Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сезіміңді жеткіз мақсаты - балаларда ынтымақтастықты қалыптастыру

Айналасындағылармен қарым-қатынасты жақсартуға арналған ойындар(5 жастағы балалар үшін )

27."Барлығымыз отырамыз, егер "мақсаты-балалар арасындағы түсіністікті,достықты дамытуға арналған.

Жүргізуші айтады,біз барлығымыз әртүрліміз,сонымен қатар барлығымыз бір-бірімізге ұқсаймыз.Осыған көз жеткізу үшін осы ойынды ойнатады.Жүргізуші:"Кімде-кім балмұздақты жақсы көрсе,өзенде жүзуді ,уақытында ұйықтағанды ,ойыншықтарды жинауды ұнатса"және т.б отырсын.Балалар алғашында жай ойнайды,содан кейін олар шыныменде өздерінің ұқсастықтарының көп екенін түсінеді.

28."Досына көмектес немесе өте тату жұп"мақсаты-сенім,достық қарым-қатынас қалыптастыру.

Балалар жұп-жұпқа бөлінеді.Еденге екі орындық қойылады.Олардың арасына көптеген ойыншықтар шашылып қойылады.Жұптағы бірінші баланың көзін байлап,ал екінші бала өз жұбын бір орындықтан орта қойылған ойыншықтарды соқтырмай жетелеп, екінші орындыққа жеткізуі керек.

29."Кімді маса шақты?"мақсаты-балалар арасында өзара түсіністікті дамытуға ықпал етеді.
Балалар шеңбер болып тұрады.Жүргізуші шеңбердің сыртқы жағымен жүріп, балалардың арқаларын сипайды. Бір баланы басқаларға білдіртпей шымшиды - <<маса шақты>>. <<Маса шағып>> алған бала арқасын және иықтарын жиырады. Қалғандары бір-біріне мұқият қарап, <<маса кімді шаққанын>> табады

30."Ойша хат"мақсаты балаларда айналасындағыларды сүюді қалыптастыру.
Балаларға топтағы қатысушылардың ішінен біреуін таңдап,ойша оған өзінің махаббаты мен жақсы сөздерін жіберу керек.Әрі қарай жүргізуші балалардың бірін тұрғызып,айналасындағылардан осы баладан жіберілген махабатты кім сезінгенін сұрайды.Әдетте махабатты сезінгендер бірнешеу болады.Сонда жүргізуші "(Сережа,Маша)...көптеген бала сезіне аларлықтай махаббатты қаншалықты көп жібере алды!"деп айтады.Мұндай рәсім барлық баламен жасалады.Соңында жүргізуші махабатты өзгеден сезіну ғана емес , оны басқалармен бөлісудің де ғажап , әрі жағымды екенін көрсетеді.

31.<<Достық гүлі>> жаттығуы.Мақсаты-түсіністікті қалыптастыру,топта тату-тәтті қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ету.
Жүргізуші балаларға өте әдемі гүлдерге айналыңдар дейді.Әрбір бала өзі қалаған гүлге айналады.Балалар тізелерін бүгіп отырады, бастарын төмен түсіреді - олар <<тұқым>>.Жүргізуші балалардың арқаларынан сипайды - бала басын төмен түсіреді <<тұқымды егеді>>. Сосын тамызғыштан ақырындап су тамызады - суарады.- Тұқым ақырындап өсе бастайды.Балалар ақырындап тұрады, қолдарын жоғары көтереді.Жүргізуші балаларды саусақтарынан тартып, өсулеріне көмектеседі.Гүлдер өскенде балалар хормен айқайлайды: <<Қандай әдемі гүлдер! Біз сендермен дос болғымыз келеді!>>.

32."Біздің топтағы нағыз дос"Мақсаты-түсіністікті қалыптастыру,топта тату-тәтті қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ету.

Барлық балалар кезекпен жүргізуші болады.Жүргізуші өзінің нағыз досы деп есептеген топтағы баланы жасырады.Содан соң сөзсіз оның жүріс-тұрысы мен қимылдарын көрсетеді.Қалғандары топтағы қай баланы жасырғанын табуы керек.

33."Сурет құрастыру" мақсаты-балаларда ынтымақтасуды дамыту.

Бұл жаттығудың орындалуы үшін 3-4 бөлікке бөлінген(басы,аяғы,денесі,құйрығы)бірнеше жануар суреті керек,мысалы иттің,мысықтың.Балалар 3-4 адамнан тұратын топқа бөлінеді.Топтың әрбір мүшесі өзінің суретінің бір бөлігін алады.Топқа нәтижесінде толық бір жануар суреті шығатындай етіп,суретті құрастыру керек.

34."Менің сенімен дос болғым келеді"мақсаты-түсіністікті қалыптастыру,топта тату-тәтті қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ету.

Жүргізуші таңдалады.Ол "Мен дос болғым келеді ........."деп топ ішіндегі бір баланың сырт бет-бейнесін суреттейді.Жасырған адам өзін тануы керек.Содан кейін жүргізушіге жүгіріп барып,оның қолын алуы керек.Содан кейін оның өзі жүргізуші болады.

35."Мен кіммен дос болдым"мақсаты-түсіністікті қалыптастыру,топта тату-тәтті қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ету.

Бұл ойын үшін бала оңай қолын сұға алатындай көлемдегі екі жаны кесілген 4-6 тесігі бар қорапша қажет. Сәйкесінше 4-6 қатысушы көздерін жұмып,қолдарын тесігі бар қорапқа салады. Балалар қолдары сұғылған күйде қораптың ішінен басқа баланың қолын ұстап, танысып, оның кім екенін табуы қажет.

36."Мен 5 досымның есімін білемін"Мақсаты-құрдастарымен қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді.
Балалардың бірі допты "Мен 5 досымның есімін білемін.Ваня-1,Лена-2"деп басқа балаға тебеді.Ол бала да дәл солай допты басқа балаға тебеді.Доп барлық топты айналып өтуі керек.

37."Мен махаббатымды жіберемін"мақсаты-балаларға айналасындағыларды сүюге үйрету.

Балалар шеңберге тұрып,қолдарын ұстап,көздерін жұмады.Жүргізуші бір-бірлерінің тынысын тындауды айтады,содан кейін сөзсіз махаббат пен қуанышың қолдарын ұстап тұрған бір-бірлеріне беру керектігін айтады.Осыдан кейін жүргізуші көбісі бала махаббатына зәру екендігін:ол,тал,құс,ата-ана және достар болуы мүмкіндігін айтады және ойша өздерінің махаббаты мен қуанышың кез келген адамға немесе тірі жанға,қалағанына жіберу керектігін айтады.Осыдан кейін балалар көздерін ашып,қолдарын босатпай,кімге өз махаббаттарың жібергенін айтады.

"Сезіміңді жеткіз"мақсаты-балаларда ынтымақтастықты қалыптастыру.Балалар тізбекпен(бір-бірінің артына) отырады,саусақтарын алдында отырған балаға қояды. Тізбектің соңында отырған бала белгілі бір "сезімді" сөйлеместен жасырады да, тек қимылмен ғана келесі балаға жібереді. Кезектегі бала сезімді тауып,оны келесісіне дауыстап сөйлемей жіберу керек.Жасырын болған "Сезім" тізбектің басындағы балаға жеткенде жүргізуші, одан қандай сезім алғанын сұрайды және өзінің бірінші жіберген сезімімен салыстырады.

Ұқсас жұмыстар
ЗТО сабағының міндеттері
Көмекші сыныпта оқытудың маңызы
Тренинг жаттығулары
Қазақтың дәстүрлері
Ежелгі грекиядағы олимпиада ойындары. 6 сынып
Қаланың көрікті жерлеріне саяхатқа шығу
Сезім мүшелері. 3 сынып
Білім саласындағы адамгершілігі мол, толеранттық тұлғаны қалыптастыру
Практикалық жұмыс. Күрделі шарттар
Сөйлеу дыбыстарын айту
Пәндер