А.

Сабақтың тақырыбы: <<Қыз еркем, ісімен көркем>>

Сабақтың мақсаты:
1. Технология пәнінен үйренгендерін көпшілікке көрсету. Оқушылардың өз ойларын еркін, ашық айта білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету. Жас ұрпаққа ата-баба дәстүрі, әдет-ғұрып туралы мағлұмат беру.
2. Еңбек туралы ой-өрісін дамытып, өз бетімен әрекеттеніп жұмыс жасауға баулу және іскерліктерін арттыру. Оқушылардың танымдық, жеке шығармашылық икемділігін дамыту.
3. Эстетикалық талғамын ұштап, өнерге, шығармашылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, бүктемелер, кеспе қағаздар, сайыс тапсырмалары, слайд.
Пәнаралық байланысы: әдебиет, бейнелеу, өзін-өзі тану, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің 5,6,7- сынып қыздарының қатысуымен өтетін <<Қыз еркем, ісімен көркем>> атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайыс сабағымыздың барысымен таныстырып өтейін.
1. <<Атымда менің сырым бар>>
2. <<Тапқыр болсаң, тауып көр>>
3. <<Ою ойғанның ойы озық>>
4. <<Әрі дәмді, әрі тез>>
5. <<Үй тапсырмасы>>
6. <<Винегерет>>
7. <<Бой сергіту>>
8. <<Қалтадан шыққан сый>>
9. Қорытындылау.

Енді, сайыс сабағымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырайын
1.
2.
3.

Жүргізуші: Гүл өсірсең терлеп, мұның аты - еңбек,
Кесте тіксең зерлеп, мұның аты - еңбек.
Сабағыңа жөндеп, әзірленсең - еңбек,
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек - дей келе, сайысқа қатысушы қыздар тобымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Олар: 5-сынып қыздары, 6-сынып қыздары, 7-сынып қыздары.
Сайысымыздың I - кезеңі <<Атымда менің сырым бар>> (үш топ өздерін таныстырады).
Әділ - қазылар алқасы бағасын беру.

Жүргізуші:
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ - жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты - дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
ІІ - кезең. <<Тапқыр болсаң тауып көр>>
Әр топқа 10-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.

<<Бәйге>> Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
1. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
2. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
3. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
4. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
5. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)
6. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

<<Бәйге>>
1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
2.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)
3.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
4.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
5.Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
6.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

<<Бәйге>> ІІІ - топ
1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
2. Бидайдан әзірленген ұнтақ (манка)
3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
5. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
6. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
Әділ - қазылар алқасы бағасын беру.

Жүргізуші:
Ою керек қарасаң,
Өңкей мүйіз тізілген.
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал сызған ізіңмен.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер, ой керек.
Бос мақтанып жүрмеңдер,
Қиюға пысық қол керек.
Сайысымыздың III - кезеңі. <<Ою - ойғанның ойы озық>> (ою ойып шығару), Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек), Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)

Жүргізуші:
Ас көңілдің ажары деген күнім,
Жақсы ғой тағамның да білген сырын.
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер,
Дайындаған әртүрлі дәмнің түрін.
IV - кезең бойынша <<Әрі дәмді, әрі тез>> (жылдам жеңіл тағам даярлау)
Әділ - қазылар алқасы III - кезеңнің және IV - кезеңнің бағаларын жеке - жеке беру.

Жүргізуші:
Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойыңа жинағандай өнер бағын.
<<Ана көрген тон пішер >> деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын -
V - кезең бойынша үй тапсырмасы (қолөнер жұмысын қорғау)
Әділ - қазылар алқасы бағасын беру.

Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер - білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық
Ендеше VІ кезеніміз <<Винегрет>> сайысын бастаймыз. Бұл сайыста берілген суреттерден винегретке керекті заттарды таңдап, ыдысқа саламыз.

Жүргізуші:
Ақылдылық аруға жарасады,
Көзі ашық кім бүгін санасады.
Келесі сұрақ - жауап сайысында,
Сыналар білімі мен парасаты дей отырып, келесі <<Бой сергіту>> кезеңінде ілулі тұрған шарды дәлдеп, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақ - жауаптар.
1. Ұлттық ет тағамдарының түрлерін атаңыздар. (қазы, қарта, жал - жая, ет, шұжық)
2. Ұлттық сүт өнімдерін атаңыздар. (қымыз, шұбат, сүт, айран, құрт, сүзбе)
3. Ұлттық киімдер түрлері (көйлек, бешпент, қамзол, шапан, сәукеле, тақия)
4. Ұлттық ұн тағамдарын атаңыздар. (бауырсақ, шелпек, кеспе нан)
5. Тігін машина тігіс түрлері (сырып тігу,қосып тігу, көмкеру, қондыру, бастыру, айыра қайып тігу)
6. Зергерлік бұйымдарды атаңыздар (алқа, білезік, сақина, сырға, шолпы)
7. Қол тігіс түрлері (көктеу, көшіру, көмкеру, қиғаш көмкеру, қайшы тігіс, тор тігіс, қайып тігу)
8. Қалдық маталарды құрастырып жасалатын бұйымды атаңыз (құрақ)
9. Белдемелі бұйымдар деп қандай киімдерді атайды? (шалбар, белдемше, шорты)
10. Қазақтар киім тігуге өздері өндірген қандай материалды жиі пайдаланған? (жүн, тері)
Әділ - қазылар алқасы бағасын беру.

Жүргізуші:
Өнер, білім негізінен,
Өтеді енді сұрақтар.
Мазалайтын, ойланатын,
Қойылады сұрақтар.
<<Қалтадан шыққан сый>> полиглот сайысы.
Ұяшықтағы суреттердің атын қазақша, орысша, ағылшынша нұсқада айтады.
1.қайшы
2. жіп
3. мата
4. Ыдыс
5. қол
6. Киім
7. қалам
8. дәптер
9. кітап
Әділ - қазылар алқасы бағасын беру.

Жүргізуші:
Көгере бер, өсе бер,
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
Барына риза болсын көрермендер,
Осыменен бұл сайысты тәмамдасақ .
Байқауда білгенді де, білмегенді,
Тағы да үйренерміз аман болсақ .
Қорытындылау, марапаттау

Мұғалім: Бүгінгі сайыс сабағымызда көп нәрсені үйрендік. Шеберлікке шек қойылмайды. Білімдерімізді жетілдіруге, үйренуге үздіксіз еңбек етуіміз керек. Олай болса, алған білімдерімізді күнделікті өмірде қажеттерімізге жарата білсек, еңбектеріміздің еш кетпегені.

Ұқсас жұмыстар
Ұлы жеңіске - 68жыл
Орта буындағы тұрғындар
Сұрақтар мен жауаптар массивтерін жасау блоктары
Математика пәнінің алғырлары.есептер шығару
Сабақтың түрі. Танымдық сабақ
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. қуат. 7 cынып
Өзін -өзі тану елінің көшбасшылары
Шығарма мазмұнын түсінесің
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін сабақта тиімді қолдану
Тақырып Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Пәндер