Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қоршаған ортаны қорғау - әрбір адамның төл мәдениеті

Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың тақырыбы
Табиғатты аялай білейік (сынып сағаты)
Мақсаты
1. Оқушыларға экологиялық білім беру. Адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын ұғындыру.
2. Экология мәселелеріне, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.
3. Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу.

Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру кезеңі:Шаттық шеңбері: Балалар шаттық шеңберін құрып, <<Сағат- минут>> әдісімен сағат тілі бойынша ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер болып бір-бірімен бас иіп, жымию т.б арқылы амандасады.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Мағынаны тану
Кіріспе сөз.
Мұғалім: <<Қазақстан -2030>> Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев <<2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады>>, -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті. Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет! Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: <<Табиғатты аялай білейік>> деп аталады.
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! Барлығы хормен түгел оқушылар айтады
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз. Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Оқушылар хормен : Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар,
Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар - біздің қанатты достарымыз. Олар - табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. <<Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды>> депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды <<Қарлығаш би>> атапты, ал қарлығашты <<Әулие құс>> деп атаған екен.
Лашын : Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
:: Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
:: Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
:: Қарға қарқылдаса -қар жауады.
:: Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
:: Көкек қатты әрі жиі шақырса - күн жылиды.
:: Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
:: Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар) ұстар,балықтар...
Ой толғаныс
Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.Ойынның аты: <<Мейірімді жүрек>> деп аталады.Сергіту сәті <<Мейірімділікті табиғаттан үйрен>> немесе << Мейірімді жүрек>>ойыны. Әр бала бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Әділет -Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен а Шығармашылық жұмыс.Табиғат туралы эссе жазу. Сөйлемді толықтыртабиғатқа қамқорлық керек,өйткені .........(мен табиғатты сүйемін)табиғатқа қамқорлық керек,өйткені........( ол сұлулық мекені)табиғатқа қамқорлық керек,өйткені ........(ол менің екінші анам)Қорытынды сөз: - <<Тәрбие-бесіктен басталады>> дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл мәдениеті. Ендіше, табиғатты аялай білетін, адамгершіліг мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуымыз керек.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Ұқсас жұмыстар
Табиғат және экология туралы қанатты сөздер
Экология - өмірдіңсоғыптұрғанжүрегі
Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары
Экология негіздері
Экологиялық білім беру
Табиғатты аялай білейік
Сыныптан тыс жұмыста оқушылардың табиғатты қорғауға қатыстыру
Экологиялық имандылық
Қазақ құсбегілері қолға үйрететін құстар
Экология – заман талабы
Пәндер