Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Армысыздар гүлдей құлпырған қыздар

І жүргізуші: -- Армысыздар гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл -- бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.Сенен өскен балалар,Батырлар мен даналар.Құттықтаймыз мейраммен,Құрметті, жан аналар!
ІІ жүргізуші: -- Қош келдіңіздер, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. -- дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді ____ береміз.
І жүргізуші:Барша ана құтты болсын мерекеңіз,Әрқашан ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ________________
ІІ жүргізуші:Шалқып, тасып әнімізЖадырасын жанымыз,Ана, сені құттықтап,Әндетеміз бәріміз.Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы әнді қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

--------------------------------------------------------------------------------

І жүргізуші:Құлақтан кіріп, бойды алар,Әсем әнмен тәтті күй.Көңілге түрлі ой саларӘнді сүйсең, менше сүй,-деген Абай бабамыз. Дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болған дәстүрлі ән тыңдаңыздар.
ІІ жүргізуші:Күйге толы дүние-ай, дүбірлеген,<<Қайран шешем>>, <<Кішкентай>> күнім деген.<<Көбік шашқан>>, <<Сары өзен>> жағасында,<<Ерке сылқым>>, <<Айжан қыз>> күлімдеген.Қазақтың күйлері көп <<Көңілашар>>,<<Сарыжайлау>> <<Сарыарқаға>> кеп ұласар.Күй қылып күллі әлемді құшаққа алған,Қазақтың болмаған ғой тегі нашар!Алдарыңызда _ домбырашылар ансамблі. Қарсы алыңыздар!
І жүргізуші:Кеше де, бүгін, ертең де,Ғаламның ғажап төрі едім.Алысқан жауға дерт емгенҚазылып тұрған көрі едім.Құшағың жайсаң, кел, бері,Достықтың мәңгі кені едім.Дархан пейілді жердегі,Мен қазақ деген ел едім!__ әскер патриоттық клубы мүшелері көрініс көрсетеді.
ІІ жүргізуші:Әйел, әйел - арман әні, жол әні,Дүниенің кешкі қоңыр самалы.Құрметті ұстаздар, аналар, студенттер, сіздерге арналған _ әнді қабыл алыңыздар!
І жүргізуші:
Сіздер -- Күнсіз, аспанда жарқыраған,Сіздер -- өзен, тау суы сарқыраған,Сіздер -- ана, сіздер -- жар, сіздер -- қыздар,Сіздер -- жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті_ береміз.
ІІ жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,Қиялға қиялменен қарыштайды.Әншілер шын жүректен тебіреніп,Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып __ән ұсынамыз.
І жүргізуші:
Әйел - сенің аспазың да күтушің,Әйел барда биіксің де бүтінсің.Әйел барда жалынсың - сен, отсың - сен,Әйел жоқта бықсыған сен түтінсің.
ІІ жүргізуші:
Әйел - сенің ақылшың да, айбарың,Ол барында естімейсің қайғы әнін.Әйел - сенің күзетшің де, сақшың да,Әйел - сенің мерекең де, мейрамың.Құрметі де аяулы аналар, ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар, сіздерге арналған <<Әйел - тіршіліктің гүлі>> атты мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті! Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз! Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!
«қыз – еркем, қылығымен көркем!»
Өмірдің гүлі, өмірдің нұры-өздерің !
Кештің барысы
Сайысқа келген арулар кезектесіп
Оқушыларды сергіту сәті
Айналайын, ақ анам ( Ашық сабақ )
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Кештің көрнекілігі
Аялайық ананы 2-сынып тәрбие сағаты
Пәндер