Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Семей ядролық полигоны аумағы

Бекітемін:
ОІ жөніндегі директордың орынбасары: Т.А.Маленов.
Сабақ жоспары
Модуль атауы:
Пәні: Қазақ тілі

Курс: І

Топ: 87-88

Сабақтың
номері (пардың) 24
Мамандық:

12 1219000 - нан пісіру, макарон тауарлар мен бұйымдар технологиясы
1211000 - Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
Біліктілік:
1219142 - Наубайшы
1211032 - Тігінші
1211062 - Арнайы тігінші
Бөлім
Экология: ядролық және мұнай өндірістері...
Сабақтың тақырыбы:
Семей полигоны.Ядролық өндіріс - табиғатқа төнген қауіп. Тілдік бағдар: Айтыс.
Уақыты: 09.00.
Ұзақтығы: 40 минут.
Оқу мақсаты:
Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, айтыс туралы, айтыскер туралы білу және тілдік оралымдарды қолдану;
Қазақстандағы Семей полигоны, оның зардабы, <<Невада-Семей>> қоғамдық қозғалысы, Семей полигонының жабылуы жайлы меңгерту, тақырыптың мәнін ашып, алған білімдерін дамыту.
Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: Таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін орындай алады. Семей полигоны.Ядролық өндіріс - табиғатқа төнген қауіп туралы өз көзқарастарын айта алады;
Айтыс, айтыскер ақындар туралы деректерді ажырата алады;.
Әлемді таңдандырған дүниелерді біледі.
Бағалау критерийі:
Тақырыптың құрылымын түсінеді. Оқушының сабаққа деген ынтасы артады. Топтық жұмыс жасау арқылы не себепті ядролық полигон Семей жерінде құрылғаны, Семей ядролық полигонының зардаптары, <<Невада-Семей>> экологиялық қозғалысының құрылғаны және оның мақсаты жайында терең білім алады.
Таза ғылыми стильді, айтыстың түрлерін, тілдік құралдар арқылы таниды (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
Грамматикалық, орфоэпиялық норманы сақтайды.
Тілдік мақсат:
Ұлт, ядролық қаруға қарсылық, тәуелсіздік, Семей - Невада қозғалысы, жауапкершілік, құрмет, адалдық, өмір бойы оқу, денсаулық.
Оқу әдістері, оқу тәсілдері, педагогикалық технологиялар:
Пресс-конференция сабағы, <<Ізгі тілек>> тренингі, <<Болжау>> әдісі, <<Блиц турнир>> әдісі, сұрақ- жауап. призентациялар, видеороликтер
Алдыңғы оқу:
Әлемді таңдандырған ашылым. 100 жаңа есім- серпілістің кепілі. Тілдік бағдар: Ғылыми стиль.
Қажетті құрал - жабдықтар:
Интерактивті тақта, конверттегі сұрақтар;.магниттер.
Оқытушының байланыс ақпараты:
Аты- жөні:
Торебергенова Гуля Турсынгазтевна
Телефоны:
+77472075893
Е-mail:
gulia_62.20@mali.ru
Сабақ жоспары
Жоспарлана-тын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Ұйымдас-тыру кезеңі
3 минут
Сәлеметсіздер ме! Студенттердің көңіл күйлерін көтеру ретінде <<Ізгі тілек>> тренингі өткізіледі.
Барлық студенттер тақырыпты ашу мақсатында <<Болжау>> әдісін қолдана отырып, тақырыпқа байланысты ведеоролик көре отырып, сабақтың тақырыбын табады.
Презентция <<Семей полигоны>>

Үй тапсырмасы
5 минут
<<Блиц турнир>> әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. (Сұрақтарға тез арада, қысқа да нұсқа жауап беру)
<< стиль >> дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше стиль бар, олар туралы не айтасыз?
Тілдік бағдар:
Ғылыми стиль дегеніміз не?
<<Қазақстандағы 100 жаңа есім>> жобасы туралы не білеміз?
Студенттер сұраққа жауап береді.
Стиль - қарым - қатынас барысында тілдік бірліктерді сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнері. Стильдің : сөйлеу мәнері, жазу мәнері, автордың қолтаңбасы, өнердің бір түрі.Стильдің бес түрі бар: ғылыми стиль, ресми іс- қағаздар стилі, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ауызекі сөйлеу стилі.
Стиль дегеніміз - мәнер, сипат, ерекшелік. Стиль 4-ке бөлінеді: (киім үлгісі)
1.Класикалық стиль.
2. Спорттық стиль.
3. Романтикалық стиль.
4. Фольклорлық стиль.

Сабақ-тың
басы
5 минут

Сабақ-тың
ортасы
16 минут

Оқытушының кіріспе сөзі:
Айтыс туралы жалпы мағлұмат.
Айтыс - қазақтың халық ауыз әдебиетінің әлеуметтік жүгі зор , кең өрісіті үлкен бір саласы. Ол- суырып салма ақындық өнердің жемісі.Сөз жоқ, жазба әдебиет қалыптаса қоймаған көшпелі елде айтыстың эстетикалық әсеріде ерекше. Мұның үстіне ол қолма-қол суырып салып, айтатын тапқырлық, өткірлік мазмұнымен де дараланады. Осындай әлеуметтік мәні зор бір алуан айтыстарды сол кездегі ел өмірінің көркем шежіресі деуге де болар еді.
Айтыс - синкреттік жанр. Ол ауыз әдебиетіндегі батырлық жырларымен тыңыз байланысты. Бұл екеуінің көне көздерінің бір негізден , атап айтсақ ертеден тұрмыс салт өлеңдерінен бастау алатының кезінде М.Әуезов атап айтқан болатынды. Алайда бұл жанарлар дәуір талабына орай бірде бәсең тартып , енді бірде кең өріс алып дамып отырған. Айталық, айтыс жанрының 15-18 ғасырларда біршама толастағыны байқалады. Бұл кезде туған айтыстар ұмытылды ма, әлде заман талабына сай өзге түрлерге жол берілді ме , осы арасы әзірге беймәлім.
<< Айтыс - қазақтың байырғы сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, өнер бәсекесі ұғымында қолданылып келген. Бізде екі адамның бетпе-бет келіп өнер жарыстырып бәсекеге түсуі қара сөз арқылы да (шешендік дау-дамай), белгілі бір аспапта кезектесіп күй тартысумен де , қолма-қол шығарылып айтылатын өлеңмен де мүмкін. Мұның бәрі << қиыннан-қиыстыратын>> кәнігік шеберлік, алғырлық пен тапқырылықты керек етеді. Ерте заманнан-ақ << өнер алда қызыл тіл>> деп сөз өнерін қадір тұтып, қастерлеген қазақ халқы жалпы әдеби мұраға , оның ішінде айшықты сөз өрнегі мол ақындар айтысына ерекше мән беріп, соны өзінің рухани өмірінің жарқын көрінісі ретінде ұрпақтан-қрпаққа жалғастырып отырған.
Айтыс- көшпелі өмір кешкен елдердің бәріне тән өнер, бірақ ол бірінде аз, енді бірінде мейлінше мол табылған. Бұл сол кездегі жазу сызудың жоқтығынан, ауыз екі дәстүрінің мейлінше етек алуынан туған қажеттілік еді. Айталық, өмір салты мен әдет-ғұрпы , салт-санасы бізбен егіз кешегі көшпелі қырғыз, қарақалпақ, алтай елдерінде де айтыс өнері болған. Алайда бұл жанр оларда дәл біздегідей жетіліп,кемелдене қоймаған.

Ақырзаман аждаһасы атанған ядролық қару
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толғалы отыр. Тәулсіздік алу қарсаңында сынақ орталығы болған Семей ядролық полигоны жабылды.Семей ядролық полигоны еліміздің басына қасірет болып жабысқан отаршылдық саясаттың тағы бір қылмысы. Ақырзаман аждаһасы атанған ядролық қаруды сынау тек бір халықтың басындағы қасірет емес, ол күллі тіршіліктің жауы.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда Семейдегі атом полигонын жабу турасындағы Жарлыққа қол қойғанына да, міне, отыз жыл толды. Бұрынғы Семей атом полигонының ел мен жерге тигізген зардаптары туралы аз жазылып жүрген жоқ. Олай болса, осы тақырып бойынша пресс - конференция сабағымызды бастаймыз.

І. Ғалымдармен сұхбат кезеңі.
Тарихшы: Семей ядролық полигонын ашу
Семей ядролық полигонын ашу туралы КСРО Министрлер Кеңесі шешімі 1947 жылы 2 тамызда қабылданды.1948 жылдың шілде айында полигонға әскер бөлімдері мен құрылысшылар келе бастады. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өрттен иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.Осы күннен бастап КСРО әскери-өнеркәсіпкешені Қазақстан тұрғындарына қарсы жарияланбаған соғысты бастап кетті. Бұл қасірет 40 жылдан астамуақытқа созылды.Сынақтар қазіргі Абыралы мен Саржал маңайындағы Дегелең тауының қойнауында терең шахталарда жүргізілген. Полигонда жарылған 600-ден астам сынақтың 467 бомбасының зарядының күші тіпті белгісіз, құпия күйде. Оны жүргізгендер Мәскеу асып кеткен. Бұған қосымша кейбір термоядролық қарулардың сыналғандығы туралы деректер де бар. Экранға назар аударайық. (<<Жарылыс басталған күн>> бейнефильм)

Географ: Семей ядролық полигоны аумағы
Семей ядролық полигоны аумағы 8.372 шаршы шақырым. Орналасқан жері - бұрынғы Семей және Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен жері.Осы облыстардың кілең қазақтар тұратын шұрайлы жері атом тажалханасына айналып, жергілікті халық атамекенінен басқа аймақтарға күштеп көшірілді. Сынақ алдында Абай, Абыралы аудандары тұрғындары 200-250 шақырым аулаққа көшірілді. Шығын құны деп әркімге 50 сомнан(ол кезде 500 сом) ақша берді. Экранға назар аударайық.

Физик:1949-1953 жылдар аралығында жасалған сынақ Долон, Белтерек, Саржал, Қарауыл және Қайнар елді мекендерінің аумағында 150 рентген-сағатқа дейін білінді. Қазақстан аумағында барлық жиынтық қуаты 50 мегатоннадан асатын 470 ядролық жарылыс жасалды.Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен скважиналардың түптері мен шығар ауыздары дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмапты да. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне жайылған. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері - <<Стронций-90>>, <<Плутоний-238>>, <<Цезий-137>>, тағы басқалары. Мәселен, стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге - 30, плутонийге - 2100 жыл қажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, ел-жұртымыздың денсаулығын ойлап көріңіз. (<<Семей полигоны жайлы білеміз бе?>> бейнефильм)

Химик: Полигонда алғашқы 14 жылда уран, сутегі және плутон бомбаларын жару ашық ауада және жер үстінде жүргізілді. Осы кезеңдерде қауіпсіздік шаралары қолданылмады.1987 жылы қуаты 20 килотоннадан 150 килотоннаға дейін жететін 18 жарылыс жасалды. 1989 жылы 12 ақпанда қуаты 90 килотонна жарылыс болды. Бұл жолғы радиоактивті газдар ағыны полигонға тікелей жақын жатқан аудандарды айтпағанның өзінде, Семей қаласында радиация мөлшері 450 микрорентгенге жетті.

Демограф: Семей поигонының ықпалы көш-қон мәселесіне де қатты әсер етті.1990 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 32,4 мың адам Семей облысына сырттан келсе, 37,8 мыңадам тұрғылықты жерден, яғни, Семей өңірінен басқа жаққа орын ауыстырған. Тек1990 жылы ғана облыстан 18,9 мың адам сыртқа қоныс аударса,12,8 мың адам көшіп келген. Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының халық саны да өте көп мөлшерде азайған.Қазақ - көнбіс те шыдамды халық. Әйтеуір, қу жанын шүберекке түйіп алып, атам заманнан бері мекен етіп келе жатқан атажұртын тастап кетер емес. Қайнар - (Абыралы) полигоннан 120-ақ шақырым, Саржал (Абай) бұдан да жақын жерде, Абыралы ауданы қайта ұйымдастырылғанда, полигон түбінен тағы екі шаруашылық ірге тепті. Оған әдейі істегендей Моңғолиядан келген қандастарымызды көшірдік. Олардың көпшілігі бір жылға әрең шыдап, ауруға шалдыға бастаған соң көшіп кетті. Тек туған жердің тұрғылықты момын жұрты ғана қозғалар емес.

Дәрігер: Полигон зардабы адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр әсерін тигізіп отыр. Полигонға жақын тұрғындар арасында жүрек-тамыр, онкология аурырулары,лейкоз, орталық жүйке жүйесінің бұзылуы аурулары жиі кездеседі.Өлім көбейді. Біздегі ионданушы радияцияға байланысты туындаған ауыруларға диагноз қоюға тиым салынды.1975-1985 жылдары онкологиялық аурудан қайтыс болған Семей облысының тұрғындары саны 7 есеге дейін өсті. Сәуле ауруына ұшыраған аймақтар: Абай,Абыралы (бұрынғы Семей облысы) және Егіндібұлақ, Қарқаралы аудандары (Қарағанды облысы).Бүгінгі күні полигон жабылып, ядролық сынақтар жасау тоқталғанымен жергілікті халықтың азап шегуі одан әрі жалғасуда.Психологиялық аурудың саны үдей өскенібайқалуда. Қатерлі ісіктің қатарына ақ қан (лейкоз) ауруы да жататыны белгілі, осының салдарынан қан азаюы ауруы, әсіресе, балаларда 65-70 % кездеседі.
Радиациялық сәуле алу кесірінен бір қолы, бір аяғы жоқ, не аяқ-қолы істемейтін, не саңырау, мылқау болып туған кемтар балалар Саржалда, Қайнарда әлі де жиі кездеседі. Экранға назар аударайық.

Эколог:<<Полигонның табиғатқа, тіршілікке әсері төмендеуі үшін әлі кемінде үш ғасырдай уақыт керек>> дейді ғалымдар. Мәселен, <<плутоний-240>>, толық ыдырап кетуі үшін 6500 жыл қажет, ал <<плутоний-239>>-ға 2100 жыл, ал <<плутоний-241>> ыдыраған кезде жаңадан альфа-сәуле пайда болатындығын Курчатовтағылар елемей отыр. Ядролық полигон зардаптарына 1,5 млн. тұрғын ұшыраған.
Радионуклеидтер жерасты суларымен полигон маңындағы өзендер мен бұлақтарға құйылып, қоршаған ортаға зиян әкелуде. Мысалы, Шаған өзеніне тәжірибе алаңынан (опытное поле) бірнеше бұлақтар құяды екен. Ядролық орталықтың ғалымдары Шаған өзеніне суға түспеуді, мал апарып суармауды айтып, дабыл көтерді. Себебі өзен суында көп мөлшерде тритий бар боп шықты. Ғалымдар зерттеуі бойынша, Шаған суындағы тритий табиғаттық деңгейінен жүздеген есе асып кетіпті. Ал тритий адам ағзасында сумен барып 10 тәулікке дейін сақталса, радиацияға ұшыратып, айықпас дертке соқтырады.

Тарихшы: 1989 жылы ақпанда <<Невада-Семей>> қозғалысы құрылды. Осы жетістіктерінің бірі-өте қысқа мерзім ішінде халықтың бас көтеруі арқасында Семей полигонындағы ядролық жарылыстың санын азайтуға көмектесті. Ол қозғалыстың жетекшісі - Олжас Сүлейменов. 1989 жылы 6 тамызда - Қарауыл ауылы жанында <<Невада-Семей>>Қозғалысының ұйымдастыруымен митинг өткізді. Қаралған мәселе:КСРО мен АҚШ сынаққа бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылдады.

Ведеоролик <<Айтыс>> туралы.

Видеоролик көрсету <<Семей - Невада>> қозғалысы.
Сабақтың соңы
минут

Үй тапсырмасы
ІІ.Сұрақ-жауап кезеңі: (арнайы жасалған хат - сұрақтар бойынша студент-ғалымдар сұрақтарға жауап береді)

1.Физикке: Полигон аумағында түрлі зерттеу, эксперименттік жұмыстар жүргізілгенін білеміз. Түрлі тәжірибе алаңдары болғандығы айтылып жүр, сол туралы тоқталсаңыз?
Жауап: Ең бастысы <<Тәжірибелік алаң>>. Осы алаңда 1963 жылға дейін ауада және жер бетінде ядролық сынақтар өткізілген. Екіншісі, <<Дегелең>> тәжірибелік алаңы, онда жер асты ядролық жарылыстары жасалды. Үшіншісі, <<Балапан>> алаңы, онда жер асты жарылыстары жасалды.

2.Географқа: Жалпы полигон орнын білдік, оның атауы туралы білсек?
Жауап: Полигонды <<Семей-21>> деп те атаған.Оған қоса қаланың Курчатов деген екінші аты да бар болатын.Бұл ат 1974 жылы қалаға ғылымға орасан зор үлес қосқан аса дарынды ғалым-физик Курачтовтың аты берілді.

3.Дәрігерге: Семей қаласында <<Бурцелезге қарсы 4-ші диспансер>> деп аталған ауруханада кімдер емделді?
Жауап: Онда науқас адамдарды емдеген жоқ, ғылым мен келешек үшін деген желеумен радиацияның тірі организмге тигізген әсерін зерттеді. Кейін де бұл <<диспансер>> жұмыс істей берді, бірақ, <<Радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институты>> деп аталды.

4.Тарихшыға: Полигон аумағында қанша жарылыстар болды және оның зардабын немен салыстырар едіңіз?
Жауап: 42 жылда 470 атом жарылыс жасалған, орта есеппен жылына 11,5 рет бомба жарылған. Онымен қоса 1963 жылға дейін жер үстінде және әуеде 118 ядролық бомба жарылды. Мұндағы жер үстіндегі және жер астындағы жарылыстың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 1000 есе асып түседі екен.

5.Дәрігерге: Адам бойында радиацияның мөлшері қаншаға жеткенде қауіпті жағдай туады?
Жауап: Медициналық өлшем бойынша әр адам жылына 0,5 бэрден артық радиация алуына болмайды. Бұл рак, ақ қан, жүрек-қан тамырлары сияқты ауруларды қоздырады. Жоғарыда аталған үш облыстың полигон аумағындағы халықтың, яғни, 1,5 миллион халық 1 бэр және одан да көп мөлшерде радиация алған. Ал, полигон маңайындағы 100 мыңнан астам ауыл тұрғындары 100-ден 200 бэрге дейін радиациялық сәуле алғандығы мәлім болып отыр. Ол <<Қайнар синдромы>> деген атпен құпия түрде Мәскеудегі әскери ведомствоға жинақталған.

Оқытушы:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусәр тынысын,
Қастерлейік оның асыл бар қазына ырысын.
Ей адамдар,қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Табиғат - Анаң,ал сен оның аялаған ұлысың.
1991 жылы тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.Оның тарихи маңызы: алғаш рет ең ірі полигон жабылды; жалпыға бірдей ядролық қарусыздандыру процессіне үлес қосылды; Ресей, АҚШ, Франция полигондарына мораторий жарияланды. Қазақстан дүниежүзі елдері алдында өзінің бейбітсүйгіш ел екенін дәлелдеді. Енді, полигон зардаптарының әсерінен дүниеден озған адамдарды еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялаймын.

Рефлексия: студент өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды, дәптерлеріне кесте толтырады:
Не білемін?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?

Ән: << Заманай>> - әні.
Үй тапсырмасы: эссе жазу, тақырыбы: <<Әлемдегі бейбітшілік- менің тыныштығым>>

<<Заманай>> әні.

Бекітемін:
ОІ жөніндегі директордың орынбасары: Т.А.Маленов.
Сабақ жоспары
Модуль атауы:
Пәні: Қазақ тілі

Курс: І

Топ: 87-88

Сабақтың
номері (пардың) 24
Мамандық:

12 1219000 - нан пісіру, макарон тауарлар мен бұйымдар технологиясы
1211000 - Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
Біліктілік:
1219142 - Наубайшы
1211032 - Тігінші
1211062 - Арнайы тігінші
Бөлім
Экология: ядролық және мұнай өндірістері...
Сабақтың тақырыбы:
Семей полигоны.Ядролық өндіріс - табиғатқа төнген қауіп. Тілдік бағдар: Айтыс.
Уақыты: 09.00.
Ұзақтығы: 40 минут.
Оқу мақсаты:
Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, айтыс туралы, айтыскер туралы білу және тілдік оралымдарды қолдану;
Қазақстандағы Семей полигоны, оның зардабы, <<Невада-Семей>> қоғамдық қозғалысы, Семей полигонының жабылуы жайлы меңгерту, тақырыптың мәнін ашып, алған білімдерін дамыту.
Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: Таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін орындай алады. Семей полигоны.Ядролық өндіріс - табиғатқа төнген қауіп туралы өз көзқарастарын айта алады;
Айтыс, айтыскер ақындар туралы деректерді ажырата алады;.
Әлемді таңдандырған дүниелерді біледі.
Бағалау критерийі:
Тақырыптың құрылымын түсінеді. Оқушының сабаққа деген ынтасы артады. Топтық жұмыс жасау арқылы не себепті ядролық полигон Семей жерінде құрылғаны, Семей ядролық полигонының зардаптары, <<Невада-Семей>> экологиялық қозғалысының құрылғаны және оның мақсаты жайында терең білім алады.
Таза ғылыми стильді, айтыстың түрлерін, тілдік құралдар арқылы таниды (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
Грамматикалық, орфоэпиялық норманы сақтайды.
Тілдік мақсат:
Ұлт, ядролық қаруға қарсылық, тәуелсіздік, Семей - Невада қозғалысы, жауапкершілік, құрмет, адалдық, өмір бойы оқу, денсаулық.
Оқу әдістері, оқу тәсілдері, педагогикалық технологиялар:
Пресс-конференция сабағы, <<Ізгі тілек>> тренингі, <<Болжау>> әдісі, <<Блиц турнир>> әдісі, сұрақ- жауап. призентациялар, видеороликтер
Алдыңғы оқу:
Әлемді таңдандырған ашылым. 100 жаңа есім- серпілістің кепілі. Тілдік бағдар: Ғылыми стиль.
Қажетті құрал - жабдықтар:
Интерактивті тақта, конверттегі сұрақтар;.магниттер.
Оқытушының байланыс ақпараты:
Аты- жөні:
Торебергенова Гуля Турсынгазтевна
Телефоны:
+77472075893
Е-mail:
gulia_62.20@mali.ru
Сабақ жоспары
Жоспарланатын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Ұйымдас-тыру кезеңі
3 минут
Сәлеметсіздер ме! Студенттердің көңіл күйлерін көтеру ретінде <<Ізгі тілек>> тренингі өткізіледі.
Барлық студенттер тақырыпты ашу мақсатында <<Болжау>> әдісін қолданады.
Презентция <<Семей полигоны>>

Үй тапсырмасы
5 минут
<<Блиц турнир>> әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. (Сұрақтарға тез арада, қысқа да нұсқа жауап беру)
<< стиль >> дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше стиль бар, олар туралы не айтасыз?
Тілдік бағдар:
Ғылыми стиль дегеніміз не?
<<Қазақстандағы 100 жаңа есім>> жобасы туралы не білеміз?

Сабақ-тың
басы
5 минут

Оқытушының кіріспе сөзі:
Айтыс туралы жалпы мағлұмат.
Семей полигоны. Ядролық өндіріс - табиғатқа төнген қауіп
І. Ғалымдармен сұхбат кезеңі.
Тарихшы: Семей ядролық полигонын ашу туралы.
Географ: Семей ядролық полигоны аумағы туралы.
Физик:1949-1953 жылдар аралығында жасалған сынақ.)
Химик: Полигондағы сынақтардың түрлері мен химиялық қасиеті.
Демограф: көші - қон мәселесі.
Дәрігер: Полигон зардабы
.Эколог:<<Полигонның табиғатқа, тіршілікке әсері
Тарихшы: Полигонның тарихы

Ведеоролик <<Айтыс>> туралы.
(<<Семей полигоны жайлы білеміз бе?>> бейнефильм

(<<Жарылыс басталған күн>> бейнефильм)

Сабақтың
ортасы
16 минут

ІІ.Сұрақ-жауап кезеңі: (арнайы жасалған сұрақтар бойынша студент-ғалымдар сұрақтарға жауап береді)
1.Физикке: Полигон аумағында түрлі зерттеу, эксперименттік жұмыстар жүргізілгенін білеміз. Түрлі тәжірибе алаңдары болғандығы айтылып жүр, сол туралы тоқталсаңыз?
2.Географқа: Жалпы полигон орнын білдік, оның атауы туралы білсек?
3.Дәрігерге: Семей қаласында <<Бурцелезге қарсы 4-ші диспансер>> деп аталған ауруханада кімдер емделді?
4.Тарихшыға: Полигон аумағында қанша жарылыстар болды және оның зардабын немен салыстырар едіңіз?
5.Химикке: Қазіргі кезеңде халыққа тигізер радиацияның зардабы бар ма?
6.Демографқа: Адамдардың өсіп - өнуіне радиацияның кері әсері бар ма?
7. Экологқа: Қоршаған ортаға радиация неліктен қауіпті болады?Экологияны қалай таза ұстауымыз қажет?

Видеоролик көрсету <<Семей - Невада>> қозғалысы.

Сабақтың соңы
минут

Үй тапсыр-масы

Оқытушы:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусәр тынысын,
Қастерлейік оның асыл бар қазына ырысын.
Ей адамдар,қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Табиғат - Анаң,ал сен оның аялаған ұлысың.
Енді, полигон зардаптарының әсерінен дүниеден озған адамдарды еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялаймын.

Рефлексия: студент өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды, дәптерлеріне Бағалау парағын толтырады.
Не білемін?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?

Ән: << Заманай>> - әні.
Үй тапсырмасы: эссе жазу, тақырыбы: <<Әлемдегі бейбітшілік- менің тыныштығым>>

<<Заманай>> әні.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы экологиялық мәселелер
Полигонның үні мәңгі өшсін!
Жер - Ана жыламасын
Атом сынақ полигонының зияны
Семей полигоны
Ананы қара
Бұрынғы Семей полигоны аумағында
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
ТУҒАН ЖЕР
Қайғың көп қазақ жері
Пәндер