Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Физика сабақтарында жаңа технологияларды қолдану
Талдықорған Өнеркәсіптік Индустрия Жаңа Технологиялар Колледжінің физика пәнінің оқытушысы Исабекова Лазат Кенесбековна
Физика сабақтарында жаңа технологияларды қолдану.
Оқытушының алдына қойған мақсаты: ой-өрісі жаңашыл,шығармашылық деңгейде жұмыс істей алатын, дүниетанымы жоғары,жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Бүгінгі таңда білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында да <<Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі>> деп атап көрсеткен еді. Осы кезге дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің ауызша түсіндіруін немесе оқулықты пайдаланып келдік, алайда ол әдіс қазіргі заман талабына сай емес. Қазіргі заман талабына сай сабақ өткізу мақсатында жаңа технологиялармен сабақ өткізу арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады. <<Егер оқытушы ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда білім алушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ>>,-деген ұлы ғалым Д.И.Менделеевтің өсиетін негізге алып әрбір өткізген сабағымды оқулықпен ғана шектемей, қосымша ақпараттар беру арқылы, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана отырып өткізіп келемін. Сондықтан да күнделікті сабаққа: -мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды); -зертханалық тәжірибелер; -компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта); -анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры); -интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдаланып отырамын. Мұндай қондырғылар білім алушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Электрондық оқулық білім алушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және білім алушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Электронды оқулықпен оқыту, оқытушының білім алушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр білім алушылар түсiнбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына көптен-көп көмегiн тигiзедi. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері физика пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның физика пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе,оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде білім алушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып,шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, физикалық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.Менің ойымша, сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар. Олар: - Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет. Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.
- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
- Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу.
- Дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, білім алушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
- Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану.
Бұл орайда инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға, қай тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына зерттеу, салыстырып жүргізіп отыру қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге білім алушының бастапқы білім деңгейін, жаңа технологияны пайдалану барысында қаншалықты білім алып шыққанын, не үйренгенін айқындап, диагностикалап отыру да артық болмайды. Өйткені оқытушы тарапынан білімі мен іскерлігі тексерілмеген оқушылар біртіндеп үлгермеушілер қатарына қосылады. Бұл өз кезегінде сабақтың сәтті өтуіне зиянын тигізбей қоймайды. Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін колледждерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс жасайтын колледжде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Колледждің физика кабинетінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын.Тақтаны қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын,интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде физикадан зертханалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын. Физика пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану білім алушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Білім алушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілеудің барлығы физика пәнін өмірмен байланыстырған, пән талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Физика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым. Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында білім алушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында білім алушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін білім алушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: <<Жаратылыстану-математика циклдік коммисия апталықтары>>, <<Миллион кімге бұйырады?>>, <<Физикалық кеш, КТК>> сияқты танымдық ойындарын қолданамын. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, білім алушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын. Осындай тәжірибем арқылы білім алушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Мысалы: 1 курста <<Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы.Кулон заңы>> тақырыбында өткен ашық сабағым өте сәтті өтті.
Сабақ басталысымен <<Кім жылдам?>> - кезеңін өткіздім. Өткен тарау бойынша білім алушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы білімін еске түсіреді. Білім алушыларға тақырыпқа байланысты әртүрлі мысалдар келтіре отырып сұрақтар қойдым. Жаңа материалды түсіндірмес бұрын, бейне ролик көрсеттім. Не түсінгендерін сұрақтар қойып, талқыладық.Тақырыпты білген соң электр зарядтарының өзара әрекеттесу сипатын анықтау үшін шағын тәжірибе жасап көрсеттім. Жіңішке жіпке екі жеңіл бузин шарларын іліп қойдым. Оларға жібекке үйкелген шыны таяқшаны тигіздім, шарлар бір-бірінен тебіле бастады. Шарлар таяқшадан да тебіле бастады.
Сонымен, электрленген таяқшадан екі шар да бірдей электр зарядына ие болды. Мұндай бірдей электр зарядтарын аттас зарядтар деп атайдық. Эбонит таяқшаны сол шарларға тигізгенде де олардың бір-бірінен тебілуі арқылы дәлелдеік. Егер шарлардың біреуіне теріге үйкелеген эбонит таяқшасын тигізіп, ал екіншісіне жібекке үйкелген шыны таяқшасын тигізіп, олар бір-біріне тартылатынына көз жеткіздік. Ендi шыны таяқшаны қағазға үйкедім, тағы да қағаз түйiршiктерiне жақындаттым.Олардың таяқшаға тартылатынын көрдік. Құрғақ шашты тарағанда да байқалады.Шаштың тараққа тартылуы да электрлену нәтижесi болып табылатынына көз жеткізілді.
Осы тәжiрибелер табиғатта электр зарядының екi тегi болатындығын көрсетедi.Жiбекке үйкелген шыныда пайда болған заряд тегi оң (+) деп, ал жүнге үйкелген янтарьда пайда болған зарядты терiс ( - ) деп атадық.
Жүнге үйкелген эбонит таяқшада немесе янтарьда пайда болған зарядтар шартты түрде теріс (-), ал жібекке немесе теріге үйкелген шыны таяқшадағы зарядтар оң (+) деп аталады. Оң және теріс зарядтардың болуы үйкелген денелердің электрлену табиғатын түсінуге мүмкіндік береді. Эбонит таяқшаны жүн матаға үйкегенде - теріс заряд, ал жүн мата мөлшерде-оң заряд алады. Бұл зарядтар жоқтан пайда болмайды және ешқайда жоғалып та кетпейді. Өзара әсерлесу заңы тәжірибе жүзінде 1785ж Француз ғалымы Шарль Кулон анықтаған және оның есімімен аталатынына тоқталдым.
Электрленген таяқшаны жіңішке су ағынына жақындатып, тек қана қатты денелер емес сұйықтардың да тартылу қасиетiне ие болатындығына көз жеткiздік. Денелердi бiр-бiрiне қатты қысып үйкелеу керек. Сол кезде олардың арасындағы ара қашықтық азайып, беттесу ауданы ұлғаяды.Денелердің электрленуі тек үйкелу арқылы ғана пайда болмайды. Үйкелу - денелердің жанасып, ажырау процесі.Денелер соқтығысқанда және жарылыс кезінде де электрленуі мүмкін. Қолымызды электрленген затқа немесе iстеп тұрған телевизор экранына, экран бетiнде электр заряды бар, жақындатқанда шытырлаған дыбыс естуге болады, ал қараңғыда кiшкентай ұшқындарды көруге болады. Бұл да электрлiк құбылыс көрiнiсi.
Егер зарядталған дененi (мысалы, электрометр шарын) қолмен ұстаса, онда ол дене разрядталады. Электр заряды қолымыз арқылы денемiздiң бетiне таралады. Тура осы жағдай электрометр шарына тiкелей қолмен емес металл сызғышпен тигенде де қайталанатынын түсіндіріп кеттім.Жаңа сабақты бекітуге <<Ойлан тап>> ойыны арқылы бүгінгі өткен тақырып бойынша негізгі түсініктері мен формулаларды тауып білімдерін шыңдауға есептер шығартамын. Рефлекция жасатамын. Үйге тапсырма беремін.Қорыта келе,
Сабаққа тірек сөздер,тәжірибе жасап,тест жұмысын,есептерде формулаларды пайдалануды қолданамын.Найзағайдын пайда болуын бейнеролик арқылы көрсетемін. Ақпарат құралдарын пайдаланып деңгейлік тапсырмалар арқылы танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында өткізген 1 курстар арасында <<Қызықты тәжірибелер>>атты сабағым білім алушыларды ынтымақ-бірлікке, тез ойлауға және теориялық білімдерін бір жүйеге келтірді. Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор.
Мысалы: 1 курс <<Тербелістер>> тарауы бойынша үлестірмелі тапсырманы талдап көрдік .
Осы тапсырма арқылы білім алушышының математикалық сауаттылығын, графиктегі тәуелділікті, физикалық шамалардың арасындағы байланыс пен тәуелділікті анықтай алады. Бұл тапсырманы күрделендіріп, деңгейі жоғары оқушылаpға да беруге болады:
Төмендегі графиктен координаттың, жылдамдықтың және үдеудің уақытқа тәуелділіктерін салыстыру арқылы фазалар ығысуын түсіндік және көрдік.
Фазалар ұғымы физика және математика курстары бойынша күрделі ұғымдардың бірі. Жылдамдық пен үдеудің уақытқа тәуелділік теңдеулерін жазу мен графикке салу арқылы оқушы фаза ұғымы туралы алғашқы түсінікті алып қана қоймай, оны дұрыс түсінуге мүмкіндік алды.
Осы графикке қарап, білім алушылар координаттың максимал мәнінде жылдамдық пен үдеудің мәндерін салыстыру үшін кесте жасады.
Білім алушылардың физикалық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, білім алушыны қызықтыратындай физикалық ойындар, викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде <<қайталау-оқу анасы>> деген нақыл сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, физикалық диктант, өздік жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған білім алушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері білім алушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса оқытушы мен білім алушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Тестік тапсырмаларды білім алушылардың білім деңгейіне байланысты құрастырып, нәтижесін кілтімен тексертіп өздеріне бағалатамын. Егер жауап-75%-дан жоғары болса-<<жақсы>>,-55%-ға дейін <<қанағаттанарлық>>,-50%-дан төмен-білім деңгейі <<төмен>> көрсеткішпен бағаланады. Білім алушы білімін бағалауға білім алушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше іздену дағдысын ескеріп, алушы қабілетіне, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай сараптап тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін.Көбіне білім алушыларды топ басшысын тандап алып соған бағалатуды пайдаланам, білім алушылардың өзін-өзі бағалауын қолдануда бағалау барысында тиімді деп білемін. Баға-бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау парағына әр деңгейлік тапсырманың бағасын қойып, қорытынды бағасын шығарып отырамын. Рефераттар жазуда,жоба жасау барысында білім алушылар атақты физиктердің өмірбаяны жөнінде,құбылыстардың себептерін ақпарат құралдарынан энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар, білім алушылармен сабақта сайттарда ұсынылған слайд-презентацияларын үнемі пайдаланамын. Сайттарға шығатын презентациялар кез- келген тақырып үшін таптырмайтын құндылық және оқушылар кеңірек мәліметтер алады. Жалпы білім алушылардың жаңа ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Білім алушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4. Білім алушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Экологиялық сауатты болуға үйренеді.
6.Тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер барысында анықтайды.
7. Физикалық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.
Сабақтарды Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру білім алушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.
Тапсырмалар құрастыру барысында оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер модулін іс-тәжірибемде жұптық және топтық диалог жүзінде тақырыпқа шығу және мазмұнын ашу үшін, сонымен қоса басқару және көшбасшылық қабілеттерін іске асыруда, сын тұрғысынан ойлауға үйрету және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану модулдерін сабақтастыра отырып енгіздім. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту модулін де тақырыпқа проблемалық сұрақ немесе топтастыру арқылы қызықты етіп шығуда кіріктірдім. Дарынды және талантты білім алушылармен жұмыс модулін бағалау кезеңде шығармашылық тапсырмалар арқылы ұйымдастырдым.Сонымен,
Жаңа технологияларды сабақта қолданудан мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:
ақпаратты бірнеше сезім мүшелері арқылы бір уақытта қабылдау;
назар аударудың белсенділігі;
пәнге қызығуды жоғарылату;
үйренудің көрнекілігі, танымдылығы;
ұсынылатын ақпараттың сапасын көтеру;
сабақ уақытын тиімді пайдалану;
білім алушының жан-жақты дамуы;
білім сапасын жақсарту-қазіргі заман талабы.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz