Бір сөйлемді сөздерге талдау

ӘЛІППЕ

ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған

Алматы, 2021

Әліппе. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған.

- Алматы, 2021. - 322 б.

АЛҒЫ СӨЗ

Құрметті мұғалім! Сіздерге ұсынылып отырған 1-сыныпқа арналған «Әліппе оқыту әдістемесі»

- Ахмет Байтұрсынұлы әдістемесінің негізінде әзірленген «Әліппе» оқулығының әдістемелік ерекшеліктері мен оны оқытудың жолдары баяндалатын оқу құралы.

«Әліппе» оқулығы оқу материалдарының негізіне тілдік білім және сөйлеу алынып, оқулықта негізгі тілдік бірліктер (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) мен орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалар туралы қарапайым түсініктер, қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен берілетін білім, қазақ тілі бойынша грамматикалық дағдылар қалыптастыру материалдары, ауыз әдебиеті және көркем әдебиет шығармалары балалардың жас ерекшеліктері мен күтілетін нәтижелерге сәйкес берілген.

«Әліппе» оқулығы оқу материалдарын сұрыптау мен орналастыруда Ахмет Байтұрсынұлының дыбыспен жаттығу; әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу; оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту; білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу ұстанымдары басшылыққа алынған.

«Әліппе» оқулығының әліппеге дейінгі кезең оқу материалдары сөйлеу барысында тілдік бірліктер (мәтін (сөйлеу), сөйлем, сөз, буын, дыбыс) туралы қарапайым түсінік беруді қамтиды. Сызба- модель арқылы сөз, сөйлем құрауға және оларды сызбаның көмегімен «оқып», сөздің әр буынындағы дыбыстарды ажыратуға үйренеді. Бұл тілдік түсініктерді сөйлеу барысында меңгертуде Ахмет Байтұрсынұлының «оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту» ұстанымы басшылыққа алынады. Бала мектепке келгенде «сөйлей білсе де», сөйлеуінің сөйлемдерден, сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан тізілетінін біле бермейді. Алғашқы берілетін білімді білетін сөйлеуден, яғни «оңайдан» бастап, әрі қарай бала үшін жаңа ұғым, түсініктерді (сөйлем, сөз, буын, дыбыс) меңгерту бұл ұстанымның дұрыс таңдалғанын көрсетеді. Мұғалімнің қолдауымен тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы мәліметті тұжырымдауға үйренеді. Мұғалім оқушыларды жаңа өтілетін фактіні байқауға, аңғаруға бағыттауда, өзіндік қорытынды жасауға дағдыландыруда

«Сұрақтарға жауап бер», «Бала кімді шақырды? Ол ата сөзін қалай айтты?» және т. б. сұрақ қою-жауап алу тәсілін қолданады. Бұл ұстаным әліппе кезеңі материалдарымен жұмыста да басшылыққа алынады. Әр жаңа әріп пен дыбыстың бірінші сабағына «Айт» шартты белгісімен берілген сюжетті суретпен жұмыста сұрақ-жауап тәсілі арқылы әңгіме құрату, әңгімеден сөйлемдерді, сөйлемнен дыбысты танытуға арналған сөзді бөліп алу үдерісі бала үшін жеңілден бірте-бірте күрделіге қарай өтеді.

Оқулықтың 9, 10, 11, 12-сабақ материалдары Ахмет Байтұрсынұлының дыбыспен жаттығу ұстанымы негізінде құрастырылып, сабақ мақсаттары дыбыспен жаттығу әдісі негізінде анықталған. Дыбыспен жаттығудың сабақ мақсаттары мен тапсырмалары әдіскер ғалымның «Дыбыспен жаттығу» еңбегінде көрсетілген «әуелі балаларға әртүрлі дыбыс бар екенін білдіру»; «балаларға таныс сөздерді алып, олардың ішіндегі қандай дыбыстар барын айырту»; «бөлек-бөлек дыбыстарды тіздіріп, сөз айтуды білдіру»; «сөз ішіндегі дыбыстарды, екі, үш буынды сөздің, тұтас сөздің ішіндегі дыбыстарды айырту»; «дыбыстарды қосып, сөз айтуды үйрету» әдістемелік талаптарының негізінде түзілген. Дыбыспен жаттығу жолдарын қысқамерзімді жоспарда толық қарастыруға тырыстық. Дыбыспен жаттығуды А. Байтұрсынұлының әдістемесімен берудің артықшылығы көп екенін байқадық. Өйткені А. Байтұрсынұлыша айтсақ, оқушылар «дыбыстарды тізіп үйренсе, әріптерді тізуі қиын болмайды. Сөздің ішінде қанша және қандай дыбыстар бар екенін айыруды білсе, әріптерін қою қиын болмайды».

3

Оқулықта 1 сағаттық оқу материалы бір бетте қамтылған. Кез келген сабақ сюжетті суретпен жұмыстан басталған. Сюжетті сурет мазмұны бойынша мұғалім сұрақ қояды, оқушылардың жауабынан сөйлеу, яғни мәтін түзіледі. Әрі қарай А. Байтұрсынұлының «дыбысты», «жалқылаулы» әдістерін қолдану арқылы осы мәтін құрамындағы сөйлем, сөз, буын, жаңа дыбыс пен оның таңбасы - әріп танытылады. «Жалпылау» әдісі арқылы дыбыстармен буын, буындармен сөз, сөздермен сөйлем, сөйлемдермен мәтін құрастырылады. Оқулықта бұл процесс жаңа сөздерді оқу, сөз құрау, сөйлем құрау, орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрастыру тапсырмалары арқылы жүзеге асқан.

Жаңа дыбыс пен әріпті танытуға арналған сабақ материалдары дыбыстық талдау-жинақтау (Байтұрсынұлыша «дыбысты әдіс», «жалпылаулы-жалқылаулы әдісі») әдісін қолдану арқылы жүзеге асады. Жаңа дыбыс пен әріпті танытуға арналған беттің алғашқы бөлігін (көкшіл түспен берілген) дыбыстық талдау дағдыларын дамыту материалдары қамтиды : сюжетті сурет, дыбыстық талдау сызбасы бар жеке сурет, дыбыстың айтылу сұлбасы, дыбыс туралы мәлімет, әріптің баспа және жазба түрлері, әріп сұлбасына ұқсас айналадағы заттардың суреттері, әріптің сұлбасын түрлі заттармен (ермексаз, моншақ, қарындаш, түтікше) жасау үлгісі. Қызғылт түспен берілген келесі бөлікте оқушылардың дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту материалдары берілген: буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін.

Беттің соңғы бөліктерінде саралау және сөз тану материалдары орналастырылған. Саралау материалының тапсырмалары қысқамерзімді жоспарда үш деңгейде қарастырылған.

«Сөз тану» шартты белгісімен берілген тыңдау материалдары (жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтел, өлеңдер) оқушылардың ойын, есте сақтауын дамытып, тілін ұстартады, 1-сынып оқушысының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Отанды сүюге, табиғатты аялауға, үлкендерді құрметтеуге, әдепті болуға тәрбиелейді. Бұл материалдарды мұғалім кітаптан оқып беруіне немесе үнтаспадан тыңдатуына болады.

Қазіргі технология дамыған кезеңде 6-7 жастағы балалар үшін оқулықты сандық технология элементтерімен жабдықтау - өзекті мәселе. Бұл жастағы балалар техниканың құлағында ойнайды. Өз кезінде А. Байтұрсынұлы әдістеме үнемі жаңарып, қоғамның дамуынан қалмай, толығып отыру қажеттігін әдістемелік еңбектеріне арқау еткен. «Әліппе» оқулығын құрастыруда оның

«жаңашылдығы, өзгеріс және толықтырудың қажет етілуі» ұстанымы негізге алынып, оқушының «Сөз тану» айдарында берілген жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, өтірік өлеңдерді QR арқылы тыңдауына мүмкіндік жасалды.

Жаңа дыбыс пен әріпті танытуға арналған беттің алғашқы бөлігінде жаңа әріптің айналадағы заттарға ұқсастығын таптыру арқылы әріп сұлбасын оқушыға берік меңгерту мақсаты көзделген.

«Кез келген әріпке берілген « . . . әрпін түтікшеден (қарындаш, асық, жіптен) жасап көрсет»,

« . . . әрпін санағыштардан жасап көр, . . . әрпін ермексаздан (бұршақтардан) жасап көр», « . . . әрпін түймелерден жасап көрейік» суретті тапсырма бала саусақтарының ұсақ моторикасын дамытуда, ой- өрісін жетілдіруде, жазу дағдыларын дамытуда үлкен рөл атқарады.

Ескерту: Әріп сұлбасын үлгіде көрсетілген заттардан ғана жасау міндетті емес. Бұл заттармен жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда, қолда бар нәрселермен ауыстырылады.

Жұмбақ, ребус шешуі болатын сөзді табу, мағынасы қарама-қарсы және жалпылау ұғымын білдіретін сөздермен жұмыс, сызба арқылы сөйлем құрау, орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрау тапсырмаларын оқушылар өздігінен орындауға машықтанады.

Баланың жадында бірінші кезекте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Бұл айтылғандарды қытай ғұламасы Конфуцийдің: «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең

- есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң - үйренемін» деген тұжырымы нақтылай түседі. Демек «Әліппе» оқулығының дидактикалық, әдістемелік аппараттары жүйесін түзуде «жасай білу» негізгі қағидаларының бірі болып табылады.

4

Әр жаңа дыбыс пен әріпті таныту сабақтарында оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру үшін

«оқу» материалдарының перспективті қатары берілген. Сөздікпен жұмыста А. Байтұрсынұлының

«әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу» ұстанымы негізге алынған. Сөздердің перспективті қатары арқылы оқушылар сөзді алдымен буындап, соңынан тұтас оқуға үйренеді, соның нәтижесінде сөйлемді, мәтінді оқуға біртіндеп төселеді.

Сонымен, А. Байтұрсынұлының «Әліппелеріндегі» озық үлгілер (тез сөз құрауға бағытталған әріптер жүйесі, дыбыспен жаттығу, сөзден сөздер тудыру әдісі, орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрау (Байтұрсыновша «Қайсысын қайда қою») жаңа тұрпатты «Әліппе» оқулығы тұжырымдамасының негізіне алынып, қазіргі балалардың қызығушылығы мен дүниетанымына икемделіп, яғни баланың дыбыс пен әріпті еш қиындықсыз танып, түсініп оқу, сауатты жазу дәрежесіне жетуіне арналған тапсырмалар мен сұрақтар жүйесі үйлесімді қолданылды.

«Әліппе» оқулығына қосымша «Менің алғашқы сөздігім» кітапшасы ұсынылып отыр. Оқушы

«Әліппедегі» оқу материалдарымен жұмыста жаңа сөздермен кездеседі. Сөздердің мағынасын түсініп, оларды ажырата білуге «Менің алғашқы сөздігім» кітапшасы көмекке келеді. Сөздікпен жұмыс сынып мұғалімі мен үйдегі ересектер арқылы жүзеге асырылады.

Оқушының әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін «Жазу дәптерінің» әр бетінде дөңгелек-шартты белгі берілген. Оқушы сауатты және көркем жазуының дұрыстығын үш түрлі қарындашпен бояп бағалайды: «жасыл» түс - «Бәрекелді!», «көк» түс - «Жарайсың!», «қызыл» түс - «Ойлан!».

Оқулық материалдары бірлескен жұптық, топтық, бүкіл сыныппен жұмыс арқылы оқушының белсенді әрекетке түсуіне мүмкіндік жасайды. Бірлескен ізденіс пен зерттеуге, шығармашылық жұмыстарға берілген тапсырмаларды орындату, жағдаяттық және рөлдік ойындарды ойнату, сөздік материалдарымен жұмысты ұйымдастырудың сипаттамасы орта және қысқамерзімді жоспарларда қарастырылған.

«Әліппе» 1-жартыжылдықта аптасына 6 сағаттан оқытылып, барлығы 96 сағатты құрайды. Оның 12 сағаты Әліппеге дейінгі кезең материалдарын меңгеруіне, қалған 84 сағаты Әліппе кезеңінде дыбыс пен әріпті танытуға арналады.

Әдістемелік құралда «Әліппе» оқулығы бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар, әрбір сабақ бойынша қысқамерзімді жоспарлар кешені ұсынылып отыр.

5

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР ҮЛГІСІ

(Барлығы - 96 сағат, аптасына - 6 сағат)

№ р/с

Тарау/ ортақ

тақырып

Бөлімше/ Сабақтың

тақырыптары

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер

Сағат саны

Күні

Ескер- ту

№ р/с:

I тоқсан

Тарау/ ортақтақырып:
№ р/с:

1

Тарау/ ортақтақырып:

Әліппеге дейінгі кезең

Бөлімше/ Сабақтыңтақырыптары:

Сөйлеу. Сөйлем Мен оқушымын

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер:

Сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; байланыстырып сөйлейді; сөйлеу туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

Сағат саны:

1

Күні:
Ескер- ту:
№ р/с:

2

Тарау/ ортақтақырып:

Сөйлеу. Сөйлем Мектептегі бір күнім

Бөлімше/ Сабақтыңтақырыптары:

Сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; байланыстырып сөйлейді; сөйлеу, сөйлем туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; сөйлемнің графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі

бағытта сызықтар жүргізеді.

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер:

1

Сағат саны:
Күні:
№ р/с:

3

Тарау/ ортақтақырып:

Сөйлеу. Сөйлем Кел, танысайық!

Бөлімше/ Сабақтыңтақырыптары:

Байланыстырып сөйлейді; сөйлеу , сөйлем туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; сөйлемнің графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген

суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер:

1

Сағат саны:
Күні:
№ р/с:

4

Тарау/ ортақтақырып:

Сөз

Мен әдепті баламын

Бөлімше/ Сабақтыңтақырыптары:

Байланыстырып сөйлейді; коммуникативтік қатынаста сөз әдебін ( сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу ) дұрыс қолдана алады; сөз туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; сөздің графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі

бағытта сызықтар жүргізеді.

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер:

1

Сағат саны:
Күні:
№ р/с:

5

Тарау/ ортақтақырып:

Сөз

Жол бағытындағы ерекше белгілер

Бөлімше/ Сабақтыңтақырыптары:

Көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды; байланыстырып сөйлейді; сөз туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады,

түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер:

1

Сағат саны:
Күні:
№ р/с:

6

Тарау/ ортақтақырып:

Буын

Хайуанаттар әлемінде

Бөлімше/ Сабақтыңтақырыптары:

Сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; буынның графикалық сызбасын таниды;

дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер:

1

Сағат саны:
Күні:
№ р/с:

7

Тарау/ ортақтақырып:

Буын

Төрт түлігім - байлығым

Бөлімше/ Сабақтыңтақырыптары:

Буынның графикалық сызбасын таниды; байланыстырып сөйлейді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер:

1

Сағат саны:
Күні:
№ р/с:

8

Тарау/ ортақтақырып:

Дыбыс

Ауладағы дыбыстар

Бөлімше/ Сабақтыңтақырыптары:

Сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; байланыстырып сөйлейді;

дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; дәптер бетінде берілген

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер:

1

Сағат саны:
Күні:

суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін жазады.

9

Дыбыс. Сөз Дыбыстар әлемінде

Сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; дыбыстың графикалық сызбасын таниды; сөзге дыбыстық талдау жасайды; дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы

және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін жазады.

1

10

Дыбыс. Буын. Сөз. Жемістер мен көгөністер

Сөзге дыбыстық талдау жасайды; дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, буын санын анықтайды; дыбыстың графикалық сызбасын таниды;

байланыстырып сөйлейді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

1

11

Дыбыс. Буын. Сөз Сөмкемде нелер бар?

Сөзге дыбыстық талдау жасайды; дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, буын санын анықтайды; дыбыстың графикалық сызбасын таниды; байланыстырып сөйлейді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі

сызықтарын сақтап, әріп элементтерін жазады.

1

12

Дыбыс. Буын. Сөз. Білім - кітапта

Сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды; байланыстырып сөйлейді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар

жүргізеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін жазады.

1

:

13

:

Әліппе кезеңі

:

А дыбысы және әрпі

суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін жазады.:

Сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт- дәстүрін құрметтей біледі; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен

байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

:

1

:
:
:

14

:

А дыбысы және әрпі

:

Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрайды; ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-

бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін жазады.:

1

:
:

Ұқсас жұмыстар
Тұрлаулы мүшелер.172-175 жаттығу
Зат есімдерді оқыту
Сөйлемді жалғастыр
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдауы
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы
Сөйлемді толықтыру дидактикалық ойыны
Күрделі сөздер. Сөзжасам,оның ішінде күрделі сөздерден өткен матиралдарды қайталау
Ұлттық ойындар жайлы ақпарат
Қазақ әдеби тілінің стильдері. Сөйлеу тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz