ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Түсінік хат.
2020-2021 оқу жылынан бастап бастауыш сыныптардағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгерді.
Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету болып табылады. 2020-2021 оқу жылында «Цифрлық сауаттылық» бірінші рет 1-сыныпта 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап сынақтан өткізіледі. 2021-2022 оқу жылында Республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 1, 3 және 4-сыныптарында «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (188-2к қосымша) сәйкес жүргізілетін болады.«Цифрлық сауаттылық» 1-сынып
1. Бастауыш орта білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
6 тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты - білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
3. Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.
5. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
6. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы - білім алушылардың бойында «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
7. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта, аптасына - 0, 5 сағат, оқу жылында - 17, 5 сағат. 1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні оқу жылының ІІ жарты жылдығынан бастап аптасына 1 сағаттан оқытылады.
8. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар) ;
2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;
4) робототехникаға арналған жиынтықтар.
Осы оқу бағдарламасы қосымшаға сәйкес бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарының қысқа мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.
3-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер» компьютер құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; бағдарламалық қамтамасыз ету: компьютерлік бағдарламалардың (өткізгіш, бейнелерді көруге арналған бағдарлама), бағдарламалар мәзірі, мәзір командаларын пайдалану, файлдар мен папкалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: Қауіпсіздік техникасы ережелері;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: мәтіндік редактордың мақсаты, Бағдарлама мәзірі, мәтінді теру және редакциялау, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтін фрагментімен операциялар жасау, символдарды қою; графика: графикалық редактордың мақсаты, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын пайдалана отырып, бейнелерді жасау, түстер палитрасы, суретті редакциялау, сурет өлшемін кесу, бұрау және өзгерту, суреттің фрагментін көшіру. ; презентациялар: презентациялар жасау бағдарламасының мақсаты, Бағдарлама мәзірі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдтағы мәтін мен бейнелерді орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қою; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыстық редактордың мақсаты, дыбыстарды жазу, өңдеу және жаңғырту, дыбыстық әсерлерді қолдану;
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпаратты іздеу: веб-беттерді қарау бағдарламасының мақсаты, іздеу жүйелері, кілт сөз бойынша ақпаратты іздеу; ақпарат алмасу: ақпарат алмасу тәсілдері, бөлінген мәтін мен бейнені құжатқа көшіру; Интернет желісіндегі қауіпсіздік: Интернет желісіндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнінің бөлімдері бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша жартыжылдық соңында «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білімалушы оқу жылында сабаққа қатысумен бірге оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.
4-сыныптағы «АКТ» пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру.
Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу».
Мәтін: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру.
Мультимедиа: бейнеролик жасау.
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу; ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу) ; электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.
4) «Есептей білу»: алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.
Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.
5) «Робототехника»: түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Пән: ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Сынып: 1
р/с
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
3 тоқсан
Бөлім 1 - Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: "Саяхат") 9 сағат
Өз денсаулығымызды сақтаймыз
1. 1. 3. 2- информатика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
1. 1. 3. 1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік.
1. 1. 1. 1 енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату
1. 1. 2. 1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
1. 1. 3. 1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
Желідегі қажетсіз байланыстар
1. 1. 2. 2 желідегі қажетсіз байланыстардан сақ болу
1. 1. 2. 3 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану
«Қауіпсіздікті сақтайық» жобалық жұмысы
3. 1. 2. 1 информатика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
3. 1. 2. 4 интернет желісінде қауіпсіздікті сақтау
Бөлім 2 -Программалау (ортақ тақырып: "Дәстүрлер мен фольклор")
5
3. 1. 2. 1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
3. 1. 2. 2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану
6
Scratch программасында жоба құру
1. 1. 2. 2 Scratch программасында жоба құру
1. 1. 2. 4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану
7
1. 2. 1. 1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру
1. 2. 1. 2 қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету)
1. 2. 1. 3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою
Scratch программасында жобаны сақтау және ашу
1. 1. 2. 2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану
1. 2. 1. 3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою
9
1. 2. 1. 1 Scratch программасында жобаларды сақтау, ашу
1. 2. 1. 2 Scratch программасын іске қос. Аспаптарды сахнаға орналастыр. Файлды «Ұлттық аспаптар» деген атаумен сақта
4 тоқсан
Бөлім 3 - Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: "Тағам және сусындар", "Дені саудың - жаны сау")
9 сағат
10
1. 1. 1. 1 білім беру роботымен танысу, моделін жинау
1. 1. 2. 1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
11
1. 1. 2. 2 Роботты қозғалту үшін компютерлік программаны қолдану
1. 1. 3. 1 Робот құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
12
1. 1. 2. 1 роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұыймдастыру
1. 1. 2. 2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану
13
1. 1. 2. 1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
1. 1. 2. 2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану
1. 1. 3. 1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
14
1. 2. 2. 1 қарапайым «Жүретін робот» жобасын жасау
1. 1. 2. 1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
15
1. 2. 2. 1 қарапайым «Жүретін робот» жобасын жасау
1. 1. 2. 1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
16
1. 2. 2. 1 роботтың алға, артқа жылу қозғалысын ұйымдастыру
1. 1. 2. 2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану.
18
Түсінік хат
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар келесі нормативтік құжаттар негізінде құрылды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы; «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы) ; «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы) ; «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы) ; «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы) ; «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы, 4-қосымша) ; «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы) ; «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы) ; «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат.
Оқыту мақсаты - білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Оқыту міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелеріне үйрету.
Оқулық: Цифрлық сауаттылық. Оқулық Р. Қадыркұлов, Г. Нұрмұханбетова, У. Ғайыпбаева. 2022ж. Алматыкітап.
2-сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспардың ерекшеліктері
Пән мазмұнындағы тақырыптарды оқыту оқушыларды алгоритмдеу мен программалауға байланысты негізгі ұғымдармен таныстыруға және бастапқы дағдыларды қалыптастыруға арналған. Атап айтқанда: «алгоритм», «программа» ұғымдарымен, программалау ортасының интерфейсімен таныстыру, тінтуірмен орындалатын әрекеттерді іске асыру, объектіні белгілеу, сүйреу, батырманы екі рет басу. Дайын программа бойынша скриптерді құру, программаға өзгерістер енгізу, программаны жүргізу дағдылары қалыптастырылады.
«Цифрлық сауаттылық» пәнінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
Компьютер - 4 сағат :
Қауіпсіздік. Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері -1
Компьютер құрылғылары- 1
Программалық қамтамасыз ету -2
Ақпаратты ұсыну және өңдеу -9 сағат :
Мәтін және графика -5
Мультимедиа - 4
Есептей білу- 7 сағат :
Алгоритмдер -2
Программалау-5
Робототехника - 16 сағат
Робот қозғалысын ұйымдастыру - 6
Роботты жобалау - 10
2022-2023 оқу жылы 2-сыныпқа арналған
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Жаңартылған бағдарлама
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz