Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушыларға арналған сурет салу ережесі
Бейнелеу өнері сабақ жоспары
Сабақ: №1
Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға арналған сурет салу ережесі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 1-сынып оқулығы, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: Ең алдымен оқушыларға бейнелеу өнері жайлы түсіндіріп беремін. Содан соң сурет салу ережелерімен таныстырамын. Сурет салғанда көп сөйлемейміз, алдымен құрал-саймандарымызды дайындап аламыз. Содан соң барып сурет салуға кірісеміз.
<<Бейнелеу өнері>> сабағы оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Бейнелеу оқулығы оқушылардың бейнелеу өнері туралы теориялық білімін дамытуға ықпал жасайды. Оқулық мазмұны сурет салуға, қабылдауға, бейнелі ойлауға, шығармашылық қабілетін арттыруға, көркем шығарманы танып түсінуге бағытталып құрылған.
Үйлесімдік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіреді. Жүйелі түрде бейнелеу өнерін оқыту оқушылардың сапалы да сауатты білім алуына жағдай туғызады.
Практика жүзінде жүргізілген сабақ барысында оқушылардың меңгеретін дағдылары сан алуан. Олар: ойлау, қабылдау, есте сақтау, көркемдік, талғампаздық, т. б. Есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түседі.
Бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсінік беріліп, кітапта көрсетілген шығармаларға талдау жасалады. Талдау барысында мұғалім оның өнер шығармасының қандай түріне жататындығын түсіндіреді. Бұл оқулық оқушы жүрегіне жол тауып, көркемдік білім алуда кажетіне жарап, бейнелеу өнері жайлы мағлұмат беруге лайықты қызмет етеді деген ойдамын.
Үйге тапсырма беру: Келесі сабаққа құрал-саймандарды дайындап келу.
Сабақ: №2
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнері құралдарын қолдану амал тәсілін үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Бейнелеу өнері сабағы үстінде әр-түрлі құрал- жабдықтармен таныстыру; Олар жайлы қысқаша мағлұматтар беру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: Оқушыларға бейнелеу өнері құрал-жабдықтары жайлы түсіндіремін. Бейнелеу өнері сабағында әр түрлі құрал-жабдықтар қажет. Әрбір құралмен дұрыс жұмыс істеудің маңызы зор. Қарындашты ХVII ғасырда француз оқымыстысы Н. Конте ойлап тапты. Кезінде Италия суретшілері сурет салуға арнаулы графикалық қарындашты пайдаланған. Ол жәй қарындаштардан жуан, қағаз бетіне жұмсақ, өте қанық болып түседі.
Сурет салуға арналған жәй қарындаштар қатты және жұмсақ болып екі топқа бөлінеді. Сондықтан оның сыртында екі түрлі жазу болады. <<Т>>, <<Н>> -- қатты; <<М>>, <<В>> -- жұмсақ. Бұл таңбалар орыс және ағылшын әрпімен белгіленген.
Сурет салуға ең қолайлы және өшіруге көнгіш қарындаштар <<Т, М, ТМ>> болып табылады. Сурет салатын қағаздар жұқа, қалың, тегіс, бұдыр болып бірнеше түрге бөлінеді.
Қарындашпен сурет салуға қатты және тығыз қағаздар ыңғайлы. Олар <<ватман>> немесе <<жартылай ватман>> деп аталады.
Су бояумен (акварель) жұмыс істейтін қағаздың беті бұдыр болып келеді. Сонымен қатар сурет альбомын пайдалануға болады.
Қолданылатын бояу түрлері: субояу (акварель), гуашь және тушь. Акварель бояуы қағаз бетіне мөлдіреп түседі әрі әдемі өң береді. Бұл бояу сапасының құндылығын көрсетеді. Акварель бояуы бірнеше заттардың құрамынан тұрады: бал, қант, глицерин т.б. 16-17 ғасырда акварель бояуын суретшілер өсімдік тамырларынан жасаған.
Ертеде жапон суретшілері күлге желім қосу арқылы тушь бояуын жасаған.
Акварель бояуымен дымқыл қағазда тез жұмыс істеуге болады және кептіріп отырып ұзақ мерзімді жұмыс істеуге болады.
Бояумен жұмыс істеу барысында бір түспен екінші түсті араластыру екі-үштен аспауы керек. Одан артық болса, бояу бұзылып кетеді.
Бояуды әрқашанда құрғақ, салқын жерде сақтаған абзал.
Гуашь - қағаз бетіне қалың жағылатын қою бояу. Көбінесе сәндік сурет салуға әбден қолайлы бұл бояумен жұмыс істеудің тәсілі өте көп. Жеке және бірнеше қосымша түстермен жұмыс істеуге болады.
Қара түсті қоймалжың бояу - тушь деп аталады. Оның құнды қасиеті - өте жылдам кебеді әрі жайылып былғанбайды. Тушьпен жұмыс істеуде қолданылатын қосымша құрал қаламұш болып табылады. Ол сызық арқылы сурет салуға өте қолайлы әрі ұқыпты жұмыс істеуге үйретеді.
Бояумен жұмыс істеуде ең басты құралдардың бірі - қылқалам.
Акварель бояуына арналған қылқаламдар ақ тиін, күзен, бұлғын сияқты ұсақ жануарлардың қылынан жасалады. Қылқалам негізінен жұмыр және жалпақ болып екі түрге бөлінеді.
Жұмыс соңында қылқаламды жуып, сүртіп, құрғатып қою керек.
Өшіргіш - қарындашпен сурет салуда қате кеткен сызықтарды түзеу үшін қажетті құрал. Өшіргіштің болғаны тиімді.
Мольберт - сурет салуда пайдаланылатын өте ыңғайлы және қолайлы жабдықтың бірі.
Ермексаз - мүсіндеуге арналған құрал. Ол - қолға көнбіс, тез иілгіш, өзгертуге қолайлы. Мүсіндеу барысында қосымша қалақша және мүсін орнатылатын тұғыр керек.

Сабақ: №3
Сабақтың тақырыбы: Заттар мен бұйымдарды бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Сызықтың түрлері жайлы мағлұмат беру. Тік, ұзын- қысқа, көлденең, көлбеу, қисық, доға, жарық-көлеңке деген сөздерді меңгерту.
б) Тәрбиелілік: Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс бейнелеуге үйрету, ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық көрнекілік құралдар, әр түрлі заттар бейнеленген репродукциялық суреттер, сызық түрлері көрсетілген карточкалар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш т.б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: Балаларға сурет салудың әдіс-тәсілдерін меңгертуді сызықтың түрлерін үйретуден бастаймын. Сызық - суреттің ең негізі, мейлінше әсерлі элементтерінің бірі. Сызық заттың пішініне қарай әр түрлі бағытқа өзгеріп отырады. Суреттегі сызық - <<жанды>> сызық. Өйткені ол үнемі қозғалыста болады. Сызықтың ең негізгі түрлері мыналар: 1) түзу; 2) көлбеу; 3) ирек; 4) доға; 5) үзік; 6) сынық. Әр сызыққа бейнелеу өнері дәптері бойынша жаттығулар жасатамын. Оқушыларға және карточкалар бойынша тапсырмалар беремін. Карточкада бейнеленген суреттен оқушылар сызық түрлерін ажыратуға үйренеді. Тапсырмаға байланысты қандай сызық түрлерін қолдану керектігіне жауап бере бастайды. Сызықтың түрлерін терең меңгерген оқушы заттың пішінін қағазға бейнелеуге бейім болады.
Оқушылардың қолдары еркін сызуға жаттығады. Қағаздан шар тәрізді шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш қиып көрсетіп, сол қиып алған қағаз бұйымдарды сызықтардың қай түрімен толтыруға болады, соған жаттығу жасаймыз. Одан кейін біртіндеп әр түрлі пішінді бұйымдар мен заттарды таңдаймыз. Мысалы: қарбыз, сандық, сәукеле, айна оқулықта көрсетілген.
Олардың пішіні қандай екені туралы оқушылардың естеріне салып, әңгімелеп беремін.
Сұрақ-жауап берген соң, сол заттарды қағазға бейнелеуге үйретемін.
Сурет салу барысында оқушылардың қолын жаттықтыру үшін сергіту ойынын ойнатамын.
Сызық қандай көңілді, Күміс жаңбыр төгілді. Мөлдіреп аспан ашылып, Күн пердесі төгілді,- деп, балалармен бірге тақпақ айта отырып, қарындашпен сызықтар арқылы сурет саламыз.
Оқушылар ойын ойнап бой жазғаннан кейін, нақты нәрсеге қарап салуға назарын аударамын:
-- Ал балалар, енді төртбұрыш, үшбұрыш тәрізді бұйымды бейнелеп үйренейік. Ол үшін ең алдымен тұртбұрыштар мен үшбұрыштар түрлерін көз алдымызға елестетейік. Мұнан кейін оқушыларды қыз баланың үшбұрыш тәрізді бас киімін қағазға бейнелеуге үйретемін.
Бас киімді салудың жолдары.
-- Ал балалар, енді таңдап алған бұйымымыздың көлеміне байланысты қағазды тігінен аламыз. Ең алдымен көмескі сызықтар арқылы қағазға оны көз мөлшерімен белгілейміз. Сонан кейін бірітіндеп бейнелеуде жеке бөлшектеріне көшеміз. Заттың жарық, көлеңкесін ажыратып, өз түсіне тән бояумен бастаймыз. Жылы және суық түстерді үйлесімді қолдану арқылы заттың толық пішінін бейнелейміз.
Қарбыз көріністері. Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сүті тәтті. Бордақылап байлап қойдым. (Қарбыз.)
Ең қарапайым натюрморт бейнелеуге үйретуде қарындашпен сурет салғызу арқылы оқушыларды қағаз бетіне сауатты үйлестіруге, сызықтар арқылы белгілеуде жарық, көлеңке, түспе көлеңке деген ұғымдарды естен шығармауға үйретуге тырысамын.
Үйге тапсырма беру: Өзімізге ұнаған заттарды қағаз бетіне түсіріп келу.
Сабақ: №4
Сабақтың тақырыбы: Бояулар әлеміне саяхат.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар. Негізгі бояу түсі: қызыл, көк, сары.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: Ең алдымен бояу түстері жайлы жалпы мағлұмат беруден бастаймын. Қоршаған табиғатымыз түрлі түсті әсем бояуға бай.
Күз мезгілінде құлпырған ағаштардың жапырағы әр түрлі түске боялады, мұны біз өз көзімізбен көріп тамашалайық.
-- Ал балалар, далаға қарап, көңілімізді бір сергітіп алайықшы.
Ағаштар қандай түстерге енген? Иә, қызыл, қызыл сары, сары, қоңыр, жасыл, күлгін.
Бояу түстерінің басым болып келуіне байланысты натюрморт орындап көрейік. Натюрморт - туралы мағлұмат беру оқушыларға.
Бояу түстерінің реңдік қатынастарының орналасу ерекшеліктеріне назар аударамыз. Натюрморт құрастырып үйренуде негізі басым жылы және суық түстерге ерекше назар аударып, қадағалаймын.
- Міне, балалар, біз табиғат көрінісінен неше түрлі әсем түсті көріп байқадық. Бұл суретшілер үшін ең әсерлі көрініс болып табылады.
Ұлы суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар өсімдіктердің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Мұны біз табиғат аясында серуендегенде жақсы байқай аламыз.
<<Табиғат -- суретші>> деген халық нақылының шығуы соған байланысты. Жалпы бояу түстерін екі топқа бөлеміз: түсті бояулар және түссіз бояулар.
Түсті бояулар: қызыл, қызыл сары, сары т. б.
Түссіз бояулар: қара, сұр, ақ.
Енді осыған мысал келтірейік: Қызыл алма, қызыл сары алмұрт, сары жапырақ, қара сиыр, сұр қоян, ақ мата.
Міне, біз заттың атын атап қана қоймай, сонымен қатар түстің бояуын ажырата білуді үйрендік.
- Ал балалар осы бояу түстерін табиғат көріністеріне қарап, салыстырмалы түрде атап көрейік: қызыл күн, сары дала, көк аспан.
Күннің қызыл екендігін таң сәріде және кешқұрым айқын байқай аламыз. Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді.
Бояу түсінің жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады.
<<Кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп көрейік. Балалар, бұл тапсырма сендердің оқулықтарыңда көрсетілген. Кітапқа қарап дұрыс жұмыс істейік.
Әрбір берілген тапсырманы ұқыпты орындауға үйренейік>>.
Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсініктері болған. Мысалы:
ақ - адалдық, ақ ниет;
қызыл - оттың және күннің белгісі;
жасыл - көктем және жастық белгісі;
сары - парасат және байлықтың белгісі;
қара - жердің, берекенің нышаны;
көк -- аспанның белгісі.
Енді негізгі түстерден қосымша түстер шығаруға жаттығу жасайық: қызыл+сары=қызғылт сары,
қызыл+көк=сия көк,
сары+көк=жасыл.
Үйге тапсырма беру: Жылы түсте табиғат көрінісін бейнелеу.
Сабақ: №5
Сабақтың тақырыбы: Үйлестіріп үйрету.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. бірнеше заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Суретшілер шығармаларының репродукциясыы, дидактикалық көрнекілік құралдар, карточкалар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш.
Сабақтың барысы: <<Композиция>> латынның <<құрастыру>>, ойдан шығару>> деген сөзінен шыққанын балаларға түсіндіремін.
Содан соң балаларға үйлестіріп үйрету жайлы түсіндіремін.
Қағаз бетіне нәрсенің пішінін көз мөлшерімен жобалап алған соң, оны белгілеуге кірісеміз.
Заттың пішінін тұтастай қабылдап, бүтіндей бейнелеуге тырысқан жөн. Қай нәрсені болмасын суретін салуда ең бірінші жалпы пішінін белгілеп алып, сонан кейін ұсақ бөлшектерін бейнелеуге көшу керек.
Сурет салуға үйретуде жалпыдан жекеге көшу принципін ұстаған жөн. Қағазға бейнеленген затымыз не үлкен немесе өте кіші болмау тиіс.
Затты қағазға бейнелегенде жоғарғы жағынан және алдыңғы орнынан көбірек орын қалу керек. Сурет салғанда нәрсе бір қалыпты орында тұру керек. Затты дәл ұқсастықпен бейнелеуге үйренген орынды.
Мысалы, алыс - жақын, аласа - биік, жоғары - төмен ұғымдары пайда болып, баланың бейнелік ойлау өрісі дамиды.
Бейнелейтін затты қағазға дұрыс орналастыру <<композиция>> ұғымының бастапқы сатысы болып табылады. Суретшілер белгілі шығарма жазбас бұрын ең алдымен картинаның құрылымдық композициясын іздейді.
Үйлесімді, қисынды, дұрыс композиция шыққаннан кейін барып шығарманы жазуға кіріседі.
Орындалатын суретті жоспарлау, суретші тілімен айтқанда, үйлестіру (компановка) деп аталады. Үйлестіру ұғымын есте сақтау үшін суретке қарап талдау жасайық. Кейбір кеткен кемшіліктерді сурет салу барысында жібермеуге тырысайық.
Үйге тапсырма беру: Қағаз бетіне заттарды үйлестіру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz