Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алтын күз қайта келді берекесі

Жүргізуші:Армысыздар ата-аналар мен қадірлі қонақтар.Бүгінгі <<Тұлпар>>тобының <<Сабан той>>атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Қарсы алайық бәріміз
Жасымыз бен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр төгіп
Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді берекесі
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз ырыс береке ала келді
Балалар музыка әуенімен кіріп билейді.(Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды.
Бекасыл:Тоқтаңдар,тоқтаңдар
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдврап
Басым айналып барады
Береке:Енді-енді не етеміз
Қалай көмектесеміз
Нұрали:Сабыр сақта саспайық
Дәрігер шақырайық(<<Жедел жәрдем>>машинасының дыбысы естіледі.Дәрігер киімін киген бала келеді)
Дәрігер:Мені неге шақырдыңдарҚандай шағым,арыз барЖүргізуші:Біздің Бекасыл әлсіреп құлап қалды. Дәрігер:Қазір қарап шығайын Неден ауырғанын ұғайын А-а-а-а деп қане аузыңды ашшыТістерің орнында ,тамағың іспегенҚол-аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім неден ауырғаныңды
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген
Бекасыл:Енді не істеймін
Дәрігер:Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс
Көп-көп көкеністер мен жемістер жеуге тырыс
Береке:Қазір күз мезгілі түсті ғой
Жемістерде,көкеністерде пісті ғой
Жүргізуші:Ендеше балалар бау-бақшаға бағбан атаға қонаққа барайық.
Бағбан ата:Сәлеметсіңдер ме балаларым!сендердің келгендерің жақсы болды.Бүгін менің бақшамдағы жемістерім мен көкеністерім қайсысы адамдарға пайдалы екенін айтып дауласып жатыр еді.Сендер балабақшада білімді көп алып жүрсіңдерғо сендер тыңдаңдаршы жемістер мен көкеністерімнің айтысын.
Қияр:Нұрәлі Дәмім тілді үйірген Мен тұздалған күйімде Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне Қызанақ:Айымша Сабақтарым бұралып, Бақшаларда қызарып Тұрған ол мен қызанақ, Күнге қарап ұялып Пияз:Мадияр Асханадан шықпаймын Атым пияз бұқпаймын Астың дәмін келтіріп Тұмауданда сақтаймын Картоп:К.Айым Мен ұялшақ картоппын Мен емеспін мақтанар Мені жақсы көреді Үлкендер мен балалар Қырық қабат Бақшаларда тізіліп Қаперсіз мен жатамын Қабат-қабат киініп Қырық қабат атандым Сәбіз:Әнел Өсіретін бойыңды Дамытатын ойыңды Қоянға да азықпыз Сәбізбін жазықсыз
Бұрыш:Нұрәсем Аршығанда бұрышты Абай болған дұрысты Ашытады көзіңді Жылатады өзіңді Шие:Назым Мен маржандай шиемін Күн сәулесін сүйемін Жемістерім піскенде Жерге басымды иемін Өрік:Сезім Көктемде ерте гүлдеймін Кешігуді білмеймін Піспей тұрған кезімде Менен аулақ жүр деймін Мен өрікпін,өрікпін Бау-бақшаға көрікпін Алмұрт:Аяулым Мен алмұртпын,алмұртпын Аузындағы бар жұрттыңЖүзім:Ерзат Мен жүзіммін,жүзіммін Моншақ болып тізілдім Құлпынай:Еңлік Піскен кезде құлпынай Қандай әсем шіркін ай Қарай бергің келеді Дүркін,дүркін,дүркін-ай Алма:А.Айым Нарттай қызыл алмам бар Мәз болады алғандар Жазда әдемі киінем Тілді балдай үйірем Қара өрік:Ерасыл Қара өрік деген атым бар Мененде дәм татыңдар Дәрі орнына жүруге Кейде менің хақым бар
Күз ханшайымы:Сәлем менің достарым Өмірге көп қосқаным Күз сыйлығын алыңдар Сыйлығына қаныңдар Молшылыққа кенеліп Шаттық әнге салыңдар -Сәлеметсіңдер ме балалар!Күзгі бақшада қызу тартыс болып жатқан сияқты.Мына өсіп тұрған жемістер мен көкеністердің барлығы күз мезгілінде піседі.Мен сендерге өз сыйыммен келдім.
Хор: <<Не әкелдің сен бізге?>>
Би:<<Тиін биі>> Жүргізуші:Балалар жемістер мен көкеністердің қайсысы көбірек пайдалы екенін бізде ажырата алмадық. Бау-бақшаға қоян мен кірпі келеді. Қоян:Сәлеметсіңдер ме балалар,біз кірпі досым екеуіміз қысқы азығымызды жинауға бау-бақшаға келдік. Кірпі:иә,қоян екеуміз қысқы азық жинауға үлгермейтін түріміз бар,сендер көмектесе аласыңдарма.
Күз ханшайымы:балалар қоян не жейді,ал кірпі немен қоректенеді.Ендеше екеуіне сәбіз бен алма жинап көмектессек.
Ойын:<<Сәбіз бен алма жинаймыз>> Қоян:балалар сендерге көп рахмет. Кірпі:сендердің арқаларыңда қысқы азығымызды жинап алдық.Сау болыңдар балалар.
Би: <<Жапырақ>>Тақпақтар:
Раяна: Жемісі мол теретін Күз дос екен бізбенен Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген Аделя Алтын,алтын,сары алтын Алтын күзде нұр жатыр Біз бақшаға баратын Алақай ау күн жақын
Мейіржан:
Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық
Күзгі тойда жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық
Ән:>>Жаңбыр>>әні
Би:<<Қол шатыр биі>> Тақпақтар: Айсұлтан: Күздің қазан айында Алма,алмұрт піседі Жапырақтар сарғайып Сыбдыр-сыбдыр етеді Олжас: Жемісі мол теретін Күз дос екен бізбенен Бәрін тауып береретін Жомарт екен күз деген Ойын:Күз тақырыбында ата-аналарға сурет салғызу.
Ән: <<Күзгі вальс>>Сайданың орындауында Мода: Күз ханшайымы:Балаларым адамдарға жемістердіңде,көкеністердіңде пайдасы мол екен.Дәруменді көп жеген баланың күш қуаты көп болады,ауырмайды екен,ал дәрумендер жемістер мен көкеністерде көп болады.Ендеше менің кішкене достарым сендермен қоштасар кез-келді.Сау болыңдар!
Би:<<Қозы құйрық>> Жүргізуші:Бағбан ата енді балаларымыздың дайындаған келесі әніне кезек берсек.
Хор:<<Сабан той>>
Бағбан ата:Ал балаларым мен сендерге дәруменге бай,өзім өсірген жемістерім мен көкеністерімді сыйға тартайын.Осыларды жеп ауырмай,сырқамай жүріңдер балаларым.Сау болыңдар балаларым! Жүргізуші:Бүгінгі ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Қош келдің Алтын күз
Күз дос екен бізбенен
Қуандырып біздерді, кел жемісті алтын күз
Күз ханшайымы
Аяулы күз, Алтын күз
Мерейлі күз, мырза күз
Сәлем саған, алтын күз! 6-8 сынып
Қайсымыз адамға пайдалымыз
Аяулы күз, Алтын күз - 2018
Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер
Пәндер