Екі таңбалы сан

Т. Қ. Оспанов, Ж. Қ. Астамбаева, Н. О. Мергенбаева
МАТЕМАТИКА
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1-бөлім
Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұсынған
КІРІСПЕАлматы «Атамұра» 2022
ӘОЖ 373 (072)
КБЖ 74. 262. 21
О 78
О 78
Оспанов Т. Қ. т. б.
Математика. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған. 1-бөлім / Т. Қ. Оспанов, Ж. Қ. Астамбаева, Н. О. Мергенбаева - Алматы: Атамұра, 2022. - 250 бет.
ISBN 978-601-10-0150-2
ӘОЖ 373 (072)
КБЖ 74. 262. 21
© Оспанов Т. Қ., Астамбаева Ж. Қ., Мергенбаева Н. О, 2022
ISBN 978-601-10-0150-2 © «Атамұра», 2022
- сынып математикасына арналған оқу-әдістемелік кешен оқыту мен оқудағы мынадай заманауи идеялар мен тәсілдерді жүзеге асыруға ықпал етеді: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; оқытуды басқару және көшбасшылық.
Бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған осы әдістемелік нұсқаулық математика бойынша 2-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешен (ОӘК-нің) құраушыларының бірі болып табылады. Оның құрамына оқулық, көрнекі кестелер, электрондық оқулық (диск) кіреді.
ОӘК-нің құрамына енетін компоненттер өзара байланысты, бірін-бірі толықтырады және оқу құралы жүйесін құрайды, ал оқу үдерісіндегі рөлі мен орнына қарай мазмұны, құрылымы, атқаратын қызметі ерекшеленеді. Олардың үйлесімі математиканы оқыту үдерісінде білім алушылардың өзіндік оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына, өзін-өзі көрсетуін жүзеге асыруына, өзін-өзі бақылауына, өзін-өзі дамытуына көңіл бөлуіне, басқаша сөзбен айтқанда оқуға үйрену білігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ОӘК-нің әрбір компонентінің нақты атқаратын қызметі бар және де оқулық жаттығулары жүйесі бойынша жобаланатын оқыту үдерісін іске асыруға тигізетін әсері мыналарға саяды: әдістемелік нұсқаулық - математикалық ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқытып үйретудің ерекшеліктерін ашады, білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын анықтайды; көрнекі кестелер - оқытудың көрнекілігі қызметін атқарады; электрондық оқулық (диск) - оны ақпараттық-коммуникативтік технология (АКТ) ретінде пайдалануға мүмкіндік туғызады.
ОӘК-нің негізгі компоненті - оқулық, оның дәстүрлі нұсқасынан өзгешелеу, атап айтқанда практикалық бағыттылығы (практикалық жұмыстар және зерттеу элементтері қамтылған тапсырмалар, пиктограммалар, ребустар, сөзжұмбақтар, диаграммалар және кестелер қосылған) арта түскен. Оның жаттығулар жүйесі: оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптар деңгейінде түйінді құзыреттіліктер мен кең ауқымды дағдылар қалыптастыру үшін объективті алғышарттар мен оңтайлы жағдайлар туғызады; сыни ойлауды, функционалдық сауаттылықты және танымдық, зерттеушілік, рефлексивтік іс-әрекетті дамытуға ықпал етеді; білімді әр алуан, соның ішінде, өмір- тіршіліктегі жағдаяттарда қолдануға бағдарлайды. Оқулықтың негізгі ерекшелігі, оның жекелеген сабақтар түрінде құрылғандығы, жаттығулар жүйесінің және тапсырмалардың ұсынылу формасының тұлғаның зияткерлік дамуына ықпал ететін түйінді құзыреттіліктер мен кең ауқымды дағдылар түріндегі күтілетін нәтижелерге бағдарланған оқыту технологиясын анықтап беретіндігінде.
Оқулық - математикалық ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқытып үйрету технологиясын, яғни оның мазмұндық, ұйымдастырушылық, іске асырушылық қырларын анықтайтын негізгі оқыту құралы болумен қатар тәрбие құралы да болып табылады; әдістемелік нұсқаулық - сабақтың жобасын жасауға және оны іске асыруға көмектеседі; дидактикалық материалдар - даралап және саралап оқытуға мүмкіндік беретін деңгейлік әртүрлі тапсырмаларды қамтиды, формативті бағалауды іске асыруға ықпал етеді; көрнекі кестелер - оқытудың көрнекілігін қамтамасыз етеді; мазмұндық модульдер бойынша электрондық оқулық (диск) - математиканы оқыту үдерісіне АКТ енгізуге оң әсерін тигізеді. ОӘК-нің барлық компоненттерінің үйлесімі оқулықта жасалып берілген математиканы оқытудың қазіргі өміршең технологиясын жүзеге асыруға оңтайлы жағдайлар түзеді.
Оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) пайдалану, мұғалімдер еңбегін жеңілдетеді деп топшылаймыз. Оқулық жекелеген сабақтар бойынша түзілген, мұнда әр сабақтың жаттығулар жүйесі әртүрлі тапсырмаларды қамтиды, жаңа материалды оқытып үйретуге дайындық және оны игеру, бекіту үдерісін ұйымдастыру, бұрын қарастырылған мәселелерді қайталау және білім алушылардың танымдық қабілеттері мен шығармашылық іс-әрекетін дамыту іске асырылады; бір сабаққа лайықталған оқу материалының көлемі мұғалімге өзі оқытатын сынып оқушылары үшін жаттығулардың оңтайлы санын сұрыптап алып, материалды оқытып үйрету үдерісінің өзі қалаған жобасын жасауға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді; сондай-ақ, оқулық оқыту үдерісін объектілермен бірге нақты мәселелерді оқытып үйретудің технологиясымен қамтамасыз етеді; әдістемелік нұсқаулық мұғалімді қажетті нормативтік ақпаратпен және әр сабақтың технологиялық картасын жобалау бойынша әдістемелік сипаттағы нұсқаулармен жабдықтайды; дидактикалық материалдар әртүрлі өзіндік жұмыстар жүргізуге керекті оқу материалдарымен
мұғалімді жабдықтайды; көрнекі кестелер мұғалімді әр алуан көрнекіліктерді өз қолымен дайындаудан босатады; электрондық оқулық (диск) оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді, өйткені оның материалдары оқулықтың - негізгі оқыту құралының ақпаратын толықтырады және сабақтың барынша қызықты және көрнекі болуына ықпал етеді, үйде де жұмыс жасауға, ата- аналардың оқыту үдерісін бақылауына, математиканың ең қиын тақырыптарын баланың меңгеріп алуына көмектесуге мүмкіндік туғызады.
Әдістемелік нұсқаулық екі бөлімнен тұрады. Оның әрбір бөлімінде келтірілген оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сүйеніп жасалған оқу материалының орта мерзімді жоспары, сонымен қатар тақырыптық сабақтар желісін қамтитын әр сабақтың сұлбалық жоспары нақты жағдайлар мен ресурстарды, білім алушыларға қолайлы білімдік орта жасау қажеттігін ескере отырып, оңтайлы сабақ жобасы жоспарын түзуге және оны практикалық іс-әрекетінде жүзеге асыруға көмектеседі.
Орта мерзімді сабақ жоспарында оқу мақсатына және тақырып бойынша қарастырылатын мәселелердің ерекшеліктеріне қатысты әдістемелік ұсыныстарға назар аударылған. Бұл сабақта оқытып үйреткен математикалық ұғымдар мен әрекет тәсілдерінен жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал етеді.
Сабақтың сұлбалық жоспары: сабақтың тақырыбын, мақсатын, кезеңдерін (ұйымдастыру- шылық-мотивациялық, танымдық-операционалдық, рефлексия - бағалаушылық, нұсқау беру - бағыт сілтеу), сабақтың әр кезеңіндегі мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің негізгі түрлерін және жұмыс түрін (ұжымдық жұмыс, топтық жұмыс, жұппен жұмыс, өзіндік жұмыс, дара жұмыс, практикалық жұмыс), негізгі ресурстарды (интерактивті тақта және техникалық, көрнекі, оқу құралдары мен жабдықтары, оқу-әдістемелік кешеннің (оқулық, дидактикалық материалдар, көрнекі кестелер, электрондық оқулық (диск) сабақ тақырыбы бойынша тапсырмалар мен ақпараттарды анықтап береді.
Сабақтардың сұлбалық қысқа жоспарлары нақты жағдайлар мен мүмкіндіктерді, керекті ресурстардың қолда болуын, білім алушылардың қолжетімді дайындық деңгейлерін ескеріп, қажетті өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген сабақ жоспарларының өзіндік нұсқаларын жасауы үшін әркімге бағдар іспеттес.
ОРТАМЕРЗІМДІ (КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ) ЖОСПАР
Аптасына 4 сағат, барлығы 136 сағат
р/с
Ауыспалы
тақырыптар
Сабақтардың тақырыбы
Оқу мақсаттары
Сағат
саны
Мерзімі
Ескерту
1-тоқсан
1А ЕКІ ТАҢБАЛЫ САНДАР
1
Өзім туралы
Екі таңбалы сандардың құрылуы.
Ондықтармен санау
2. 1. 1. 1. 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну,
100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
1
2
Екі таңбалы сандарды құру, оқу және жазу
- 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну, 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
- Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
1
3
Екі таңбалы санның разрядтық құрамы
2. 1. 1. 3. ** Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
2. 5. 2. 1 екітаңбалы сандардың графикалық моделін құру,
разрядтық кестені қолдану.
1
4
Екі таңбалы сандардың
графикалық моделі
2. 5. 2. 1. Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру,
разрядтық кестені қолдану.
1
5
Екі таңбалы сандарды
салыстыру
2. 1. 1. 2. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
1
6
Өзіңді тексер
2. 1. 1. 2. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 2. 1. 1. 3. ** Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
2. 1. 1. 2. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
1
1В САНДАРҒА АМАЛДАР ҚОЛДАНУ
7
Жақшалы және жақшасыз өрнектер
2. 2. 1. 6. Екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз
өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.
1
8
100 көлеміндегі сандарды
разрядтан аттамай
2. 1. 2. 6. 40 + 17, 57 - 40, 57 - 17, 35 ± 12 жағдайларында
ондықтан аттамай, екі таңбалы сандарды ауызша қосу
1
ауызша қосу және азайту
мен азайтуды орындау.
9
100 көлеміндегі сандарды разрядтан аттамай
ауызша қосу және азайту
2. 1. 2. 6. 40 + 17, 57 - 40, 57 - 17, 35 ± 12 жағдайларында
ондықтан аттамай, екі таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды орындау.
1
10
100 көлеміндегі сандарды
разрядтан аттамай ауызша қосу және азайту
2. 1. 2. 6. 40 + 17, 57 - 40, 57 - 17, 35 ± 12 жағдайларында
ондықтан аттамай, екі таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды орындау.
1
11
100 көлеміндегі сандарды разрядтан аттамай ауызша қосу және азайту
2. 1. 2. 6. 40 + 17, 57 - 40, 57 - 17, 35 ± 12 жағдайларында
ондықтан аттамай, екі таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды орындау.
2. 1. 2. 3. ** Тиімді есептеу үшін қосудың
ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану.
1
12
Бір таңбалы сандарды
разрядтан аттап қосу
2. 1. 2. 5. ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу
және азайтуды орындау.
1
13
Бір таңбалы сандарды
разрядтан аттап азайту
2. 1. 2. 5. ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу
және азайтуды орындау.
1
14
Бір таңбалы сандарды разрядтан аттап қосу кестесі
- ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу және қолдану.
- ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу
және азайтуды орындау.
1
15
Кестенің көмегімен бір таңбалы сандарды разрядтан аттап қосу және
азайту
- ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу және қолдану.
- ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу
және азайтуды орындау.
1
16
100 көлеміндегі сандарды разрядтан аттап ауызша қосу және азайту
2. 1. 2. 7. 45 ± 9, 40 - 14 жағдайларында ондықтан аттап ауызша қосу мен азайтуды орындау.
2. 1. 2. 3. ** Тиімді есептеу үшін қосудың
ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану.
1
17
100 көлеміндегі сандарды разрядтан аттап ауызша қосу және азайту
2. 1. 2. 3** Тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану.
2. 1. 2. 7. 45 ± 9, 40 - 14 жағдайларында ондықтан аттап ауызша қосу мен азайтуды орындау.
1
18
100 көлеміндегі сандарды разрядтан аттап ауызша қосу және азайту
2. 1. 2. 3. ** Тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану.
2. 1. 2. 7. 45 ± 9, 40 - 14 жағдайларында ондықтан аттап ауызша қосу мен азайтуды орындау.
1
19
Разрядтан аттап, ауызша
қосу және азайту тәсілдері
2. 1. 2. 7. 45 ± 9, 40 - 14 жағдайларында ондықтан аттап
ауызша қосу мен азайтуды орындау
1
20
Өзіңді тексер
2. 1. 2. 5. ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайтуды орындау.
2. 1. 1. 3. ** Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
2. 1. 2. 3** Тиімді есептеу үшін қосудың
ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану.
1
21
Жақшасыз өрнектер және олардың мәнін тиімді тәсілмен есептеу
2. 2. 1. 6. Екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.
2. 1. 2. 3** Тиімді есептеу үшін қосудың
ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану.
1
22
Өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен есептеу
2. 2. 1. 6. Екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.
2. 1. 2. 3** Тиімді есептеу үшін қосудың
ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану.
1
23
Қосындының мәнін және қосылғыштарды табуға берілген есептер
2. 5. 1. 1. ** Бір-екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.
2. 5. 1. 8. ** Барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер
түрінде модельдеу.
1
24
Қалдықты және азайғыш пен азайтқышты табуға берілген есептер
2. 5. 1. 1. ** Бір-екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.
2. 5. 1. 8. ** Барлық арифметикалық амалдарға берілген
жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер түрінде модельдеу.
1
25
Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге берілген есептер
2. 5. 1. 1. ** Бір-екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.
2. 5. 1. 8. ** Барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер
түрінде модельдеу.
1
26
Айырмалық салыстыруға берілген есептер
2. 5. 1. 1. ** Бір-екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.
2. 5. 1. 8. ** Барлық арифметикалық амалдарға берілген
жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер түрінде модельдеу.
1
27
Өзіңді тексер
2. 5. 1. 1. ** Бір-екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.
2. 5. 1. 8. ** Барлық арифметикалық амалдарға берілген
жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер түрінде модельдеу.
1
1С ШАМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ
28
Менің отбасым және
достарым
Ұзындық. Ұзындықтың өлшем бірліктері
2. 1. 3. 2. ** Ұзындық (м) /масса (ц) өлшем бірліктерін қолданып өлшеу.
2. 1. 3. 4. ** Ұзындық (см, дм, м) / масса (кг, ц) өлшем
бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру.
1
29
Масса. Массаның өлшем бірліктері
2. 1. 3. 2. ** Ұзындық (м) /масса (ц) өлшем бірліктерін қолданып өлшеу.
2. 1. 3. 4. ** Ұзындық (см, дм, м) / масса (кг, ц) өлшем
бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру.
1
30
Көлем (сыйымдылық) . Көлемнің өлшем бірліктері
2. 1. 3. 3. ** Ұзындық (см, дм, м) / масса (кг, ц) өлшем бірліктерін салыстыру және шамалар мәндерімен
амалдар орындау.
1
31
Шамаларды әртүрлі құралдармен өлшеу
2. 1. 3. 2. ** Ұзындық (м) /масса (ц) өлшем бірліктерін қолданып өлшеу.
2. 1. 3. 1. Әртүрлі өлшеу құралдары шкалаларын бір- бірінен ажырату және шамалардың сәйкес мәндерін
анықтау.
1
32
Шамалардың мәндеріне амалдар қолдану
2. 1. 3. 3. ** Ұзындық (см, дм, м) / масса (кг, ц) өлшем бірліктерін салыстыру және шамалар мәндерімен
амалдар орындау.
1
33
Өзіңді тексер
2. 1. 3. 2. ** Ұзындық (м) /масса (ц) өлшем бірліктерін қолданып өлшеу.
2. 1. 3. 4. ** Ұзындық (см, дм, м) / масса (кг, ц) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру. 2. 1. 3. 2. ** Ұзындық (м) /масса (ц) өлшем бірліктерін қолданып өлшеу.
2. 1. 3. 3. ** Ұзындық (см, дм, м) / масса (кг, ц) өлшем
бірліктерін салыстыру және шамалар мәндерімен амалдар орындау.
1
34-
36
Өткен материалды қайталау.
Бекіту
2. 1. 1. 2. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 2. 1. 1. 3. ** Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштарға жіктейді.
2. 5. 2. 1. Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені қолданады.
- ** Ұзындық (см, дм, м) / масса (кг, ц) өлшем бірліктерін салыстыру және шамалар мәндеріне амалдар қолдану.
- ** Ұзындық (см, дм, м) / масса (кг, ц) өлшем бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру. 2. 5. 1. 8. ** Барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер
түрінде модельдеу.
3
2-тоқсан
2А ЕКІ ТАҢБАЛЫ САНДАРДЫ ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ. ЖҮЗДІКТЕР. ЕСЕПТЕР
37
Менің мектебім
Екі таңбалы сандарды
разрядтан аттамай жазбаша қосу және азайту
2. 1. 2. 8. 34 + 23, 57 - 23, 45 ± 19, 47 + 33, 80 - 47, 100 - 35
жағдайларында екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.
1
38
Екі таңбалы сандарды
разрядтан аттап жазбаша
2. 1. 2. 8. 34 + 23, 57 - 23, 45 ± 19, 47 + 33, 80 - 47, 100 - 35
жағдайларында екі таңбалы сандарды қосу және азайту
1
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz