Мәтін бойынша сұрақтарға жауап

«Қазақ тілі» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

8-сынып

2019-2020 оқу жылы

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

\

МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» 4

Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика» 7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10

Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика» 10

Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис» 13

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16

Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» 16

Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис», «Жасөспірім және заң. Синтаксис»… . . . 19

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 23

Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис» 23

Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация» 26

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»

Оқу мақсаты
8. 1. 3. 1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
Оқу мақсаты: Бағалау критерийі
8. 1. 3. 1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау:

Білім алушы

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді
  • Мәтіннің астарлы ойын анықтайды
Оқу мақсаты: Ойлау дағдыларының деңгейі
8. 1. 3. 1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау: Қолдану
Оқу мақсаты: Орындау уақыты
8. 1. 3. 1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау: 15-20 минут
Оқу мақсаты:

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  1. Көне руна жазуын мелекеттік деңгейде атап өту туралы мәселіні кім қайда қашан көтерді?
  2. Бұл бастаманы қолдаушылар көне руна жазуының күндерін арнайы атап өту не үшін маңызды деп санайды?
  3. Көне жазулардың ішінде ұзақ жылдар бойы аталып, ереркше тойланып келе жатқандары бар ма?
  4. Көне руна жазуының мәртебесін көтеру мақсатында ел ағалары қандай шаралар атқаруда?

Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндерінің аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым Алдан Смайыл мәлім етті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек? Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық. Хаттың негізгі мақсаты - руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», - деді ол. Ғалым, осы ретте, славян елдерінің бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап өтті. «Славян жазуы күнінің халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жай ғана өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды. Әлемде тек қана бір тіл ғана болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған әлемдегі бүкіл славянтанушы ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті. Ал руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз. Сол тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз. Одан да бұрын пайда болған көне жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше, грек әліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге дәріптемейміз деп іштей толғанатынбыз», - деп ой бөлісті түркітанушы.

Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне сауал жолдаған. Олар сына жазуының, жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте және жоғары оқу орындарында тереңдеп болмаса да, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін алға тартқан. Ол үшін арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарлама әзірлеу керек. «Екіншіден, Қазақстанда жыл сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес, түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі тілдес елдердің парламенттік ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі әлемінде өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып отырмыз», - деп сөзін түйіндеді түркітанушы ғалым.

2. Мәтіннің негізгі айтар ойы неде? Клишеге сүйеніп екі сөйлеммен ой түйіндеңіз.

Клише:

Менің ойымша негізгі ойы . . . Оған . . . дәлел бола алады.

Бағалау критерийі

№ тап

сырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Бағалау критерийі:

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Ақпараттың астарлы ойын анықтайды

№ тапсырма: 1
Дескриптор:

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ.

Балл:

1

1

1

1

:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі: 2
№ тапсырма:

Мәтіннің негізгі ойына қатысты 2 сөйлеммен ой тұжырымдайды;

Клишені негізге алады.

Дескриптор:

2

1

Балл:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:

Барлығы

№ тапсырма: 7
Дескриптор:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Бағалау критерийі:
:
:

Төмен

Оқу жетістігі деңгейі:

Орта

:

Жоғары

Бағалау критерийі:

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Ақпараттың астарлы ойын анықтайды

:

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойға қатысты ойын тұжырымдауда қиналады.

:

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойға қатысты ойын тұжырымдауда қателеседі.

Оқу жетістігі деңгейі:

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойға қатысты ойын тұжырымдайды.

Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика»

Оқу мақсаты

8. 2. 3. 1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

8. 3. 2. 1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу

Оқу мақсаты: Бағалау критерийі
8. 2. 3. 1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату8. 3. 2. 1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу:

Білім алушы

  • Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
  • Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын ақпараттық мақала құрастырады
Оқу мақсаты: Ойлау дағдыларының деңгейі
8. 2. 3. 1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату8. 3. 2. 1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу: Жоғары ойлау дағдылары
Оқу мақсаты: Орындау уақыты
8. 2. 3. 1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату8. 3. 2. 1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу: 15-20 минут
Оқу мақсаты:

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, ақпараттық мақалаға тән кем дегенде үш жанрлық ерекшелікті көрсетіңіз.

Отбасы құндылығы басты назарда

Бүгін осындай тақырыпта аудан орталығындағы Шетпе гимназиясында өнегелі жиын өтті. Шараны Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды.

Шараға гимназияның жоғары сынып оқушылары мен олардың ата аналары, мектеп мұғалімдері, жастар орталығының басшысы А. Қонарбаев пен еңбек ардагері Шаймұрза Байпақов қатынасты. Жиынның алғы сөзін гимназия басшысы Г. Нұрмағанбетова алып, кәзіргі таңда қоғамда өзекті болып отырған отбасындағы тәрбие мен құндылықтар, жастар тәртібі жайында өткізілген жиынның дер кезінде өтіп отырғандығын ескертті. Бұдан соң жастар орталығының басшысы А. Қонарбаев сөз алып: «Отбасындағы құндылықтарды сақтаумен қастерлеу бүгінгі жастардың парызы. Қазіргі жастардың ойын ғаламтор тұмшалап алған. Сол себептен олардың ескінің көзі салт-дәстүрімізден айнып, заманауи үрдіске бойлары үйреніп барады. Оларды имандылық пен адамгершілікке бой түзеу қоғамның ортақы парызы дегім келеді» деді.

Жиын соңында ұйымдастырушылар тарапынан жиында белсене қатынасқандарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

«Бүгінгі басқосу өте жақсы өтті деп ойлаймын. Отбасы ол кез келген қоғамның алтын діңгегі емес пе? Сол себептен бүгінгі жиында мен көптеген кеңестер алдым деп ойлаймын. Осындай танымдық кеңес беру жиындары жиі ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр еді. Шаймырза ағайдың өмірлік қағидалары жайында ақыл кеңестері өміріме қажет деп есептеймін» дейді ата-ана Раушан Отаралиева.

Ерекшеліктер:

2. «Денсаулық - ең басты құндылық» тақырыбында мектебіңізде немесе тұрғылықты аймақта болған қандай да бір шараны негізге ала отырып (немесе ойдан құрастырып), жергілікті газетке шағын ақпараттық мақала жазыңыз. Мақала жазуда жоғарыдағы үлгіні негізгі алыңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Бағалау критерийі:

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

№тапсырма: 1
Дескриптор:

Мақаланың 3 жанрлық ерекшелігін көрсетеді:

1-ерекшелік;

2-ерекшелік;

3-ерекшелік;

Балл:

1

1

1

:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын ақпараттық мақала құрастырады

№тапсырма: 2
Дескриптор:

Тақырып бойынша ақпараттық фактілер көрсетеді;

Ақапараттық мақалаға тән тілдік құралдарды қолданады;

Публицистикалық стильде жазады;

Құрылымын сақтайды.

Балл:

1

1

1

1

:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:

Барлығы

№тапсырма:
Дескриптор:
Балл:
: 7

«Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары
Бағалау критерийі:

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

:

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін дәл көрсетуде қиналады

Оқу жетістігі деңгейі:

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін дәл көрсетуде қателеседі

:

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін дәл көрсетеді

:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын ақпараттық мақала құрастырады

:

Жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай дұрыс құрылымданған шағын ақпараттық мақала жазуда қиналады

Оқу жетістігі деңгейі:

Жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай дұрыс құрылымданған шағын ақпараттық мақала жазуда қателеседі

:

Жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай дұрыс құрылымданған шағын ақпараттық мақала жазуда

:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика»

Оқу мақсаты
8. 1. 5. 1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау
Оқу мақсаты: Бағалау критерийі
8. 1. 5. 1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау:

Білім алушы

  • Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді
  • Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады
Оқу мақсаты: Ойлау дағдыларының деңгейі
8. 1. 5. 1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау: Жоғары ойлау дағдылары
Оқу мақсаты: Орындау уақыты
8. 1. 5. 1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау: 15-20 минут
Оқу мақсаты:

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  1. Неге түлектер қажетті кәсіп түрлерінен хабарсыз?
  2. Бұл проблема қалай шешімін таппақ?
  3. Салтанат неліктен бос жүр?
  4. Неге ЖОО-нын бітірген жастардың жұмыс жасауға ниеті жоқ?

Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар.

Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады.

Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.

Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

- Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап отырмын, - дейді Салтанат.

Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған мамандығын меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен, жұмыс істеуге құлқы болмайды.

«Ұрпақ тағдыры - білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды.

Тағы бір үлкен проблема: қолына диплом алғандардың 90 пайызы өз мамандығына сай жұмыс таба алмайды.

- Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек грантқа ие болуды ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны ойламайды. Мектептерде кәсіптік бағдар беру жағы қарастырылмағандықтан, оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат жоқ, түк хабарсыз.

Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың 10-20 пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін құрылысқа, күзетке орналасады, - дейді Ерсайын.

  1. Ерсайынның пікірінше, оқу бітірген жастардың көп бөлігінің өз мамандығы бойынша еңбек етпеуінің себебі неде? Төрт сөйлеммен өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
  1. Менің ойымша . . .
  2. Себебі . . .
  3. Оған дәлелім . . .
  4. Қорытындылай келе . . .

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Бағалау критерийі:

Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді

№тапсырма: 1
Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;

Балл:

1

1

1

1

:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:

Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады

№тапсырма: 2
Дескриптор:

Сұраққа қатысты өз пікірін білдіреді;

Пікірінің себебін түсіндіреді;

Дәлел келтіреді;

Ой қорытады.

Балл:

1

1

1

1

:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі:

Барлығы

№тапсырма:
Дескриптор:
Балл:
:
8

«Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушы

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Бағалау критерийі:

Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады

:

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде және көтерілген мәселе бойынша ой қорытуда қиналады

:

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде және көтерілген мәселе бойынша ой қорытуда қателеседі

:

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде және көтерілген мәселе бойынша ой қорытады

Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис»

Оқу мақсаты

8. 2. 3. 1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

8. 3. 5. 1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

Оқу мақсаты: Бағалау критерийі
8. 2. 3. 1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату8. 3. 5. 1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу:

Білім алушы

  • Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
  • Мәтін желісі бойынша аннотация жазады
Оқу мақсаты: Ойлау дағдыларының деңгейі
8. 2. 3. 1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату8. 3. 5. 1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу: Жоғары ойлау дағдылары
Оқу мақсаты: Орындау уақыты
8. 2. 3. 1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату8. 3. 5. 1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу: 15-20 минут
Оқу мақсаты:

Тапсырма

1. Көркем-пулицистикалық мақаланы оқып, жанрға тән кем дегенде үш ерекшелікті көрсетіңіз.

Ерекшеліктер:

Ғарышты игерген ел

Ғарыш - алаштың да аяулы арманы еді…

Себебі ғарыш көгінде самғау, шексіздік әлемімен қауышу дүниежүзі елдерінің әрқайсысының-ақ асыл арманы саналатын. Солардың қатарында ежелден өр туған қазақ та ғарышқа құлшына қол созды. Армандады… Ел Тәуелсіздігінің қарсаңында сол арманына жетті де. 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышқа ұшты! Айта салғанға ғана сондай жеңіл сөз. Ғарышқа ұшу жеңіл болып па еді?! Жеңіл болса, Юрий Гагариннің өзі неге 2500 әскери үздік ұшқыштың арасынан іріктеліп, таңдалып алынды?

Тұңғыш қазақ ғарышкері суы тартылып, тұзды бораны үдеп тұрған Арал теңізінің аумағын сегіз күн бойы ғарыштан суретке түсірді. Сурет болғанда қандай! Мәскеу ол тұста «Наны көп Қазақстанға» ел аумағынан түсірілген көлемі 18х18см болатын ғарыштық суреттің бір данасын мемлекеттік бағамен 30 мың сомға сатқан! (Ол кездегі кеңестің 97 тиыны 1 АҚШ доллары екен. ) .

Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжірибелерін Талғат Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар) ойдағыдай жүзеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады. Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды.

Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006 жылдың 18 маусымы күні ашылды.

Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық тұңғыш «KazSat» Жер серігі ұшырылды. Аса маңызды тарихи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысты. Қараша айында «KazSat» жер бетіне жиілетіп телехабарлар таратып, жедел интернет-коммуникациялық қызмет үлгілерін көрсете бастады. 2007 жылдың аяғында да қазақстандық Жер серігіне жоспарланған жұмыстың 70 пайызы жүктеліп, ақаусыз әрі қалыпты жұмыс істеп тұрды.

Талғат Мұсабаевтың қамқорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титоның халықаралық ғарыш кешенінде болып қайтуымен ғарыш саласындағы туризм дәуірінің басталғанын да көпшілігіміз білеміз. Талғат Мұсабаевтың ашық космоста болған уақыт мерзімінің ұзақтығына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кіргені ше… Мұның бәрі де қазақ ғарышы тарихының жарқын беттерінен алынды!

Күні кеше ғана ғарышта болып қайтқан тағы бір қаһарманымыз - Айдын Айымбетов. Ол қазір Ұлттық ғарыш агенттігінде кәсібіне сай лайықты қызметін абыроймен атқаруда. Айдын Айымбетов - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991 жылғы «Қазақстан-Ғарыш» жобасының бүгінгі заңды жалғастырушысы.

2. Мақаланы оқуға қалың көпшіліктің қызығушылығын тударатындай 50-60 сөзден тұратын аннотация жазыңыз. Аннотацияны жазуда төмендегі клишелерді қолданыңыз.

Клише: мақалада . . . қарастырылады, мақала . . . арналған, мақалада . . . көрсетіледі, мақаланың негізінде . . . жатыр, автор . . . мәселелерге тоқталады, автор . . . мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты . . .


Ұқсас жұмыстар
Кітап күні
Диктант Демалыс орындары
Қасқырдың жас атаулары
Жай сөйлемнің түрлері
Сабақтың соңы. Сабақ тақырыбы
Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сабақтың тақырыбы
Мәтін туралы
Астана қаласы - Қазақстанның елордасы
Мадақтау сөздер
Сұрақ үлгілерін ұсыну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz