Гидросфера- жердің су қабығы жайлы ақпарат

Жерде неше географиялық қабық бар?Біз үлкен жер қабығын оқып бітірдік. Ол қандай жер қабығы? Дұрыс атмосфера, яғни ауа қабығы.
(1 слайд)
1 топ - кроссворд «Барометр»
2 топ - географиялық диктант
3 топ - сиқырлы сандық «иә», «жоқ»
4 топ - синквейн «Ауа»
Топтар жұмыс жасағанша топбасшылар флипчартпен сәйкестіктіктерді табады.
(1 флипчарт)
Сергіту сәті.
Ғарыш кеңістігіне кімнің сапар шеккісі келеді? Олай болса ғарыш кемесіне мінейік. Барлығымызға сәт сапар тілейік. Жерді ғарыштан тамашалағанға не жетсін балалар?! Қараңдаршы біздің ғаламшар басқа ғаламшарлардан әдемі емес пе?! Қарайықшы, жердің басым бөлігі қандай түспен берілген? Дұрыс көк түспен, жерге қайта оралатын уақыт келді. Сәл сергідік пе балалар? Тамаша.
(10 слайд)
Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған
Көңілің суын ішсең ашылады
Денеңде бар дертіңді қашырады
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
- Балалар бұл кімнің өлеңі білеміз бе? Дұрыс, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өлеңі. Жалпы суретке қарап, оқылған өлеңге қарап қандай қабықты өтетінімізді біліп отырған сияқтымыз. Яғни ғарыш кемесінен білім - теңіз кемесіне мініп сапарымызды жалғастырайық. (11 слайд)
Тынық мұхит тобы - Табиғаттағы су
Атлант мұхиты тобы -Табиғаттағы су айналым (Үлкен және кіші су айналым)
Үнді мұхиты тобы - Судың маңызы мен ластануы, оны қорғау.
Солтүстік мұзды мұхит тобы - Венн диаграммасы бойынша атмосфера мен гидросфера қабықтарын салыстыру. (12 слайд)
Бағалауды келесі параметрлер бойынша топбасшылар жүзеге асырады. (15 слайд)
Мұғалім ескертпелері:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме балалар. Сабақты бастамас бұрын бір- бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сәттілік тілейік.
Мен саған . . . тілеймін
Үй тапсырмасын тексеру: - Балалар біз қандай жер қабығын оқып бітірдік? Атмосфера, яғни жердің ауа қабығы. Енді осы тарауда оқып білген білімімізді тексеретін уақыт келді. Сыныпты төрт топқа бөле отырып үй тапсырмасын тексеру. Яғни интерактивті тақтаға жер ғаламшары шыққан сұраққа топтар ретпен жауап береді.
- Әр топқа екі сұрақтан келеді.
- Атмосфераның құрамы қандай?
- Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?
- Атмосфералық қысым дегеніміз не?
- Атмосфералық қысымды немен өлшейді?
- Бұлт деген не және түрлерін ата?
- Туман қалай пайда болады?
- Ауа райы деген не?
- Ауа райы мен климаттың айырмашылығы қандай?
- Үй тапсырмасын тексерудің келесі кезеңі «Түрлі тапсырмалар» кезеңі. Әр топқа келесі тапсырмалар беріледі:
1 топқа «Барометр» кроссворды
- Судың сұйық күйден газ күйге өтуі.
- Жер шарын қоршап жатұан ауа қабығы.
- Ауа қысымын немен өлшейді?
- Тропосфера үстіндегі ауа қабаты.
- Ылғалдылық қандай құралмен өлшенеді?
- Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын не дейді?
- Ауа райын болжайтын станция.
- Тәулігіне екі рет бағытын өзгертетін жел.
2 топқа географиялық диктант
Ауа - райы картасын түсір.
Метеостанция Жалаңаш ауылында орналасқан, аспанды түгелге жуық бұлт басқан. Жел оңтүстік шығыс бағыттан соғып тұр. Желдің жылдамдығы 5 м\с . Ауаның температурасы + 8 °, қысымы 1014. 7 с. б. Бұршақ аралас жауын жаууы мүмкін.
3 топқа сиқырлы сандық «иә», «жоқ»
4 топқа «Ауа» сөзіне синквейн құру
- Ауа
- Мөлдір, түссіз
- Өзгереді, ластанады, көрінбейді
- Таза ауа денсаулыққа пайдалы
- Атмосфера
Топтар жұмыс жасағанша топбасшылар интерактивті тақтамен жұмыс жасайды. Тақтаға шыққан сөздердің сәйкестіктерін тауып, қаламмен сызу керек.
Муссон Желдің бағытын анықтайтын құрал
Желбағар Атмосфераның екінші қабаты
Термометр Стратосферадағы маңызды қабат
Озон қабаты Жауын шашын түрі
Тропосфера Жел
Гигрометр Ауадағы газ
Оттегі Бұлт пайда болатын қабат
Стратосфера Зиянды түтін
Шық Температураны өлшейтін құрал
Смог Ылғалдылықты өлшейтін құрал
- «Сөзжұмбақтар сайысы» кезеңінде топтарға жұмбақтар беріледі. Жұмбақтардың шешімі атмосфера тарауына байланысты.
1. Қоя алмайсың байлап
Табаны тым тайғақ (Мұз)
2. Мөлдіреген жүзімді
Қозғап едім үзілді (Шық)
3. Шашылды жерге ақ моншақ
Жоғалды бірден тапқанша - ақ (Бұршақ)
4. Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ
Сурет салар адамға ұқсап (Аяз)
Ал бесінші жұмбақ біздің ақылды ұстаздар қауымына арналады.
5. Желіні толы сүт
Жерге тамса құт (Бұлт, жауын)
Үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылармен сергіту сәтін өткізу керек.
Сергіту сәті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz