Ақша дегеніміз не?

Тақырыбы: Ақша дегеніміз не?
Мақсаты :оқушыларға ақша туралы түсінік бере отырып, ақшаның пайда болуы, ақша қызметтерін айтып түсіндіру, ақшаны үнемді жұмсауға, экономиканың дамуына өз пайдасын тигізуге үйрету;
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, тарих, герграфия т. б. ;
Ақша-тауар мен өнім құнын бейнелейтін балама. Ол әр мемлекетте әртүрлі аталғанымен, негізінде сауда-саттық кезінде құн өлшемі ретінде пайдаланылады . Мәселен, Ұлыбританиядағы ақша өлшемі-фунт-стерлинг, Венгрияда-форинт, Германияда-марка, Қазақстанда-теңге, Қытайда-юань, Ресейде-рубль, Өзбекстанда-сум, Қырғызстанда-сом, Түрікменстанда-манат, АҚШта-доллар деп аталады. Сонымен қатар, кейбір ақша өлшемдері бірнеше мемлекеттердің ақша қатынасында жүреді.
Алғашында әртүрлі тайпалар мен халықтарда ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болатын тауарлар қолданылған. Мәселен, кейбір халықтарда мал, аң терісі, тұз, шай-ақша орнына жүрген.
Ресей империясының қол астына өтпей тұрғанда кең байтақ қазақ даласының көптеген жерлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей эквивалент ретінде-тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. ХХ ғасырдың басына дейін орын алған болатын.
Одан ертерек замандарда сауда-саттық үрдісінде ақша өлшемін-бағалы аң терілері атқарғаны туралы деректер бар. Ол жөніндегі мағлұматтар кейбір ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Мәселен, филология ғылымының кандитаты В. Вакуров ертедегі Русьте ақша орнына бағалы аң терілері, оның ішінде жалпыға бірдей балама ретінде «куница» деген аңның терісі қолданылған деп жазады. Осыған байланысты ол орыс тілінде ақша мағынасында қолданылған «кун» сөзі пайда болған деген пікір айтады. «Кун» сөзі «куница» деп аталатын аң терісімен байланысты. Ал осы куницаның қазақшасы «сусар» екен. Қазақстанда бұл аңның екі түрі кездеседі. Ол оңтүстік Орал сусары және Орта Азияның тау сусары.
Орыстың «куны» сөзі қазақтың «кұны» сөзімен бірдей . Яғни қазақ жерінде «құндыз» деп аталатын аң бар. «Құндыз» деп аталатын аң терісі ақша орнында жүрген. Құндыз сөзінен «құн» сөзі шыққан.
Ертеде ақша жоқ кезде айырбас сауда болған. Адамдар өзіне қажет тауарды екінше бір тауармен айырбастаған. Келе-келе айырбасталатын екі тауардың құны тең келмейтіндіктен ақша ойлап шығарылған.
Көшпелілерде өте кең тараған айырбас тауары--мал және мал терісі еді. Латын тіліндегі «пекус»--«мал», «пекуния»--«ақша» деген мағынаны білдіреді. Бұл мысал Еуропа халықтарының көшпелі малшы тайпалармен тығыз байланыста болғанын білдіреді. Келе-келе металдан ақшалар жасала бастады. Олардың сапасы құрамындағы алтынға байланысты болды. Таза алтыннан жасалған монетаны парсы патшасы Дарий шығарғандықтан, ол «дарик» деп аталды.
Ақшаның бірнеше қасиеттері мен атқаратын қызметтері бар.
Ақшаның қасиеттері:
Тұрақтылық -ақшаның құны бүгін де, ертең де азды-көпті бір деңгейде болуы керек. Ақшаның құны құбылып тұратын заманда халық оны құны қымбаттайды деген үмітпен кейінге алып қоятын немесе ертең құнсызданып кетеді деп дереу жұмсау жіберетін. Бұл екі жағдайда экономикаға кері әсерін тигізеді. Сол себептен ақшаның тұрақтылық қасиеті болу керек.
Жинақылық -қазіргі кезде ақша көлем жағынан шағын, әрі адамдар өзімен бірге алып жүру үшін жеңіл болу керек, мәселен, шар, тас, стол пішіндес болса, онда адамдар өзімен бірге алып жүре алмайды немесе қалтамызға не сумкаға сыймас еді, сол себептен ақшаның жинақылық қасиеті болады.
Көпке шыдауы -ақша жасауға таңдап алынған материал жеткілікті дәрежеде берік, ұзаққа кететіндей мықты, жарамды болу керек. Осыған байланысты көптеген елдерде ақша жасауда сапалы қағаздар пайдаланылады. Мәселен, кәдімгі қағаздан не салфеткадан жасалған болса, онда ақша қолға бір ұстағаннан жыртылады да, жарамсыз болып қалады.
Біртектілігі -қандай да бір бағаға ие ақша түрлері құн жағынан бірдей болу керек. Егер жүз теңгелік қағаз ақша монета түріндегі жүз теңгемен құны бір болмаса, бұл жағдайды қиындатып жібереді.
Мәселен, айналыстағы мың теңгемен жаңадан суреті өзгертіліп шығарылған мың теңгенің құны бірдей болады. Екеуіде айналыста қатар қолданылады.
Бөлінгіштігі -ақшаны бірнеше бөлікке бөлуге болады. Он мың теңгелік ақшаны ұсақтауға болады, ал қойды не түйені бөліп ала алмайсың. Сондықтан ақшаны ұсақтап, қайтадан ірілетіп алуға болады. Ал егерде, ақша ұсақталмай не іріленбейтін болса, онда адамдар он мың теңге, бес мың теңгелерді ұстамас еді.
Танымдылығы -ақша жалған жолмен жасау қиын және тез танылатындай айырым белгіге ие болуы керек. Ақшада ондай белгілер болмаса, онда адамдар қолдан жалған ақша жасап алар еді. Біздің қолданыстағы теңгелерде көзге көрінетін және саусақтың ұшымен танылатындай қасиеттері бар. Екіншіден банктерде ақшаны жалған ақшадан айыратын аппараттар бар. Сол себептен ақшаны жалған ақшадан айыра танып білуі қажет.
Ақшаның атқаратын қызметтері:
Айналым құралы -ақша үнемі айналыста болу керек. Егерде адамдар, мекеме, тіпті мемлекеттің өзі де ақшаны айналысқа шығармай сақтап отырса, онда елде дағдарыс болуы ықтимал. Ақша айналысқа түскенде ол көбейеді және сауда-саттықта жақсы қозғалады.
Құн өлшемі -ақша қандай да бір тауардың құнын көрсетеді. Мәселен он жұмыртқа жүз елу теңге тұрады, айырбас саудада біз жұмыртқа құнына тең келетін затты айырбастауымыз қажет. Бас қатырып жүргенше тауардың көрсетілген құнын ақшамен төлеуге болады.
Төлем құралы ретінде -адамдар өзіне қажетті тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алғанда еш қиындықсыз орнына ақша төлейміз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz