Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тарих философиясы
Ф.4.02-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. УӘЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТІЛДІ
Факультеттің
ОӘК Төрағасы
__________К.Г. Жапарова
«___» ____________ 20 ж.
Жалпы тарих және ӘГП кафедрасы
Шуматова М.М.
«философия»
пәнінен
(барлық мамандықтарға арналған)
Семинар сабақтарына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Көкшетау
Әдістемелік нұсқаулар семинар тапсырмаларын орындауға арналған типтік
бағдарламаның талаптарына сәйкес құрастырылған
Жалпы тарих және ӘГП кафедрасының отырысында қаралды
«28» __08__ 2019 ж. Хаттама № 1
Кафедра меңгерушісі __________________________ Кушпаева А.Б.
Факультеттің ОӘК мақұлданды «29» ___08____ 2019 ж. Хаттама № 1
ОӘК төрағасы _______________________________ Жапарова К.Г.
Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары және оларға
дайындыққа арналған әдістемелік нұсқаулар
Философия пәнінен практикалық сабақтардың мақсаты – дәріс сабақтарында
алынған білімді бекіту, философияның түйінді мәселелері мен тарихи дамуының
негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін шығармашылық игеру, студенттердің
философияны дүниені танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін
қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі
тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.
1) Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның
жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім
алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін
игеруі;
2) студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау
және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
3) ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және
шығармашылық әлеует қалыптастыру.
Пәнді меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне
ие болады:
1) философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың
негізгі мазмұнын сипаттау;
2) нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
3) дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық
зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
4) дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
5) мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен
мазмұнына түсініктеме жасау;
6) негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі
әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;
7) медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жекетұлғалық жағдайлардың
философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін
талдау жасау;
8) қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами
ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;
9) кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін
өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.
«Философия» пәні бойынша бағдарламаның құрылымы және мазмұны
Осы бағдарлама пәннің мақсаты мен міндеттерін, оқыту әдістерін және
технологияларын, пререквизиттері мен постреквизиттерін шолудан басталады.
Пәннің мазмұнын, семинар (практикалық) сабақтарының тақырыптарын және
білім алушылардың өзіндік жұмыстарын қамтитын жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Философия» жалпы білім беру
пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны осы бағдарламаға қосымшада
келтірілген.
Бағдарламаны іске асыру барысында қолданылатын оқыту әдістері мен
технологиялары:
1) білім алушы тарапынан рефлексивті көзқарас тәсіліне негізделген
студенторталықтандырылған оқыту;
2) біліктілікке бағытталған оқыту;
3) әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
4) кейс-стади (нақты жағдаяттарды сараптау);
5) жобалар әдісі.
Философия пәні бойынша практика (семинар) сабақтарының тақырыптары
|Тақырып атауы |Сағат |
| |көлемі |
|Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері. |2 с. |
|Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы |1 с. |
|талдау. | |
|Тіл мен ойлаудың арақатынасын бағалау. Латын графикасына көшу және| |
|қазақ тілінің дамуы. | |
|Болмыс. Онтология және метафизика. |1 с. |
|Таным және шығармашылық. |1 с. |
|Білім, ғылым, техника және технологиялар. |1 с. |
|Адам философиясы және құндылықтар әлемі. |1 с. |
|Өмір және өлім. Өмірдің мәні. |1 с. |
|Этика. Құндылықтар философиясы. |1 с. |
|Еркіндік философиясы. |1 с. |
|Өнер философиясы. |1 с. |
|Қоғам және мәдениет. |1 с. |
|Тарих философиясы. |1 с. |
|Дін философиясы. |1 с. |
|«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы. |1 с. |
|Барлығы |
|15 с. |
Семинар (практикалық) сабақтар тақырыптары
1-2 –Тақырып. Философияның пәні мен қызметтері
Семинар 2 сағат
Семинар жоспары № 1 (2 сағат)
Сұрақтары:
1. Неге, неліктен адамдар философиямен айналысады? Философиялы сұрақтар –
не жөнінде?
2. Философ деген кім? Қандай философтарды білесіңдер?
3. Философия азамат рухының басқа да қызметтерімен ерекшелене
отырып,адамдарды жандандарып, философия оларға адамзат мәселесін
түсіндіріп, оларды адам үшін негіздейді /П.Лавров/. Осы айтылған
пікірді қалай түсіесіңдер? Илософияны ғылыммен, өнермен, дінмен
салыстырыңдар
4. Философияның өз тілі бар ма? Философиядағы тіл қалай қалыптасып
дамиды? Тілдің мәні неде? Философиялық тіл қарапайым тілден несімен
ерекшелінеді?
Тапсырмалар:
1. Дүниеге деген философиялық көзқарастардың қалыптасу контексіндегі
дүниетаны ұғымының мағынасын анықтау.
2. Дүниені түйсіну, дүниені қабылдау және дүниені түсіну қатынастарын
және әлемнің бейнесінің тарихи қалыптасуындағы олардың орнын талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: Дүниетаным ұғымы шындықты адакмның рухани мағынада
түсіну формасы ретінде философияның тарихи қалыптасуы және пайда болуының
ерекшелігін қарастыруда негізгі болып табылады. Осыған байланысты
философиялық әдебиеттерде берілген дүниетаным ұғымының анықтамаларымен
танысу қажет. Дүниеге философиялық қатынастың ерекшелігін түсіндірудегі
дүниетанымның орнын көрсету, дүниетанымның деңгейлері мен құрылымын
талдау.
3-Тақырып. Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы
талдау.
Тіл мен ойлаудың арақатынасын бағалау. Латын графикасына көшу және қазақ
тілінің дамуы.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 3 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. “Адам - әлем” қатынасы болмыс құрылымындағы фундаментальді қатынас
ретінде.
2. Философиядағы адамның негізгі образдары.
3. Өмірдің мағынасы және еркіндік мәселесі.
4. Өмірді қабылдау және адам стратегиясы.
Тапсырмалар:
1. “Адам табиғаты”, “адам мәні”, “адам болмысының экзистенциалары”
ұғымдарының философиялық мағынасын ашу.
2. Философиядағы адамның образын анықтаудағы мәселілікті түсіндіру.
3. Адамның философиялық мәселелерінің өлімді жеңу, бостандық, өмірдің
мағынасын рухани іздеудегі ажырамайтын байланысты көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Адам мәселесі философиядағы ең бір үлкені болып
табылады. Сондықтан дайындық барысында қажетті материалдарды таңдауда
қиындықтар кездеседі. Одан шығу үшін қойылған сұрақтарға өзіндік көзқарас
қалыптастыру керек және оны сіздік дүниетанымдық позицияңызға жақын
философтардың пікірлерімен толықтырып отыру керек. Сонымен бірге бір
философтың пікірін алып оған өзіңіздің “иә” және ”қарсы” позицияңызды
қоюыңызға болады.
4-Тақырып. Болмыс. Онтология және метафизика.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 4 (1 сағат)
Сұрақтары:
Сұрақтар:
1. Қоғамдық прогресс туралы философия тарихы.
2. Антропосоциогенез процесіндегі техниканың ролі.
3. Адам және ғылыми-техникалық прогресс: тарих және қазіргі заман.
Тапсырмалар:
1. Философия тарихының пәнің және қоғамдық-тарихи прогресс проблемасы
мәселесінің мәнің анықтау.
2. Адам және қоғам болмысына техниканың дамудағы ықпалының ерекшелігін
түсіндірініз.
Әдістемелік нұсқаулар: Философия тарихындағы қоғамдық прогресс ұғымы
туралы, одан ешқайда қашып құтылмайтын, адамзаттың азуы туралы ойландыратын
күмәнді ойлар дүниеге келді. Өз ойынды жинақтай отырып, берілген
аргументтерді “қолдап” және оған “қарсы” шығып талдау жасау қажет. ХХ
ғасырдың бірінші жартысынан бастап, философияда техника жөніндегі сұрақтар
кең қарастырыла бастады. Осы сұрақтармен байланысты мәселелердің бір жақты
шешімге келуі мүмкін емес. Сондықтанда осы сұрақтармен айналысқан
философтардың негізгі идеяларын оқып-үйрену адамзат дамуындағы техниканың
роліне өз үлесінді қосуға мүмкіндік береді.
5-Тақырып. Таным философиялық мәселе ретінде.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 5 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. Эпистемология пәні. Ғылыми білімнің ерекшелігі
2. Ғылым әлеумимәдениеттік іс әрекет және әлеуметтік институт ретінде.
3. Ғылым және ізгілік.
4. Ғылымның шенбері және ойшылдардың әлеуметтік жауапкершілігі.
Тапсырмалар:
1. Эпистемология проблемасының контекстіндегі ғылыми білімнің өзіне тән
ерекшеліктері анықтау.
2. Қазіргі әлемдегі ғалымдардың өзіндік іс әрекет ерекшеліктерін ұсыну.
Ғылыми ізденістерде мәселелердің анықталуындағы этикалық
принциптердің ролі.
Әдістемелік нұсқаулар: Эпистемология таным мен білім процесінің оның
жемісі ретінде жалпы пішінің оқып үйренеді.Философия ғылымы ғылыми
білімдердің құрылымын, оның дамудағы заңдылықтарын, ғылыми зертеулердің
методтарын оқып үйренуде, эпистемологиядан ерекше орын алады. ХХ ғасыр
философиясы ғылымның дамуына әлеуметтік контекстен тыс ғылыми негізде
талдау жасауы мүмкін емес. “Постпозитивизм” философиясының өкілдері негізгі
назарын ғылымдардың әлеуметтік- гуманитарлық ойлармен жан-жақты байланысына
аударады. Философия ғылымының бір бөлімі, яғни ғылымның әлеуметтік
статусын, оның жағымды критерилерін қарастыратын тақырыптармен танысу
қажет.
6-Тақырып. Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Қазақстанның үшінші жаңаруындағы цифрлық технология.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 6 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері.
2. Ғылымдардың классификациясы.
3. Ғылым және техника.
Тапсырмалар:
1. Бірінші білім беру орталығының пайда болуының шарты және қоғам
өміріндегі олардың алар орны?
2. Бірінші университеттердің құрылымдары мен атқарар қызметтері және
олардың білім беру тарихындағы алар орны?
3. Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайындағы білім беру жүйесінің
ерекше сыйпаттары мен Қазахстандағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы.
4. Білім берудегі саясат пен саяси біліктіліктің арасындағы жалпылық не?
Әдістемелік нұсқаулар: Білім беру философиялық курсын оқуда барлық
шығармашылық тек игілікке ғана бағышталуы тиіс екндігін ұмытпау керек.
Пайдасыз ойдың тұнғыйығына түсіп кетпеу үшін және өзін өзі жоғалту
процесінен сақтану үшін әркез ізденіс үстінде болу қажет. Бұндай ізденіс
төртеу түгел болғанда және оған баратын барлық жол айқын болған кезде ғана
өз жемісін береді.
Бұл кезде білім беру бар назарын қоғамның әлеуметтік дамуына аударып,
құқықтық мемлекеттің негізінде нарықтық қоғам бейнесін сомдауы керек.
Студенттердің түсінуі тиіс, бүгінгі тандағы білім беру жүйесінің міндеті
- бұл белгілі бір қызметтің түріне адамды дайындап қана қою емес, өзін өзі
сыйлайтын және бірлікте қызмет атқаратын процесс жүйесі
7-Тақырып. Қазіргі философиядағы адам мәселесін талдау тәжірибесі.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 7 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
2. Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм.
3. Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға.
Тапсырмалары:

8-Тақырып. Күнделікті тәжірибеде өмір мәнін іздеудің маңызды қырлары:
философиялық талдау.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 8 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
2. Уақыт, мәңгілік және мақсат.
3. Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі.
Тапсырмалары:
1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім).
Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
2. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы. Іргелі философиялық
мәселелердің өмір және өлім мәселесімен байланысы: метафизика және
моральдық философия. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт,
мәңгілік және мақсат. Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі.
Әдістемелік нұсқаулар: Әрбір философиялық бағыт философиялық
білімдердің өз үлестерін қосуға ұмтылысты. Дәл осы тұрғысынан ортағасырлық
араб тілдес философиясына антикалық философиялық дәстүрлер, оның ішінде
Аристотельдің философиясы әсер етті. Сондықтан белгіленіп қойылған сұрақтар
жөніндегі дискуссияға қатысу студенттерден ғылыми зерттеу жұмысына деген
ептілікті талап етеді. Мұнда Аристоттельдің философиясындағы негізгі
тезистермен Әль-Кинди, Әль-Фараби, Ибн Сина сияқты араб философтарын
салыстыру қажеттілігі араб философтарын салыстыру қажеттілігі туады.
Сонымен бірге мұнда Аристотельді және оның ілімін жалғастырушы
мұсылмандық ойшылдардың ілімін сынаған ойшыл Әль-Газамедені де айтуға
болады. Философиялық тезистерді талдау, оларды салыстыру, ондағы жалпылық
пен ерекшеліктерді айқындау философияны оқыту курсындағы студенттердің
методологиялық дайындығының құрамдас бөлігі болып табылады
Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы
өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы.
Өмірмәндік құндылықтар туралы ілім. Адам қажеттіліктерінің пирамидасы.
Махаббат – адамның өмір сүру мәні. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет
Яссауидің мистикалық дүниетанымы. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына
туғызатын бастама ретінде.
9-Тақырып. Этикалық дилеммалар: жағдаяттық талдау.
Қазақ философиясының экзистенциалдық сипаты.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 9 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. Аксиология және адамгершілік.
2. Құндылық ұғымы.
3. Жүсіп Баласағұн философиясындағы ақиқат мәселесі.
Тапсырмалары:
1. Қорқыт ата іліміндегі философиялық ойлар.
2. Абайдың қара сөздеріндегі ойлар.
Әдістемелік нұсқаулар: Философия мәдениетті ерекше әлем ретінде
қарастырады, яғни адам өзінің адамдық қасиетін сақтап тұрудағы. Ол әлем
ғылыммен ұғынуға өте қиындық тудырады. Сондықтанда өнер, дін, мораль
тәрізді мәдени феномендер интуитивті философиялық ой толғаныстарда ғана
ашылады.Философия бойынша христоматиялар мен оқу әдебиеттерінің сәйкес
бөлімдеріне сүйене отырып, адам болмысы арқылы оның фундаменталды
көрінуіндегі мәдениеттің ролін көрсету.
10-Тақырып. Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 10 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық
құндылықтар.
2. Саяси еркіндік.
3. Ұлттық еркіндік.
Тапсырмалары:
1. Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.
Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза). М. Хайдегеррдің шығармаларындағы
еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр).
Еркіндік және абсурд (А.Камю). Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы.
Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік. Еркіндік,
әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар.
2. Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. Еркіндік – қазіргі демократиялық
мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі. Жеке еркіндік және табиғи құқық.
Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау
жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Сөз және көзқарас еркіндігі.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бұл бөлімде көптеген тақырыптар ғылым тарихымен ығыз байланысты
болғандықтан, философиялық идеяларды талдап, қарастыру кезінде көзқарастың
типтері және ғылыми көзқарастың ерекшеліктері жөніндегі алғашқы тақырыптан,
сұрақтарды еске түсіру керек. Цивилизация мен ойшылдықпен күресу
кезеңінідегі ғылым мен діннің бір-біріне қарама-қарсылығына көп көңіл
бөлудің қажеті жоқ.
Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір
сүруінің тәсілі. Абайдың "толық адам" концепциясы. Алаш қайраткерлерінің
философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
11-Тақырып. Музыкалық эстетиканың қалыптасуын қазіргі мәдениеттің
маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыру.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 11 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі.
2. Қазақ халқының сұлулық философиясы.
3. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық
бастамалары.
Тапсырмалары:
1. Философия тарихындағы аксиологиялық мәселелердің қалыптасуына талдау
жасау. Қандай философтардың шығармаларында құндылық мәселесі орталық орынға
ие болды.
2. Прагматизм философиясы өкілдерінің зерттеулеріндегі пайдалылық пен
құндылық категорияларының арақатынасын көрсету.
Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Антикалық эстетикалық
ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель). Араб-мұсылмандық
эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми). Христиандық
ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин).
Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б. Альберти, Леонардо да Винчи,
А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский). XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман
эстетикасы және көркемдік практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро,
Ж. Руссо). Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг).
XIX - XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П. Сартр. М.
Хайдеггер). Эстетикалық тәжірибе.
Әдістемелік нұсқаулар: Құндылық ұғымдары адамдардың әлемге деген
қатынастарының ерекше қырларын ашады.Олар адамдардың қоғамдағы,
мәдениеттегі ерекше іс әрекеттерін терен тсінуге мүмкіндік тудырады.
Құндылық бет алыстарының жиынтығы тұлғаның өмірлік іс әрекетіндегі
фундаменталдық мәнге ие болады.Философияның құндылық мәселесіне назар
аударуы адамдардың өмір мағынасын іздеуімен байланыста, және осылайша
өздерінің өмірлік жолдарын таңдауы, өз іс әректтерінің мағынасы және оған
жету құралдарын ойлауынан келіп туындайды. Прагматизм философиясы өкілдері
– У.Джеймс, Ч.Пирс, Д.Дьюидің негізі идеялары өз бетімен бағытталған іс
әрекеттің негізінде құндылықтар мәнің анықтауға мүмкіндік береді.
12-Тақырып. Қоғамдық сана феномені: түрлері, құрылымы, мәні.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 12 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамдық санасының жаңғыруының мәні.
2. Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық талдау және қазіргі заманның
жаһандық талаптарын зерделеу.
3. Қоғам философиялық ұғым ретінде.
Тапсырмалары:
1. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.
Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті,
Аристотельдің "Политикасының" негзгі тұжырымдамалары. Адам саяси жануар
ретінде. Августин: "Фәни шаһар" және "Бақи" шаһар. Қайта өрлеу дәуіріндегі
утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси
теориясы. Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо).
К.Маркс: таптық қоғам. К.Поппер "Ашық қоғам".
2. "Қоғамдық сана" ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері. Қоғамның типтері.
Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам. Желілік қоғам.
Жаңару. Қала. Урбандану.
Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Философия тарихындағы мәдениеттанулық
теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К. Леви-Строс). Мәдениет –
қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және
коммуникация. Мәдени-антропологиялық әдістеме: адам мен мәдениеттің мәндік
және онтологиялық түбегейлі бірлігін мойындау.
Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің
негізі және оның "Рухани жаңғыру" жобасы аясында дамуы.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі Батыс философиясының ойларын оқып
үйренудегі негізгі мәселе спецификалық терминологияның болуы. Ол қазіргі
әлемнің қарама-қарсы, бірінші емес, ретсіз сипатын көрсететін жаңа тілдің
формасын іздеуқазіргі ойшылдардың жұмысы. Сондықтан берілген тақырыпты
жақсы меңгеру үшін 20 ғ-ң философиялық ағымдарындағы негізгі философиялық
ұғымдардың қысқаша сөздігін жасау қажет. Осы кезде көп көңілді
постмодернизм философиясының ұғымдарына бөлу керек.
13-Тақырып. Қазақ философиясындағы тарихи даму мәселелерін талдау.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 13 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жаңару үдерістерінің мәні мен
ерекшелігі.
2. Тарихтың бағытталғандығы және оның мәні.
3. Тарих философиясының пәні.
Тапсырмалары:
Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау. Тарих түсінігімен
уақыт туралы көріністердің байланысы. Миф "уақыты". Уақыттың антикалық
түсінігі және тарихтың айналымы. Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу
дәуіріндегі тарих философиясы. Г.Гегельдің философия тарихы. Марксистік
философия тарихы. Тарихтың "сыни" философиясы: Дильтей, Риккерт, Ясперс.
Қазіргі заман философиясындағы "тарих мәні", "тарихтың соңы" мәселелері.
Тарихтың бағытталғандығы және оның мәні. Тарих философиясының пәні.
Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудың негізгі әдістері.
Адамзат тарихы: өткені-бүгіні-болашағы.Тарихтың мақсаты, мәні, бағыты
мәселесі.
Адамзат тарихының бірлігі мен көптүрлілігі. Тарихи үдерістегі
революциялық және эволюциялық. Тарихтың қозғаушы күштері. Тарихтағы
прогресс және регресс .
Формациялар және өркениеттер. Шығыс-Батыс. Өркениеттер қақтығысы.
Біртұтас адамзат пен әлемдік тарихты қалыптастыру үдерісі. Қазіргі
өркениет, оның өзгешелігі және қайшылықтары. Адамзаттың даму үрдістері.
Асан Қайғы: Жерұйық философиясы. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының
философиясы. "100 жаңа есім" жобасы – қазіргі Қазақстан тарихының бейнесі.
Қазақстанның эволюциялық дамуы – елдің гүлдену мүмкіндігі.

14-Тақырып. Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 14 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. Дін және философиялық білім.
2. Дін және өнер.
3. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа Ахмет Яссауи).
Тапсырмалары:
Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер.
"Дүниежүзілік діндер" феномені. Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни
формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-
Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев). Буддизм және оның негізгі
бағыттары. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары.
Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары. Суфизм (Аль-
Газали, Ходжа Ахмет Яссауи). Неміс романтизм
өкілдерініңдінифилософиялықконцепциясы (Ф.Шлейермахер). С.Кьеркегордің діни
философиясы.
Әдістемелік нұсқаулар: Философияның қалыпттасуының алғашқы этаптарында
философиялық мәселелер аумағы мен материалды меңгеру ауқымы ежелгі
философиядағы «негізгі» және «өтпелі» моменттерін айқындауға мүмкіңдік
беріп, студенттердің назарын негізгі ұғымдарға сипаттама беруге аудартады.
Ең басты ойды, белгілі бір ілімнің негізгі мазмұнын анықтауға деген ікерлік
пен дағдылық студенттердің өздігінен дербес дайындық жүргізу процесі
кезінде ең басты мәселені құрайды.
Студенттердің сабақ айту барысындағы басты міндеті ең басты міндеті, ең
негізгі теориялық жағдайлар мен өзінің дербес көзқарасына тыңдармандардың
назарын аударту керек.
15-Тақырып.
Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық талдау және қазіргі заманның
жаһандық талаптарын зерделеу.
Семинар 1 сағат
Семинар жоспары № 15 (1 сағат)
Сұрақтары:
1. Кеңістік-уақыттық континуумдағы "Мәңгілік Ел" және "Ұлы Дала"
категориялары.
2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-
мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері.
3. "Мәңгілік Ел" идеясы мен "Рухани жаңғыру" жобасы – Қазақстанның
тарихи дамуының жаңа векторлары
Тапсырмалары:
Кеңістік-уақыттық континуумдағы "Мәңгілік Ел" және "Ұлы Дала"
категориялары.
Қазіргі Қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық,
мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңартудың негізгі бағыттары. Рухани
жаңғыру. XXI ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі.
Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени,
идеологиялық және геосаяси негіздері.
Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік идентификациясы. "Мәңгілік
ел" идеясы. Н.А.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"
бағдарламалық мақаласы және "Рухани жаңғыру" жобасы – ХХІ ғасырдағы
Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды құжат. "Мәңгілік Ел"
жалпыұлттық және патриоттық идеясының ұйыстырушы құндылығы. Қазақстанның
қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары.
"Мәңгілік Ел" идеясы мен "Рухани жаңғыру" жобасы – Қазақстанның тарихи
дамуының жаңа векторлары.

Негізгі әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.А. «Взгляд в будущее: модернизация общественного
сознания». http:// www. akorda. kz.
2. Назарбаев Н.А. «Мәңгілік Ел. Годы, равные векам. Эпоха, равная
столетиям» – Астана: Деловой мир Астана, 2014. – 368 с.
3. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
4. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
5. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000
6. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
7. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
8. Бертран Р. «История западной философии» – М.: Издатель Litres, 2018.
– 1195 с.
9. Джонстон Д. «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға
дейін». Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216 б.
10. Хесс Р. «Философияның таңдаулы 25 кітабы». Ғылыми ред. Раев Д.С. –
Астана, 2018.–360 с.
11. Кенни Э. «Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика
философиясы» / ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.
12. Кенни Э. «Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр
философиясы» / ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.
13. Карен Армстронг. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық
ізденіс: Құдайтану баяны/ ғылыми редактор Кенжетай Д. – Астана, 2018. –
496 б.
14. Johnston D. «A Brief History of Philosophy: From Socrates to
Derrida». –A&C Black, 2006. – 211 p.
15. Kenny A. «New History of Western Philosophy». Volume 1-4. –Oxford
University Press, 2006 - 2010.
16. Humphreys P. «The Oxford Handbook of Philosophy of Science». –
Oxford University Press, 2016.
17. Estlund D.»The Oxford Handbook of Political Philosophy». –Oxford
University Press, 2017.
18. Cappelen H., Gendler T., Hawthorne J. The Oxford Handbook of
Philosophical Methodology. – Oxford University Press, 2016.
19. Karen Armstrong «A History of God: The 4000-year quest of judaism,
christianity and islam». - Gramercy Books, 2014.- 496 p.
20. Джонстон Д. Краткая история философии/пер. Е.Е. Сухарева. - М.:
Астрель, 2010. – 236 с.
21. Хесс Р. 25 ключевых книг по философии. – М.: Урал LTD, 2000. –
368 с.
Қосымша:
1. Барлыбаева Г.Г. «Эволюция этических идей в казахской философии». –
Алматы, 2011.
2. Зотов А.Ф. «Современная Западная философия».– М.: Высшая школа,
2012.
3. Мырзалы С.К. «Философия». – Алматы: Бастау, 2008.
4. Колумбаев Б.Е. «Третий человек». – Алматы: Рауан, 1992.
5. Батурин В.С. «Философия права». – Караганда: Гласир, 2012.
6. Әбжанов Т.Ы. «Адамға қарай бет бұрсақ». – Алматы: Ғылым, 1999.
7. Әбжанов Т.Ы. «Қазақ рухының философиясы». – Қарағанды, 2004.
8. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. «Қысқаша философия тарихы». – Алматы, 1999.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz