Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Табыс түрлері

Күні: 18.03.20.
Тобы: 3ОЭЖ-1-17
Пәні: Байланыс мекемелері экономикасы және кәсіпкерлік негіздері
Оқытушы: Жаксылыкова А.А.
Сабақтың тақырыбы: Табыстың сипаты мен маңызы және олардың түрлері
Сабақтың мақсаты: Табыстың маңызы мен түрлерін анықтау
Табыс, Түсім - шотқа түскен ақша.
Табыс өткізілген, сатылған, жеткізілген өнім үшін, көрсетілген қызмет үшін, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын тарату нәтижесінде шотқа келіп түскен ақшалай түсім мағынасында кеңінен қолданылады. Тындырылған қайсыбір істің нәтижесінде түскен нәрсені, келген пайданы да табыс деп атайды.
Түрлері:
материалдық табыс - сатып алу, өтеусіз табыстау, өз күшімен дайындау нәтижесінде еңбек заттарының толықтырылуы;
негізгі құрал-жабдық (қор) табысы - кәсіпорында күрделі қаржы жұмсау, негізгі мал табынын қалыптастыру, басқа кәсіпорындардан объектілерді өтеусіз алу нәтижесінде негізгі құрал-жабдықтың толықтырылуы;
саудадағы тауарлар табысы - тауарлардың түсуіне және ресімделуіне байланысты жүргізілетін шаруашылық операциялары;
жалпы табыс - бизнестің қайсыбір саласында жұмсалған шығынды, төленген салықты, т.б. шегергенге дейінгі уақыт кезеңінде алынған бүкіл ақшалай сома;
сыртқы төлем табысы - шикізатқа, салыққа, т.б. жұмсалған шығынды шегергеннен кейінгі уақыт кезеңінде алынған ақшаның жалпы сомасы;
тарату табысы - мерзімі өтіп кеткен ипотека, несиені не сату есебінен, не несиеге құқықты басқаға беру жолымен жоюдан, мүлікті иелену құқығын сатудан, кепілге салынған мүлікті сатудан, сондай-ақ кәсіпорынды, фирманы, т.б. тарату (қызметін тоқтату) кезінде мүлікті сатудан алынған қолма-қол қаражат;
қорланған табысы - қызмет көрсету немесе тауар жеткізу бойынша дебиторлық берешекті (алашақты) өтеу мерзімі әлі басталмаған кездегі табысқа жатады, яғни тіркелмеген табыс;
күтулі табыс - ұйымның жеткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін тапсырыскерлерден алуға тиіс сомасы.[1]
Табыс - төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорынның табысы олардың акивтерінің артуы немесе капиал меншігінің көбеюіне әкелетін мідеттемелердің кемуі. <<Табыс>> ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда ( жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі қолданылатын <<таза табыс>> ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп, тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты- бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
* жалпы табыс (ЖТ) - бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.
* Орта табыс(ОТ) - жалпы табысты (ЖТ) өнім өшемінің мөлшеріне бөлу (К)
ОТ= ЖТ / К
-- Шекті табыс (ШТ)- бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі
ШТ= ЖТ/К
Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігіне құндық бағдарлар қызмет етеді.
Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез - келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз- тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда - бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші.Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі - қосымша еңбек - қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да , сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігіарып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырады деген сөз.
Пайда жоспары бағалар мен келісім- шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей әдісімен анықтау- өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.
Пайда, белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады.Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарынының негізгі элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден - бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.
Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өкізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынық деңгейі - кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:
* өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
* негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;
* өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кеткен шығындар. Нарықтағы өнім бағасы -- сұраныс пен ұсыныстың өзара іс - қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.
Пайда :
* өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады;
* ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үлестірудің оңтайлығын сипаттайды;
* инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру.
Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі:
* Жалпы пайда = жалпы табыс -- өндіріс шығындары
* Экономикалық пайда = жалпы табыс - барлық ресурстардың экономикалық шығындары
* Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс - оның шығындары
* Таза экономикалық пайда= бухгалтерлік пайда -- өндірістің анық шығындары
* Таза пайда =жалпы пайда - салықтар,міндетті төлемдер
* Қалыпты пайда= капиталға нормативті қайтарым - кәсіпкерлік табыстың мөлшері
* Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда - экономикалық пайда
* Шекті пайда = шекті табыс - шекті шығындар

Үй тапсырмасы:
1. Табыс түрлері
2. Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі
3. Жиі қолданылатын табыс түрі
4. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері

Ұқсас жұмыстар
Қайталау. Шешен билер
Шығын түрлері
Табыс салығы
Сабақты салт етістіктің ережесін айт
Табыс септік туралы
География және жаратылыстану сабақтарында өлкетанушылық материалдарды оқыту әдістемесі
Сөздердің байланысу тәсілдерін ата
Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру
Ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар. сабақтар топтамасы. 3 сынып
Жедел өткен шақты қайталау
Пәндер