Қазақ халқының қолданбалы көркем өнерінің тарихы мен түрлері

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы көркем өнерінің тарихы

Бүгінгі күннің афоризмі: «Өнерді ешқандай тілек, бұйрық туғызбайды».

М. Әуезов

Қазақ халқының қолданбалы көркем өнері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан аса бай мұра. Оның шығу және қалыптасу тарихы тереңде жатыр. Қолөнер түрлері сан алуан түрге бөлінеді:

Қазақ халқының қолданбалы көркем өнерінің түрлері:

1. Тоқу (кілем, алаша т. б. ) ; 6. Киіз басу;

2. Кесте және тігін; 7. Тас өңдеу;

3. Зергерлік өнер, темір өңдеу; 8. Ою -өрнек өнері;

4. Ши өнері; 9. Ағаш ұқсату;

5. Сүйек пен мүйіз ұқсату; 10. Тері өңдеу;

11. Ұлттық киімдер.

Тоқыма өнері, Киіз өнері, Кесте және тігін өнері, Ши өнері топтамалары аясын былайша толықтырамыз: кілем (түкті кілем, тақыр кілем, басқұр, желбау, бау; қоржын, аяқ қап) ; алаша (қақпа, бұхар, кежім, терме) ; бізбен тоқу (киім, тұтыну бұйымдары) ; ілмекпен тоқу. Киіз өнері: киіз (ақ киіз, от киіз; текемет (ақ текемет) ; сырмақ; аяқ қап, қоржын, жайнамаз. Кесте және тігін өнері: киім тігу, тұрмыстық бұйымдар тігу мен кестелеу түрлері. Ұлттық киімдердің түрлері: ұлттық сырт киімдер: (жадағай, шапан, жарғақ шалбар, күпі, сырмалы шапан, тайжағы, тон, ішік, шапан, шидем) ; сулықтар: «аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен) ; іш киімдер (бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, шалбар, жеңсіз) ; ерлердің бас киімдері (бөрік, далбағай (жалбағай), жекейтымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мурақ, тақия, тымақ, шалма) ; әйелдердің бас киімдері (тақия, бөрік, сәукеле, жаулық, желек, қасаба, кимешек, қарқара) .

Төсек жабдықтары: көрпе; шымылдық; төсеніш көрпеше; құрақ көрпе; жапқыш; ақ жайма. Ши өнері: Ши сырт көрінісіне қарай: орама ши (алаша ши, есік ши, жолым ши және т. б. ) ; ақ ши (өре ши, мал соятын ши, ас шиі, қазақ ши, киіз басатын ши, қабырға ши және т. б. ; шым ши (кілем ши, тұс ши және т. б. ) ; шиден жасалатын тұрмыстық заттар (масахана, шыпта, қабырғалық, терезе жапқыш, шәйнек түп, кесе түп, қазан түп және т. б. ) .

Қазақ халқы киіз, текемет, сырмақ, түс киіз және т. б. бұйымдарға ою, өрнек түстерін орналастырғанда өзіндік ережеге сүйенген, олардың бояуын белгілеуде үлкен жауапкершілікпен, талғаммен қараған. Қыздардан бояулар үйлесімділігін нәзік сезінуді, кескіндеменің заңдарын түсінуді, геометриялық сызықтар мен фигураларды білуді, табиғаттың табиғи формаларын түсінуді талап еткен. Түс киіздің бірнеше түрлерін меңгерткен, ал бұл болса біріншіден, қыздардың көркемдік-эстетикалық талғамын дамытқан, екіншіден, конструкторлық білімнің элементтерін меңгерткен, үшіншіден, экономикадан түсінігін жетілдірген, төртіншіден, шығармашылық қабілеттерін шыңдаған, бесіншіден, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған. Бұның бәрі нәтижесінде технологиялық мәдениеттің негізін құрған.

Зергерлік - өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын-күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден-ақ қалыптасқан.

Білезік. Қазақ зергерлері жасап жүрген білезіктердің: қос білезік, бес білезік, жұмыр білезік, орама білезік, бұрама білезік, кавказ білезік, көзді білезік, өрме білезік, үзбелі білезік, топсалы білезік, қолқа (қуыс) білезік деген түрлері бар.

Сақина мен балдақтар. Сақина мен балдақ саусаққа салынады.

Шолпы - әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Қазақ арасында оның түрлері өте көп.

Шашқап. Қазақтың ескі салтында бой жеткен қыздар мен жас келіншектер шаштарына шашқап киетін болған. Шашқапты қыз-келіншектер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, жүк арту, үй тігу, мал сауу жұмыстарына араласқан кезде киген.

Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық - киім-кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже-ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан- төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.

Тері өңдеу өнері. Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғақ, бота ішік, шідер, жүген, етік, мәсі, кебіс, қоржын т. б. заттар жасалады.

Тастан еңбек құралдары - кетпен, диірмен, келі; тұрмыс заттары мен сәндік заттар - ұршықбас, мұсат, қайрақтас, түрлі түсті асыл тастан моншақтар жасалады.

Қазақтың дәстүрлі материалдык мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі, бір жетістігі -киіз үй. Қазақтың күнделікті өмірде пайдаланған үйлері дәулетіне қарай төрт қанаттан сегіз қанатқа дейін болған. Әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның айтуына қарағанда, салтанатты орда үйлері 12, 18, тіпті 30 қанатқа дейін болған. Қазақ дәстүрі бойынша киіз үйдің есігін шығысқа қаратып тіккен.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ даласындағы ән-күй өнерінің тарихы мен мәдени маңызы
Қазақ халқының Наурыз мейрамының тарихы мен дәстүрлері
Қазақ халқының ұлттық киімдері: түрлері мен ерекшеліктері
5-сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспар: Сәндік-қолданбалы өнер - көркем кестелеу: түрлері, материалдары, құрал-жабдықтары және нобай
Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы мен дамуы
5-сынып тарихы: Қазақ халқының шешендік сөз өнері
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Кескіндеме өнерінің түрлері мен шығармалары
7-сынып: Қазақ халқының қалыптасуы және қазақ, алаш, жүз атауларының шығу тарихы мен мағынасы
Сәулет өнерінің түрлері мен типтері: 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz