Махамбет өмірі мен шығармашылығы

Көркем сөз креативі:оқушының сыни ойлауын дамыту
«Оқуға құштар»
авторлық бағдарлама
Түсінік хат
Тілді тереңдетіп оқыту бүгінгі таңда білім берудің мемлекеттік тұжырым концепциясының басты бағыттарының біріне айналып отыр.
Оқушылардың бойына ұлттық сана - сезімді қалыптасып, өз туған өлкесінен шықққан ұлылардың ұлағатты сөздерін жадында сақтап, артына маржандай жыр шумақтарын қалдырған ұлы бабаларымыздың өлеңдерін, жырларын, шешендік сөздерін, толғауларын оқып тану, білім алу барысында креативті ойлау, сыни ойлау қабілеттерін арттыру авторлық бағдарламаның өзектілігі болып табылады. . Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат бір сөзбен айтқанда - оқушылардың қазақша сөйлеу компетенттілігін қалыптастыру. Ал ол оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім барысында қалыптасады.
Курстың мақсаты:
-оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
-оқырмандық талғамды қалыптастыру
-ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Міндеті:
-әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән - мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
-көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
-жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
- оқушылардың білім імен білігін тереңдету;
қабілетті оқушылардың ғылыми жұмыстармен шұғылдануына бағыт беру;
өз елінің жыр дүлдүлдерін, таланттарын таныту;
-қосымша материалдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді пайдалануға көмектесу;
-оқушылардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыстанып, ізденуіне бағыт беру;
-әдеби танымын кеңейту;
-өнер қайраткерлерінің тағылымды істерін таныту.
-ғылыми жұмыстарға икемділігін қалыптастыру;
-интернет жүйесі мен мұражай материалдары арқылы ақпаратты өз бетімен өңдеуге үйрету
Пәнаралық байланыс: өлкетану, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, музика, өнер, география
Бағдарламаны жүргізу формасы : лекция, дөңгелек үстел, әдеби кеш, сыныптан тыс шара, жоба қорғау, презентація
Күтілетін нәтиже:
- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи біліп, мән - мағынасын терең түсінеді;
- функционалдық сауаттылығы артады;
- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын оянады;
- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениеті қалыптасады;
- шығармашылық қабілеті артады.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
Авторлық бағдарлама аптасына 1 сағат жылына 34 сағатқа арналып, бағдарлама 2021-2022 оқу жылында құрастырылды. Мынадай тақырыптарды қамтиды: «Кіріспе ХХ ғ әдебиетіне шолу (Батыс Қазақстан ақын - жазушылары) (1 сағат), Шәңгерей Бөкеев өмірі мен шығармашылығы (1847-1920) » (1 сағат), «Ақынның өмір, тағдыр туралы толғаныстары «Бұл дүние панилығын етеді екен», «Өмірдің өтуі», «Ұршық» өлеңдері» (1 сағат), «Қашқын» поэмасы» (1 сағат), «Ғұмар Қараш (1874- 1921) өмірі мен шығармашылығы «Алаш», «Алаш азаматтарына», «Қазаққа» өлеңдері - «Алаштың асыл ерлеріне үн қату» (1 сағат), «Ғұмар Қараштың тіл және ғылыма көзқарасы» (1 сағат), Адам бойындағы қасиеттерді сипаттайтын өлеңдері «Жомарттық», «Батырлық», «Надандық» (1 сағат), «Махаббат туралы», «Тағдыр туралы», «Өмір пәлсапасы» өлеңдері (1 сағат), Пәлсапалық ой - толғамдары» (1 сағат), «Халима Өтеғалиева (1889 - 1984) өмірі мен шығармашылығы» (2 сағат), «Ана қуанышы» өлеңі» (1 сағат), «Абдолла Жұмағалиев (1915-1942) өмірі мен шығармашылығы» (2 сағат), «Қажым Жұмалиев (1907-1968) өмірі мен шығармашылығы» (2 сағат), «Қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеуші» (2 сағат), «Тайыр Жароков (1908-1965) өмірі мен шығармашылығы «Ер Махамбет», «Махамбет туралы аңыз» өлеңдері» (2 сағат), «Хамза Есенжанов (1908- 1975) өмірі мен шығармашылығы» (2 сағат), «Ақжайық» романы» (2 сағат), «Жәрдем Тілеков (1911 - 1980) өмірі мен шығармашылығы, «От кешу» романнан үзінді» (2 сағат), «Сағынғали Сейтов (1917-2007) өмірі мен шығармашылығы» (2 сағат), «Жұбан Молдағалиев (1900- 1988) өмірі мен шығармашылығы «Мен қазақпын» поэмасы» (2 сағат), «Берқайыр Аманшин (1924 - 1985) өмірі мен шығармашылығы (2 сағат), «Боранғали Ырзабаев (1932-1995) өмірі мен шығармашылығы» (2 сағат), «Қорытынды сабақ» (1 сағат) атты тақырыптар қамтылған.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау
факультатив бағдарламасы 1 жылға арналған.
Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа арналып жазылған.
Барлығы
Теория
Практика
Кіріспе
ХХ ғ әдебиетіне шолу (Батыс Қазақстан ақын - жазушылары)
34
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушыларды топқа бөлу
сабаққа назар аударады

1 тапсырма.
- ХХ ғасырдың Батыс Қазақстан жерінен шыққан ақын-жазушыларын танимыз?
2 тапсырма. Картамаен жұмыс
- Картадан Жайық өңірін көрсетіңдер
3 тапсырма. Жергілікті жердің тарихи-географиялық ерекшеліктеріне сипаттама жаса:
- Облыс аумағындағы орны
- Жер бедері
- Климаты
- Өзен-көлдері
- Халқы
- Тарихи-табиғи ескерткіштері
4 тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Ол елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді.
Оның толғауында Жайық төмендегі тұжырымға ие болады:
Еділ бол да,
Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа
Мәтіндегі кейіпкерді ата.
ҚБ: Ауызша мадақтама
ҚБ: Ауызша мадақтама
ҚБ: Ауызша мадақтама
ҚБ: «Бағдаршам»
Суреттер топтамасы
ҚР картасы
Жұмыс дәптері
Мәтін
Сабақтың соңы
5 мин
Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп, айтып береді.
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушыларды топқа бөлу
сабаққа назар аударады

1 тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Кесетені толтыр.
Бес жасында ата-анасы қайтыс болып, жетім қалады. Бірақ ағаларының қамқорлығымен білім алған. Орынбор кадет корпусында, Астрахан гимназиясында оқыған. Орыс тілін үйреніп, әдебиет пен мәдениетке ден қояды.
Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата қонысы - Көлборсыда өмір кешеді. Бөкеев аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркем сөз өнерін ұнатады, өлеңдер жазады.
1917 жылы Көлборсыдан көшіп, қазіргі Тайпақ ауданына келеді. Бөкеев шығармалары 1911 - 12 жылы “Шайыр”, “Көксілдер”, 1926 жылы “Үш жоқтау” жинақтарында жарық көрген.
1934 жылы жеке жинағы шығады. Одан кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды. Бөкеев - Еуропа әдебиетінен сусындап, қазақтың суырып салма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған ақын. Уақыт, заман, өмір, табиғат, ғылым, өнер туралы толғанады. “Өмірдің өтуі”, “Ғылым”, “Эдисон”, т. б. өлеңдері өзгермелі, өтпелі өмірдің заңдылығын ежелгі қазақ поэзиясының ең құнарлы сөздерімен, әсерлі суреттерімен бейнелейді. Бөкеев поэзиясында парасатты, ойлы дала қазағының ой-қиялы, ақын өмір сүрген дәуірдің алуан сырлары шебер өрнектелген. Бөкеев халық өмірімен біте қайнасып, араласып отырған. Ол Ғ. Қарашевті ауыл балаларына оқытушы етіп ұстайды. Оған орыс тілін үйретіп, орыс роман, повестерін мазмұндап береді. Ғұмар оны малшы шаруаларға әңгімелеп отырады. Бөкеев ел аузындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық жасайды. Жазықсыз жапа шеккен бұқара халық өкілдеріне (мысалы, Кубала ақын, т. б. ) қол ұшын беріп, қолқабыс жасайды, Оралда “Қазақстан” газетін шығарысуға ат салысады. Бөкеев - қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын ақын. “Үш ғасыр жырлайды” және “Бес ғасыр жырлайды” топтамаларына өлеңдері енген.
2 тапсырма. «Миға шабуыл». Шәңгерей кім?
3 тапсырма. «Тұлғаны таны». Ақынның шыққан тегін анықта.
Алаш ардақтысы Ғұмар Қараш «Жиһангер ханның немересі Сұлтан Шәңгерей Сәйдігерейұлына» мадақ жырында «Алғыр жүйрік сұлтаным, Ақылың жетіп алысқа, Ілгеріні болжадың . . . » дей келе, тектілік тініндегі ұрпақтар сабақтастығын «Түпкі бабаң белгілі, Баһадүр Шыңғыс хан екен. Арғы атаң атақты, Әбілқайыр, Нұралы, Кіші жүздің елінде, Жарық бір жанған шам екен, Бабаң Бөкей бас болып, Көлденең жатқан Жайықтан, Көктей өтіп ен тастап, Қоныс алған хан екен» деп толғайды.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
Білім алушылар ақынға сипаттама береді
Оқушылар сұаққа жауап береді
ҚБ: Ауызша мадақтама
ҚБ: «Шапалақ»
ҚБ: «Ауызша мадақтама»
Жұмыс дәптері
«Миға шабуыл» тақтайшасы
Сабақтың соңы
5 мин
Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп, айтып береді.
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушыларды топқа бөлу
сабаққа назар аударады

1 тапсырма. «Мағынаны ұғын». Мәтінді мұқият оқып, мазмұнда.
Бұл дүние пәнилығын етеді екен,
Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен . . .
Өзіне халық аузын қаратқан ер,
Тіріге, өлсе, қадірі кетеді екен . . .
2 тапсырма. Мәтінді мұқиат оқып, негізгі ойды айт.
Құдыққа құлан құлаған,
Құлағанда құрбақа
Қауіп - қатерсіз ойнаған,
Ойлағанға бұл заман:
Қырда құлан жүрсе аман
Лаң, түрлі қазадан,
Бақа жаны баз кешер
Құлағына құланның
Ойнаймын деп бойлаудан.
Сусаған құлан шұбырса,
Аса бір аса құл аудан,
Іздегені қақ болар,
Жолбарысқа жол тосқан
Қазалы құлан тап болар,
Бой жасырып ол жыртқыш,
Шыға бір шапса сайлаудан.
Жүген, құрық тимеген,
Шая шөптен жемеген,
Тұнықтан бойлап су ішкен,
Арқада ойнап тебіскен,
Үйірден жалғыз қаларсың,
Кеудеңнең шығып шыбын жан
Жүрегіңді жұлып жем етер,
Қазаңа шапқан ол айуан.
Іздегені тап болып,
Олжасына қарқ болып,
Маң - маң басып ол қайтар,
Буынына түсіп жылы қан.
Қайратына мас болған,
Қайдан білсін ол айуан?!
Бөкен терісін бөрік еткен,
Сексеуілден күрке еткен,
Бауырына тулақ жамаған,
Қаңбаққа жүзін қамаған.
Білтелі қара қолында,
Шақпақтан оған от беріп,
Жолында жатыр бір адам.
Қазаң жеткен жолбарсым!
Құмалақтай қорғасын
Аға шығар шаң беріп,
Өңбеніңнен кірсе қолдаудан.
Дүние опа кімге еткен?!
Теріңді тонап олжа еткен,
Ғазірайыл жағын кезенсе,
Мергенім тірі қалар ма,
Қатын - бала жылаудан?
3 тапсырма. Ұршық өлеңінің басты тақырыбы
Ағаш едің құрма өскен,
Ұршық болдың шуда ескен.
Бір қалыпта тұрмақ жоқ,
Шығармалық мұны естен.
("Ұршық" - махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдер)
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
мәтіннің тақырыбын анықтайды
ҚБ. «Бас бармақ»
ҚБ: «Шапалақ»
ҚБ: «Бағдаршам»
Өлең шумақтары
Өлең шумақтары
Сабақтың соңы
5 мин
Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп, айтып береді.
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушыларды топқа бөлу
сабаққа назар аударады

1 тапсырма. «Мағынаны таны». Шәңгерей Бөкеев «Қашқын» поэмасын қай орыс ақыннан аударған және тұпнұсқасы қалай аталады?
(М. Лермонтов, «Беглец»)
2 тапсырма. «Кейіпкер». Шығармадағы басты кейіпкерді анақта.
(Шығарманың басты кейіпкері - Һарун)
3 тапсырма. «Ізден». Мәтін бойынша поэманың басты идеясын сипатта.
(Поэманың идеясы - жаудан қашпай, тұрысып, өз-өзін өлтірген алмас қылышпен бір жаудың басын алуға болатыны, өзінің емес, елдің, жердің, қара халықтың қамын ойлап, олар үшін жанын пида қылуды айтып, ерліктің туын ұстап, еліне қалқан болуға үгіттейді)
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
ҚБ: «Ауызша мадақтама»
ҚБ: «Шапалақ»
ҚБ: «Стикер»
Мәтін
https://bilim-all. kz/olen/2780-Qashqyn
Сабақтың соңы
5 мин
Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп, айтып береді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz